Кеңес Оразбекұлы - Жарғақбас, Қылкеңірдек, Шибұттың шым-шытырық хикаялары

Тут можно читать онлайн Кеңес Оразбекұлы - Жарғақбас, Қылкеңірдек, Шибұттың шым-шытырық хикаялары - бесплатно ознакомительный отрывок. Жанр: Прочая детская литература. Здесь Вы можете читать ознакомительный отрывок из книги онлайн без регистрации и SMS на сайте лучшей интернет библиотеки ЛибКинг или прочесть краткое содержание (суть), предисловие и аннотацию. Так же сможете купить и скачать торрент в электронном формате fb2, найти и слушать аудиокнигу на русском языке или узнать сколько частей в серии и всего страниц в публикации. Читателям доступно смотреть обложку, картинки, описание и отзывы (комментарии) о произведении.

Кеңес Оразбекұлы - Жарғақбас, Қылкеңірдек, Шибұттың шым-шытырық хикаялары краткое содержание

Жарғақбас, Қылкеңірдек, Шибұттың шым-шытырық хикаялары - описание и краткое содержание, автор Кеңес Оразбекұлы, читайте бесплатно онлайн на сайте электронной библиотеки LibKing.Ru
Бұл сериялы күлдіргі ертегі. Басты кейіпкерлері Жарғақбас, Қылкеңірдек, Шибұт – үшеуі ертеден келе жатқан ажырағысыз достар. Олар бүгінгі өмірге бейімделу үшін неше түрлі кәсіпті игеруге тырысады. Бірақ бәрінде де жол-дары болмайды. Ең соңында… Иә, ең соңында өздерінің қиындықтан қорық-пайтын табандылықтарының, үздіксіз ізденіс, талпыныстарының арқасында, мақсат-мұраттарына жетеді.

Жарғақбас, Қылкеңірдек, Шибұттың шым-шытырық хикаялары - читать онлайн бесплатно ознакомительный отрывок

Жарғақбас, Қылкеңірдек, Шибұттың шым-шытырық хикаялары - читать книгу онлайн бесплатно (ознакомительный отрывок), автор Кеңес Оразбекұлы
Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать

Дұрыс, «Ат айналып қазығын табар» деген, ерте ме, кеш пе қайтып оралар.

Қайсысы озып бірінші келсе соның иесі жеңген болып шығады, соған бәстесейік, – деді Жарғақбас.

Келістік!

Бірақ күн кешкіріп, есектері қайтып оралмады, сол кеткеннен мол кетті. Үшеуі оларды күте-күте жалығып, кешкі астарына отырды. Шайлаларына түнеп, таң атқанда да есектерінен хабар болмады.

«Ақымақтың ақылы түстен кейін кіреді» деген, біз де ақымақпыз, – деді Жарғақбас. – Бастарында шөп тұрғанда қайтып оралушы ма еді.

Иә, сонысы да бар екен, оны біз ескермеппіз ғой.

Бір реті табылар, соған алаңдамай-ақ қойыңдаршы, – деді Шибұт. – Біз тонайтын саудагерлердің де көлігі бар шығар.

Иә, Шиекең жөн айтады, – деді Қылкеңірдек. – Одан да жолымызды ториық. Кімнің кезегі еді?

Есің дұрыс па, бүгін санамақты қайта бастаймыз, – деді Жарғақбас. – Кім соңында қалса, сол бастап кезекке тұрады.

Қылкеңірдек үшеуін сұқ саусағымен түртіп, санамақты жүргізеді:

– Әдім бәдім шума-шу, шим-ширика атам бу, бума бели баран тас, ско-рида пиди шаш!..

Бұл жолы төбе биігіне Қылкеңірдектің жол қарайтын кезегі түсті. Ана екеуі шайла астында жатыр. Жай жатқан жоқ, беттеріне қонған шыбындарды қағып жатыр. Шибұт бетіне қонған шыбындарды қолы-мен қағып алады. Ұстаған шыбындарын Жарғақбасқа көрсете жерге тастайды:

– Мен үш шыбын ұстадым!

Жарғақбас та қағады. Ұстаған шыбындарын Шибұтқа көрсете жер-ге түсіреді:

– Ал, мен жеті шыбын өлтірдім!

Әрине, сенің басың үлкен, содан…

– Қыртпашы! Әңгіме – бастың үлкендігінде емес, ептілікте, —деді Жарғақбас.

Жоқ, ептілікте емес, бастың үлкендігінде.

Үлкендігінде емес, ептілікте!

Онда кел, мен – сенің басыңды, сен менің басымды қориық.

Сөйтсек, сөйтейік, —деді Жарғақбас.

Екеуі бір-бірінің бастарын қоруға көшеді.

– Бір керуен «майшелпек» келе жатыр! – деп айқайлады Қылкеңірдек төбе басынан. – Дайындыққа кірісіңдер!

Ана екеуі орындарынан ұшып тұрады. Үшеуі өткел аузындағы өз орындарына барып жайғасып алды. Өзара сыбырласа сөйлесіп, «май-шелпекті» басып алудың жайын талқылауда. Қылкеңірдек:

Керуен – он екі түйе, қарулы адамы төртеу екен.

Конец ознакомительного фрагмента.

Текст предоставлен ООО «ЛитРес».

Прочитайте эту книгу целиком, купив полную легальную версию на ЛитРес.

Безопасно оплатить книгу можно банковской картой Visa, MasterCard, Maestro, со счета мобильного телефона, с платежного терминала, в салоне МТС или Связной, через PayPal, WebMoney, Яндекс.Деньги, QIWI Кошелек, бонусными картами или другим удобным Вам способом.

Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать


Кеңес Оразбекұлы читать все книги автора по порядку

Кеңес Оразбекұлы - все книги автора в одном месте читать по порядку полные версии на сайте онлайн библиотеки LibKing.




Жарғақбас, Қылкеңірдек, Шибұттың шым-шытырық хикаялары отзывы


Отзывы читателей о книге Жарғақбас, Қылкеңірдек, Шибұттың шым-шытырық хикаялары, автор: Кеңес Оразбекұлы. Читайте комментарии и мнения людей о произведении.


Понравилась книга? Поделитесь впечатлениями - оставьте Ваш отзыв или расскажите друзьям

Напишите свой комментарий
x