Кеңес Оразбекұлы - Жарғақбас, Қылкеңірдек, Шибұттың шым-шытырық хикаялары

Тут можно читать онлайн Кеңес Оразбекұлы - Жарғақбас, Қылкеңірдек, Шибұттың шым-шытырық хикаялары - бесплатно ознакомительный отрывок. Жанр: Прочая детская литература. Здесь Вы можете читать ознакомительный отрывок из книги онлайн без регистрации и SMS на сайте лучшей интернет библиотеки ЛибКинг или прочесть краткое содержание (суть), предисловие и аннотацию. Так же сможете купить и скачать торрент в электронном формате fb2, найти и слушать аудиокнигу на русском языке или узнать сколько частей в серии и всего страниц в публикации. Читателям доступно смотреть обложку, картинки, описание и отзывы (комментарии) о произведении.

Кеңес Оразбекұлы - Жарғақбас, Қылкеңірдек, Шибұттың шым-шытырық хикаялары краткое содержание

Жарғақбас, Қылкеңірдек, Шибұттың шым-шытырық хикаялары - описание и краткое содержание, автор Кеңес Оразбекұлы, читайте бесплатно онлайн на сайте электронной библиотеки LibKing.Ru
Бұл сериялы күлдіргі ертегі. Басты кейіпкерлері Жарғақбас, Қылкеңірдек, Шибұт – үшеуі ертеден келе жатқан ажырағысыз достар. Олар бүгінгі өмірге бейімделу үшін неше түрлі кәсіпті игеруге тырысады. Бірақ бәрінде де жол-дары болмайды. Ең соңында… Иә, ең соңында өздерінің қиындықтан қорық-пайтын табандылықтарының, үздіксіз ізденіс, талпыныстарының арқасында, мақсат-мұраттарына жетеді.

Жарғақбас, Қылкеңірдек, Шибұттың шым-шытырық хикаялары - читать онлайн бесплатно ознакомительный отрывок

Жарғақбас, Қылкеңірдек, Шибұттың шым-шытырық хикаялары - читать книгу онлайн бесплатно (ознакомительный отрывок), автор Кеңес Оразбекұлы
Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать

Жарғақбас, Қылкеңірдек, Шибұттың шым-шытырық хикаялары

Кеңес Оразбекұлы

© Кеңес Оразбекұлы, 2020

ISBN 978-5-4498-8287-5

Создано в интеллектуальной издательской системе Ridero

Кеңес ОРАЗБЕКҰЛЫ
Тел: 8 7077891693,
8 7023528156

ЖАРҒАҚБАС, ҚЫЛКЕҢІРДЕК, ШИБҰТТЫҢ

ШЫМ-ШЫТЫРЫҚ ХИКАЯЛАРЫ

(Сериялы ертегілер)

Ай қараңғысындағы оқиға

Соңғы түйенің жүгі ауыр - фото 1 Соңғы түйенің жүгі ауыр - фото 2 Соңғы түйенің жүгі ауыр - фото 3

Соңғы түйенің жүгі ауыр

Жарғақбас Қылкеңірдек Шибұттың шымшытырық хикаялары - фото 4 Сан соқтырған сазгерлер - фото 5 Сан соқтырған сазгерлер - фото 6 Сан соқтырған сазгерлер - фото 7

Сан соқтырған сазгерлер

Қазына аралында - фото 8 Қазына аралында - фото 9 Қазына аралында - фото 10

Қазына аралында

Жарғақбас Қылкеңірдек Шибұттың шымшытырық хикаялары - фото 11 Жарғақбас Қылкеңірдек Шибұттың шымшытырық хикаялары - фото 12 Суреттерді салған Құралай Үмбетова - фото 13 Суреттерді салған Құралай Үмбетова ЖАРҒАҚБАС ҚЫЛКЕҢІРДЕК ШИБҰТТЫҢ - фото 14 Суреттерді салған Құралай Үмбетова ЖАРҒАҚБАС ҚЫЛКЕҢІРДЕК ШИБҰТТЫҢ - фото 15

Суреттерді салған: Құралай Үмбетова

ЖАРҒАҚБАС, ҚЫЛКЕҢІРДЕК, ШИБҰТТЫҢ

ШЫМ-ШЫТЫРЫҚ ХИКАЯЛАРЫ

(Әзіл-күлкілі сериялы ертегі)

Халық ауыз әдебиетінде «Жарғақбас, Қылкеңірдек, Шибұт» атты алақандай шағын ертегі бар екенін жақсы білесіздер. Ертегіде ерекше жаратылған үш кейіпкер түнде ұрлыққа шығады да, біреуінің – басы, екіншісінің кеңірдегі жарылып, үшіншісінің аяғы сынып, өліп қалады. Неге екенін, басталмай жатып аяқталатын бұл ертегіні балалар жақсы көреді, кейіпкерлерінің суретін салуға құмар…

Сіздерге сүйіншілеп айтатын жайымыз, қолдарыңыздағы бұл кітап балаларды сол сүйікті кейіпкерлерімен қайта табыстырғалы отыр. Яғни, автор әлгі ертегінің үш кейіпкерін жаңа сапада қайта тірілтіп, он тараудан тұратын шытырман оқиғалы, қызықты да күлдіргі хикаятқа айналдырыпты. Бұл хикаят оқырманын тек күлдіріп қана қоймай, бүгінгі әлеуметтік мәселелерді балаларға оңайлықпен түсінетіндей шеберлікпен көтеріп, жастарды мамандықтарын дұрыс таңдай білуге, ізденімпаз да талапты болуға, өмірдің уақытша қиындықтарына төзіп қана қоймай, одан шығатын жолдың бар екенін көрсетуімен де маңызды.

Тілі жеңіл әрі жатық, халық аузындағы сирек кездесетін мың иірімді қанатты сөздер мен сөз тіркестерін молынан қамтыған, оқырманын үлкен, кіші демей баурап алатын шым-шытырық оқиғалы мазмұнды шығарма.

ӘЛҚИССА

Жарғақбас, Қылкеңірдек, Шибұт үшеуінің де асынып алған жол қапшықтары бар. Жарғақбастың иығында құрық, Қылкеңірдектің иығында арқан, Шибұттың иығында жүген, қолында қамшы, үшеуі көше бойлап алшаң басып жүріп келеді. Жүргені өз алдына, былайша әндетіп келеді: Бөлінбейтін үш доспыз,

Кез келген іске біз қоспыз.

Талай сыннан сүрінсек те,

Бет қайтпайтын «жылпоспыз».

Жолымызды оңғарсын!

Деп тілейміз Тәңірден.

Сәті түспей жатса да,

Түңілмейміз,

Үміттіміз өмірден!

Реніш, өкпе жоқ бізде,

Емеспіз біз ел кезбе.

Табылса егер бір жұмыс,

Жұмыламыз, біз – құлмыз! —

деп, хош көңілмен шеру құрып келеді. Жеңдерін түріп ап, «Екі қолға бір жұмыс» деп белсеніп келеді. Үшеуі бір-біріне сүйемел боп, қиындықты қайыспай еңсеріп келеді.

Ал, балалар, біз олардың қызықты шым-шытырық хикаяларын сендерге баяндап, барымызды бөліскіміз келеді.

Аттракциондағы арпалыс

Балалар, халық аузында мынандай шағын ертегі бар екенін бәрің білесіңдер:

Ертеде Жарғақбас, Қылкеңірдек, Шибұт деген үш ұры болған екен. Бір күні олар ұрлыққа аттаныпты. Көздеген жеріне жеткен соң, ауылдың жатқан-жатпағанын бақылап, шолып келу үшін, олар біреуін жібермек болыпты.

Қылкеңірдек жанындағы серігіне:

– Ал, Жареке, ауылдың жатқан-жатпағанын бақылап, шолып келу үшін бұл жолы сен барып келесің бе? – дейді.

Жарғақбас орнынан тұрады:

– Барсам барайын. – Қолындағы қапшығын Шибұттың алдына қойып, қолына түкіреді. – «Күн жаз, ет аз» деген, нартәуекел!

Ол жөнеп береді. Жота басына шыққанда, ар жағынан ауыл оттары көрінеді. Етекке түсіп келе жатқанда, оның айға шағылысқан жарғақ басын жарық көзі деп қалса керек, бір жәндік айналшықтап шықпайды. Ол айналып-айналып келіп, Жарғақбастың жылтыр басына қонады. Жарғақбас қолымен жасқап, оны ұшырып жібереді. Жәндік шыркөбелек айналып-айналып барып, Жарғақбастың маңдай тұсына тағы қонады. Басы жыбырлап, ыза болған Жарғақбас «Тпу, иттің баласы!» деп, балғадай ауыр қолымен жәндікті өлтіремін деп басына бір қояды. Шытынап тұрған жарғақ басы қақ жарылып, өзі кескен теректей «гүрс» құлап, сол жерде жан-тәсілім етеді.

– Бие сауымдай уақыт өтті. Бұл сорлы қайтпады ғой, оған не болды екен ә? – деді Шибұт тыпыршып.

Иә, қатты кешікті. Сен барып жағдайын біліп келші.

– «Баланы іске бұйыр, соңынан өзің жүгір» деген осы. Барсам барып келейін.

Ол орнынан тұрып, қолындағы заттарын Қылкеңірдектің жанына қояды да, өзі жорта жөнеледі. Қыр асып, Жарғақбастың ізімен жүріп келе жатқанда, шөп арасынан серігінің басы жарылып өліп жатқаны үстінен түседі. Шибұт шошып:

– Астапыралла! Қа-ап!!! – деп, екі қолымен санын бір соққанда, шидей аяқтары «шарт» сынып, ол да сол жерде сеспей қатады.

Қылкеңірдек Жетіқарақшы жұлдызына қарап тұрып:

– Міне, ет пісірімдей уақыт өтті, екеуінен де хабар жоқ. «Қойшы көп болса, қой арам өлер» дейді, бұлар іс тындырып жарытпас, өзім барайыншы.

Ол орнынан тұрып, жердегі қапшық пен жүгенді иығына артып, серіктерінің соңына түседі. Қырқадан асып, із кесіп келе жатқан ол шөп арасынан екі серігінің тырапай асып, өліп жатқанын көреді.

Читать дальше
Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать


Кеңес Оразбекұлы читать все книги автора по порядку

Кеңес Оразбекұлы - все книги автора в одном месте читать по порядку полные версии на сайте онлайн библиотеки LibKing.




Жарғақбас, Қылкеңірдек, Шибұттың шым-шытырық хикаялары отзывы


Отзывы читателей о книге Жарғақбас, Қылкеңірдек, Шибұттың шым-шытырық хикаялары, автор: Кеңес Оразбекұлы. Читайте комментарии и мнения людей о произведении.


Понравилась книга? Поделитесь впечатлениями - оставьте Ваш отзыв или расскажите друзьям

Напишите свой комментарий
x