Ғани Қаламгер - Барби Бану
- Название:Барби Бану
- Автор:
- Жанр:
- Издательство:неизвестно
- Год:2022
- ISBN:нет данных
- Рейтинг:
- Избранное:Добавить в избранное
-
Отзывы:
-
Ваша оценка:
Ғани Қаламгер - Барби Бану краткое содержание
Барби Бану - читать онлайн бесплатно ознакомительный отрывок
Интервал:
Закладка:
– Мен жүрегім жаралы қызбын, деп сөз бастаған Сәуле тоқтамастан сөйледі. Тіпті көп сөйледі. Сөйлемей қайтсін бір жігітке өлердей ғашық боп барын сыйлап, соңында айрылып қалғаны бар. Әттең өкініш өртеген өзегі өксікке толып тұр. Оған кінәлі осында оқитын Арсен деген жылпос жігіт. Биыл бітіруші курс дейді. Ал Арсен дегенге елең ете қалған Банудың тұла бойы мұздап сала берді. Өйткені ол Арсенді бұлда таниды. Өзі өте сымбатты, ұзын бойлы жігіт. Сырт көзге жігіт сұлтаны дерсің. Ақшасы да жоқ емес, қымбат көліктермен келеді. Міне, сол Арсен бір кездері мұны да кафеге шақырған. Ол кезде жаңа келген кезі ғой қорқақтап бармай қалған. Бірақ сол Арсен жайлы басқа қыздан да естігенде өз – өзіне сенбеген. Өйткені, ол махаббатқа тұрақсыз көрсеқызар жігіт. Осы Универдің қыздарына қырғидай тиіп жүрген жігіт. Ол үшін маңыздысы төсек қана. Сүйем – күйем деп алдап соғып өте шығатыны бар дейді. Ал мына бейбақ Сәуле де соның құрбандарының бірі. Әлі де сүйемін деп езіліп отыр. Бірақ уақыт емші деп қояды, жан жарам да жазылар дейді. Қысқасы бұл әңгімеден түйгені мынау болды. Енді Сәулеге де бәрібір. Әселге ұқсап ақшалы дядкалар ұсыныс жасаса қарсы емес. Етегіне жармасып жүре бермек. Сонда Банудың жалғыз өзі ғана қалады. Демек кеш қалуға болмайды, қадірің барда қамданғаның жөн, жігіт табылса кет әрі емеспін деп шешкен. Оның үстіне бұл қалада сондай сөз салғанның бәрі бай. Тіпті бірінен бірі өткен бай. Ақшаның бәрі осында ма екен дерсің. Сонау тәулігі жүз мыңнан миллионға дейін барады деген қонақ үйлерді естігенде аузы айқарадай ашылған. Ол рас енді. Мұнда көк қағазды уыстап шашатындар жетерлік. Бірақ сондай байлардың өзін емес ұлын құрықтасам дейді. Бұл тек қана мына екеуінің емес осындағы барлық қыздың арманы. Қысқасы ой үстінде көп жүрген Бану бір күндері өзі ұнатқан жігітке жолықты. Бұл мамырдың соңы бірінші курсты тамамдап үйге қайтқалы жүрген кез. Енді мұның алдында өзі үшін үлкен бір проблема тұрды. Ол шешесін қалайда көндіріп, осы қалада қалып жұмысқа тұру. Мұнысы өзіне дұрыс сияқты. Өйткені ауылға барғанда не істейді, босқа жүреді. Бірақ оған шешесі көне ме?! Егер шешесі көнбей ауылға қайтса онда сөзімен сымбаты жарасып сезімі ояна бастаған мына Ерланнан айрылуы керек. Әрине үш ай деген зу етіп өте шығары сөзсіз. Бірақ сол үш ай бойы Ерлан мұны күтіп жүре ме. Кеше ғана сүйем ғой жаным осында қалшы деп қос қолын ұсынғаны бар. Ал енді кетіп көр, қимай тұр. Міне бұл махаббаттың бастауы. Мұнымен ауылға жеткен соң үш ай үш жылдай созылары анық . Өйткені бұл жігітті өзі де сүйеді. Бірақ амалы жоқ. Ауылдағы анасы қарсы тұрды.
– Оқуың біткеннен қайт, сені сағындым ғой қызым деп телефоннан жеткен ана дауысы жүрегін езіп жіберді. Оның үстіне сонау қаңтардан бері көрмеген анасын өзі де қатты сағынған. Осылайша анамен ауылға деген сағынышы қосылып анашым күт мені деп қол бұлғап қала берді …
3 – бөлім
Анасына үш ай көзді ашып жұмғанша өте шықты. Ал Бану үшін үш ай үш жылға созылды. Тіпті күн санап жүріп тамыздың соңын әрең келтірді. Оқуы басталуға апта қалғанда арқаланып алып қалаға ұшты. Ұшпай қайтсін телефонда сөйлесіп жүрген жігітке өлердей ғашық болды. Қолына бір құшақ гүл ұстап вокзалда тұрғанын көргенде тіпті де есі кетті.
– Жаным менің! Мен сендікпін сен мендіксің. Енді бізді ешкімде ажырата алмайды, деп көлік тізгіндеген жігіттің қойнына тығыла берді. Қысқасы махаббатқа масайрап тәтті қиялдарға барып қайтты. Осылайша қос көзіне Ерланнан басқа ешкім көрінбеді. Сымбатты ғой сымбатты, өйткені, бұл менің ғана падишахым дейтін болды. Тіпті басқа қыздармен көрсе құрақ ұшып қызғанатынды шығарды. Соңында Универдің жатақханасын тастап Ерланның пәтеріне ауысты. Енді мұның соңы белгілі ғой тал бойын өртеген ыстық құшағына құлады. Сонан соң он сегіз жыл сақтаған бұйымтайынан бір түнде айрылды. Сонда ғана аяғын шалыс басып мүлт кеткенін түсінді. Өйткені арадан екі ай өтпестен падишахы болған Ерлан өзгеріп сала берді. Тіпті пәтерге келмей қойды. Қысқасы іс бітті қу кеттінің кебін кигізді. Міне, бай баласын аңсаған ауылдық қыз абыройынан осылай айрылды. Ал үш айдан соң басы салбырап бұрынғы жатақханасына қайта келді. Енді мұның өмір жолы бұрынғысынан да шиеленісе түсті. Ерланға ерегіскен күй танытып басқа жігітпен жүріп көрді. Бірақ онымен де көпке бармады. Өйткені сезім құрғырды сезіне алмады. Содан махаббатсыз дүние бос екен соңында Сәулеге соқтықты.
Ал Сәуленің тағдыры бөлек әңгіме. Ол бейбақтың Арсеннен алданып қалғаны бар. Бұл бейбақ Ерланнан қалды. Тіпті мұны осындағыларлың біразы біледі. Сырт көзге сынай қарағанмен ешкім беттеріне басып айтпайды. Айтпайтын да себебі бар. Мына жиырма бірінші ғасырда ол сынайтындай нәрсе емес. Тіпті мектептен құрып келгендердің де мал жаны аман, ел қатарлы оқып жатыр. Әсіресе қалалық курстастары. Кеттік те кеттік деп қатарына қосып алған. Әрине ауылдық қыздар барғысы келмейді. Бірақ бармасқа амалы жоқ. Ауылбайка мәмбетка деп бетке басады. Осылайша ауылмен қалалық боп манкурткамен мәмбетка боп қақ бөлінеді. Мына Астананың қысымен қатар өмірі де қатал. Өйткені бұл топта қалалықтар басым. Сонан болар олардың ығына жығылғаннан басқа жол жоқ. Міне бүгінде сол, қыстың аязына қарамай қаланы қыдыруға шыққан. Бұл желтоқсанның қақ ортасы. Күн қағаған аяз. Бас аяғы он шақты қыз көше кезіп жүр. Коньки тебеміз дейді. Ал мына Бану коньки көріп пе, қалқалап барып мұрттай ұшып құлап түсті. Оң жақ тізесі шым деп қатты ауырып тұр. Сүйретіліп шетке шықты. Ақсаңдап жүре алмай келеді. Ал киім ауыстырар жерге дейін әлі біраз бар. Енді мына аяқпен жатақанаға жетуді айт. Күтпеген жерден бір кісі көмектесе кетті. Аяғымен әуреге түскен Бану көз салып қараған да жоқ. Әйтеуір бір жанашыр мұсылман екені анық. Сүйемелдеп кеп қан шыққан тізесіне үңілді.
– Қарындас! Сізге медициналық көмек керек, қаны шығып тұр деп емпілдей жөнелді. Сонда ғана Бану көз салды. Жас шамасы қырықтың үстіндегі жігіт ағасы екен. Киімін ауыстыруға көмектесіп конькиін шешіп өз аяқ киімін кигізді. Сонан соң қолтықтай жүріп қымбат көлігіне отырғызып емханаға тартты. Қызықтың қызыға сол емханада болды. Мына кісіні көрген дәрігерлер құстай ұшып аяғын әп – сәтте рентгенге түсірді. Сонан соң кеп отчёт берді.
Читать дальшеИнтервал:
Закладка: