Кеңес Оразбекұлы - Жарғақбас, Қылкеңірдек, Шибұттың шым-шытырық хикаялары

Тут можно читать онлайн Кеңес Оразбекұлы - Жарғақбас, Қылкеңірдек, Шибұттың шым-шытырық хикаялары - бесплатно ознакомительный отрывок. Жанр: Прочая детская литература. Здесь Вы можете читать ознакомительный отрывок из книги онлайн без регистрации и SMS на сайте лучшей интернет библиотеки ЛибКинг или прочесть краткое содержание (суть), предисловие и аннотацию. Так же сможете купить и скачать торрент в электронном формате fb2, найти и слушать аудиокнигу на русском языке или узнать сколько частей в серии и всего страниц в публикации. Читателям доступно смотреть обложку, картинки, описание и отзывы (комментарии) о произведении.

Кеңес Оразбекұлы - Жарғақбас, Қылкеңірдек, Шибұттың шым-шытырық хикаялары краткое содержание

Жарғақбас, Қылкеңірдек, Шибұттың шым-шытырық хикаялары - описание и краткое содержание, автор Кеңес Оразбекұлы, читайте бесплатно онлайн на сайте электронной библиотеки LibKing.Ru
Бұл сериялы күлдіргі ертегі. Басты кейіпкерлері Жарғақбас, Қылкеңірдек, Шибұт – үшеуі ертеден келе жатқан ажырағысыз достар. Олар бүгінгі өмірге бейімделу үшін неше түрлі кәсіпті игеруге тырысады. Бірақ бәрінде де жол-дары болмайды. Ең соңында… Иә, ең соңында өздерінің қиындықтан қорық-пайтын табандылықтарының, үздіксіз ізденіс, талпыныстарының арқасында, мақсат-мұраттарына жетеді.

Жарғақбас, Қылкеңірдек, Шибұттың шым-шытырық хикаялары - читать онлайн бесплатно ознакомительный отрывок

Жарғақбас, Қылкеңірдек, Шибұттың шым-шытырық хикаялары - читать книгу онлайн бесплатно (ознакомительный отрывок), автор Кеңес Оразбекұлы
Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать

Ал, сайыпқырандар, – деді Шибұт. – «Қашпақ болсаң зымыра» деген. Қошқарлардың басын мына жаққа, ауыл сыртындағы жыңғыл тоғайға бұрыңдар. Бізді иттердің өзі әспеттеп шығарып салмақшы. Әйт, чу! Үррит деген!

Айтқандай-ақ, ауыл иттері де жан-жақтан арсылдап-әупілдеп, ке-ліп қалып еді.

Иә, баста, әйт, шу-у, тұлпарым! – деп Жарғақбас қолыңдағы шыбықпен қошқардың құйрығынан салып қалады. Қошқар ытырылып алға ұмтылады.

– Мына иттерге жеткізбей құстай ұш, сұңқарым! – деді Қыл-кеңірдек те артына қарап.

Бұл дүрбелеңнен екі-үш үйдің терезелері жанып, бір-екі үйдің есіктерінен адамдар да атып шыққан. Ал біздің сайыпқырандар қой арқасына кенедей табысып, мүйіз-рөлдеріне тастай жармасып, қараңғылыққа сүңгіп барады. Тек Жарғақбастың қазандай басы ғана ай жарығына шағылыса жарқырап, қой үстінде жоғары-төмен теңселеді. Түнгі қараңғылыққа аққан жұлдыздай сіңіп барады…

***

Үшеуі үйлеріне сүйретіліп жетіп, төсектеріне сұлай-сұлай кеткен. Содан күні бойы ұйқы соғып, түс қайта бір-ақ оянды

– Ту-у, күн екіндіге дейін сеспей қатып ұйықтаппыз ғой, – деді

Шибұт басын ұстап. – Денем құрысып, басым шарадай болып тұрғаны. Қошқарлармен түнімен сүзісіп шыққанмын ба, қалай?

Сенің басың шарадай болса, менің басым қандай болғаны? – деп күлді Жарғақбас. – Менің де денем құрысып, кәдімгі түнімен көкпар тартып шыққандай болып тұрмын.

Бірің қоймен сүзісіп, екіншің көкпар тартсаңдар да, кәне, жиналыңдар! – деді Қылкеңірдек. – Тоғайдағы жыныс-қамалымызға тезірек барайық. Кешегі қойларымызды күн батпай сойып алайық.

Үшеуі жол қапшықтарына керек-жарақтарын салып, арқаланып жолға шықты. Жыра-жықпылдың, ну шалғынның арасымен жүре отырып, ағаш арасындағы жасырын мекендеріне де жетті. Қоршау ішінде кешегі қойлары жайылып жүр екен. Үшеуі артынып-тартынып қораға кіре бергендері сол еді, арттарынан: «Баукеспелер, тоқтаңдар, қолдарыңды көтеріңдер!» деген дауыс шықты. Үшеуі көздері бозарып, қолдарын көтеріп, арттарына бұрылып еді, мал иесі Малтүгел мен Қойбағарды және қару кезенген екі полицейді көрді.

Полицейлердің бірі Қылкеңірдектің иығындағы арқанды алып, оларды бір-біріне көгендеп байлайды.

Малды ұрлаған осы сойқандар екенін қалай білдіңдер? деді полицейдің бірі Малтүгел мен Қойбағарға қарап.

Түн жарымында ауыл азан-қазан болған соң, Қойбағар екеуміз далаға атып шыққанбыз. Біздің қораның сыртында қарайған біреулер ойқастап жүр екен. Қараңдаған екеуін ажырата алмасақ та, мына Жарғақбасты шырамыттық.

Қалай шырамыттыңдар?

Өйткені, оның мына жарғақ басы ай жарығынан шағылысып, жарқырап көрінді. – деді Қойбағар әңгімеге араласып. – Бір болса, сол – Жарғақбас-ау деп топшылап едік. Міне, сіздерді ертіп, үшеуінің артынан аңдып келгенімізде, мал жасырған тұрақ-мекендерінің дәл үстінен шықтық қой.

– Енді тартыңдар сазайларыңды! – деді Малтүгел үшеуіне кіжіне қарап.

«Ұрлық, ұрлық түбі – қорлық» деген осы, – деді Қойбағар серігін қостап.

Сөйтіп, полицейлер Жарғақбас, Қылкеңірдек, Шибұт үшеуін қосақ-тап, ауылға айдап апарды. Беттеріне қара күйе жағып, есекке теріс отырғызып, ауыл халқының алдында әбден масқаралады дейсің! Үшеуі жұрт алдында әбден қарабет болып, ендігіде ұрлық жасамауға қатты бекінді.

«Соңғы түйенің жүгі ауыр»

Үшеуі үй алдындағы ағаш көлеңкесінде отыр.

– Ұрлық жасап жарытпадық, – деді Қылкеңірдек екеуіне кезек қарап. – Қайта дүйім елге ұры атымыз шығып, масқара болдық. Енді немен айналыссақ екен? Әлде, екі қолға бір жұмыс деп…

– Қарақшылықпен айналысайық! – деді Жарғақбас серігінің сөзін бөліп.

Қарақшылық?!

Иә, Тескентаудың бойындағы ұлы сауда жолын білесіңдер ғой. Сол жолмен ерсілі-қарсылы сауда керуендері өтеді. Міне, соларды тонаймыз.

Бәрекелді! – деді Шибұт сұқ саусағын шошайтып. – Бұл – ұрлық жасағаннан гөрі беделдірек кәсіп. Әрі ауылдастарыңды емес, бөтен адамдарды – шетжұрттықтарды тонайсың. – Жарғақбастың басынан сипайды. – Мынау жай бас емес, алтын бас қой!

Жарғақбас та өз басын мақтанышпен сипайды.

Ендеше, бұл жорықты қай жерде, қалайша жүзеге асырамыз – жоспарын құрайық. – деді Қылкеңірдек.

– «Тентек шоқпар жинайды» деген, қару-жарағын да қамдайық.

«Өткеннің орағын, кеткеннің кетпенін алу үшін де» күш керек. Күресіп, алысып жаттығайық.

Онда «ұрыста тұрыс жоқ», ал кірістік…

Екеуі Жарғақбасты ортаға алып, жоспар жасауға кірісті. Ертеңіне үшеуі ағаш басына өрмелеп, бұтақ кесіп, сойыл-шоқпар жасауға отырды. Үй алдында алысып-жұлысып, күш сынасуды да ұмытпады.

***

Тескентау өткелі аузында біздің үш қарақшы шайла тігіп жатқанына біраз уақыт болды. Белдерінде – басы кішігірім қауындай жұмырлап жонылған ағаш шоқпар. Тескентаудың биігіне кезек-кезек шығып, жол қарайды.

Үшеуі күні бойы жол аңдып, қатты жалықты.

Фу, ішіміз пысып кетті ғой! Кәне, бір ермек табайық, – деді Шибұт.

Қандай ермек?

Мәселен… – басын қасып тұрып сайда жайылып жүрген есектеріне көзі түседі. – Ау, анау есектерімізді жарыстырып ойнайық.

Қылкеңірдек мойнын созып жолға қарап:

– Ақыры бүгін аңдыған жемтік-саудагерлеріміздің келмейтін түрі бар. Онда сөйтсек-сөйтейік.

Үшеуі сайда жайылып жүрген есектерін жетектеп, қара жолдың үстіне әкеледі. Үш есекті қатарынан тұрғызып жолға қаратады да, қолдарындағы шыбықтарымен олардың бөкселерінен салып-салып қалады.

Ы-һы! Ы-һы! Кәне шабыңдар!..

Бірақ есектерінің орындарынан қозғалатын түрі көрінбейді. Жондарына батқан шыбықты да елемей, есектік мінездеріне бағып, тұқырып бір орында тұрды да қойды.

«Жүгі жеңіл есек жатаған келеді» дейді. Енді қайтеміз, ә?

Бұларды қалай жарыстырамыз?

Қандай амал бар?

Е, тап-тым! – деді Қылкеңірдек. – Қожанасыр әпендінің есегін қалай жүргізгенін білесіңдер ме?

Қалай?

Алдына шөп байлап қойып жүргізеді ғой.

Оп, бәрекелді! Біз де сөйтейік!

Сенің де таппайтының жоқ! – деді Жарғақбас.

Үшеуі сайда өсіп тұрған қара талдың қураған ұзын бұталарын сындырып әкеліп, оларды есектерінің мойындарына байлады. Есек-терінің бастарынан асып тұрған бұтаның екінші басына дайындап қойған құрақ шөптің бір-бір шөмелесін байлап қояды. Сөйтіп, есек-терінің басын қоя беріп еді, есектері шөп жеймін деп бастарын созып дедектеп жүріп кетті. Үшеуі шайлаларының астында жатқан күйі қарқылдап күліп, есектерін қырдан асқанша көздерімен шығарып салды.

Иә, олар қайда кетер дейсің, иелері біз емеспіз бе, қайтып келер.

Читать дальше
Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать


Кеңес Оразбекұлы читать все книги автора по порядку

Кеңес Оразбекұлы - все книги автора в одном месте читать по порядку полные версии на сайте онлайн библиотеки LibKing.




Жарғақбас, Қылкеңірдек, Шибұттың шым-шытырық хикаялары отзывы


Отзывы читателей о книге Жарғақбас, Қылкеңірдек, Шибұттың шым-шытырық хикаялары, автор: Кеңес Оразбекұлы. Читайте комментарии и мнения людей о произведении.


Понравилась книга? Поделитесь впечатлениями - оставьте Ваш отзыв или расскажите друзьям

Напишите свой комментарий
x