Қанат Жойқынбектегі - Ел Шоңы. Бесінді. III кітап
- Название:Ел Шоңы. Бесінді. III кітап
- Автор:
- Жанр:
- Издательство:неизвестно
- Год:неизвестен
- ISBN:9785005549495
- Рейтинг:
- Избранное:Добавить в избранное
-
Отзывы:
-
Ваша оценка:
Қанат Жойқынбектегі - Ел Шоңы. Бесінді. III кітап краткое содержание
Ел Шоңы. Бесінді. III кітап - читать онлайн бесплатно ознакомительный отрывок
Интервал:
Закладка:
– Ол конакратты қайтесіңдер! Әне, баласы да конакрат болып жүр.
– Сен кисық сөйлеп отырсың. Қанша конакрат болса да, оның соңына үш жүз мың адам ерген, біздің жақтан да көп адам болған. Біз Кенесары үшін емес, туысқандарымыздың қандары төгілген жерге барып құран оқып қайтуымыз керек.
Татар казакпен ақылдасты да жиналып отырғандарға айтқан татарша:
– Бізде ондай билік жоқ. Генералмен ақылдасыңдар. Сол не айтса, сол болады.
Ертеңіне қасында екі болыс бар Шоң Колпаковскийдің кеңсесіне жүріп кетті. Шоңдардың қасына тілмаш татар мен орыс-казактар бірге ерген еді. Шоң Шапыраштар аулында қалған болыстарға айтқан: «Егер бізді тұтқындаса, сендер қашып кетіңдер. Сонда генерал ойланады».
Қасында татар мен казак бар, Шоңдар Колпаковскийдің кеңсесіне келді. Оларды кеңсеге кіргізбеді.
– Қазір мен ертіп шығамын, – деп кеткен татар тілмаш. Содан көп кешікті. Бұлар аттан түсіп есік алдында ұзақ отырды.
Шоң терезеге қарап отырған. Бір-екі рет терезенің ар жағынан генералдың бейнесін көріп қалды. Мынасынан Колпаковскийдін толғаныста жүргенін Шоң сезді. Генералмен жолығуға келген болыстардың енді сөздері өзгере бастады. «Біз осыны бекер жасадық. Айтқандарын жасап, біраз қонақ болып кетуіміз керек еді. Хан тұқымында не ақымыз бар? Ана төрелер іздеп алсын!»
Шоңның бұған қарсы айтар сөзі бар еді, сіздер төрелер үшін емес, анау туған жерден алыста қалған туысқандардың басына құран оқуға келіп отырсыздар демекші болды. Бірақ бұл туралы айтпады. Оны өздері де біліп отыр. Содан үнсіз отыра берді.
Генералдың осынша сыртқа шықпай кешігуінен, Шоңның іші бір нәрсені сезгендей болып еді. Шығатынына енді күдік келтіре бастаған. Ана Шапыраштыларға мазақ болғандарын енді білді. Қасында отырған екі болыстың «жүр, кетейік» дегеніне болмай, генерал шықпаса ертеңге дейін отырамыз деді. Түбінде генералдың шығатынына сенімді еді, бұлардан талап етіп отырған жылқылар үшін-ақ шығатынына көзі жеткендей болып отыр. Бұлар бір ойға тоқтай алмай отырғанда, генерал ақыры шықты. Кешігіп шығуына қарағанда татар, казак-орыстан бар жағдайды естіп, бір ұйғарымға келіп шыққанын білді. Сөзді генералдың өзі бастап, ол жақтан не аласыңдар деп сұрады. Шоң кулықпен сөйледі:
– Біздің Арқа жақтан көп киргиздар Кенесары мен киргиздардың соғысына қатысты. Халық дәстүрі бойынша сол жерге барып, олар өлген жерге құран оқып қайту біздің жақтың киргиздарының тәртібінде бар. Біз осы жаққа жүрерде Арқадағы киргиздар осыны тапсырып жіберген. Оны жасамақ ренжиді. Кейбір туысқандары өлген байлар ат бермей қоюы да мүмкін.
Шоңның мына сөзіне әлі де мән бермегендей, генерал басқаша сөйледі:
– Содан бері қанша заман өтті. Бұдан көп бұрын өлген адамның басына барып құран оқудың қажеті қанша? – Шоң генералдың мына сөзінен жақтырмай тұрғанын сезді.
– Жүздеген жылдар өтсе де өлген адамдардың сүйегі жатқан жерге барып құран оқу біздің салтымызда бар. Біз Кенесары үшін емес, сол соғыста өлген Орта жүз қазақтарының жатқан жеріне барып дұға оқуымыз керек, онсыз болмайды…
Генерал тұрып айтқан: «Қазақтар демеңіз, қиргиздар деңіз».
Шоң бірден түсіне қалды. Өздерінің қазақтар сөзін жақтырмай тұрғанын алғақшы кездесуден-ақ білген Шоң.
– Кешірерсіз, киргиздар десеңіз солай-ақ болсын. Біз өз жағымызда жүріп, аузымыз қазақ сөзіне үйреніп қалыпты. Содан кейін айтып отырмын. Олай болса, заң шығарыңыздар, – деді Шоң.
Қандай заң болса да бұл алдауды орыстардың қойғыза алмайтынын Шоң біліп тұр еді.
– Саспаңдар, ол заң да болады.
– Біз аузымыз үйреніп қалғаннан соң айтып отырмыз, – деді Шоң.
Генерал бұл сөзге сенгендей. Ашуы сәл басылғандай. Оның да ойланып тұрғаны шын еді, ертеңгі күні жүйрік алуға барғанда ренжіп келсе, бұл болыстар айтқанымды орындамай, сөздерінде тұрмауы мүмкін. Түкке тұрмайтын бұлардың тілегін орындамаса мына сауатты киргиз жоғары жаққа жазып, ана патша маңындағылар ренжитінін білді. Содан кейін бұлардың сөзін мақұлдағандай етіп сөйледі.
– Олай болса болады, – деді де қасында тұрған орыс-казак пен татар тілмашына, – сендер де бірге барасыңдар, – деді. Ана киргиздармен бұл киргиздар тіл табысып кете ме деп ойлап, қорқып тұрған генерал. Бұл өзінше сақтығы еді.
Шоңның ойы оларды апармау еді. Ақыл айтып, істеріне араласып отыратынын біліп алған. Бірақ оған генерал көнбейтін түр көрсетті. Содан кейін қарсы сөз айтқан жоқ. Бәрі қайыра әлгі Шапыраштылар аулына келді. Келе жатқанда Шоң орыстан сұрады:
– Генерал орыс па, казак па?
– Герасим Алексеевич – казак. Бізді басқаруға орыстардың шамасы келмейді.
Шоңның ендеше орыстарға неге бағынып отырсыздар деп айтқысы келіп еді, бірақ оның арты үлкен әңгіме болатынын біліп үндемей қалды. Шапыраштар орыстардың бастығы бұларға рұқсат бермейді деп отырған өздерінше. Енді басқаша сөйледі, ашығын айтқан:
– Біз сан ғасырдан бері қырғыздармен құдандалы, туыс болып келе жатқан адамдармыз. Біздер сіздердің бұларыңызды қаламаймыз. Бармай-ақ қойыңыздар. Олардың ашуының үстіне ашу қосасыңдар, – деді Шапыраштардың үлкені.
– Біз олармен жанжал шығарып, дауласуға бара жатқанымыз жоқ. Керісінше, сіз бен оларды жақындастырып кетеміз, – деді Шоң.
Ел ақсақалы бұл сөзге сенерін, не сенбесін білмеді. Содан кейін айтқан:
– Біз бармаймыз, өздерің барып қайтыңдар.
Болыс та әлгі ақсақалдың сөзін қостағандай етіп сөйледі. Бірақ бірнеше қой тегін берген. «Біз осы жақта қалатын адамдармыз, бізге ана орыстар маза бермейді. Сіздермен бара алмаймыз» – деп ашық айтқан.
Шоңдар соғыстың болған жерін білмейтін. Содан кейін казак пен татар тілмашынан сұрап еді, олар да шыны ма, әлде өтірігі ме, білмейміз деді. Шоң енді сасайын деді. Генералға барғандардың талабының бәрі босқа кеткендей болды. Содан Кенесары соғысы болған жерді көрсететін адам табылмай тұрғанда, бұлар келгенде сөзге қатысып отырған жігіт айтқан:
– Ешкім көрсетпесе көрсетпесін, менің әкем көрсетеді, – деді.
– Әй, төре, сен жайыңа отыр. Бұлар ертең кететін адам, сен қаласың! -деді болыс.
– Мен айдатып жіберсеңдер де көрсетпеймін, білмеймін. Әкем біледі. – Шоңдарды ауылдың шетіне таман тұрған үйге ертіп апарды. Төр алдында тоқсаннан асқан адам жатыр. Баласы үйге кірген соң оның құлағына аузын жақындатып дауыстап айтқан еді.
Ол басын көтерді де, ақырын аяғын басып орнынан тұрды. Қасына келген Шоңды құшақтай алды. Жылап жіберді. Арқаның қазағын көретін күн де болады екен-ау… Біраз жылап алып дұрыс сөзге көшті.
– Сендер Арқаның қай жерінен боласыңдар.
– Ақмола дуанынан боламыз!
– Арқаның адамын да көретін күн болады екен-ау… – Қайыра көз жасын төгіп жіберді.
– Біз сізді әдейі іздеп келдік. – Шоң қулана сөйледі.
– Амандық, неге тұрсың? Мына туысқандарыңа мал сой.
Читать дальшеИнтервал:
Закладка: