Кеңес Оразбекұлы - Қанатты сөз – қазына. 1-кітап
- Название:Қанатты сөз – қазына. 1-кітап
- Автор:
- Жанр:
- Издательство:неизвестно
- Год:неизвестен
- ISBN:9785449876317
- Рейтинг:
- Избранное:Добавить в избранное
-
Отзывы:
-
Ваша оценка:
Кеңес Оразбекұлы - Қанатты сөз – қазына. 1-кітап краткое содержание
Қанатты сөз – қазына. 1-кітап - читать онлайн бесплатно ознакомительный отрывок
Интервал:
Закладка:
Адал достық – өмірде шынайы берілген, адамгершіліктен тұратын нағыз достық. Ол өмір бойы жалғасады. Ал амал достық—бір есепке құрылған достық. Ертең есебі түгелденсе, сені тастап, танымай да кетуі мүмкін деген мағынаны білдіреді.
АДАМ ТІЛІ ТАС ЖАРАДЫ, ТАС ЖАРМАСА БАС ЖАРАР
«Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» деген жұтшылық болып, ел шұбырғанда, малдың ішіндегі семізін бас салып сойып, жей берген екен. Сонда бір көк ала бие он бес ауылды асырауға жарапты, бір мерген он бес ауылды асырауға жарапты. Биеден бір сауғанда, бір үлкен көнек сүт шығады екен. Иесі «көз тиеді, тіл тиеді» деп, сайдан-сайға жасырып, байлап жүріп сауады екен. Даладан сүтін сабаға толтырып артып алып келіп, үйге ашытып, рулы елге қымызын жеткізеді екен. Бір күні бір сайда елден-жұрттан жасырып сауайын деп биенің бұтына көнегін салып отырса, көз ұшында төрт кісі көрініпті. Келіп қалады-ау деп асығып сауа береді, бие иіи береді. Қашан төрт кісі келіп жеткенше сауып бола алмапты. Төрт кісі келген соң, амалсыз биенің бұтынан түрегеліп, бір қара тасты алып, «тіл болсаң, тасқа ти» деп, сүттің ішіне тастай беріп, көнектің бетін жаба қойды. Төрт кісі сәлемдесіп, амандық айтысып болған соң айтты:
– Мана көз ұшында біз көргеннен биенің бұтында отырып едің, сонан бері биеңді сауып отырдың ба, жоқ жай отырдың ба? Біз соның жайын білейін деп жаныңа келіп едік, – депті.
– Биемнің жуырда иімейтұғын жаман мінезі бар еді, сол мінезі ұстап, күні бойы иімей, жаңа ғана сіздердің алдыңызда зорға иіді, – дейді.
– Бәсе, солай ғой, онан басқа манадан бері сауып отырған болсаң, бір көл болып ағарлық болды, – дейді жолаушылар. Кісілер былай кетісімен, сүтті сабасына құйса, көнектің түбіндегі қара тас төрт бөлінген екен. «Адам тілі тас жарады, тас жармаса, бас жарар», – деген сонан қалған екен. Егер ол тасты салмағанда, биеге кәдік* болады екен.
АҒАЙЫН АРАСЫН ЛАСТАМА
СЫРТТАН ӨСЕК АЙТЫП ДАТТАМА
Сүлеймен деген ағайын болыстықтан дәмесі болып Мәтжан бидің сыртынан күңкілдеп сөз жүргізсе керек. Осындай алып-қашты сөзді сырттай естіген Мәтекең бір күні Сүлейменнің үйіне келіп, «Осы мөрді бір ыңғайлы болса тапсырам деп ойлап қоямын. Бір ойым осы Сүлейменнен артық кім бар деп те қояды», – деп Мәтекең сөз бастайды. Сонда Сүлеймен: «Ойбай, Мәтеке, айта көрмеңіз, мен тек отбасынікімін ғой. Ортаға түссем бүрісіп-тырысып қаламын ғой», – деп ақталыпты.
Сонда Сүлекеңе қарап: «Ағайын арасын ластама, Сырттан өсек айтып даттама», – деп жеңілауыздығын бетіне басқан екен.
Ағайын арасына от салып, бір-біріне айдап салып, шағылыстырма, ұрыстырма. Олардың сыртынан өсек – сыпсың сөз айтып, бір-біріне жамандама. Одан саған пайда түспейді, осы ерсі істерің ертелі-кеш жұрт құлағына жетіп, жаманатты боласың деген астарлы ой жатыр.
АҒАРЫП АЛДЫМА ТҮСПЕ
ҚАРАЙЫП СОҢЫМНАН ҚАЛМА
Бәйдібек бидің бәйбішесі – Сарықыз, екінші әйелі – Зеріп, кіші әйелі – Нұрила (Домалақ апа, Домалақ ене) деген кісілер болған. Сарықыз бәйбішелік жолын арқа тұта ма, жоқ әлде табиғаттың бойына дарытқан қасиеті ме, әйтеуір, төңірегіне қатал, адуын мінезімен танылады. Әсіресе ақыл-парасаты кемел Нұриланы Бәйдібек биден қызғанып, қисынсыз жерде мінез көрсетеді екен.
Бірде Нұрила тезек теріп үйіне қайтып келе жатса, алдынан Сары (Сарықыз) бәйбіше шығып, қамшы жұмсай бастапты. Сары бәйбішенің Нұриланы жазықсыз зәбірлеп жатқанын көрген келіні Сыланды (Иісті) жүгіріп шығып араша түседі. Адуын бәйбішенің сермеген қамшысына арқасын тосып, Нұриланы қорғаштайды.
Осы оқиғадан кейін Сыландыға риза болған Нұрила: «Ағарып алдыма
Кәдік* – қауіп, зақым.
түспе, қарайып соңымнан қалма», – деп батасын береді.
Дуалы ауыз, қасиетті Нұриланың батасы қабыл болып, Сыландының ұрпағы өсіп-өнеді. Бірақ, көптігі жөнінен Нұриланың ұрпағынан асқан емес. Бұлай болуы Нұриланың «Ағарып алдыма түспе, қарайып соңымнан қалма», – деген батасына байланысты еді дейді.
Бәйдібектің тоқалы Нұриладан – Тілеуберді (Жарықшақ), Жарықшақтан – Албан, Суан, Дулат тарайды. Бұларды қараүйсін деп те атайды.
Жалмамбеттің екінші әйелі Сыландыдан – Ысты, одан – Ойық, Тілік, Сызық туған. Жалмамбеттің кіндігінен тараған шапырашты, ысты, ошақты аталарын жинақтап «Ақүйсін» деп те атайды.
АҒАШ ЕКСЕҢ, КҮНӘҢ ЖЕҢІЛДЕЙДІ
Ертеде бір қандықол қарақшы тәубе еткісі келеді. Ол Шайқы Бұрқы әулиеге келіп:
– Мен қырық жыл бойы қан төктім. Зұлымдықтан басқа іс жасамадым. Енді тәубеме келдім. Не амал жасасам, Алла күнәмді кешеді? – деп сұрайды. Шайқы Бұрқы:
– Жол жиегіне жеміс ағашын ек. Өткен-кеткен жолаушылар саясына паналасын. Жемісін жесін, шөлін қандырсын, – дейді.
Қарақшы жолдың жағасына көп ағаш егіп, баптап өсіреді. Арада бірнеше жыл өткенде ағашы жайқалып, бауға айналыпты Жолаушы дем алып, керуен ат шалдыратын саялы баққа айналады. Бір күні Шайқы Бұрқы жолаушылап келе жатып, қарақшының бауына кезігеді.
– Бұл кімнің бағы? – деп сұрайды.
– Баудың иесі жоқ. Жергілікті жұрт «қарақшының бағы» деп атайды. Қарақшының өзі он жыл бұрын дүниеден озыпты дейді.
Шайқы әулие бақтың жемісін жеп, сол жерде түнейді. Түсінде баяғы қарақшыны көреді. Ол жұмақтың бағында отыр екен. Төбесінен нұр құйылып тұрады.
Шайқы:
– Ей, Алла, бұл не хикаят? Қарақшының төбесінен нұр не үшін себезгілеп тұр? – деп сұрайды.
– Мұның еккен ағашының саясына сан адам келіп дем алды. Жемісін жейді. Соның сауабы өзіне ақиретте өшпес азыққа айналды, – дейді. Шайқы Бұрқы ұйқыдан көңілді ояныпты.
Содан бастап ел арасында «ағаш ексең, күнәң жеңілдейді» деген қанатты сөз қалыпты.
«Бір тал кессең, оң тал ек», «Мазар басына ағаш ексе, сауабы тіріге де, өліге де тиеді» деген қанатты сөздерде де жоғарыдағыдай тағылымды ойлар жатыр.
АЖАЛ АЙТЫП КЕЛМЕЙДІ
Қорқыт ата өлімге қарсы тұрып, мәңгілік өмірді және адам баласы қайғы-мұңсыз, бақытты өмір сүретін Жерұйық мекенді ұзақ іздейді. Бірақ қайда барса да, көр қазып жатқан адамдарға жолығады. «Бұл – кімнің көрі?» деген сұрағына үнемі «Қорқыттың көрі» деген жауап алады. Содан ойлана келе, «Мәңгілік өмір – тек қана өнерде» деп түсінген дана қобыз аспабын ойлап тауып, астындағы Желмаясын сойып, терісінен соған шанақ жасайды. Сөйтіп, Сырдарияға кілем жайып, үстіне отырады да, қобызын күндіз-түні тарта береді. Сол уақытта бүкіл жер-жаһан, жүгірген аң, ұшқан құс, бәрі-бәрі дарияның жағасына анталап келіп, күй тыңдап тұрады екен. Қорқыттың қобызы күй төгіп тұрған кезде оған ажал да батып келе алмапты. Бірде шаршағаннан көзі ілініп кеткен кезінде судан кішкентай жылан шығып, дана қартты шағып алады. Сөйтіп, Қорқыт жантәсілім етеді. Ел аузындағы «Ажал айтып келмейді» деген нақыл осыдан қалса керек…
Читать дальшеИнтервал:
Закладка: