Кеңес Оразбекұлы - Қанатты сөз – қазына. 1-кітап

Тут можно читать онлайн Кеңес Оразбекұлы - Қанатты сөз – қазына. 1-кітап - бесплатно ознакомительный отрывок. Жанр: Мифы. Легенды. Эпос. Здесь Вы можете читать ознакомительный отрывок из книги онлайн без регистрации и SMS на сайте лучшей интернет библиотеки ЛибКинг или прочесть краткое содержание (суть), предисловие и аннотацию. Так же сможете купить и скачать торрент в электронном формате fb2, найти и слушать аудиокнигу на русском языке или узнать сколько частей в серии и всего страниц в публикации. Читателям доступно смотреть обложку, картинки, описание и отзывы (комментарии) о произведении.

Кеңес Оразбекұлы - Қанатты сөз – қазына. 1-кітап краткое содержание

Қанатты сөз – қазына. 1-кітап - описание и краткое содержание, автор Кеңес Оразбекұлы, читайте бесплатно онлайн на сайте электронной библиотеки LibKing.Ru
«Қанатты сөз – қазынаның» бұл 1-ші кітабында халық арасына кең тараған мақал-мәтел, қанатты сөздердің шығып-қалыптасу тегін қарастырамыз. Қанатты сөздердің көбі халық өмір-тіршілігімен біте қайнасып, ерте заманнан келе жатқандықтан, сөз тіркестері ескіріп, ұғынып-түсінуге қиындық тудырған. Сондықтан, әр әңгіменің басында немесе соңында түсіндірмелерін де қоса беріп отырмыз.

Қанатты сөз – қазына. 1-кітап - читать онлайн бесплатно ознакомительный отрывок

Қанатты сөз – қазына. 1-кітап - читать книгу онлайн бесплатно (ознакомительный отрывок), автор Кеңес Оразбекұлы
Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать

АУЫЗ – ДАРБАЗА, СӨЗ – САМАЛ,

ҚҰДАЙ ҰРҒАНҒА НЕ АМАЛ

Бұл нақыл: «Ауыз не айтып, не қоймайды, бірақ сөз бен мәністі ұқпайтын арсызға не деуге болады», деген мағынаны білдіреді.

Баяғыда Аужанбай деген қыдырымпаз болған екен. Ол күндердің күнінде бір ауылға қонақ болып қонып, кетпей жатып алады. Бір күн өтеді, екі күн, үш күн өтеді – қайтпайды. Сөйтіп жатуы молынан бір айға созылады. Қазақ қанша қонақжай болғанымен: «Бір күндік қонақ – құт, екінші күні – жұт, үшінші күні – зыт», – деген сөз бар емес пе. Сөйтсе де үй иесі сыр бермей күтеді.

Күндердің күнінде Аужанбай: «Қой, ұят болар, үйім іздеп қалар», – деп жинала бастайды. Атына мініп қоштасар сәтте, әлгі үйдің иесі сөздің сірағасы бойынша айтады ғой: «Ой, ерте кетіп барасыз, тамаққа қарағаныңызда болар еді», – дейді. Аужанбай:

– Ә, солай ма еді. Жарайды, осы тегі қоймадыңыз, бір айтқаныңыз болсыншы. Атымды қайда байлаймын? – дейді.

Сонда қонақжай үй иесі:

– Ауыз – дарбаза, сөз – самал, құдай ұрғанға не амал?! Тіліме байла, атыңды, тіліме байла! – деген екен күйініп.

АШ БӘЛЕДЕН ҚАШ БӘЛЕ

Күздің сары тамыз күнінде Тілеміс шешен үш-төрт жолдасымен бір байдың үйіне түседі. Бай үйі мал соймай, шай қоймай, анау- мынаумен айналысқансып жүріп алады. Сонда Тілеміс оң жақтағы жолдасының кеудесінен періп жібереді де:

– Тамақсау ит-ау, жүрегің үзіліп бара ма? Келгеніміз осы ғой, қолдары да тимей жатыр. Асықпасаң қозы да сойылады, шай да қойылады… – деп жатқандарын естіген бай балалары :

– Қонақтар төбелесіп жатыр, – деп шешелеріне, әйелі байға айтады. Тілемістің сырын білетін бай сезе қойып, «аш бәледен, қаш бәле» деген деп, мал да сояды, май да, шай да қояды. Барын беріп күтіп жібереді.

Бәлеқор, бұзық адамдармен дос, жолдас болма, ондай адамдардың жанына жолама, бәледен аулақ жүр немесе бастан құлақ садақа деген мағыналарда ұғынылады.

АШКӨЗДІК КІМГЕ АБЫРОЙ ӘПЕРГЕН

Қанша құйса да толмайтын шыңырау сияқты, дүние қусаң, түбіне жетпейсің. Сол дүниеқоңыздықпен жүріп, өзіңнің де адамдықтан шығып, тұңғиыққа батып кеткеніңді білмей қаласың. Абырой таппайсың, деген ойды білдіреді.

Баяғы заманда ағайынды үш жігіт болыпты. Бір күні үшеуі сапар шегіп келе жатып, бір қап алтын тауып алыпты. Бөліп алмақ болып, базарға келіпті. Бір шетке жайғасыпты да, екі ағасы інісін қымыз әкелуге жұмсапты.

– Олжамызға ортақтастырмай, бұл сұмды өлтіріп тастайық, – десіпті екеуі інісі кетісімен.

Інісі қымыз алып, қайтып оралғанда, екеуі тап береді де, әп-сәтте шаруасын тындырады. Сөйтіп қымызға бас қояды.

Бір уақытта екі ағасының іштері ауырып, сол жерде жан тапсырады. Сөйтсе інісі: «Мен екі ағамды өлтірсем, бір қап алтын түгел өзіме қалады» деп, қымызға у салып әкелген екен. Үшеуі де сол жерде жан тапсырып, бір қап алтын далада қалыпты. «Ашкөздік кімге абырой әперген».

АШТЫҚТА ЖЕГЕН ҚҰЙҚАНЫҢ

ДӘМІ АУЫЗДАН КЕТПЕЙДІ

Ілгеріде болған ерекше оқиғаның естен кетпейтінін жеткізерде немесе жақсы күндерді еске түсіргенде осы бейнелі сөзді қолданады.

Бір жолы данышпаннан:

– Дүниеде қандай тағам ең дәмді, әрі сүйкімді деп ойлайсыз? – деп сұрапты. Әлгі данышпан сонда:

– Дүниедегі ең дәмді тағам – аштықта жеген тағам. Оның дәмі ешқашан ауыздан кетпейді, – деп жауап беріпті.

Соған қарағанда, «Аштықта жеген құйқаның дәмі ауыздан кетпейді», деп айтқан қазекем әрі данышпан, әрі көреген-ау.

АШУ – ДҰШПАН, АҚЫЛ – ДОС,

АҚЫЛЫҢА АҚЫЛ ҚОС

Қазыбектің аталас ағайындары – Бертіс би мен Тілеуке би мұның ел ішіндегі абыройын көре алмай, жастарының үлкендігін малданып, оны бір күні шақырып алады. Әуелі Бертіс би тұрып:

Ақылы елден артылған,

Ақылың болса мақтан.

Ынтымағы жұрттан асқан,

Жақының болса мақтан.

Сенің жасың кіші ғой,

Ағаңның алдына шығудан сақтан! – деп ескертеді.

Қазыбек оларға:

Бір бала бар —

Атаға жете туады.

Бір бала бар —

Атадан өте туады.

Бір бала бар —

Кері кете туады! – деп жауап береді. Мұның айтқанын ана екеуі кек тұтып, күні бұрын дайындап қойған адамдарына белгі береді… Бұзықтар Қазыбектің үстіне шекпен жауып, сабамаққа айналады. Сол кезде аттың дүбірі естіледі. Бұл келген Қазыбектің кенже інісі Бөдене батыр екен. Ағайындарының ағасын оңаша шақыруынан қауіптеніп, асығып жеткен беті осы еді. Ашулы батыр ана екеуіне қылыш ала ұмтылады. Қазыбек інісін тоқтатып:

– Шырағым, бір қолың ұрыс бастаса, екінші қолың арашашы болсын, Ашу – дұшпан, ақыл – дос, ақылыңа ақыл қос. Жауға сілтер қаруыңды жақыныңа сілтеме! – депті.

Яғни, ашу үстінде дұшпаныңнан да бетер бір нәрсені бүлдіріп қоюың мүмкін, сондықтан сабыр сақта, ақылға кел, ақылыңмен дос үстіне дос арттырасың, деген даналыққа үндейді.

АЮ, АЮ, АЮ ЕДІ,

АЮ ДА БОЛСА, БАЙЫМ ЕДІ.

ҮҢГІР, ҮҢГІР, ҮҢГІР ЕДІ,

ҮҢГІР ДЕ БОЛСА, ҮЙІМ ЕДІ

Бұл сөз тіркесі: «Бәріне көніп, етім үйренген, енді өзге нәрсені қаламаймын. Мені жайыма қойыңдар», – деген тілек, өтінішті білдіреді.

Ертеде бір ханның сұлулығына ақылы сай қызы болған екен. Оған бір аю ғашық болыпты. Қыз он бес – он алтыға келген кезде, аю ебін тауып, оны әкетіп қалыпты. Содан қызды үңгірден шығармапты. Бір күндері қонжық бала тауыпты. Ол аяқтанып, өзіне-өзі келген соң, баласын ертіп, үңгірден шығуға рұқсат беріпті.

Қызы жоғалған хан уәзірлерін бүкіл даланы шарлап, тау-тасты, сай-саланы кезіп іздейді. Қызы өлді дегенге және қимайды. «Өлсе, неге өлігі шықпайды?» – деп табаны таусыла іздеу салуын тоқтатпайды. Бір күні уәзірлері:

– Хан ием, жыл артынан жыл өтті. Екі жыл болды, бір тынымсыз іздестірудеміз. Енді біраз көңіл сергітіңіз. Жаныңызға жігіттерді алып, аңға шығып, серуендеп қайтыңыз. Өзіміз-ақ іздестіруді жалғастыра берейік, – дейді. Хан келісіп, аңға шығады. Саятта жүргенде ағаш арасынан қызы мен аю немересін көріп қалып, сарайына алып келеді.

Үйіне келіп, мауқын басып біраз жүрген соң қыз:

Аю, аю, аю еді,

Аю да болса, байым еді.

Үңгір, үңгір, үңгір еді.

Үңгір де болса, үйім еді, – мен қайтайын, – деп, әкесінен қоярда-қоймай рұқсат сұрап, келген жеріне қайтып кетіпті.

АЯҒЫҢНАН СҮРІНСЕҢ ДЕ,

АУЗЫҢНАН СҮРІНБЕ

Бұл жерде іс-әрекетіңмен қапы қалсаң да, сөзіңнен есе жіберме деген ойды айтып тұр.

Өткен ғасырда аға сұлтан болған Сандыбайдың Ердені найман Бәтеш деген жігітті өзінің үйінде қымызмұрындыққа жиналған жұртқа мақтап: «Осы жігіт елдің жағдайын ойлайды, халқының қажетіне жарайды», – деп отырса керек.

Сол кезде Бәтеш атынан түсіп келе жатыр екен. Сонда Ерденнің мақтаған жігітін сынап көрейік деген кісілер табалдырықтан бір сүйем жоғары жіп керіп қойыпты. Қаперінде ештеңе жоқ Бәтеш:

Читать дальше
Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать


Кеңес Оразбекұлы читать все книги автора по порядку

Кеңес Оразбекұлы - все книги автора в одном месте читать по порядку полные версии на сайте онлайн библиотеки LibKing.




Қанатты сөз – қазына. 1-кітап отзывы


Отзывы читателей о книге Қанатты сөз – қазына. 1-кітап, автор: Кеңес Оразбекұлы. Читайте комментарии и мнения людей о произведении.


Понравилась книга? Поделитесь впечатлениями - оставьте Ваш отзыв или расскажите друзьям

Напишите свой комментарий
x