Қанат Жойқынбектегі - Ел Шоңы. Бесінді. III кітап

Тут можно читать онлайн Қанат Жойқынбектегі - Ел Шоңы. Бесінді. III кітап - бесплатно ознакомительный отрывок. Жанр: Историческая проза. Здесь Вы можете читать ознакомительный отрывок из книги онлайн без регистрации и SMS на сайте лучшей интернет библиотеки ЛибКинг или прочесть краткое содержание (суть), предисловие и аннотацию. Так же сможете купить и скачать торрент в электронном формате fb2, найти и слушать аудиокнигу на русском языке или узнать сколько частей в серии и всего страниц в публикации. Читателям доступно смотреть обложку, картинки, описание и отзывы (комментарии) о произведении.

Қанат Жойқынбектегі - Ел Шоңы. Бесінді. III кітап краткое содержание

Ел Шоңы. Бесінді. III кітап - описание и краткое содержание, автор Қанат Жойқынбектегі, читайте бесплатно онлайн на сайте электронной библиотеки LibKing.Ru
Бұл кітап тектінің ұрпағы, Шоң Телқозыұлының өмірде қалдырған ізгілік, өмірі жайлы. Жазушы Қанат Жойқынбектегі «Ел Шоңы» деп аталған көп томдық романында Шоң Телқозыұлы туралы ел аузында сақталып жүрген естеліктер негізінде осы кітапты жазып отыр.Мазмұны тартымды кітап қалын оқырман қауымға арналады.Бұл еңбегімді осы кітаптарда аты аталған аруақтардың рухына бағыштадым. – Автор

Ел Шоңы. Бесінді. III кітап - читать онлайн бесплатно ознакомительный отрывок

Ел Шоңы. Бесінді. III кітап - читать книгу онлайн бесплатно (ознакомительный отрывок), автор Қанат Жойқынбектегі
Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать

Алдында Шапырашты шалдарының мына кісінің баласына күш көрсетіп сөйлегені есінде, соған орай Шоңның алып кету ойы да бар еді. Сол себеп болды да, айтқан:

– Ана Көкшетау жағында туысқандарыңыз бар ма?

– Төренің бәрі туысқаным ғой. Тіпті, ол жақтың қазақтары да менің туысқаным.

– Ендеше, осы атарбамен сізді алып кетемін.

– Мен күнімді санап отырған адаммын. Одан да мына балам барсын.

Әкесінің атарбасын айдап келе жатқан баласы сөзге араласып:

– Ағасы, менің қаным төре жағында болғанымен осында туып, осында өстім ғой. Нағашым – Шапыраштар. Бұл жақтан қайда барамын?

– Кеше ана Шапыраштар күш көрсетіп отырды ғой саған.

– Олардікі бер жағы. Олар төрелерге күш көрсете алмайды. Бұл жақта да төрелер жетеді. Ерегістірсе, осы маңайдағы барлық төрелерді жинап әкеліп, қырып тастаймын бір түнде!

Мынау да Ақмоланың төрелері сияқты, өзін мықты сезініп отырғанын білді де, үндемей қалды. Шоң адам қанша өзгергенінен, мінез қалмайды екен-ау, атадан балаға беріліп кете беретін болуы керек деп ойлады. Өйткені, мына жігіттің сөзінен, таңертеңгі қылығынан төрелерге тән мінезді байқады.

Кекіліктау етегінде

(Төре шалдың әңгімесінен)

Шапыраштылар аулынан үлкен сәскелікте шығып кеткен олар, күн бата Кекіліктау баурайына келді. Ауылдан алып келген киіз үй тігіліп, Шапыраштылар берген қойларды соя бастады.

Шал жүре алмай қалғанымен, есте сақтау қабылетінің әлі мықты екенін байқады Шоң. Сайрап кетті. Тоқсандағы шалдың зеректігіне Шоң таң қалды. Бар оқиғаны, кеше болғандай, есінде сақтап қалыпты. Әңгімені бастап мүдірсіз сөйлеп отыр.

– Кенесары әскерлері Майтөбе баурайына келіп тоқтаған еді. Сол жағымыздағы анау жатқан Алмалы сайы. Одан әрі Шу өзені. Кенесары жоспары Орман манаптың әскеріне Шу өзенінің бер жағынан тиісу болатын. Бұл ара соғысуға қырғыздарға қолайсыз болатын. Олардың қашып кетуіне мүмкіндігі жоқ еді. Кенесары соның бәрін ойластырған еді, хан соны түсініп осы жерді таңдап алған. Өзен мен сай арасында қысып, Орман манаптың әскерін жоқ ету ойы болатын.

Түс ауа келдік де сонда күтіп жаттық. Қарауылға қойған адамдар ертеңіне күн шыға Орман манап пен Әлішер құшбегінің Пішпек жақтан келе жатқанын хабарлады. Кекілік тау биігіне көтерілген олар төменде жатқан Кенесары әскерін көріп, сол арада тұрып алды. Оларда орыстар берген қару-жарақ барын хан естіген. Содан кеш болды, бірақ олар сол орнынан қозғалмады. Кенесары бұлар келісімге келетін түрі бар екен деп, үш адамды жіберген еді. Біраздан соң әлгі адамның екеуін тұтқындап алып қалып, біреуін ғана қайтарыпты.

Әлгі адам Орман манаптың сәлемін айтқан: «Кенесары тірі тұрғанда келген жағына қайтсын, оны жасамаса түгел қырып тастаймыз» депті. Мына сөз Кенесары ашуын тасытып жібергендей болды. Хан Науызбайды, Ағыбайды, басқа батырларын шақырып алып айтқан, сендер екі бүйірден тиісіңдер. Мен осы арадан тіке барамын деді. Олардың әскерлері хан айтқан екі бағытқа кетті. Кенесары әскерлері тура тартқан. Мен Кенесары әскерінде едім. Төбеге жақындай бергенімде артымыздан оқ жауып кетті. Ол орыстардың от қаруы екен. Үш ұйықтасақ ойымызда жоқ, орыстардың от қаруын әкеп үлгереді деген. Орман манаптың неге күшейіп тұрғанын енді білдік. Шегінуге мүмкіндік жоқ. Орыстар әдейі кейін қайтармау үшін жолымызды бөгеп, қайтсе де Орман манапқа барып тисін деп жасап жатқанын білдік. Енді не де болса Орман манаптың әскерін жарып өту керек. Басқа амал жоқ болатын. Кенесары мына от қаруына түк жасай алмайтынын түсінген болуы керек, кырғыздарға қарай кете берді. Наурызбай да бұл жағдайды сезіп қалған сияқты, ағасының әскерімен қосылу үшін бетін Кекілік тауына қарай бұрды, орыстар да оны түсіне қалып, енді Наурызбай жолын бөгеп, атқылай бастады. Не де болса да Орман әскерін жарып, алға кету керек. Басқа амал жоқ. Кенесарының өзі бастаған әскер алға қарай шапты. Осы кезде Орман манап әскерлері садақ оғын қаптатып жіберді. Бір жақтан орыстардың от қаруы, екінші жақтан садақ оқтары ортасында қалдық. Орман манап әскерлері Кенесары әскерлерін тоқтата алмайтынын біліп, Кекілік тауының ар жағына қарай кетті. Әлгі тау биігіне шығу үшін жарты шақырымдай жер бартын. Таудан өтіп, ар жағына түссек, орыс пулеметінен құтыла алатынымызға көзіміз жетті. Бұл өмірімде орыстан қу халықты көргенім жоқ. Ол жақта да от қаруын дайындап қойған екен. Енді тау биігінен әрі қарай түсе бастағанымызда алдымыздан атқылай бастады. Біз оқ қоршаудың ішінде қалғанымызды білдік. Енді кері кетуге де жағдай жоқ. Кенесары жауған садақ оғына да, пулеметке де қарамады. Орман манап әскерінің ар жаққа өтіп кетпек ойы әлі бар еді. Бұл кезде Кенесарының әскерінің жартысы қырылып қалған. Кенесарының бар ойы қырғыздардың әскерінің ішіне кіріп кетіп, орыстарды шатастыру болатын. Әйтеуір, өйтіп-бүйтіп, қырғыздардың әскерімен араластық. Көп әскер жараланып, артта қалды. Кенесарының қолы мен Орман манап әскерлері арасында айтып болмас айқас басталды. Әлден уақытта Кенесарыны ұстаңдар деген қырғыздардың даусы шықты. Мен де хан әскерлерінің ішінде жүргенмін, мына құлағыммен естідім, білезік арқан тастаңдар деген айқай шықты. Бұл кезде біздің қатарымыз сиреп қалған еді. Орман манаптың әскерлері Кенесарыға бірнеше білезік арқанды лақтырды да, ақыры соның біреуі дәл түсіп, Кенесарыны ат үстінен сүйреп әкетті.

Таң алдына Наурызбай да сиреп қалған әскерімен жетті. Біреулер оған ағасының тұтқынға түсіп қалғанын хабарлапты. Наурызбай көзсіз батыр еді. Таң алдында қырғыздарға қарай шапқан. Орман манаптың үлкен қолы да оны күтіп тұр екен. Оған да тұзақ тастап, тұтқындап алыпты.

Басшысы жоқ әскерде күш-қайрат болмай ма, есіміз шығып кеткендей болды. Күн шыға қалған әскерлер қайыра айқасқа шығып еді. Орыстар от қаруымен қайта атуды бастады. Енді соғысу емес, аман қалуды ойладық. Сай-саланы паналап, әркім өзі камымен кетті. Біраз адамдар Орман манап әскерімен араласып кетіп, жанын сақтады. Орман манаптың әскерлері енді бізден ешкандай қайран жоқ екенін біліп, Пішпек жаққа шегініп кетті.

Енді Ағыбай бастаған әскер басшылары Кенесары мен Наурызбайды құтқарудың жолын ойластырып, жеңілгенімізді мойындап, Орман манапқа адамдар жібердік. Ондағы ойлары ханды қайтарып алмақ еді. Ағыбай бастаған әскер басшылары келіссөзге қырғыздарға адам жіберді. Солардың арасында ол кезде жас кезім, мен де бардым.

Қырғыздар арасында бізді жақтайтын адамдар бар еді. Соларға келдік. Солармен бірігіп, Орман манапқа кісі жібердік. Ол өзі келмеді. Қасында жүрген адамдардың біреуін жіберіпті. Олар айтқан: «Ағайынды екеуіне де оқ тиген екен, екеуі де сол арада қайтыс болды». Біз оған сене қоймадық. Ақыры болмаған соң айттық, олай болса сүйегін беріңдер дедік.

Читать дальше
Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать


Қанат Жойқынбектегі читать все книги автора по порядку

Қанат Жойқынбектегі - все книги автора в одном месте читать по порядку полные версии на сайте онлайн библиотеки LibKing.




Ел Шоңы. Бесінді. III кітап отзывы


Отзывы читателей о книге Ел Шоңы. Бесінді. III кітап, автор: Қанат Жойқынбектегі. Читайте комментарии и мнения людей о произведении.


Понравилась книга? Поделитесь впечатлениями - оставьте Ваш отзыв или расскажите друзьям

Напишите свой комментарий
x