Кеңес Оразбекұлы - Қанатты сөз – қазына. 1-кітап

Тут можно читать онлайн Кеңес Оразбекұлы - Қанатты сөз – қазына. 1-кітап - бесплатно ознакомительный отрывок. Жанр: Мифы. Легенды. Эпос. Здесь Вы можете читать ознакомительный отрывок из книги онлайн без регистрации и SMS на сайте лучшей интернет библиотеки ЛибКинг или прочесть краткое содержание (суть), предисловие и аннотацию. Так же сможете купить и скачать торрент в электронном формате fb2, найти и слушать аудиокнигу на русском языке или узнать сколько частей в серии и всего страниц в публикации. Читателям доступно смотреть обложку, картинки, описание и отзывы (комментарии) о произведении.

Кеңес Оразбекұлы - Қанатты сөз – қазына. 1-кітап краткое содержание

Қанатты сөз – қазына. 1-кітап - описание и краткое содержание, автор Кеңес Оразбекұлы, читайте бесплатно онлайн на сайте электронной библиотеки LibKing.Ru
«Қанатты сөз – қазынаның» бұл 1-ші кітабында халық арасына кең тараған мақал-мәтел, қанатты сөздердің шығып-қалыптасу тегін қарастырамыз. Қанатты сөздердің көбі халық өмір-тіршілігімен біте қайнасып, ерте заманнан келе жатқандықтан, сөз тіркестері ескіріп, ұғынып-түсінуге қиындық тудырған. Сондықтан, әр әңгіменің басында немесе соңында түсіндірмелерін де қоса беріп отырмыз.

Қанатты сөз – қазына. 1-кітап - читать онлайн бесплатно ознакомительный отрывок

Қанатты сөз – қазына. 1-кітап - читать книгу онлайн бесплатно (ознакомительный отрывок), автор Кеңес Оразбекұлы
Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать

Кең байтақ еліміздің шекарасын – жауынгер ата-бабаларымыз ақ болаттың жүзімен, найзаның ұшымен қорғап, иелік еткен, өзіне – қоныс, малына жайылым еткен, ат тұяғымен талай шиырлаған жерлер бойынша шегара белгіленген жоқ па. Енді, міне, ұрпағы біз, сол жерлерді мирастықпен иеленіп, тәуелсіз ел болып отырмыз.

АТАН БОЛСА СОЙЫЛАР,

АТАМ ӨЛСЕ ҚОЙЫЛАР,

МҰНДАЙ ҚАНСОНАР КҮНДЕ ҚАЙДАН ТАБЫЛАР

«Аң дегенде жай адамдар да елең ете қалады. Ал аңшылар аң дегенді естігенде, ішкен асын жерге қойып тыңдайтындар ғой. Аң аулау маусымында аңшылар күндіз күлкі, түнде ұйқы көрмей жорытады. Талайы аң аулаудан байиды. Ішіп-жеп, игілігін көреді. Аң аулап, серуен-салтанат құрып, рақаттанады. Талайының бағы шаппай, ыңыршағы шығады. Аң соңында жүріп мертігеді, өледі. Өйткені, ертеректе аң қызығы ең үлкен, ең тамаша қызықтың, серуен-салтанаттың бір түрі болғаны рас. ХІХ ғасырдың аяқ шенінде Тарбағатай төңірегін мекен еткен атақты Былғақ деген адам қан сонар күні аңға шығайын деп жатқанда, атасы (әкесі) қайтыс болады. Соған қарамастан аңға аттанғалы жатқан Былғаққа ел-ағайын: «Ойбай-ау, мынауың не?» – десе, «Атан болса сойылар, атам өлсе қойылар, мұндай қан сонар күнде қайдан табылар», – деп Былғақ тентек шаба жөніліпті. («Саят»).

АТАҢА НЕ ҚЫЛСАҢ, АЛДЫҢА СОЛ КЕЛЕР

Ертеде бір елдің ханы: «Қартайған әкелерін балалары биік құздан құлатып өлтірсін!» – деген жарлық беріпті. Халық осы жарлықты орындапты. Бір жас жігіт өзінің әкесін құз басына әкеліп, итеруге дайындала бергенде әкесі күліпті. Бала таңданып: «Әке, неге күлесің?» – деп сұрапты. Сонда әкесі: «Мен де сен сияқты осыдан көп жыл бұрын әкемді құздан итеріп едім. Міне, енді өзімнің басыма сол келген соң күлемін», – депті. Мұны естіген баласы әкесін өлтірмей, ханнан жасырып бағыпты. Кейін елінде бір қиын жағдай болғанда, хан бүкіл халқын жинап, ақыл сұраса, ешкім ақыл бере алмапты. Сонда жігіт әкесіне келіп не болғанын айтқанда, әкесі қиындықты жеңудің шешімін тауып береді. Сөйтіп, елін аман сақтап қалады. Бұған риза болған хан қартайған адамдарды өлтірмей, қайта олардан ақыл-кеңес сұрап отыру керектігін заңдастырыпты.

Бұл мақал: «Атаңа туған күн саған да туады, сен де сондай боласың» дегенге меңзейді.

АТАҢНЫҢ ТӨРІ ТҰРМАҚ, КӨРІНЕ КІРЕРСІҢ

Ертеректе күйеу жігіт қайын жұртына алғаш келгенде, босағаға тулақ төсеп отырғызатын дәстүр болған. Күйеу жігіттің қайын атасының төріне шығуға қақысы болмаған.

Бір жас жігіт қайын атасының үйіне келгенде, жеңгелері астына тулақ төсеп, босағаға отырғызып қойыпты. Сол үйдің үлкен қабаған иті бар екен. Бөтен адамды көрген төбет арс етіп оқыстан үріп қалғанда, күйеу жігіт шошып кетіп, төрге бір-ақ секіріп шығады. Сонда жеңгесі бетін шымшып:

– Масқара-ай, күйеу жігіт атамның төріне шығып кетіпті ғой, – депті.

Сонда күйеу жігіт есік жақтағы төбетті нұсқап:

– Анандай бәлекет арс етіп тұра ұмтылса, атаңның төрі тұрмақ, көріне кірерсің, – депті.

Бұл сөз тіркесі үрей-қорқынышқа бой алдырсаң, не істеп, не қойғаныңа есеп бере алмассың деген ойды аңғартады.

АТА ТҰРЫП ҰЛ СӨЙЛЕСЕ – ЕР ЖЕТКЕНІ БОЛАР,

АНА ТҰРЫП ҚЫЗ СӨЙЛЕСЕ – БОЙ ЖЕТКЕНІ БОЛАР

Бұл жерде адамның ақылы жасында емес, басында. Егер ақыл-парасаты толысып тұрса, неге жасына қарап емес, басына қарап бағаламайсыз деген ойды астарлап жеткізіп тұр.

Сырым жас кезінде бір жолдасымен Нұралы ханның үйіне барса, Қараман тана Малайсарымен сөйлесіп отыр екен.

– Балалар, аман ба? – депті де, елемей өздері сөйлесе беріпті. Сырым жолдасына дауыстап:

– Жүр кетейік, бұлар бізді адам деп отырған жоқ қой! – дейді.

Малайсары жалт қарап:

– Ата тұрып, ұл сөйлегеннен без,

Ана тұрып, қыз сөйлегеннен без.

Сырнайдай сарнаған мына бала кім еді? – дейді.

– Ата тұрып ұл сөйлесе, ер жеткені болар,

Ана тұрып қыз сөйлесе, бой жеткені болар, – дейді Сырым.

– Сен толған екенсің, мен тозған екенмін, – деп Малайсары сонда Сырымды қасына шақырып алған екен.

АТЫ ЖҮЙРІК ҚАЙЫРАДЫ, ТІЛІ ЖҮЙРІК АЙЫРАДЫ

Аты жүйрік болса, қуып жетеді, озып, алдыға шығады. Ал тілі жүйрік, шешен болса, жақсы мен жаманды, адал мен арамды жіліктегендей ажыратып береді, сөзбен түйреп есе бермейді деген мәні бар.

Әрі ақын, әрі балуан Ахмади деген жігіт жалғыз атын жоғалтып, Бақбақтыда жиын өткізіп жатқан Қожахан деген болыстың ауылына келеді. Болыс баса-көктеп кірген кедей ақынды жақтырмай, шаруасын сұрап білген соң: «Атыңның белгісін өлеңмен айт, әйтпесе үйіңе қайт!» – дейді.

Сонда Ахмади:

Ақ тоқым, қос таңбалы, өзі жирен,

Қиянкес, ұры алмаса, шықпайды үйден.

Жануар жылқы болмай, адам болса,

Нәсілі бір кем емес, болыс, биден.

Ақ тоқым, қос таңбалы жирен еді,

Шананы қар жауғанда сүйрер еді.

Болдырып көп жұмыстан еті арыса,

Дорбаға қи сап берсем, күйленеді.

Жануар жылқы болмай, адам болса,

Болыс боп бір тайпаны билер еді, – дегенде, Қожахан болыс одан арғысын айтқызбай: «Аты жүйрік қайырады, тілі жүйрік айырады», – деген, мынаның тілі улы екен, жоғын тауып беріп, қайтарыңдар, – депті.

АУЗЫ ҚИСЫҚ БОЛСА ДА,

БАЙДЫҢ ҰЛЫ СӨЙЛЕСІН

Бөлтіріктің баласы ел ішінің ісіне жаңадан араласа бастаған шағы екен. Бір жиын үстінде қызу әңгіме-дүкен болады. Кісілер сұлу сөйлеп, тапқыр сөйлеп, алға озғысы келіп сөз жарыстырып отырады. Жиналғандардың ішінде бір байдың мырзасы да бар екен. Өзі малға бай болғанымен, сөзге кедей екен, мінезі де жайсыз болса керек. Сол реті келген жерде де, реті келмеген жерде де сөзге жармасып, елдің алдын орай береді. Сөздің мәні кеткен соң, Бөлтіріктің баласы, өз сөзі кезегінде:

– Аузы қисық болса да, байдың ұлы сөйлесін, – деп өзінің сөзге қатысқысы жоқ екенін самарқау білдіреді. Содан ары жұрттың әңгімесі жараспайды. Бай баласының аузы шынында да аздап қисық екен. Әлгі сөзге намыстанып, ашу шақырады. Жиынның шырқы бұзылады.

Болған жай Бөлтірікке жетеді. Баласының бір ауыз сөзі біреудің жиынының шырқын бұзуға себепші болғанына қатты қапа болады. Бөлтірік баласын оңаша шақырып алып:

– Сөзден тәтті нәрсе жоқ. Сөзден ащы нәрсе тағы жоқ. Сөзден жеңіл нәрсе жоқ. Сөзіңді тіліңе билетпе, ақылыңа билет. Ақылды сөзіңді ақылсызға қор етпе, ақылдыға айт. Не сөйлейтініңді біл. Кімге сөйлейтініңді біл. Қай жерде сөйлейтініңді біл. Қай кезде сөйлейтініңді біл. Қалай сөйлейтініңді біл. Оны білмесең, сара сөзің шала болады, арты жала болады, әкең қапа болады, – деп ақыл беріпті.

Көбінесе бұл мақалды «Аузы қисық болса да, байдың баласы сөйлесін» деп аздап өзгертіп қолданады. Мағынасыз әңгіме-сөздерімен сөзге кезек бермей қойған немесе мылжыңдап кеткен есірік кісілерді (әкім-қаралар мен байларды) осы мақалмен тұқыртып, тоқтам жасайды.

Читать дальше
Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать


Кеңес Оразбекұлы читать все книги автора по порядку

Кеңес Оразбекұлы - все книги автора в одном месте читать по порядку полные версии на сайте онлайн библиотеки LibKing.




Қанатты сөз – қазына. 1-кітап отзывы


Отзывы читателей о книге Қанатты сөз – қазына. 1-кітап, автор: Кеңес Оразбекұлы. Читайте комментарии и мнения людей о произведении.


Понравилась книга? Поделитесь впечатлениями - оставьте Ваш отзыв или расскажите друзьям

Напишите свой комментарий
x