Кеңес Оразбекұлы - Гүлмінездің гүлдері

Тут можно читать онлайн Кеңес Оразбекұлы - Гүлмінездің гүлдері - бесплатно ознакомительный отрывок. Жанр: Прочая детская литература. Здесь Вы можете читать ознакомительный отрывок из книги онлайн без регистрации и SMS на сайте лучшей интернет библиотеки ЛибКинг или прочесть краткое содержание (суть), предисловие и аннотацию. Так же сможете купить и скачать торрент в электронном формате fb2, найти и слушать аудиокнигу на русском языке или узнать сколько частей в серии и всего страниц в публикации. Читателям доступно смотреть обложку, картинки, описание и отзывы (комментарии) о произведении.

Кеңес Оразбекұлы - Гүлмінездің гүлдері краткое содержание

Гүлмінездің гүлдері - описание и краткое содержание, автор Кеңес Оразбекұлы, читайте бесплатно онлайн на сайте электронной библиотеки LibKing.Ru
Қайран, шіркін, балалық,(Келер ме еді оралып).Тал бойыңа сіңіпті,Ана сүтпен таралып:Риясыз аңғалдық,Кіршіксіз адалдық,Күлкі қыстар шалалық,Білім құштар даналық.Балалардың жоғарыда аталған мінез-қасиеттері осы әңгімелер жинағында толығымен көрініс тапқан. Ұстаздар мен тәрбиешілерге қосымша оқу құралы ретінде пайдалануға өте ыңғайлы.

Гүлмінездің гүлдері - читать онлайн бесплатно ознакомительный отрывок

Гүлмінездің гүлдері - читать книгу онлайн бесплатно (ознакомительный отрывок), автор Кеңес Оразбекұлы
Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать

Үшінші қатардағы екінші партадан Әсиягүл мен Қамаш жары-са ұшып тұрды.

– Абай Құнанбаевтың «Қыс» өлеңін жаттап келу, – деді қағілез Әсиягүл.

Жамал апай сынып ішін асықпай қайта сүзіп шықты. Жәудір көз-дерден ынтазарлыққа толы төзімділікті аңғарды.

– Ал, кәне, кім дайын? – деді ол сабырлы қалпын өзгертпестен.

Балалар шулап қоя берді: «Мен айтайыншы! Мені шығарыңызшы, апай!»

– Жарайсыңдар! – деді Жамал апай масаттанып. – Қуаныш-тымын. Сонда да тәртіпке келейік, балалар, тынышталыңдар! Сендерді журналдағы тізіммен шақырайын. Сөйтсек, әділ болады, жарай ма?

Ұстаздарының сырын білетін шәкірттер құйын желпіп өткен құрақ-тай қайта тына қалды.

Аты-жөні аталғандар тақтаға шығып, кезек алмасуда. Қайсы-сы болсын өлеңді асықпай, салмақты дауыспен айтуға тырысады:

Ақ киімді, денелі ақ сақалды,

Соқыр мылқау танымас тірі жанды.

Үсті-басы ақ қырау, түсі суық,

Басқан жері сықырлап келіп қалды…

Өлеңді іштей жарыса қайталап, аузы жыбырлап Гүлмінез де отыр. Ол терезе алдындағы партада еді. Аузы бүріліп-жазылып, көзін кірбитіп, басын терезе жаққа бұрған күйі, өзімен-өзі боп кеткенін сезген жоқ. Кенет құлағы әйнектің сықырына елең етті.

Сыртта қарлы боран ұйытқып тұр. Көшенің арғы басындағы үйлер бұлдырап көрінеді. Өлеңнің мазмұны мен сырттағы көрініс сай келгендей. Гүлмінездің әсершіл көңілі елегізіп, көз алдына әлденелер елестеді.

Терезені біреу ұрып тұрған сияқты, әйнек «тырс-тырс» етеді. Анық-тап қараса, ар жақтан қорқынышты бір бейне сығалайды. Апандай ау-зын ашып, қарлы үскірігін боратады дейсің: «У-у-у-у!».

Гүлмінездің жүрегі кеудесіне сыймай, лүп-лүп соқты. Мөлдіреген бота көздері үрейге толы, денесін суық ызғар қарығандай тітіркенді.

Әлгі құбыжықтың бұрқыраған демі көрінбес қорғанға соғылып, одан бетер өрши түскендей. Әне, енді ол долдана аласұрып, айда-лаға лағып барады. Ол сол бойы дабылдамастан, қыр астында қой жайып жүрген кісіге барып тиісті. Нөкер-бұрқасындарын соңына ертіп, құйындатқан күйі, әлгі адамды шыр айналуда. Қарды ұйытқыта шашып, оны ат-матымен көміп тастамақшы. Кісі де сеңсең тонына орана түсіп, оңайлықпен берілер емес. Қолындағы өрім қамшыны оңды-солды сілтеп, қаскүнем бәлемен қасарыса алысуда.

Мәссаған! Кісі дегені – өз атасы. Гүлмінездің тұла бойы түршігіп кетті. Тамағына бір нәрсе кептеліп қалғандай, тынысы тарылды. Жанары ылғалданып, бұлдырап барады.

…Борандай бұрқ-сарқ етіп долданғанда,

…ақ орда үй шайқалды…

Үздік-создық естілген өлең сөздері оның үрейін тіптен өршітті.

…Шидем мен тон қабат киген малшы,

Бет қарауға шыдамай теріс айналды…

Кенет атасы ат үстінен аударылып түскендей болды. Гүлмінездің көз алды бұлдырап кетті. Бар даусымен шыңғырып жібергенін өзі де сезбей қалды…

Көзін ашса, бүкіл сынып қоршап алыпты. Жамал апайы да бәйек болып жүр.

– Саған не болды, Гүлмінез? Басыңды көтерші. Бір жерің ауыра ма? – деп, жаны қалмай құрақ ұшуда.

– Жәй өзім… Атамды ойлап… – деді ол өксігін баса алмай. – Кешегі қарлы боранда қойларымен ығып кетіпті. Түні бойы ай далада, қарлы боранның астында қалып, іздеушілер зорға тауып алыпты. Қазір ауруханада жатыр…

– Ым-м, солай ма еді. Қой, қамықпа, Гүлмінез. Дәрігерлерді мен білемін. Атаңды тез арада сауықтырып шығарады. Көресің әлі… Осы көктем шықсыншы. «Атамды сағындым» деп, жайлауға тағы қашарсың. Гүлмінез жымың етті.

Оқу жылының басында, шопандарға су таситын Қайыржан көкесінің машинасымен қойлы ауылға тартып отырған. Сол күні ол сабағынан да қалып еді…

– Егер көңіл қошың болмаса, кітаптарыңыды жиыстырып, үйі-ңе қайта ғой.

Гүлмінез басын шайқады:

– Жоқ, мен «Қысты» айтам.

– Өте жақсы. Онда біраздан кейін өзіңе келгенде шығарамын. Жа-рай ма?

Ол басын изеді. Сабақ әрі жалғасты. Өзінің кезегі келгенше, тере-зеге қарамауға тырысты. Аты-жөні аталғанда, орнынан тұрып, тақтаға беттеді. Өлеңді айтуға оқталып, тамағын кенеді де, тұрып қалды.

– Жамал апай, – деді кенет даусы өзгеріп. – «Қыстың» орны-на Абай атамның «Жазғытұрын» айтайыншы.

Жамал апай жымиды. Түсінді, әрине.

– Жарайсың, Гүлмінез. Алдағы тапсырмаға күні бұрын дайын-далған көрінесің. Сол үшін «Жазғытұрын» айтуға рұқсат берем.

Гүлмінездің жүзі жайнап кетті. Өлеңді мәнерлеп, шабыттана оқыды:

«Жазғытұры қалмайды қыстың сызы,

Масатыдай құлпырар жердің жүзі.

Жан-жануар, адамзат анталаса,

Ата-анадай елжірер күннің көзі.

Түйе боздап, қой қоздап қорада шу,

Көбелек пен құстар да сайда ду-ду.

Гүл мен ағаш майысып қарағанда,

Сыбдыр қағып бұраңдап ағады су.»

Оның көңілінде қырмызы гүлді жасыл жайлау суреті көлбеп тұра қалды. Құлан таза сауыққан атасы көк жонның үстінде, ақ боз атты жетегіне алып, мұны күтіп тұр екен дейді…

ЖАЙЛАУ ТАҢЫ ЖЫР ТӨГЕР

Гүлмінезді мамырдың саумал желі оятты. Көрпесі ашылып кеткен. Киіз үйдің іргесінен уілдеп тұр екен. Сырттан қой мен қозылардың жамырай маңыраған, атасының қой қайырған даусы естілді. Боз-торғайдың мың құбылған үні тіпті әсерлі.

Денесі сергіп қалыпты. Салмақсыз шардай, орнынан жеңіл тұрды. Киіз үйдің қос жармалы есігін айқара ашып, сыртқа елегізген күймен шықты.

Күткеніндей-ақ алдынан керемет көрініс ақ жарылып қоя берді. Төңірегі бел-белес жасыл әлем. Оларды көкпеңбек, кіршіксіз аспан күмбезі бауырына алыпты. Сонау, көлбей сұлаған жотаны қиялап қой-лар өріп барады. Енелерінің соңындағы жас төлдер – бейні ақ мар-жандай көз қуантады. Ал сай табанындағы құла биенің мүсінді құлынын, қозы – маржандармен салыстырғанда, ақ жұмыртқа дерсің.

Өркештенген көкжиектен жалт етіп көрінген алау-от Гүлмінезді айрықша баурап алды. Күн бейне бір сахнаға көтерілген табиғат ор-кестрінің дерижеріне ұқсайды. Айнала-төңірек кенеттен құлпырып, көңілді, салтанатты ырғаққа толып кеткендей. Оның алтын сәуле-таяқшасынан тараған нұр – қыздың жан қалтарысын себездеп қана қытықтап өтті. Бойындағы болмашы ғана діріл бүкіл денесіне тарады. Күлімсіреген күйі сезімге бөленіп, отты дирижер – күнге қарап көзі ұялды. Жанары мөлтілдеген шаттыққа кенелді.

– Шырағым-ау! Ерте тұрғансың ба? – деген дауыс оның ойын ке-неттен бөліп жіберді. Гүлмінез жалт бұрылса, жанында әжесі тұр. Оның әжімді, момақан жүзі өте сүйкімді көрінді. Бұрынғы бұйығы, қара-пайымдылығынан түйір дақ қалмағандай.

– Әже, – деді ол, әжесінің тарамыстай қолын алақанымен айма-лай сипап. – Жайлау таңы қандай әсем. Неткен ғажайып күй ырғақ-тарына толы…

Оның танауына жаңа сауған сүттің иісі келді. Әжесінің бал тамған саусақтарына сіңген сүт қой бұл. Ол осы қамқор саусақтарды сығым-дай ұстап, жүзіне жақындатты.

– Иә, жаным, – деді әжесі. – Жайлау таңын көрген де арманда, көрмеген де арманда. Бар берекенің басы осы сылқым таңмен еріп келеді. Ерте тұрып әдеттенген адамға ырысын үйіп береді. Сен де сондай сергек жандардың бірінен бол, қарағым, – деп шешілді.

Читать дальше
Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать


Кеңес Оразбекұлы читать все книги автора по порядку

Кеңес Оразбекұлы - все книги автора в одном месте читать по порядку полные версии на сайте онлайн библиотеки LibKing.




Гүлмінездің гүлдері отзывы


Отзывы читателей о книге Гүлмінездің гүлдері, автор: Кеңес Оразбекұлы. Читайте комментарии и мнения людей о произведении.


Понравилась книга? Поделитесь впечатлениями - оставьте Ваш отзыв или расскажите друзьям

Напишите свой комментарий
x