Кеңес Оразбекұлы - Гүлмінездің гүлдері

Тут можно читать онлайн Кеңес Оразбекұлы - Гүлмінездің гүлдері - бесплатно ознакомительный отрывок. Жанр: Прочая детская литература. Здесь Вы можете читать ознакомительный отрывок из книги онлайн без регистрации и SMS на сайте лучшей интернет библиотеки ЛибКинг или прочесть краткое содержание (суть), предисловие и аннотацию. Так же сможете купить и скачать торрент в электронном формате fb2, найти и слушать аудиокнигу на русском языке или узнать сколько частей в серии и всего страниц в публикации. Читателям доступно смотреть обложку, картинки, описание и отзывы (комментарии) о произведении.

Кеңес Оразбекұлы - Гүлмінездің гүлдері краткое содержание

Гүлмінездің гүлдері - описание и краткое содержание, автор Кеңес Оразбекұлы, читайте бесплатно онлайн на сайте электронной библиотеки LibKing.Ru
Қайран, шіркін, балалық,(Келер ме еді оралып).Тал бойыңа сіңіпті,Ана сүтпен таралып:Риясыз аңғалдық,Кіршіксіз адалдық,Күлкі қыстар шалалық,Білім құштар даналық.Балалардың жоғарыда аталған мінез-қасиеттері осы әңгімелер жинағында толығымен көрініс тапқан. Ұстаздар мен тәрбиешілерге қосымша оқу құралы ретінде пайдалануға өте ыңғайлы.

Гүлмінездің гүлдері - читать онлайн бесплатно ознакомительный отрывок

Гүлмінездің гүлдері - читать книгу онлайн бесплатно (ознакомительный отрывок), автор Кеңес Оразбекұлы
Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать

Гүлмінездің гүлдері

Кеңес Оразбекұлы

Иллюстратор Олимпиада Грачева

Редактор Жақсылық Кенжалиев

© Кеңес Оразбекұлы, 2020

© Олимпиада Грачева, иллюстрации, 2020

ISBN 978-5-4498-9859-3

Создано в интеллектуальной издательской системе Ridero

ГҮЛМІНЕЗДІҢ ГҮЛДЕРІ

(әңгімелер мен этюдтер, санамақтар жинағы)

Редакторы: Жақсылық Кенжалиев.

Суретшісі: Олимпиада Грачева.

Балалар жазушысы Кеңес Оразбекұлы – әңгіме, ертегілері оқулық, хрестоматия-ларға еніп, оқырмандарына кең танылып қалған қаламгер. Оған қоса оның «Ертегі туралы ертегі», «Иол – мәңгілік ағашы», «Тұран баһадүрлері немесе Ер, Би, Нұр-дың ерлік жорықтары», «Наурыз көже», Оңтүстік Кореяда төрт тілде (қазақ, орыс, корей, ағылшын) шыққан «Жыл басы қалай анықталды?», «Жерұйық іздеген Кірпі мен Қосаяқ», Ресейдің «Ридеро», «Литрес», «Озон», «Амазон» және т. б. интернет-дүкендерінде екі тілде (қазақ, орыс) сатылымға шыққан «Жарғақбас, Кылкеңірдек, Шибұттың шым-шытырық хикаялары», «Таң нұрындай Таңсұлу», «Қазақтың алпыс батыры», екі кітаптан тұратын «Қанатты сөз – қазына», «Жылыңды білесің бе?» және тағы басқа кітаптары да оқырмандарының қызығушылығын оятып, ыстық ықыластарына бөленді. Енді міне, бұл жолы «Гүлмінездің гүлдері» атты әңгімелер мен этюдтер жинағын ұсынып отыр. Қаламгердің бұл жинағы да оқырмандарының сондай ілтипатына бөленеріне сенімдіміз.

МҰХАМЕДЖАННЫҢ МҰРАТЫ

( Мұхамеджан Тынышбаевтың рухына арнаймын)

СЫНҒАН ТАЯҚША

Үзіліс уақыты. Сынып ішінде Мұхамеджан – жалғыз. Ол тақта үстіне ілінген Ресей империясының саяси-әкімшілік картасының алдында тұр. Қолында – басы үшкір ұзын таяқша. Таяқшаның ұшын карта бетіне жүгіртіп, қазақ елінің аумағын ойша белгілейді. Өйткені картада оның шекарасы атымен жоқ. Тек Ресейдің губерниялары мен уездерінің шекара сызықтары ғана. Еділ, Жайық, Торғай, Сары-арқа, Алтай,

Жетісу, Түркістан, Сырдария, Арал… Бұл өңірлердің бәрінде қазақтар мекендейді. Ендеше бұл өлкелер – қазақ жері. «Шіркін! Осы өлкелердің басын қосып, қазақтың өз мемлекетін құрар ма еді. Ол үшін мына кең-байтақ жерді Ресейдегідей игеріп, қалалар салып, өндіріс орындарын ашып, астана – орталығын орнатса. Астанаға қай қала лайық? Осы Верный қаласы қолайлы болар. Онда мына өлке-лердің бәрін Жетісумен байланыстыратындай етіп жолдар салуды қолға алған жөн. Өйткені, адамның он екі мүшесін басқару үшін жүрекке қан тамырлары қандай маңызды болса, мемлекет үшін де жол қатынасы сондай маңызды. Иә, иә, мемлекет құру үшін ең алдымен жолдар қажет. Сонда ғана қазақ елін тәуелсіздікке жеткізе аласың. Ендеше жол құрылысын салудың ғылымын меңгеруге ұмтылу керек…»

Мұхамеджанның қалың ойға беріліп, шабыттанғаны сондай, айна-ласын түгел ұмытып, еріндерін тістеп тұрып шалт қимыл жасағанын аңғармай қалды. Қолындағы таяқша «сарт» етіп қақ бөлінгенде ғана есін жиды. Оң жақ бүйірінде Асқар мен Сергей тұр екен.

– Мұхамеджан, саған не болды?! – деді Асқар таңданып.

– Жәй, әншейін, – деді де, Мұхамеджан қолындағы сынық таяқшаны үстел үстіне қалдырып, орындығына беттеді.

Шәкірттерінің ең соңынан кірген Михайл Васильевич жаңағы сын-ған таяқшаны үстел жанына жақындағанда ғана байқады. Түсі бұзы-лыңқы суық жанарымен сынып ішін шолып:

– Бұны кім сындырды?! – деп жеки сұрады. Шәкірттер тым-тырыс отырған күйі көздерімен жер шұқыған. Ол қырағы жанарымен шә-кірттерін бір барлап өтті.

– Мен – деді бір кезде шыдамай кеткен Мұхамеджан орнынан тұ-рып. Михаил Васильевич тәртіп, оқу жағынан ең үлгілі, сүйікті шәкір-тіне таңырқай қарады. Мұндай оғаш қылықты басқа-басқа, Мұхамед-жаннан күтпеген.

– Неге сындырдың? – деді даусын жұмсартып.

– Ой үстінде тұрып байқамай…

Мұхамеджанның бұл сөзіне курстастары ду күліп жіберді. Михаил Васильевич те езу тарта жымиып, артынша басын шайқап:

– Ендеше келесіде ойға берілгенде, қолыңа еш нәрсе ұстай көрме, қымбаттым.

Курстастары тағы да күлкіге кенеліп, сынып ішінде бір түрлі жай-машуақ жылылық орнады.

ЖОЛ АЙРЫҚТА

Гимназия шәкірттерінің жан-жаққа түлей ұшар сәті де жетті. Гим-назия директоры Вахрущевтың кабинетінен Мұхамеджанның көңілі өсіп шықты. Есік алдында курстасы Асқарға жолығып қалды.

Ол Мұхамеджанды көргеннен, екі езуі құлағына жете ыржия күліп келіп, қолын қатты қысты.

– Мұхамеджан, естіп жатырмыз. Педагогикалық кеңес сені барлық жағынан үздік деп бағалап, алтын медальға ұсыныпты ғой. Құтты болсын!

– Айтсын, рақмет. Өзіңнің де дипломың құтты болсын!

– Рақмет. Айтпақшы, педагогикалық кеңес сені Жетісу губернато-рының кеңесіне тілмаштық қызметке ұсынып жатқан көрінеді ғой. Сол рас па?

– Иә, рас, – деді Мұхамеджан. – Бірақ мен ол қызметтен бас тарт-тым.

– Не дейсің?! – деді Асқар Мұхамеджанның иығынан тартып тоқ-татып. – Өзге жұрттың мұндай мәртебелі қызметке қолы жетпей дің-кесі құрып жүргенде, сенің мұның не? Есің бүтін бе?

– Есім бүтін, – деді Мұхамеджан жымиып. – Директордың қабыл-дауында болып, оқуды жалғастырмақ ойым бар екенін айтып шық-тым.

– Қандай оқуды?

– Петербургтегі жол құрылысы инженерлерін дайындайтын инсти-тутқа түсуге жиналып жүрмін.

– Ой, бұл мамандық қазаққа қол емес қой. Ең болмаса сот, мұға-лім, не дәрігерлікті таңдамадың ба?

– Ондай мамандықты таңдаған қазақтар менсіз де жеткілікті. Ал жол құрылысы инженері – еліміздегі ділгір мамандық қой. Өстіп әр саладан мамандана берсек, еліміздің ертеңі үшін маңызды емес пе.

– Әй, Мұхамеджан-ай! Еліміздің ертеңіне несіне алаңдайсың? Қазаққа әр саладан маманданған мына орыстар да жетеді. Тұмсығымызды әр саққа тыға бергеннен жетісеріміз шамалы. Мал табатындай сауатымызды аштық, соның өзі олжа. Егер менің достық тілімді алсаң кеш болмай тұрғанда, сол тілмаштық қызметке қайта сұран. Ең дауасы – осы. Губернатордың алдында кеудеңді керіп, алшаң басып жүргенге не жетсін! Кейін бармағыңды тістеп қалма.

Гимназияда талай жыл бірге оқып, курстас, сыйлас құрбы ретінде талай жыл интернат нанын бөлісіп жегенімен, Асқарды мұндай ман-сапқұмар, тоғышар жан деп ойламаған. Адамның шын бет-бейнесі балалық, жастық шақта онша байқалмай, ат басын тартып мінген, онды-солын тани бастаған осындай азаматтық дәуренге жеткен кезде байқалады екен-ау. Сырлас, жақын болмаса да, сыйласып өскен досының өмірді осылай жеңіл-желпі бағалап, мардымсып шолақ ақыл айтқанына Мұхамеджанның ызасы келді. Бірақ, дәл осындай мерейлі сәтте дауласып, бетжыртысуды жөн көрмеді де:

– Бұл «данышпан» кеңесіңе рақмет, досым. Өйтіп өкінетін адам мен емес. Қош бол! – деп әңгімені қысқа қайырып, курстас досынан бөлініп, ұзай берді.

Читать дальше
Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать


Кеңес Оразбекұлы читать все книги автора по порядку

Кеңес Оразбекұлы - все книги автора в одном месте читать по порядку полные версии на сайте онлайн библиотеки LibKing.




Гүлмінездің гүлдері отзывы


Отзывы читателей о книге Гүлмінездің гүлдері, автор: Кеңес Оразбекұлы. Читайте комментарии и мнения людей о произведении.


Понравилась книга? Поделитесь впечатлениями - оставьте Ваш отзыв или расскажите друзьям

Напишите свой комментарий
x