Қанат Жойқынбектегі - Ел Шоңы. Сәскелік шақ. I кітап
- Название:Ел Шоңы. Сәскелік шақ. I кітап
- Автор:
- Жанр:
- Издательство:неизвестно
- Год:неизвестен
- ISBN:9785005549471
- Рейтинг:
- Избранное:Добавить в избранное
-
Отзывы:
-
Ваша оценка:
Қанат Жойқынбектегі - Ел Шоңы. Сәскелік шақ. I кітап краткое содержание
Ел Шоңы. Сәскелік шақ. I кітап - читать онлайн бесплатно ознакомительный отрывок
Интервал:
Закладка:
Байсары қасында тұрған Жәмкені көрсетті.
– Мына бала шабады.
– Сен нешеге келдің?
– Биыл он үшке келдім, -Бұл сөзді тез, тарс еткізіп жылдам айтқан Жәмке. Көбен мына баланың ширақ екенін байқап қалып:
– Мына бала мінсе бірінші орынды алады. Мынау бір болғалы тұрған бала екен. Сонымен қоса қандай өнерің бар.
– Қисаларды жатқа айтамын. Ән сала білемін.
– Егер жолы болса, атаның да, өзінің де атын шағарар осы жолы. Тұрған бойы тұнып тұрған өнер екен. Көмекейі ағып тұрған ән екен.
– Көбеке, оны қайдан білдіңіз? -деді Байсары.
– Менің түйсігім солай дейді.-Көбен сыншы осыны айтты да басқа аттарды көруге кетіп қалды.
Көбен атты да, адамды да жақсы сынай білетін мықты сыншы еді. Негізі қарақалпақ болғанымен баяғы Жанкелді Бұқара базарына барып сауда жасап жүргенде Өзбектің саудагерінен құлдыққа сатып алған осы Көбенді. Ол кезде құлдардың да әйел-еркегіне байланысты өз бағасы бар еді. Өзбек бағасына келіспей тұрып алған болады. Он үш- он төртке келген бала еді. Бойы да кішкентай екен. Жанкелді бір ірілеуін алуды ойлады. Жүре беріп еді, Көбен біліп тұрған, егер мына қазақ алмаса, өзбек ар жақтағы Қызылбас, не болмаса Араб елдерінің біріне сатып жібереді. Оларға кетсе піштіріп хан сарайыедағы әйелдерге күтуші етіп жіберуі мүмкін. Оны Көбеннің көңілі қаламайды. Мына қазақтың алмағанына қорқып кеткен еді ол. Көбен кетіп бара жатқан Жанкелдіге тіл қатып, тоқтатып сөз бастаған еді. "Ағасы негізіміз бір, тіліміз бір халықпыз ғой. Сіз алмасаңыз мені оңтүстікке сатады. Одан кейін менің сорлағаным. Ағасы, сол сұраған ақшасын беріп мені алыңызшы». Көбен сөзінде жалыну бар еді. Жанкелді мына жас өспірімді аяп кетті, ақыры алған. Былай шыққан соң сұраған одан. «Сен жылқы бағып, қой жаюды білемісің?» «Білемін. Бірақ менің одан да зор өнерім бар. Жылқының жүйрігін айта аламын. Адам бойындағы көрінбей тұрған өнерді білемін». Жанкелді оның мына айтқанына сене қоймады. Күдіктене қарады. Ештеңе айтқан жоқ. Елге алып келген.
Көбеннің айтқанында ешқандай өтірік жоқ екен. Елге келген соң бірнеше аты сынатып көрген. Оның жүйрік деген аттары шын жүйрік еді. Жанкелдінің Көбен көптің бір еместігіне көзі әбден жеткен. Содан, талй айтқаны тура келді. Жанкелді Көбенді құл есебінде ұстамады. Ауылда еркін жүрді. Арада біраз жылдар өткен болатын. Ақыры, Жанкелді Көбенге бостандық берген еді. Астына ат мінгізіп, еліне жіберген. Ол кеткен. Арада бір ай өткенде, қайтып келген. Көп уақыт өткендіктен елін жатсынып, сия алмаған болуы керек, кері оралған. Ақыры, Жанкелді ауылынын бір қыз алып беріп, осында өмір сүріп жатыр еді, содан бері Көбеннің білгірлігін бағалап ауыл адамдары бәрі де сыйлайтын. Алайда, Көбенде бала болмады. Жанкелді айтқан: «Сен ұрпақсыз өтесің бе, тағы әйел ал. Қаласаң менің балаларымның қыздарының біреуін ал». «Жәке, қажет емес, менен бала болмайды. Анау қызды алған түні Жаратушымыз аян берген. Менен ұрпақ болмайды. Қызынды бақытсыз ете алмаймын. Осылай да өмір сүремін». Сөйтіп, Көбен ал деген қызын алмаған. Сол бірінші әйелімен өмір сүріп жатқан.
Оқуға жіберер алдында немересі Шоңды да сынатқан еді. "Жәке, оқуға берініз бұл балаңыз үшін ең дұрыс жол. Бақытты болады, алдына ешкім келе алмайды, елге сөзін тындататын, не айтса да дәл табатын болыс болады» -деген. Екі ойлы болып жүрген Жанкелді Көбеннің айтуымен Шоңды орыс- татар мектебіне берген болатын.
Көбеннің керемет ат сыншы екенін біліп алған ел, арнайы шақыртып аттарын сынататын. Ондайларға қырсық мінезі бар ол бара бермейтін. Тек, осындай үлкен жарыстарда ғана келіп аттарды сынайтын. Көбен ат сынай бастағанда оның манайында ел қаптан кететін. Бүгін де солай болды. Қазақ қызық халық, күні бұрын жарыс болмай жатып өз аттарын мақтағанын ұнатады. Бірақ Көбен ондайды жасамайтын. Адамдардың байлығына, кедейлігіне қарамай турасын айтатын.
Көбен Жанкелдінің тойына келген аттарды көріп жүргенде Байсары соңынан қалмай еріп жүрген болатын. Үйіне кетер кезде Бпйсарыға оңашалап айтты.
– Мен аттардың бәрін қарап шықтым. Сенің атыңан жүйрігі жоқ. Сәтін салса, бірінші орынды аласың, болмаса екінші орын шаппай берудің өзі болады.– Осыны айтып кетіп қалды. Мына сөз Байсарының көңілін көтеріп тастағандай болды.
Кешінде тойға әдейі ертіп әкелген өнерлілер дайындала бастады. Күн батар алдына шартараптан келген мықтылар, балуандар белдесті. Одан кейін әншілерге кезек тиді. Жиналғандар оларды да қызықтады. Кезке Жәмкеге келді. Бұның өнері басқалардан өзгешелеу еді. Домбыраға қосылып неше түрлі ән салды. Қазақтың қиса- дастандарын жатқа біледі екен, оларды домбыраға қосып айтып берді. Елдің қызыққаны сондай, жіберетін түрлері жоқ. Түннің біраз уақытты болды. Ай туғалы қашан! Жәмкені босатар емес, өңкей шалдар құлағын тосып, тыңдап қалыпты. Зылиқа-Жүсіптен бастап сан түрлі қисаларды айтып жатыр. Елдің құмары қанар емес. Жұрттың арасында Көбен де тұр еді. «Мынау ғажап өнерлі жас екен. Дауысы қандай тамаша» деп қояды. Түн жарымы болды. Ақыры Байсары бала ертең атқа шабады деп алып кетті.
Жәмкенің әке-шешесі жоқ жалғыз еді, ата-анасы ерте өлген. Бір тұяқтан жалғыз қалған бала болатын. Ауылында ерте тұрып елдің малын бағатын. Оның өнері Елгелділер үшін бес тиындық құны жоқ, тәрізді еді. Тек мал бағуға үстаған. Бүгін ғана мына жиналған қауымнан мақтауынан кейін оның құнының қаншалықты екенін Елгелділер білді. Шалдар рахмет айтып жатыр. Келісімен Жәмке жатып қалған. Ол мал жағдайымен күн шықпай тұрұға үйренген. Бүгін уақытында тұриады. Түннен шаршап қалған шығар деген оймен Байсары мазаламаған. Ел аттарын жарысқа дайындап жатыр. Ақыры, Байсары Жәмкені жұлқылап орнынан зорға тұрғызған еді. Бала айтты:
– Бүкіл денем ауырып тұр, Атқа шаба алмаймын.
– Қайтсең де шабасың!
– Шаба алмаймын, -деп бала төсегіне қайыра жатып қалды.
Амалы таусылған Байсары жүгіріп сыртқа шықты. Сол екі арада қасына еріп келген адамдардың бәрі хабардар болып қалды. Ашықбай бастаған Елгелділердің бәрі Жәмке жатқан киіз үйге қайыра кірді. Балада ес жоқ, сандырақтап жатыр. Сыртта Жанкелді қасында отырған Таубайдың құлағына да жеткен.
– Құрығанда ат жарысы құрысын. Бір атадан қалған жалғыз көз еді. Ауырып қалғаны қиын болды ғой. Кеше не тамақ ішіп еді…
– Қайдан білейін, менің көзімше біз ішкен тамақты ішті, – деді Байсары тұрып.
– Кеше Көбеннің көзіне түсіп кеткен жоқ па? -деді Жанкелді.
– Иә, кеше тойда болғанда ел алдына шығып алып, тілі сайрап тұр екен. Болатын бала екен, – деп қайта-қайта айтып еді, Көбен!
Байсарының мына сөзін естіп Жанкелді айтты, сол Көбеннің көзі тиген. Соған ат шаптырыңдар деді.
Көбен көрші ауылда тұратын. Ат жіберілген еді. Ол келіп, мен өз көзімді өзім қайыра алмаймын. Мына көрші ауылда Сары бәйбише деген бір кемпір бар, сол, менің көзімді қайтарады. Соған адам жіберіңдер деді. Енді соған ат шаптырды. Ол келіп, көріп: көз қатты тиген екен. Дегенмен, емдеп көрейінді айтқан. Өзінің мұндайдағы үйреншікті емін жасады. Бірақ та бала орнынан тұрып кете алмады.
Читать дальшеИнтервал:
Закладка: