Қанат Жойқынбектегі - Ел Шоңы. Сәскелік шақ. I кітап
- Название:Ел Шоңы. Сәскелік шақ. I кітап
- Автор:
- Жанр:
- Издательство:неизвестно
- Год:неизвестен
- ISBN:9785005549471
- Рейтинг:
- Избранное:Добавить в избранное
-
Отзывы:
-
Ваша оценка:
Қанат Жойқынбектегі - Ел Шоңы. Сәскелік шақ. I кітап краткое содержание
Ел Шоңы. Сәскелік шақ. I кітап - читать онлайн бесплатно ознакомительный отрывок
Интервал:
Закладка:
Ауылға келген соң жастарды бастап жүрген жігіт қалындықтың құлағына күйеу баланың қылықтарын жеткізген еді. Болған жағдайда қосынқырап әдемілеп тұрып айтқан, қасында болған қыздар да айтып келген. Өзінің есі дұрыс емес сияқты дегенді және қосқан қарсы алушыларды бастап жүрген жігіт. Мына сөз қыз көңіліне бір жайсыздық туғызғандай болды. Әуел баста болған болашақ күйеуді көруге деген бір ынталық сезім мына сөзден кейін басылып қалғандай.
Күмістің де он беске толып, одан асып бара жатқан шағы. Қазақ сөзімен айтқанда, пісіп тұрған кезі. Содан ба, жігіт сүюге құмарлықпен қарайтын шағы болатын. Қонақтар ымырт жабыла дастарханға отырды. Лезде он екі қанат ақ үй іші адамдарға толып кетті. Бір кезде абыр-сабыр болды да қалды. Күміс келе жатыр сөздері естілді есік жақтан.
Сәукеле киген, бетін өте нәзік жұқа қытай патсайысымен жапқан, қыз- болашақ келін келді. Төрге таман қонақ жігіттерге жақын жайғасты. Болашақ келіннің қасындағы екі қыз жағынан келіп отырды. Артынан қолма-қол қуаныштарын білдіре құтты болсын айтып Алдажұманның бәйбішесі мен Жамал келіп кірді. Жамал қыз бетінің жамылғышын ашып бетінен сүйді. Ал Алдажұманның әйелі Шоң бетінен сүйді. Бұл екі жақтың да көңілдерінің дұрыс екендіктерінің алғашқы белгісі еді. Олар отырған жоқ, кетіп қалды. Артынша дастарханға ет те келді. Отырған екі жігіт жылдамдата ет турап, келген күйеу мен оның жолдастарына тиісті мүшелерін беріп жатыр. Әлгінде шешесі қыздың бетіндегі жапқышын көтергенде, Шоң байқап қалған, Көбен айтқандай қыздың жүзі сары екен. Қыз да есіктен кірген бетте беті жабық болса да жігіт жағын бір шолып өткен. Келген қонақтар қыз жүзін анық көрмегенімен, қыз бәрін айқын көріп отыр еді. Қарсы алған жігіттің өзінің есі дұрыс емес сияқты деген сөзі жадынан кетпей отырған. Күйеу жігіттің әрбір қимылын бақылауда еді. Шоң да денесінде қышымасы бардай мазасызданып қимылдай берген. Оның мына қылығы қыз көңілінде жайсыздық туғызғанды. Күйеу бала болғасын салмақты болу керек қой. Қыз ойланып қалды. Күйеу баланың қайта-қайта қозғала бергені ұнамады. Қыздардан жоғарық отырған Әлсен, Жәмке, Малай бәрін жақсы көріп отырған. Әлгінде шешесі күйеу баланың кім екенін қызға таныстырғандай Шоңның бетінен сүйген. Содан болашақ күйеуі осы екенін қыз біліп қалған. Қыз бетіндегі жабулының бәрін жақсы көріп отыр еді. Шоң болса беті жабулы әлгінде шешесі бет пердесін көтерген қас қағым сәтте көргені болмаса қызды онша көре алмай отыр. Аңығы, қыздың сап-сары екеніне көзі әбден жеткен. Неге екенін, өзі де түсінбейді, содан мазасы кете бергені. Шоңның қозғалуының сыры сонда жатқан болатын. Оның осы қылығы қызға жаман әсер етті. Әлгінде қарсы алған жігіт сөзінде бір шындық бардай көрінді.
Ел тамаққа кіріскенде болашақ келіннің қасында отырған қыз:
– Күміс, тамақ ішуге кедергі болады, бетіңді ашыңқырап отырсайшы, -деді. Күміс оған қимылдай қоймады. Содан жаңағы қыз Күмістің бетін ашпақшы болды. Бұл жігіт те сенің жүзіңді көрсін деген саясатпен жасалған іс болатын. Енді қыз да, жігіт те қырын отырса да бәрін анық көреді. Екеуі де біріне бірі ұрлана қарап, бірін бірі жақсы көріп отыр.
Тамақ ішіп болғаннан кейін, қарсы алған жігіт бар, бәрі сыртқа шықты. Қазір біраз серуендеп, кейін алтыбақан тебетіндерін айтты. Әлсен оңашаланған бір сәтте Шоңнаң сұраған болатын.
– Қалай болашақ әйелің ұнады ма?
Шоң өзінің ашуланғанда болатын тіктеу мінезіне салып турасын, бірден, ұнамайтынын айтып салған.
– Несі ұнамады саған?
– Түрі сап-сары, шикі сары қыз ғой.
– Саған үнамаса, әкене ұнап отыр. Қайтсең де аласың. Ұнамаса кейін тоқал аласың…
Әлсеннің мына сөзі жазадай болып естілді. Тоқал аласың, екі әйелді бірден сүю сөзі Шоңның басына қонбайтын. Содан Әлсен сөзінің соңын тыңдамай жүріп кеткен болатын. Қалың ойда келе жатыр. Әлгінде досы айтқан тоқал аласыңы жадынан шықпай қойды. Шоңның ойлауы да басқалардікінен өзгелеу еді. Екі әйелі бірден қалай сүюге болады. Әкесі Телқозының бұл кезде екі әйелі болатын. Бірде Шоң шешесінен сұраған еді: «Сіз Телқозының екінші әйел алғанына қалай қарайсыз?» «Құдайдың жазуы солай болған соң көну керек. Екі әйел алған жалғыз сенін әкен емес, талайлар соны жасап жатыр. Байқаймын, Телқозы енді әкелері тәрізді үшіншісін де алғысы кеп жүрген сияқты». Қазір шешесінің осы сөзін ой толғамынан өткізіп, анасының да көңілінде реніш барын байқаған, әкесінің бұл қылығын қазір ұнатпай келе жатыр. Шоң ой әсеріне беріліп, жылдам басып біраз жерге кетіп қалғанын аңғармай қалды. Артынан Әлсен келе жатые еді.
– Сен қайда барасың?
– Біраз серуендеп қайтамын.
Шоңның мына түсініксіздеу сөзіне таң қалып Әлсен:
– Қазір алтыбақан болады. Әлгінде басқарып жүрген жігіт айтты ғой. Соған барамыз.
– Соған көңілім соқпай тұр.
– Сен бос сөзді қой. Олай болса бұл жаққа келмеуің керек еді.
Шоң Әлсеннің бұл сөзінде дұрыстық бар екенін түсінді. Әуелі салт бас, сабау қамшы болып келуі ойында болатын. Әкесі бірден құда түсіп, барлық қиындықты басына салып отырғанын білді. Жүріп бара жатқанда Шоңға, осы жолы қызды алып келесіңдер деп әкесі тапсырған. Ерсілі- қарсылығы жүре беруге уақыт жоқ. Басқа шаруалардың бәрі реттелгенін айтқан. Шоң сонда көкейінде тұрған сөз, таныспай жатып бірден қалай алып келемін дегенді айтпаған еді. Қазір соған өкінгендей.
Әлсен сөзін әрі қарай жалғады.
– Айтып отырмын ғой, ұнамаса екінші әйел аласың.
Әлсенің бұл сөзі басына кірмеді. Шоң тағы да үндеген жоқ, жүріп кетті. Әлсен досын айтқанына көндіре алмай келе жатқан қасында…
Бұл кезде үлкендер отырған үйде де әңгіме болды. Телқозының айтуы бойынша, енді барлық мәселе осы жолы шешіліп қызды алып кету болатын. Бас құда Қарақозы Алдажұманға Теоқозының сәлемін жеткізген: « Бала оқуда, ерсілі-қарсылы жүре беруге жағдай келмейді. Соған орай осы жолы баланы алып кетеміз». Телқозының осы сәлемін құдасына жеткізген. Алған жылқы бар, қыз әкесі бұған қарсы сөз айтқан жоқ.
Дастархан қасында отырған Жамал әрі қарай сөзді жалғаған еді.
– Амандық болса Күміс осы жолы Шоңмен бірге Ақмолаға барады. Сонда тұрады.
Әуелінде осы жолы алып кетемізді сөз еткенде Алдажұманның әйеліне ұнамай қалған, құдаларының қыздарың қалада тұрады деген сөзі шешесінің көңілінен шықты. Сол арада қыз әкесімен, шешесі онаша өзара ақылдасып келісімдерін берген.
Енді олар қазақ тәртібімен қыз бен жігіті төсекте кездестіруге дайындала бастады. Соған орай Алдажұманның бәйбішесі келіндеріне нұсқау берді. Олар соған лайықты іс жасауға кірісті. Енесі айтқандай, қыз төсегін түгел жаңартты.
Жастар жағы бұл кезде алтыбақан теуіп, ақ сүйек ойнап тойдың басталуын өткізіп жатқан.
Шоң келгеннен бері өзін суықтау ұстады. Сол күйден өзін қанша зорласа да арыла алмай қойды. Қызға жақындамаған. Күміс те жігіттің бұл қылығын түсінбеді. Өзі расында есалаң шығар деген ойға берілген. Әйтпесе, қызға жақындап, көңіл-күйін білдіру жігіт міндеті ғой. Оның бірі жоқ. Керісінше қашқақтап жүр.
Читать дальшеИнтервал:
Закладка: