Ғани Қаламгер - Барби Бану
- Название:Барби Бану
- Автор:
- Жанр:
- Издательство:неизвестно
- Год:2022
- ISBN:нет данных
- Рейтинг:
- Избранное:Добавить в избранное
-
Отзывы:
-
Ваша оценка:
Ғани Қаламгер - Барби Бану краткое содержание
Барби Бану - читать онлайн бесплатно ознакомительный отрывок
Интервал:
Закладка:
– Сынған да шыққан да емес, тек тізедегі етке аздап зақым келген. Қорқатындай ештеңе жоқ. Қаласаңыз ертең де әкеліңіз сіздің қарындасыңыз үшін бәріне дайынбыз деп қол қусырып шығарып салды. Мұны көргенде Банудан ес кетті. Айтқандай "дядка" дегенің осылар болса керек деп топшылады. Қысқасы сол күні ақ ағасымен номер алмасты. Осылайша ойда жоқта басына бақ қонды. Өйткені сол емханаға ертесіне де барды. Әрине бейтаныс ағасы апарды. Онан шығып қымбат рестораннан тамақ жеді. Ал арадан апта өткенде дядкасының құшағында түнеді. Сол түннен бастап бәрі де өзгерді. Бәрі өз орнына келгендей болды. Сонан кездесу жиіледі. Ыстық құшақтар айқара ашылып қайта жабылды. Сүйісіп жатып сырласу басталды.
– Ұнайсың жаным дейді ағасы көзін қадап.
– Сізде ұнайсыз дейді қарындасы қиылып. Осылайша сөйлесе келе жаңа жылға Астанада қалатын боп келісті. Бұл енді Банудың алғашқы дядкасы болды. Сөйтіп, жүріп екінші курсты ойдағыдай аяқтады. Өйткені барлық мәселені осы дядкасы арқылы шешіп отырды. Қысқасы қалтасы томпайып шыға келді. Қалалық қыз боп қатарға қосылды. Қымбат киімнен бастап жүргізуші куәлігіне дейін әперді. Тіпті он күнге шет елге жүр деп ұсыныс жасап үлгірді. Бірақ келесі оқу жылынан бастап басы салбырап тағы да жалғыз қалды. Себебі дипломат дядкасы шет ел асты. Жұмысы жоғарылап Монголияға кетті.
4 – бөлім
Ағасымен бірге Банудың да күйі кетті. Өйткені бұрынғыдай арқа сүйер адамы жоқ, жалғыз қалған. Оның үстіне жақын құрбысы Сәуле де өз теңін тапқалы қашан. Теңі деп теңі емес өзінен әлдеқайда үлкен жігіт. Бақандай 14 жасқа үлкен. Бірақ жұптары жарасып жүр. Жағдайы да біршама жақсарып қалған. Тек оқуымды күтіп жүрмін дейді. Алла қалап осы Универді тәмамдаса, екеуі отау тігуге дайын. Ал Әселдің кеткені қашан, сабақта көргені болмаса оның өмірі де бір арнаға түсіп алған. Тіпті астындағы қымбат көлікті, өзі жүргізетін дәрежеге жеткен. Бануға болса әлі екі жыл бар. Универді бітірем дегенше жалғыз қалуға болмайды. Оның үстіне тез арада қалталы жігіт таппаса өз тобындағы шибөрілерге жем болары анық. Өйткені қымбат киім киіп, қымбат косметика қолданып жүрген Бану қазір сұлулана түскен. Сұлулық дегенің көздің құрты ғой өткенде кеткенде сөз салып тиісіп қалатын боп жүр. Тіпті соңғы кездерде бұл қыз жәй ғана Бану емес Барби Бану деген атқа ие болған. Бұл сөзге сырттай қарсылық жасап менің басқалардан артық жерім жоқ қой дегені болмаса іштей қуанышында шек жоқ. Міне, тап қазір де Бану отырған скамейкаға қипақтай басып екі жігіт жақындап, тиісе бастады.
– Қарындас, танысып қоймадық па?! Атым Нұрсұлтан,– деп қолын созды ұзын бойлы жігіт.
– Менің атым Бану, – деп орнынан тұрды біздің қыз. Сөйлегендері таза қазақша демек өзім сияқты алыс провинциядан келген жігіт деп топшылады. Қысқасы осы жігітпен сөзі жараса кетті. Сұраса келе ойынан жаңылмағаны белгілі болды. Бұл да ауылда туып ауылда өскен жігіт екен. Өзімен түйдей құрдас, сөзге тым шебер. Жаста болса тойларда жүретін тамада екен. Өзі сымбатты, түр десе түрі бой десе бойы бар. Тек ағасы сияқты ақшасы жоқ, бір кемшілігі сол ғана. Түптеп келгенде біздің Бану үшінші курсты осы жігітпен бастады. Екеуінің жұптары жазылмай көп жүрді, көп қыдырды. Алайда ақшаның жетпеуі Барби қызды ағасына қарап жетелей берді. Өстіп жүргенде бір күні белгісіз номерден қоңырау келіп:
– Қалайсың, жаным, – деген жылы сөзді естіді.
Мына дауысты жазбай таныған Бану айқайға басты.
– Бәрі жақсы бәрі, өзіңіз қалайсыз, қайдасыз, келдіңіз ба? деген сұрақтарды үйіп – төгіп арадан көп өтпей таксиге отырды. Осылайша жігіт Нұрсұлтан шетте қалды. Ал сағынышын арқалаған Бану дипломат ағасына жетті. Бірақ қыз қуанышы ұзаққа созылмады. Өйткені бары жоғы қырық күндік демалысқа келген ағасы шет елдегі жұмысына жол тартты. Ал тұрақсыз Банудан көңілі қалған Нұрсұлтан бас тартты. Кешірім сұрап қайта баруды Бану да жөн санамады. Қысқасы екі айдан соң басы салбырап тағы да жалғыз қалды. Міне, осыдан соң бүлдіршіндей сұлу қыз өз тағдырын тартысқа салып, көптен бері қылқылдап жүрген тағы бір ағасын құрықтауды ойлады. Өзінің адам қызығар жері болмасада қалтасы қалың бай кісі. Айтқаныма көнсең аспаннан ақша жаудырам сұлуым деп бірнеше рет айтқаны бар-ды, елеңдеп соны іздей бастады. Бірақ Астанадай алып шаһарда оны табу оңайға түспесі анық. Әйтеуір осы Универ маңында көп көруші едім, демек жұмысы жақын жерде болғаны ғой деп бір күні кешкілік сондағы көлік тұрағына келді. Дегенмен "қотыр атқа соқыр ат үйір" дегендей екі күннен соң дәу қара Djeepтен шикі сары басын қылтитты. Содан соң Бануды көріп безілдей бастады.
– Қарындас, жауап бермейсің ба? Мен сені күтіп жүргенім қашан? Айттым ғой, қалағаныңды әперемін. Ақшадан мүлдем проблемаң болмайды деп бұрынғы әуеніне басты. Осылайша көп өтпей ессіз қызбен ессіз еркек бір көлікте отырды. Алайда Мұрат есімді жаңа дядкасы дипломат ағасындай болмады. Өйткені өзі өте дөрекі мазасыз кісі. Қайта – қайта қоңырау соғып шақыра беретін. Оның үстіне уәдесінен де шықпады. Жоқ, жоқ. Ол Бануды ақша жағынан тарықтырмады, ай сайынғы пәтерін, киімін, ішіп – жегенін берді. Барам деген жеріне апарды, әкелді. Бірақ уәде еткен көлігін әпермеді. Ал Бануға керегі сол көлік қана. Өзінше Әселден қай жерім кем дейді. Айттым ғой сол Әсел қазір жеке көлігімен жүр. Сондай өз көлігіңнің болғаны жақсы, барам деген жерге барып, келем десең келесің. Әрі мына кәрі қақпастан да аулақ жүрермін деп ойлаған. Оның үстіне қалтасында дипломат ағасы әперген көлік жүргізу куәлігі бар. Ол ағасы әперерме еді кім білсін, жұмысы ауысып шет ел асқан соң ол жайлы жақ ашпаған. Ал мынаусы бір жүрген қыртубай болды. Қолынан түк келмесе де шақырса болды жетіп баруың керек. Тіпті сабақтан шығар шықпас қоңыраулатып пәтерге жеткенше есіңді шығаратыны бар. Өзі бір жүрген бізтұмсық бастықсымақ. Тек ақшасы бар демесең шәңкілдеген шегірткенің айғыры сияқты біреу. Сосын төсекке де тартымы жоқ. Жаным, күнім деп бұтыңнан басын алмайтыны болмаса бұйымтайы да өзіне ұқсаған басын көтере алмайтын бейшара. Сол үшінде зіркілдеген мына сұмырайдан енді тез арада құтылу керек. Қой құрсын, ақшасы да басқасы да өзіне. Көлік әперем деген уәдесінде тұрмаса да тұрмысқа шығам десең босатамын, қалған өміріңе араласпаймын деген уәдесінде тұрса болды, ертең ақ бұл пәтерден кетемін деп өзінше тон пішкен Бану дядкасына қоңырау соғып:
– Пәтерге қашан келесіз, екеумізге сөйлесу керек еді, – деп күмілжіді. Алайда арғы жақтан жеткен дауыс қызға жекіп тастады.
– Айттым ғой жұыстарыммен жүрмін деп. Бізде комиссия бар, министерстводан комиссия кеп жатыр. Қолым босағанда өзім барамын, жарылып кетпессің қоя тұр деп тұтқаны тастай салды. Осылайша торға түскен торғайдың күнін кешкен Барби қыздың тағдыры қиындай түсті.
Читать дальшеИнтервал:
Закладка: