Кеңес Оразбекұлы - Қанатты сөз – қазына. 1-кітап

Тут можно читать онлайн Кеңес Оразбекұлы - Қанатты сөз – қазына. 1-кітап - бесплатно ознакомительный отрывок. Жанр: Мифы. Легенды. Эпос. Здесь Вы можете читать ознакомительный отрывок из книги онлайн без регистрации и SMS на сайте лучшей интернет библиотеки ЛибКинг или прочесть краткое содержание (суть), предисловие и аннотацию. Так же сможете купить и скачать торрент в электронном формате fb2, найти и слушать аудиокнигу на русском языке или узнать сколько частей в серии и всего страниц в публикации. Читателям доступно смотреть обложку, картинки, описание и отзывы (комментарии) о произведении.

Кеңес Оразбекұлы - Қанатты сөз – қазына. 1-кітап краткое содержание

Қанатты сөз – қазына. 1-кітап - описание и краткое содержание, автор Кеңес Оразбекұлы, читайте бесплатно онлайн на сайте электронной библиотеки LibKing.Ru
«Қанатты сөз – қазынаның» бұл 1-ші кітабында халық арасына кең тараған мақал-мәтел, қанатты сөздердің шығып-қалыптасу тегін қарастырамыз. Қанатты сөздердің көбі халық өмір-тіршілігімен біте қайнасып, ерте заманнан келе жатқандықтан, сөз тіркестері ескіріп, ұғынып-түсінуге қиындық тудырған. Сондықтан, әр әңгіменің басында немесе соңында түсіндірмелерін де қоса беріп отырмыз.

Қанатты сөз – қазына. 1-кітап - читать онлайн бесплатно ознакомительный отрывок

Қанатты сөз – қазына. 1-кітап - читать книгу онлайн бесплатно (ознакомительный отрывок), автор Кеңес Оразбекұлы
Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать

Мұхаммед пайғамбар ақыреттің алдында барлық туыс-жақындарын, сырлас достары мен жора-жолдастарын жинап:

– Мен бұл дүниемен және сіздермен қоштасқалы жатырмын. Кейінгі ұрпақтарымның біреуіне берер аманатым бар. Соны оған кім тапсырар екен? – дейді де, жан-жағына қарайды. Жұрт аң-таң. Дені сап-сау, қалайша бізді қиып, о дүниеге аттанбақ? Аманаты не? Ойларын онға, саналарын сан саққа жүгіртеді. Сол кезде Арыстанбаб орнынан тұрып, екі қолын көкірегіне қойып:

– Бұған мен әзірмін, – дейді. Мұхаммед пайғамбар:

– Жарайды, ақылдасып, келейін, – дейді де, зым-зия жоғалып кетеді. Әлден уақытта қайтып оралады. Алла тағаланың келісімін алып келсе керек:

– Келешекте өмірге Ахмет деген бала келеді. Соған мына құрма жемісін тапсырасың, – деп, қалтасынан алған бір түйір құрманы береді.

Ахмет дейтін балаға тапсыратын аманатты алып, ұртына салған Арыстанбаб Мұхаммед пайғамбарға:

– Мен ол баланы қайдан іздеймін, қалай табам, қалай танимын? – деп сауал қояды. Сонда Мұхаммед:

– Іздеп әуре болмай-ақ қойыңыз. Берген аманатымды сізден өзі-ақ сұрап алады – дейді.

Ғажап болғанда, пайғамбардың айтқаны айнымай келеді.

Бірде далада келе жатқанда, 11 жасар балаға кездеседі.

– Ақсақал, аманатымды беріңіз, – дейді бала. Арыстан баб атын сұрап жатпай, «аузыңды аш» дейді оған. Ол аузын ашқанда, бабаның ұртындағы құрма зып етіп Ахметтің аузына кіріп кетеді. Бала ләм-мим деп тіл қатпастан, бұрылып жүре береді.

– Сен неткен көргенсізсің, маған айтқан рақметің қайда?! – деп айқайлайды Арыстанбаб.

Сонда бала артына бұрылып тұрып:

– Сізге несіне рақмет айтам? Сіз бар шырынын сорып жеп, маған құр сүйегін қалдырып отырсыз, – дейді. – Жарайды, сізге келіп түнесін, менен тілек тілесін, – деп жүріп кетеді.

Содан бері халық Түркістанға сапар шеккенде әуелі Арыстанбабтың басына барып мінәжат етеді. Құран оқытады. Мазарына бір түнеп, содан соң ғана Ахмет Иассауи кесенесіне аттанады екен.

Халық арасында «Арыстанбабқа түне, Қожа Ахметтен тіле» деген нақыл сөз содан қалыпты. Бұл нақылды кейде «Әулиенің басына түне, Алладан тіле» деп жалпылама айтатындар да бар.

АРЫСТАНДАЙ АЗУЛЫМЕН ЖОЛДАС БОЛМА, АШЫҒАСЫҢ,

ТҮЛКІДЕЙ ҚУМЕН ЖОЛДАС БОЛМА, АСЫЛАСЫҢ

Жүйіткіп келе жатқан түлкі бір жемтікке кездеседі. Жақсы атанбақ болып, мұны жемтік жейтін аңдардың бәріне хабарлайды. Барлық аң жиналады. Аңдар жемтікке ауыз салайын десе, арыстаннан асуға бата алмайды. Сонда түлкі жылмаңдап:

– Ел ағасы бөлсін? – дейді арыстанға жалтақтай қарап. Сонда арыстан орнынан тұрады.

– Мен айтсам, бұл жемтіктің бір бөлігі менің арыстан атыма, бір бөлігі күштілігіме, енді бір бөлігіне кімнің тісі тисе, сау қалмайды, – дейді.

Мұны естіген соң аңдар бастары салбырап, тарап кете барады. Бұған түлкі іштей ызаланып, дық сақтайды. Тағы бір күні жортып келе жатқан түлкі құрулы тұрған атпа тұзақты көреді. Аптыға жүгіріп арыстанға барады:

– Ел ағасы, тағы бір жемтік көрдім, соны бөліп беріңіз!

– Ал, онда баста! – дейді арыстан. Жылмаң қаққан түлкі ертіп алып, тұзаққа таяп келгенде:

– Сіз осы жолмен тіке жүре беріңіз, мен мына жақты шола келейін… – деп, жолдан тайсақтанып, айнала өтеді. Аңғал арыстан бұрылыссыз тура тарта береді. Алшаңдап келе жатып, атпа тұзақты басып қалады да, ағашқа ілініп, салақтап қалады. Басы салбырап тұрған арыстанды артынан келген түлкі көреді.

– Ел ағасы, не болды?

– Не болушы еді, – дейді арыстан. – Сен керіл деп жібердің ғой, мен керіліп тұрмын…

Түлкі қулығына риза болады.

«Арыстандай азулымен жолдас болма, ашығасың, түлкідей қумен жолдас болма, асыласың», – деген сөз содан қалған екен.

Өзін өзгелерден артық санайтын өркөкірек, менмен, арсыз, ожар адамдармен дос болма, үлесіңнен, сыбағаңнан құр қаласың. Ондай адамдар саған тиесілі нәрсені күш көрсетіп, тартып алудан да тайынбайды. Ал, қу, аяр адамдармен дос болсаң, олар сені қулық, сұмдықпен алдап, сазға отырғызады, абырой-беделден айырыласың деген ойды білдіреді.

АСПАНДА ҰШСАМ ҚАНАТЫМ ТАЛАДЫ,

ЖЕРГЕ ТҮССЕМ ЖАЛАЙЫР ШОРА АЛАДЫ

Ұлы жүз – Үйсіннен Абақ, Тарақ деген екі бала болып, Тарақтың аты «Жалайыр» атанып кеткен дейді. Өзі батыр, палуан Тарақ асаудан жығылғанда аттың жалын ұстап жығылып, жалды айырып түскендіктен «Жалайыр» болып атанған деген сөз бар. Сол екі ата жалайыр елінде құс салып, ит жүгірткен қазақ саяткерлерінің ішінде қыран құсты адамша жұмсай білген Жалайыр Шорадан асқан білгір құсбегі болған. Жалайыр Шораның алғыр қыранды айнытпай танитыны соншалықты, ұшқан бейіміне қарап-ақ қандай аңға түсе алатынын дәлме-дәл айтып береді екен. Сол себепті ел ол құсбегіні: «Аспанда ұшсам қанатым талады, жерге түссем Жалайыр Шора алады», – деп аңыздайды екен.

Ертеректе бір ауылға келіп түскен Жалайыр Шора күн ұясына батар шақта ауыл адамдарымен төбе басында әңгімелесіп отырады. Олар күнбатыс жақтан өздеріне қарай ұшып келе жатқан қос қыранды байқап қалады. Беймезгіл шақта ұшқан қырандарды ауыл адамдары әр саққа жүгіртіп әңгімелейді. Сол кезде Жалайыр Шора:

– Оң жағындағы қыран құмшегірдің тұқымы екен де, сол жағындағы – сасқалақ сарының сырғағы екен, – дейді. Сонда ауыл адамдары:

– Сен де оттай береді екенсің! Айдалада ұшып бара жатқан құсты балдаққа қондырғандай сипаттадың-ау келіп, – деп мысқылдайды.

– Сенбесеңдер, бәрің орындарыңнан тұрып айғай салыңдаршы. Сол жағындағы қыран жерге құлап түспесе неғыл дейсің, – дейді.

Жалайыр Шора айтқандай айғай-қиқу шыққанда-ақ жаңағы бүркіт қалбаңдап барып жерге құлайды. Ел жүгіріп жанына барса, қорғаншақтай береді. Міне, Жалайыр Шораның білгірлігі. Бүркіттің сасқалағы еш уақытта мандытып аңға түсе алмайды.

Бұл құсбегілердің, аңшылардың шеберлігіне, білгірлігіне тәнті болғанда, құрмет, қошамет көрсеткенде айтылатын нақыл .

АСПАННАН ИСА ТҮССЕ, ЖЕРДЕН МӘДІ ШЫҒАДЫ

Мәді – хазірет Ғалидың (Әзірет шері) ұлы. Орта Азияда өмір сүрген балуан Дариға қыздан туады. Азамат болған соң туабітті көрмеген әкесін іздеп, сапарға шығады. Кездеседі. Алдымен жөн сұрасып алмай күреске шыққанда, бала ұрандап «Иә, Алла, Әзірет шері жаса» деп айқайлап күреседі. Сонда Әзірет шері баланы тоқтатып, өзінің баласы екенін таниды. Бала да әкесін танып, «өз әкеме қол көтердім, жарыл, жер, жарыл!» – деп, жерге кіріп кетіпті.

Адамзат баласын тажал әкелген ауыртпалықтан құтқару үшін Мәді тығылған жерінен шығады. Аспаннан Иса пайғамбар түседі. Тажалдың көзін жояды.

Христиандарда Исаның қайта келуімен жер бетінде әділдік орнайды, адамдар күнә атаулыдан арылып, бақытты өмір сүреді деген сенім бар. Қазақтар да «Аспаннан Иса, жерден Мәді шыққанда, қой үстіне бозторғай ұялайтын заман болады» деп жатады. Бұл сенім қазақтарда ислам дінінің Мәді, Дажжал туралы ілімі негізінде қалыптасқан.

Читать дальше
Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать


Кеңес Оразбекұлы читать все книги автора по порядку

Кеңес Оразбекұлы - все книги автора в одном месте читать по порядку полные версии на сайте онлайн библиотеки LibKing.




Қанатты сөз – қазына. 1-кітап отзывы


Отзывы читателей о книге Қанатты сөз – қазына. 1-кітап, автор: Кеңес Оразбекұлы. Читайте комментарии и мнения людей о произведении.


Понравилась книга? Поделитесь впечатлениями - оставьте Ваш отзыв или расскажите друзьям

Напишите свой комментарий
x