Кеңес Оразбекұлы - Гүлмінездің гүлдері

Тут можно читать онлайн Кеңес Оразбекұлы - Гүлмінездің гүлдері - бесплатно ознакомительный отрывок. Жанр: Прочая детская литература. Здесь Вы можете читать ознакомительный отрывок из книги онлайн без регистрации и SMS на сайте лучшей интернет библиотеки ЛибКинг или прочесть краткое содержание (суть), предисловие и аннотацию. Так же сможете купить и скачать торрент в электронном формате fb2, найти и слушать аудиокнигу на русском языке или узнать сколько частей в серии и всего страниц в публикации. Читателям доступно смотреть обложку, картинки, описание и отзывы (комментарии) о произведении.

Кеңес Оразбекұлы - Гүлмінездің гүлдері краткое содержание

Гүлмінездің гүлдері - описание и краткое содержание, автор Кеңес Оразбекұлы, читайте бесплатно онлайн на сайте электронной библиотеки LibKing.Ru
Қайран, шіркін, балалық,(Келер ме еді оралып).Тал бойыңа сіңіпті,Ана сүтпен таралып:Риясыз аңғалдық,Кіршіксіз адалдық,Күлкі қыстар шалалық,Білім құштар даналық.Балалардың жоғарыда аталған мінез-қасиеттері осы әңгімелер жинағында толығымен көрініс тапқан. Ұстаздар мен тәрбиешілерге қосымша оқу құралы ретінде пайдалануға өте ыңғайлы.

Гүлмінездің гүлдері - читать онлайн бесплатно ознакомительный отрывок

Гүлмінездің гүлдері - читать книгу онлайн бесплатно (ознакомительный отрывок), автор Кеңес Оразбекұлы
Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать

ОҚУ ОРНЫНЫҢ ТАБАЛДЫРЫҒЫНДА

Қабырғаларын ескі үлгідегі сүйегі ауыр, бірақ әсем өрнектелген кітап шкафтары мен сейфтері қайыстырған үлкен кабинет. Ортада «т» әрпі тәріздес етіп қойылған екі шомбал емен үстел. Басында үш адам отыр. Оның бірі – орта жастағы кең иықты, шашын жылмағай етіп артқа қайыра тараған, жалпақ бет кісі – институт ректоры. Екіншісі – жағы қушиған, көзілдірікті қасқабас қария – осы институттың аға оқытушысы әрі ғалым адам. Ал үшіншісі – институтқа талапкер ретінде құжаттарын тапсыруға келген – Мұхамеджан.

Төрдегі алдыңғы екеуі үстелдің бір қапталындағы Мұхамеджанға сынай, әрі күдік ала қарайды. Ал Мұхамеджан болса өзін еркін ұстауға тырысып, олардың сауалына мүдірмей жауап беріп отыр. Инсти-тут ректоры алдында жатқан құжаттарды аударыстырып, қағазда жазылған деректерді Мұхамеджан бет-жүзі арқылы анықтап алғысы келгендей, қағазға бір, Мұхамеджанға бір шұқшия қарап алды да:

– Хм-м, жігітім. Орта Азиядан. Жетісу өлкесінен келген екенсің ғой. Солай ма? – деді.

– Иә, солай.

– Қандай ұлттансың?

– Қазақпын.

– Қызық. Біздің институттың табалдырығын – Қиыр шеттегі бұ-ратана халықтың өкілі ретінде тұңғыш рет өзің басып тұрсың. Әдетте біздің техникалық институтқа ресейліктердің өзі сескеніп, келе бер-мейді. Сенің қалайша батылың барды?

– Жоғары мәртебелім. Мен Верный гимназиясының соңғы курс-тарында оқып жүрген кездің өзінде Сіз басқаратын осы мәртебелі институтқа түссем деп, алдыма үлкен мақсат қойған едім. Міне, сол мақсатым мені Сіздің алдыңызға жетелеп әкелді.

– Жарқыным, сен бұл оқу орнының техникалық екенін білесің бе? – деп сөзге қасқа бас шал араласты. – Оқу өте ауыр. Химия, физика, математика есептері, сызу макеттерінің өзі адамның миын шатастырып жібереді.

– Әрине, білемін. Сол себепті гимназия қабырғасында көп ізденіп дайындалатынмын. Кітапханалардағы әр қилы техникалық кітап-тарды зерттеп оқып, есеп, жаттығуларын шығарып, сызу өнерімен айналысатынмын.

– Мен қызмет бабымен ғылыми экспедицияларда жүріп, Орта Азия мен Түркістанды, қазақ елін көп аралағанмын. Сол себепті ол жақтың халқын, салт-дәстүрі мен шаруашылығын, адамдарының мінезі-қасиеттері мен психологиясын бір кісідей білемін деп айта аламын. Расын айтсам, қазақтардың рухани жан дүниесі өте бай. Музыка, фольклор, сөз өнері тұрғысынан қарағанда, алдыңғы қатарлы елдермен иық теңестіре алады. Мұны орыстың, батыстың ғалымдары да мойындаған. Сол себепті олар, яғни қазақтар гуманитарлық ілімді тез меңгеріп, игеріп кете алады. Бұл ақиқатты мен сондағы оқу орындарын аралағанда байқап, көз жеткізгенмін. Ал енді техникалық ілімді меңгеруге келгенде, көшпелі ұлттың өкілдерін… әй, қайдам… Көзім жетпейді. Бұл жерге адасып келген сияқтысың. Кеш болмай тұрғанда, сол гуманитарлық оқу орнынының есігін қаққаның жөн. Мына үздік диплом, алтын медальмен сен ол гуманитарды жақсы меңгеріп кетесің. Оған сенімім кәміл. Сөйт, жарқыным.

Мұхамеджан қасқа бас шалдың бұл сөзіне іштей тіксініп, ұнат-пады. Бірақ сыр берген жоқ. Сөзді әріден өрбітті:

– Менің Әл Фараби, Ибн Сина, Беруни, Ұлықбек сынды ғұлама бабаларымды, мына беріде өмір сүрген Шоқан Уалихановты білетін шығарсыз?

– Әрине, білеміз.

– Міне, солар техникалық ғылымды игеріп қана қоймай, бұл ғы-лымды жоғары деңгейге көтеріп, іргелі жаңалықтар ашып, ілгері дамытты емес пе. Оларды қайда қоясыз?

– Олар, жарқыным, әр жүз, мың жылда бір келетін жеке тұлғалар ғой. Оларды қозғамасайшы, – деп, шал кеңк-кеңк күлген.

Мұхамеджан шалдың күліп болуын күтіп тұрды да:

– Кешіріңіз. Мен де сондай жүз жылда келіп қалған ұрпақтың бірі шығармын. Сол үшін де техникалық оқу орнына тайсалмай ұмтылып отырмын ғой, – деген. Бұл жолы екеуі де мырс-мырс етіп күліп алды.

– Болса, боларсың, бәрекелді! – деді қасқа бас шал.

– Құжаттарыңды қабылдадық, емтиханға дайындала бер, – деді институт ректоры, сол жымиған күйі Мұхамеджанға риза бол-ғанын сездіріп.

Мұхамеджанның тұла бойын бір ыстық сезім ду етіп билеп алды. Бұл жеңіс – алғашқы күшті тосқауылды күйреткен үлкен жеңіс екенін түсінген Мұхамеджан орнынан ширақ көтеріліп, еңсесін тіктеп шығар есікке беттеді.

ҰЛЫЛЫҚ – КІШІПЕЙІЛДІКТЕ

СЕГІЗ ЖАСТЫҚ

Бірде Дінмұхамед Ахметұлы ел аралайын деп жолға шығады. Орта жолда олардың машинасына бір әйел қол көтереді. Димаш ата машинасын тоқтатқызады. Оның да баратын жері Шелек болған соң, бірге алып кетеді.

Машина үйінің алдына тоқтағаны сол еді, әлгі әйел Дінмұхамед Ахметұлына:

– Үйге кіріңіз, шаңырағымнан дәм татыңыз, – деп қоймайды.

Сонда Дінмұхамед Ахметұлы:

– Жақсы онда, дәмнен үлкен емеспіз, кіріп өтейік, – дейді. Осы сөзді естігенде әйелдің қуанғаны сондай, үйіне жүгіре жөнелді.

Үйге кіргенде, әйел сегіз жастықты Қонаевтың жолына қаз-қатар тізіп қойған екен. Дінмұхамед Ахметұлы осыған таң қалып, жастықтан өте алмай дағдарып тұрғанда:

– Менің сегіз балам бар. Мына жастықтарды солар жастанады. Сіз осы жастықтардан аттап өтіп төрге озсаңыз. Сонда мен бұл жастық-тарды сіз аттаған қасиетті жастықтар екенін елге, балаларыма айтып, мақтаныш көріп жүрер едім, – дейді. Сонда Дінмұхамед Ахметұлы:

– Жо-жоқ! Сіздің сегіз балаңыз жатқан бұл жастықтарды атта-маймын. Қайта әрқайсысын маңдайыма тигізіп, тәу етейін. Балала-рыңыз мақтаныш көріп жатсын, – деп жол тауып кетіпті.

ҚОНАЕВТЫҢ АРҒЫМАҒЫ Бірде бір кеңшардың жұрты Дінмұхамед Ахметұлына ақ боз - фото 1

«ҚОНАЕВТЫҢ АРҒЫМАҒЫ»

Бірде бір кеңшардың жұрты Дінмұхамед Ахметұлына ақ боз арғы-мақ сыйлайды. Әлгі аттың тұлғасының сұлулығы, сыр-сымбатының келіскендігі сондай, қарасаң көз тоймайды екен. Қонаевтың өзі де сүйсінгенін жасыра алмапты. Дегенмен ол кеңшар басшысын бір шетке шығарып тұрып:

– Мақұл, мен бұл әсем арғымақты жұрттың алдында сый ретінде қабылдап алған болайын, – депті. – Бірақ оны өзіммен бірге әкетпей, сіздің кеңшарыңызда қалдырып кетемін. Өйткені, өзі нағыз бәйгеге қосатын жел аяқ тұлпарға ұқсайды. Сіздер оны бәйгелерге қосы-ңыздар. Бәйгенің алдын бермей, жеңімпаз шыққан кезде: «Бұл – Қонаевтың арғымағы!» – деп айтып жүрсеңіздер, маған соның өзі жеткілікті, – деген екен.

ЕРЕКШЕ БАЛА

Алтай Едіге атасымен қыдырыстап жүріп, ауыл орталығындағы ескерткіштің тұсына келді. Сол арадағы орындыққа жайғасқаннан кейін екеуінің де назары бірден алдарындағы ескерткішке түскен. Тастан қаланған биік тұғырда – бойында бес қаруы түгел алып батыр басын көтере ұстап, қияндағы көкжиекке тігілген күйі сесті көрінеді. Батырдың оң қолы – алдаспан қылышының сабында, ал сол қолы, жанына аңшы ит сияқты ерткен қызыл жолбарыстың желкесінде. Олар сол күйлерінде елдің тыныштығын қорғап тұр ма, әлде алыс қиырдан келе жатқан жауларын көріп, соларды күтіп алуға сайланып тұр ма, белгісіз.

Читать дальше
Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать


Кеңес Оразбекұлы читать все книги автора по порядку

Кеңес Оразбекұлы - все книги автора в одном месте читать по порядку полные версии на сайте онлайн библиотеки LibKing.




Гүлмінездің гүлдері отзывы


Отзывы читателей о книге Гүлмінездің гүлдері, автор: Кеңес Оразбекұлы. Читайте комментарии и мнения людей о произведении.


Понравилась книга? Поделитесь впечатлениями - оставьте Ваш отзыв или расскажите друзьям

Напишите свой комментарий
x