Кеңес Оразбекұлы - Қанатты сөз – қазына. 1-кітап

Тут можно читать онлайн Кеңес Оразбекұлы - Қанатты сөз – қазына. 1-кітап - бесплатно ознакомительный отрывок. Жанр: Мифы. Легенды. Эпос. Здесь Вы можете читать ознакомительный отрывок из книги онлайн без регистрации и SMS на сайте лучшей интернет библиотеки ЛибКинг или прочесть краткое содержание (суть), предисловие и аннотацию. Так же сможете купить и скачать торрент в электронном формате fb2, найти и слушать аудиокнигу на русском языке или узнать сколько частей в серии и всего страниц в публикации. Читателям доступно смотреть обложку, картинки, описание и отзывы (комментарии) о произведении.

Кеңес Оразбекұлы - Қанатты сөз – қазына. 1-кітап краткое содержание

Қанатты сөз – қазына. 1-кітап - описание и краткое содержание, автор Кеңес Оразбекұлы, читайте бесплатно онлайн на сайте электронной библиотеки LibKing.Ru
«Қанатты сөз – қазынаның» бұл 1-ші кітабында халық арасына кең тараған мақал-мәтел, қанатты сөздердің шығып-қалыптасу тегін қарастырамыз. Қанатты сөздердің көбі халық өмір-тіршілігімен біте қайнасып, ерте заманнан келе жатқандықтан, сөз тіркестері ескіріп, ұғынып-түсінуге қиындық тудырған. Сондықтан, әр әңгіменің басында немесе соңында түсіндірмелерін де қоса беріп отырмыз.

Қанатты сөз – қазына. 1-кітап - читать онлайн бесплатно ознакомительный отрывок

Қанатты сөз – қазына. 1-кітап - читать книгу онлайн бесплатно (ознакомительный отрывок), автор Кеңес Оразбекұлы
Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать

– Егер тоқал қыз туса, оны сол бойда өлтіріңдер. Ал егер ұл туса, онда сәбиді алақанға салыңдар.

Сәби дүниеге келгенде босандырушы әйелдердің бірі: «Әй, көті бар, көті бар», – деп айқаласыпты. Сірә, мұнысы қуанғанынан ер бала, ұл бала туды дегені ғой. Осы хабар сол бойда байға жетеді.

Бай айтыпты:

– Сол көті бар деп айқайлағанды құдай да, сәби де естіпті ғой. Олай болса сәбидің аты Көтібар болсын!

Сөйтіп, сәбиге Көтібар деген ат осылай қойылған екен.

Ал Көтібар кім? Ол – әрі батыр, әрі мырза, әрі заманының абзал азаматы болған адам.

Сол Көтібардың үйінде бір жолаушы қарт кісі намаз оқып, сусындап кетейін деп түседі. Намазын оқып, бір аяқ қымыз ішіп отырғанда, Көтібар батыр әлгі қарттан:

– Қосағасы, атыңыз кім? – деп сұрайды.

– Атым Адыраспан, – дейді қарт.

– Апыр-ай, адыры адыр болсын, аспаны несі екен? – леп таңданады Көтібар.

– Қазақ атты қоя береді ғой. Атты тауып қойса, өзінің ғұрпындағы атты қояды. Егер таба алмаса, өзінің бұтындағы көтін қояды ғой, – депті қарт.

Сонда Көтібар: «Қазақта аңдамай сөйлеген ауырмай өледі» деген мақал бар еді. Сол рас екен. Мен ұтылдым. Ал сізге кетуге рұқсат жоқ, бір малдың басын жеп кетіңіз», – деп жібермей мал сойып, қонақ етіп аттандырыпты әлгі қартты. (М. Жадановтан).

Мұндағы Көтібар батырдың толық аты-жөні: Көтібар Бәсенұлы (шамамен 1757—1833) – Кіші жүз құрамындағы Әлім тайпасының Шекті руынан шыққан батыр. Атақты Бәсен батырдың алты баласының біреуі. Жастайынан Шекті руы мен түркімендердің арасындағы шайқастарда ерлігімен көзге түскен. Соңғы жылдары негізгі өмірі Ресей отаршылдық саясатына қарсы күреспен өткен. Көтібар бейнесін М. Әуезов өзінің «Айман-Шолпан» пьесасында пайдаланған.

Ал мәтелдің мағынасы: Аты-жөні жоқ ойланбай, аңғырт сөйлеген адам жазасын алады, сазайын тартады дегенге келеді.

АҢҚАУ АСТЫНДАҒЫ АТЫН АЛТЫ АЙ ІЗДЕПТІ

Бұл нақыл асығып-аптығып жүріп, оңай жерде тұрған затты көп іздеп қалғанда, ұмытшақтыққа күйінгенде айтылады.

Бір бай жаңа жалданған жылқышы жігітке: «Мынаны сен бағасың» деп, бір үйір жылқыны санап беріп, алдына салады. Жігіт үйірдің ішінен біреуін ерттеп мініп, жылқыларды өріске айдап кетеді. Өрістен қайтқанда: «Осыларды түгендеп қояйын, көңіл тыныш болсын», – деп, санайды. Бірақ қанша санаса да, бір жылқы кем шығады. Содан «Біреуі қайда кеткен?» – деп іздейді. Үйірін тастап кете алмай, алдындағы жылқысын айдай жүріп, жаз бойы іздеумен болады. Жоғы табылмай, шаршап-шалдығып жүргенде, бір кісі кездеседі. Жігіт оған жайын баяндап: «Алты ай болды, әлі таба алмай келе жатырмын» деп, күйінішін айтады. Жігітке жаны ашыған шал: «Ал кәне, екеулеп түгендейік», – дейді. Сөйтеп екеулеп санап шыққаннан кейін:

– Көрдіңіз бе, біреуі жетпейді, – дейді жігіт ренжіп.

– Ал астыңдағың ше?

Ол мініп жүрген атына көз тастайды да, жүзі бозарып:

– Менің алты ай жаз іздеп жүргенім осы ғой деп санын бір соғады.

«Аңқау астындағы атын алты ай іздепті» деген сөз содан қалыпты.

«АРБАҒА ХАНМЕН БІРГЕ МІНГЕНБІЗ»

Қырдағы елдің басшысы өліп, кімді басшы қоярын білмей жұрт қатты дағдарады. Сол кезде Дүбінің анасы самсаған сары қолдың алдына келіп: «Талабы бар елдердің барлығы садақ тартсын. Кімнің садағы сағымға байланса, соны бас көтеріңдер», – дейді. Талаптанған ерлердің бәрі садақ тартады. Бірақ ешбірінің садағы сағымға тоқтай алмайды. Сонда Дүбінің шешесі: «Менің мерген балам тау ішінде аң аулап жүр. Соны шақырып әкеліңдер, сағымға соның садағы тоқтар», – дейді. Белгіге жүзігін береді. Елдің атақты билері барып Дүбіні шақырады. Алғашында ол келгісі келмесе де, шешесінің белгіге беріп жіберген жүзігін көріп, бармақшы болады. «Мен жанды нәрсеге мініп бара алмаймын. Маған күйме керек», – деп Дүбі шарт қояды. Үлкен күйме жасалып, атын «Қаңқа», «Қаңқалы» деп атайды. «Қаңқа – арба» Алтай елінің тілінде де айтылады. Арба жасаған кісі қаңқалы аталады. Бара-бара «қаңқалы» сөзі өзгеріп, «қаңлы» сөзіне айналады. Мәнісі – «арбалы» деген сөз. Арба істеген шебер жол-жөнекей мертігіп, ақсаңдап келе жатқанда, Дүбі оны аяп, арбасына мінгізеді.

Бүгінге дейін қаңлы елінің аузындағы: «Қаңлы елінде хан бар, кәделі елде қаңлы бар», «Хан жоқ болса, қаңлыдан хан көтер», «Арбаға ханмен бірге мінгенбіз» деген мәтелдер содан қалған. Ә. Марғұлан «Ежелгі жыр, аңыздар».

Ел арасында айтылатын «Қаңлы жоқ жерде хан сайланбас» немесе «Қаңлысыз хан (көтермес) сайланбас» деген мәтелдер де ескіден келе жатқан жоғарыдағы аңызды қуаттай түсетіндей.

«Арбаға ханмен бірге мінгенбіз». Бұл – арбаны алғаш жасаған, хан құрметіне бөленген, ханға жақын жұртпыз деген ойларды аңғартады.

АРСАЛАҢ, БЕРІ ОТЫР ДЕСЕ,

АРЫ ЖЫҒЫЛЫПТЫ

Бұрынғы заманда Арсалаң деген бір қыңыр кісі өмір сүріпті. Жұрт не айтса соның бәрін керісінше істепті. Біреу: «Қой, өйтпе!» десе, одан сайын өршелене түседі екен. Өзі соншама қайратты болғанымен, аңғалдау екен.

Осындай кері кеткен дүлейден әбден ығыры шыққан халық одан қалай құтылудың жолын іздестіреді. Содан бір күні келісіп, жардың басына ас беретін болады. Оған Арсалаң да барады. Арсалаңға: «Жардың жағасына отырма», – дейді. Ол барады да жардың жағасына отырады. Жайғасып болған кезде біреуі: «Арсалаң, бері отыр!» – дейді. Арсалаң ары отырамын деп қозғалған кезде, жардан құлап кетіпті. Содан ел ішінде қырсық, кесір адамдарды әжуалап айтатын: «Арсалаң, бері отыр десе, ары жығылыпты», – деген сөз қалған екен.

АРСЫЗДАН АЙУАН АРТЫҚ

Адам арсыздықты бұзылған оймен істейді. Ал айуанның ондай арсыздыққа санасы жетпейді. Сонда да оның ақылға бергісіз іс-әрекеттері арсыз адамның қылығынан артық деген ойды аңғартады.

Шұлғау деген байдың Содыр деген сотанақ баласы болыпты. Ол еш нәрсе істемей, атына мініп, ауыл ауылды қыдырумен жүреді екен. Бір күні Содыр көрші ауылға бара жатса, жолда кездескен кәрі-жастың бәрі де оған сәлем береді. Ол ешкімге көз қырын да салмай, өз бетімен жүре береді. Жолда есек мінген бір шал Содырға қарап қойып, үндемей өте береді. Содыр атының басын бұрып алып:

– Әй, қақбас, неге сәлем бермейсің? – деп тесіле қарайды. Сонда шал тұрып:

– Балам, кіші тұрғанда, үлкен сәлем беруші ме еді? – дейді.

Содыр шалға жақындап келіп, қамшымен тартып жіберуге оқтала бергенде, шал қамшысын шап беріп ұстай алады. Енді екеуі жерге түсе қалып, алыса бастайды. Бос қалған есек пен ат шетке шыға береді. Екеуі ары алысады, бері алысады, бірақ бір-біріне әлдері жетпей титықтасып тұрып, ақыры болмаған соң ажырасады. Шал үсті-басын қағып, айналасына қараса, есек пен ат жолдың ар жағында қасынысып тұр екен. Сонда қария:

– «Арсыздан айуан артық» деген рас қой. Ананы көрдің бе? – депті.

АРЫСТАНБАБҚА ТҮНЕ, ҚОЖА АХМЕТТЕН ТІЛЕ

Читать дальше
Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать


Кеңес Оразбекұлы читать все книги автора по порядку

Кеңес Оразбекұлы - все книги автора в одном месте читать по порядку полные версии на сайте онлайн библиотеки LibKing.




Қанатты сөз – қазына. 1-кітап отзывы


Отзывы читателей о книге Қанатты сөз – қазына. 1-кітап, автор: Кеңес Оразбекұлы. Читайте комментарии и мнения людей о произведении.


Понравилась книга? Поделитесь впечатлениями - оставьте Ваш отзыв или расскажите друзьям

Напишите свой комментарий
x