Кеңес Оразбекұлы - Қанатты сөз – қазына. 1-кітап

Тут можно читать онлайн Кеңес Оразбекұлы - Қанатты сөз – қазына. 1-кітап - бесплатно ознакомительный отрывок. Жанр: Мифы. Легенды. Эпос. Здесь Вы можете читать ознакомительный отрывок из книги онлайн без регистрации и SMS на сайте лучшей интернет библиотеки ЛибКинг или прочесть краткое содержание (суть), предисловие и аннотацию. Так же сможете купить и скачать торрент в электронном формате fb2, найти и слушать аудиокнигу на русском языке или узнать сколько частей в серии и всего страниц в публикации. Читателям доступно смотреть обложку, картинки, описание и отзывы (комментарии) о произведении.

Кеңес Оразбекұлы - Қанатты сөз – қазына. 1-кітап краткое содержание

Қанатты сөз – қазына. 1-кітап - описание и краткое содержание, автор Кеңес Оразбекұлы, читайте бесплатно онлайн на сайте электронной библиотеки LibKing.Ru
«Қанатты сөз – қазынаның» бұл 1-ші кітабында халық арасына кең тараған мақал-мәтел, қанатты сөздердің шығып-қалыптасу тегін қарастырамыз. Қанатты сөздердің көбі халық өмір-тіршілігімен біте қайнасып, ерте заманнан келе жатқандықтан, сөз тіркестері ескіріп, ұғынып-түсінуге қиындық тудырған. Сондықтан, әр әңгіменің басында немесе соңында түсіндірмелерін де қоса беріп отырмыз.

Қанатты сөз – қазына. 1-кітап - читать онлайн бесплатно ознакомительный отрывок

Қанатты сөз – қазына. 1-кітап - читать книгу онлайн бесплатно (ознакомительный отрывок), автор Кеңес Оразбекұлы
Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать

Отағасы үйіне кірмей жатып, бәйбішесіне:

– Тамағың бар ма, ашығып келдім, – дейді. Бәйбішесі:

– Қазанға ет салып қойдым. Құдай қаласа, бұйыртса, пісіп қалар, – дейді. Отағасы:

– Ой, ет қазанға түскен болса, бұйырса да, бұйырмаса да жейміз ғой, – дейді.

Содан ас дайын болып, енді әкелейін деп жатқанда, үйге екі нөкер баса көктеп кіреді. Үй иесін алдындағы асына да қаратпай ұстап алып, тұтқындап, апарып қамап қояды. Содан ол бірнеше күннен кейін ақталып, үйіне қайтып келеді. Есігін қақса, ар жағынан бәйбішесі:

– Бұл кім? – дейді. Сонда аузы күйген отағасы:

– Бұйыртса, күйеуіңмін, – деген екен.

«Асылық айтпа, аузыңдағы асыңнан қағыларсың», – деген сөз содан қалыпты.

АСЫҢ ТҮГІЛІ, ТАБАҒЫҢ ҚАЙДА?!

Бұл сөз тіркесі «болар іс болып, бояуы сіңді, баяғыда қайда қалдың?!» -деген мағынада қолдынылады.

Қазақта астан кейін ет пен қамырды турап, нарын жасайтын әдеті. Сол дағды бойынша, үлкендер ет пен қамырды турайды. Үйдің бәйбішесі жас келінге табақты беріп:

– Сырттан үстіне сорпа құйып әкел, – деп жұмсайды. Дала қараңғы, ай тумаған екен. Келін сыртқа шыға бере сүрініп құлап, табағы «сатыр-сұтыр» ете қалады. Үйден енесі дауыстап:

– Ой-бу-уй, жолда бұзау жатыр еді, асыңа абай бол! – деген екен, келіні:

– Асың түгілі, табағың қайда?! – деп қойып қалыпты. Сөйтсе, бұзауға сүрініп жығылғанда, табағы ұшып кетіп, соны таба алмай сипалаңдап жүр екен.

АТ АЙНАЛЫП ҚАЗЫҒЫН ТАБАДЫ

Николай заманында Жетісу елінің атақты байы бір жылы жәрмеңкеде өзінің кекселеу болып қалған жүйрік айғырын үйірімен Әндіжаннан келген (Өзбекстандағы қала, елді-мекен) саудагерге сатып жібереді. Сол айғырдың жеке өзін келесі жылы жазда жайлауға шыққан малшылар «Мыңжылқы» өңірінен көріп қалып, байға хабар береді. «Қайтқан малда береке», – деп бай айғырды ұстап алып, мойнынан құшақтап, маңдайынан сүйіп тұрып, көзіне жас алады. Өйткені, ол айғырдың Әндіжан жерінен осы «Қарқараға» жеткенше бір жылдай уақытта қандай қиыншылық көргенін ұғыну оңай емес еді. Үйірін айдап шығып, айырылып қалды ма, немесе жеке өзі қашып шықты ма, ол жағы беймәлім. Әйтеуір қуғынды көп көрген сияқты, атты адамды алыстан көргеннен қаша беретін, денесінің тілім-тілім болмаған жері аз, не болса да көп қиындықпен жеткен. «Жылқы жершіл», «Ат айналып қазығын табады» деп халқымыз бекер айтпаса керек. Жақсы жылқы басы бос болса, қандай қашықтықта болмасын туып-өскен жеріне тарта береді, жануарлардың есі анау-мынау адамнан кем болмайды.

Бай содан кейін ол айғырды өз қолынан шығармай, үйірге қосып жүрді.

АТ – ЖАЯСЫ ЖАЛПАҚ БИЕДЕН,

ЕР АЛАҚАНЫ ЖАЗЫҚ АНАДАН ТУАДЫ

Еліне қадірлі, әділ билік жүргізген Сүлеймен деген қарт әл үстінде жатқанда, үзеңгілес жолдастары, жақын ағайын мен өзінің үш баласы әкеден өсиет күтіп отырғанда, балалары әкеден өсиет сұрауға жарамай, сықсыңдап жылай беріпті-міс. Сонда олардыың бұл қылығына разы болмаған Сүлеймен жиналғандарға қарап: «Ат – жаясы* жалпақ биеден, ер алақаны жазық анадан туады» деуші еді атам қазақ. Көз жасына ие бола алмай отырған мына балаларымнан не шығушы еді. Бұлардың анасы есіктен келген балаға дастарқаннан уыстап бауырсақ әкелгенде, уысына үш бауырсақтан артық сыймаушы еді. Содан туғандар мыналар ғой, көз қырларыңды сала жүріңдер», – деп, балаларын өзінің үзеңгілес достарына тапcырыпты-мыс.

Қолы ашық, кеңпейіл, дархан аналардан ғана ерлер туады деген ойды береді.

АТ – ЕР ҚАНАТЫ

Ұлы Алла Адам атаны жәннаттан шығарып, жерге түсірген кезде оны төрт көзі бар, қанатты пыраққа мінгізген екен. Адам ата жерге түскенде, бойын үрей билейді. Бейтаныс мекен көзіне жат көрінеді. Қорыққаннан пырақтың мойнынан құшақтап алып жібермей қояды. Бірақ пырақтар қайтадан жәннатқа көтерілмек болады. Сол кезде Адам ата аттың қанаттарын қырқып тастайды. Пырақтар не істерін білмейді. Сол кезде Алладан:

– Адамның жүрсе, қанаты, жау тисе, қорғаны бол. Адамға қызмет ет, – деген бұйрық келеді. Ат амалсыз жерде қалады. Бұрынғы қанатындағы күш-қайраты оның аяқтарына ауысады. Бастапқыда ат жерге үйрене алмай, жәннатты аңсап жылай берген екен. Күні-түні жылағаннан төрт көзінің екеуі суалып, көрмей қалады. Аттың маңдайындағы көзге ұқсас шұңқырлар құрғап қалған жанардың орны екен. Содан бастап ат адамның ажырамас серігіне айналады. «Ат – ердің қанаты» деген мәтел осыдан қалған екен.

Көшпелі дәуірде ат, жылқы деген атаулар қазақ даласының екінші есіміндей болып кеткен еді. Кең байтақ даланы меңгеру үшін, құс қанаты талатын қашықтықты қаусыру үшін тек аттың ғана жалы мен белі, тұяғындағы желі керек болды. Тарихтағы қиян-кескі жорықтар, дала үшін ұзақ қан төгіс қырғындар ат арқасында өткен. Қысқасы, қазақтың екі сөзінің бірі – ат туралы болатын. Содан да болар, халқымыз «Ат – ер

Жая* – жылқының сауыр еті.

қанаты», «Ат жетпейтін жер жоқ», «Жүзден – жүйрік, мыңнан – тұлпар», «Ат сүрінбей жер танымас», «Ат тұяғын тай басар» дегендей көптеген мән-мағыналы қанатты сөздер қалдырған.

АТАДАН БАЛАНЫҢ БАҒЫ АСЫП ТУУЫ МҮМКІН,

АЛ АҚЫЛЫ ШИРЕК ТЕ БОЛСА КЕМ ТУАДЫ

Әкесіне қарағанда баланың өмірде жолы болуы, қызмет-мансабы өсуі, бағы жануы мүмкін. Бірақ әке алдында ол қашанда перзент. Әкесінен көп өмір сүрген жоқ. Демек, тәжірбие, өмірді танып-білу, көңілге түю тұрғысынан әкесінен асып кете алмайды. Нақылды осы мағынада түсіну керек.

Жиренше бозбала кезінде жасы ұлғайған әкесін ауыл сыртындағы төбеге атпен апарып отырғызып, өзі ауыл аралап, кешке қарай қайта атпен алып қайтады екен.

Бір күні Жиренше нағашысының аулына қыдырып кетеді. Содан қайтар жолда бір жас жігіт жолдан қосылып, бірге жүреді. Ауылға жақындағанда әлгі жігіт басқа ауылға бұрылып, әндетіп кете барады. Жиренше күндегі әдетімен төбе басында отырған әкесін үйіне алып келіпті.

– Балам, жаңағы жолдасың еркек пе, әйел ме? – деп сұрапты әкесі.

– Әйел емес, жас жігіт.

– Ендеше кеткен ауылына барып келші, меніңше сол әйел, – депті әкесі.

Сол ауылға барып, қайта оралған Жиренше:

– Әке, сіздің айтқаныңыз рас екен, мен шамалас қыз болып шықты. Оның әйел екенін қайдан білдіңіз? – деп сұрайды. Әкесі айтады:

– Алыста келе жатқанда аяғы аттың екі өкпесінен шықпады. Ауылға жақындағанда ерге еңкейіңкіреп отырды. Сенен бөліне беріп ән салғанда, әнді еркекше бастады да, әйелше қайырды, содан білдім. Сол қызбен сөйлес, болашақ жарың сол болады, – дейді.

Атақты Қарашаш анамыз сол қыз екен. Жиреншенің «Атадан баланың бағы асып тууы мүмкін, ал ақылы ширек те болса кем туады» деген сөзі содан қалыпты.

Халықтың жорамалы бойынша, Жиренше шешеннің әкесі де сөзден қаражаяу болмаған екен.

АТА ҚАРҒЫСЫ ОҚ

Читать дальше
Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать


Кеңес Оразбекұлы читать все книги автора по порядку

Кеңес Оразбекұлы - все книги автора в одном месте читать по порядку полные версии на сайте онлайн библиотеки LibKing.




Қанатты сөз – қазына. 1-кітап отзывы


Отзывы читателей о книге Қанатты сөз – қазына. 1-кітап, автор: Кеңес Оразбекұлы. Читайте комментарии и мнения людей о произведении.


Понравилась книга? Поделитесь впечатлениями - оставьте Ваш отзыв или расскажите друзьям

Напишите свой комментарий
x