Кеңес Оразбекұлы - Гүлмінездің гүлдері

Тут можно читать онлайн Кеңес Оразбекұлы - Гүлмінездің гүлдері - бесплатно ознакомительный отрывок. Жанр: Прочая детская литература. Здесь Вы можете читать ознакомительный отрывок из книги онлайн без регистрации и SMS на сайте лучшей интернет библиотеки ЛибКинг или прочесть краткое содержание (суть), предисловие и аннотацию. Так же сможете купить и скачать торрент в электронном формате fb2, найти и слушать аудиокнигу на русском языке или узнать сколько частей в серии и всего страниц в публикации. Читателям доступно смотреть обложку, картинки, описание и отзывы (комментарии) о произведении.

Кеңес Оразбекұлы - Гүлмінездің гүлдері краткое содержание

Гүлмінездің гүлдері - описание и краткое содержание, автор Кеңес Оразбекұлы, читайте бесплатно онлайн на сайте электронной библиотеки LibKing.Ru
Қайран, шіркін, балалық,(Келер ме еді оралып).Тал бойыңа сіңіпті,Ана сүтпен таралып:Риясыз аңғалдық,Кіршіксіз адалдық,Күлкі қыстар шалалық,Білім құштар даналық.Балалардың жоғарыда аталған мінез-қасиеттері осы әңгімелер жинағында толығымен көрініс тапқан. Ұстаздар мен тәрбиешілерге қосымша оқу құралы ретінде пайдалануға өте ыңғайлы.

Гүлмінездің гүлдері - читать онлайн бесплатно ознакомительный отрывок

Гүлмінездің гүлдері - читать книгу онлайн бесплатно (ознакомительный отрывок), автор Кеңес Оразбекұлы
Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать

– Ата, – деді Алтай ескерткішке ойлана қараған күйі. – Батыр-лардың жан серігі ат болады емес пе. Мәселен, Алпамыс – Шұбар ат, Қобыланды Тайбурыл мініп жауға шапқан. Ал, мына Ескелді бабамыз аттың орнына қызыл жолбарыс мінген бе?

– Олай емес, құлыным, – деді Едіге ақсақал немересінің басынан сипап. – Ескелді де кәдімгі батырлардай ат мінген. Ал, мына қызыл жолбарыс Ескелді батырдың пірі болған. Бұл ескерткішті тұрғызған мүсінші ағалар өзге ат мінген батырлардан ерекшеленіп тұрсын деп, батырды қолдаушы пірі қызыл жолбарыспен бедерлепті ғой.

– Ата, пір дегеніміз не?

– Пір дегеніміз, балам, ерекше жағдайларда, мәселен, соғыс, не басқа түскен қиындықтарда жанынан табылып, адамды қолдап, қорғап, демеп жүретін рух иесін – пір дейді. Міне, мына Ескелді бабаң басына қиындық төнгенде, қызыл жолбарысқа сиынған.

– Сонда қызыл жолбарыс жанына келіп, оны құтқарып қалады ма?

– Жоқ, олай емес, пір дегеніміз көзге көрінбейтін рух иесі. Ол тек қолдаушысына ғана, мәселен, Ескелді батырға қызыл жолбарыс болып елестеп көрінеді. Батыр сол рухына сыйынғанда, бойына ерекше күш-құдірет дарып, қуаттанып, кез келген қиындықты жеңіп шығатындай қуатқа ие болады.

– Сонда, ата, кез келген адамның пірі бола ма?

– Кез келген адамның пірі бола бермейді. Ондай рух ерекше адамдарда ғана болады. Мәселен, кейбір арқалы батырларға, ақын-жыраулар мен өнерлі адамдарға ғана дариды. Адамдардың аңыз етіп айтуынша, ұлы ақын Жамбыл Жабаевтың, Кенен ақынның, Ағыбай, Сұраншы батырлардың, мына Ескелді бабаңның пірлері қызыл жолбарыс болған. Ал, Абылай ханның пірі – ақ бура, Қажымұқан балуанның пірі – Баба түкті Шашты Әзіз болған деседі. Өткенде біз «Алпамыс батыр» жырын оқыдық емес пе?

– Иә.

– Сонда жырдың бір жерінде былай дейтін еді ғой:

Сол уақытта батырға

Атса мылтық өтпеді,

Шапса қылыш кеспеді,

Ғайып-ерен қырық шілтен

Қолтықтап, сүйеп демеді.

Міне, көрдің бе, Алпамыстың пірі Ғайып-ерен қырық шілтен бол-ған екен…

Алтай бұл сөздерді естісе де үндеген жоқ. Ол алдындағы ескерткішке қарап тұрып, бір терең қиялдарға беріліп кеткен еді…

***

Алтай бүгін мектептен көңілді оралды. Үйге кіргеннен сумкасын жерге қоя сап, атасының мойнына асылды.

– Иә, бүгінгі сабақтардан «бес» алғансың ау деймін, шамасы?

– «Бес» дегенің ол күнделікті бағалар ғой. Мен бүгін қазақша күрестен Сәбит, Досан, Асқарларды жеңіп, аудандық жарысқа жолда-ма алдым! Міне, «бес» дегеніміз – осы!

– Бәрекелді, құлыным! Қажымұқан атаңдай күшті балуан бол! – деп, немересінің маңдайынан сүйді. – Ал, енді бара ғой, анаңның дайындаған тамағын тойып іш. Балуандарға қажет мол күш! – деп ұйқастырып, немересін ас үйге қарай бағыттады.

– Міне күш! – деп Алтай екі қолын көтеріп, білек бұлшық еттерін бұлтыңдатып, ас үйге қарай аяңдады.

***

– Ат-а! – деп Алтай таңертең тұра салып, үстелде шай ішіп отыр-ған атасының жанына алып-ұшып жетті. – Ата, білесіз бе, мен ерекше баламын!

– Оны қайдан білдің?

– Мен бүгін түс көрдім. Түсімде жұлдызды көктен бір қанатты барыс ұшып келіп, төсегімнің басына қонды да: «Мен сенің піріңмін. Сен аудандық жарыста да жеңіп шығасың» деді. Ендеше мен ерекше бала болғаным ғой, иә?!

– Иә, – деді Едіге атасы жымиып. – Егер сенің пірің қанатты барыс болса, ерекше бала болғаның.

– Ендеше оның айтқаны айнымай келеді ғой, иә?!

– Келеді. Егер ол түсіңде аян беріп, «жеңесің» десе, жеңесің.

– Ала-қа-ай!

– Дегенімен, құлным, мына кеңесімді есіңде ұста: Қанатты барысың «жеңесің» десе, оның саған жігер, рух бергені. Сол жігер-рухпен қуаттанып, жаттығуыңды еселейтін болсаң, міндетті түрде жеңіске жетесің.

– Онда мен қазірден бастап жаттығуға кірісемін! Ала-қа-ай! – деген күйі ол сыртқа жүгірді.

ГҮЛМІНЕЗДІҢ ГҮЛДЕРІ

ҚАМҚОРШЫ Есікті айқара ашып тойған қозыдай томпиған кішкене қыз кірді Бұл - фото 2

ҚАМҚОРШЫ

Есікті айқара ашып, тойған қозыдай томпиған кішкене қыз кірді. Бұл – бақшадан қайтқан Гүлмінез. Қолында тығыншықтай, қап-қара күшік бар. Оны еденге қоя берді. Өзі есікті жауып, ақ мамықпен көм-керілген қоңыр пальтосының түймелерін ағытты. Киім ілгішке бойын созып іліп жатып:

– Анашым, ау анашым, – деп еді, асхана жақтан «Ә, не дейсің?» деген дауыс естілді.

– Мұнда келші. Мен әдемі күшік тауып алдым. Өзі әбден тоңыпты. Қарны да аш болу керек, сүт бар ма?

Асханадан шыққан шешесі күшікті көрген замат:

– Е-ей, Гүлмінез-ай, – деді әбіржіп. – Оны қайдан алдың? Ада-сып жүрген біреудікі де. Апарып таста.

Гүлмінез күшікке ара түсті:

– Бұның иесі жоқ, анашым. Көшенің ортасында, әркімге бір алаңдап, бүрі-сі-іп тұр. Дірілдеп, көзі мөлдіреп, жалынышты қарайды. Қыңсылап-қыңсылап қояды. Маған адамдардан шеккен зәрібін айтып жатқандай сезілді. Аяп кеттім, Алайықшы?

Шешесі қызына мейірлене қарады:

– Бұл бәлең дүниеге келмей жатып, қандай зорлық көріпті?

Гүлмінез бота көздерін мөлдірете:

– «Бәрін сендер бүлдірдіңдер. Мені анамнан айырдыңдар. Суыққа тоңдырып, аштан-аш далаға тастадыңдар. Обал – дегенді білесіңдер ме? Әуф-әуф!» дейді.

Күшік бойы жылынған соң ба, Гүлмінездің сөзіне пысқырып та қа-рамай, талтаң-талтаң басып бөлменің ішін қыдыра бастады.

Шешесі қулана езу тартты.

– Ә-ә, солай дей ме? Титімдей боп, қарашы. Өзі де сүйкімді ғана екен. Мейілің, асырай ғой.

Жүзі бал-бұл жанған қыз шешесіне еркелей асылды.

– Болар енді. Менің асханада жұмысым қалды. Жүр. Күшігіңе сүт құйып берейін.

Сүт құйылған консерв қалбырын күшіктің алдына қойып еді, ол жолай қоймады.

– Ал іше ғой, күшігім, – деді Гүлмінез, оның басын қалбырға сұғып. – Сен ұнататын сүт қой бұл.

Күшік қырыса кейін шегінді. Езуіне жұққан сұйықты тілінің ұшы-мен жалап жатыр. Дәмін ұнатса керек, баяғы кірпияздығы жайына қалып, ыдысқа ашқарақтана қайта ұмтылды.

Біраздан кейін шешесі кірді. Тымпиып тойып алған күшік қыздың жеңінен тартқылап, құйрығын бұлғаңдатады. Шәу-шәу үріп қояды. Гүлмінез – мәз. Шешесі оны сөйлетуге құмартып:

– Не дейді, мына шіркінің? Түсіндіріп берші, – деп еді. Гүлмінез:

– «Ваф-ваф! Сен жақсы қыз екенсің. Анаң да тамаша адам. Ваф-ваф! Екеуміз дос боламыз. Жалықтырмаймын сені. Жүр, бірге онай-мыз», – деп ойынға шақырады.

– Жәндіктің қамқоры бола білген кішкентай жүрегіңнен айнала-йын. Шүлдір-шүлдір еткен тіліңнен айналайын, сенің, – деп, том-пақ бетінен шөпілдете сүйіді. – Досыңды ренжітпе, бара ғой.

Гүлмінез шешесінің құшағынан босана сала:

– Күшігім, күшігім, жүр мұнда. – деп, өзінің ойнайтын бөлме-сіне жүгірді. Күшік те соңынан арсалаңдай ілесті.

ҚҰШТАРЛЫҚ

Аласа кереуетте балбырап ұйықтап жатқан Гүлмінез бір селк етті де, көзін кенеттен ашты. Кірпігін жыпылық-жыпылық еткізіп, ала көбең бөлме ішін таңдана сүзіп шықты. Есінеген күйі ақ жайма көрпесін серпіп тастап, орнынан жылдам көтерілді. Үстіне раушан гүлді көйлегін, көгілдір свитрін киіп, шашы жалбыраған күйі есікке ұмтылды. Ауызғы үйде, терезе алдында отырған атасын көріп барып, көңілі жайланды. Ерекше бауыр басқан адамы әрқашан да осылай жанынан табылып отырса қандай рақат. Ал Гүлмінез үшін атасы бір бөлек жан емес пе. Атасымен бірге болса, бар нәрсеге қанығады. Көкейінде жүрген сауалдарына жауап алады. Ертегілер, қызғылықты әңгімелерге қарық болады. Тіпті, атасы екеуінің өз-ара сөздері, ойындары да жарасымды.

Читать дальше
Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать


Кеңес Оразбекұлы читать все книги автора по порядку

Кеңес Оразбекұлы - все книги автора в одном месте читать по порядку полные версии на сайте онлайн библиотеки LibKing.




Гүлмінездің гүлдері отзывы


Отзывы читателей о книге Гүлмінездің гүлдері, автор: Кеңес Оразбекұлы. Читайте комментарии и мнения людей о произведении.


Понравилась книга? Поделитесь впечатлениями - оставьте Ваш отзыв или расскажите друзьям

Напишите свой комментарий
x