Қанат Жойқынбектегі - Ел Шоңы. Бесінді. III кітап
- Название:Ел Шоңы. Бесінді. III кітап
- Автор:
- Жанр:
- Издательство:неизвестно
- Год:неизвестен
- ISBN:9785005549495
- Рейтинг:
- Избранное:Добавить в избранное
-
Отзывы:
-
Ваша оценка:
Қанат Жойқынбектегі - Ел Шоңы. Бесінді. III кітап краткое содержание
Ел Шоңы. Бесінді. III кітап - читать онлайн бесплатно ознакомительный отрывок
Интервал:
Закладка:
– Бауырым, Шоң десе шоң екенсің. Болар іс болды, бояуы сіңген шаруа ғой. Бәрі де кеш. Бірақ әлгі сөзің үшін біз де Кенесары өлімі үшін кешірім сұраймыз.
Мына сөзден кейін екі жақ та жеңілденіп қалғандай болды. Дәу табақ ет келді. Жылқының, қойдың еттері аралас екен. Әлгі сөйлеп отырған адам басты алып Шоңның алдына қойды. Шоң айтты:
– Бұл дастархан басында жасы менен де үлкен ақсақал отыр. Мына басты сол ұстасын! – Шапыраштардың аулынан алып келген төре шалының алдына қойды. Ол басты ұстамай койды.
– Шоң бауырым, екі халықты татуластыратын сөз айтып отырсың. Үлкендікте тұрған ештеңе жоқ. Әр нәрсенің өзінің жолы бар. Алыстан келдің. Сен ұста, – деп шал басты өзіне қарай сырғытып қойды. Ана алыстағы ауылдан сүйретіліп келген шалға Шоң риза еді, қайтсе де төре шалына басты ұстатқысы келіп отыр еді. Өзі аяғымен жүре алмайды. Бүкіл қазақ Шапыраштардың ішінен суырылып шығып, барамын дегеніне риза еді. Осы арада басты ұстамауға бір сылтау керек болды. Содан кейін айтқан:
– Менің әлі әкем тірі. Мен басты ұстамаймын. Орта жүзде сондай тәртіп бар…
– Әкең қандай бақытты адам. Сендей баласы бар, – деді қырғыздың бір шалы отырып. – Әкең әлі де сенің қызығыңды көре берсін! —деді де, әлгі шал басты төре шалдың алдына қойды. Бір үйден соң бір үй шақырып, ақыры қырғыздар қоймаған соң Шоң бір үйден басты ұстауына тура келді.
Көрші жатқан қырғыздар ауылы естіп одан да адамдар келген еді. Амалсыздан онда да барды. Орта жүз адамдарының келуі бір үлкен тойға айналып кеткендей еді. Ақыры қазақтардың қасында еріп жүрген казак-орыс реніш білдірді. Бұл бітпейтін не қылған қонақтаулар. Біздің генерал іздеп жатқан болуы керек, қайтамыз деді. Шоң оның айтқан сөзін қырғыздарға аударып беріп отырып:
– Біз орыстарға тәуелді болып қалған адамдармыз. Сондықтан мыналардың айтқанын жасаймыз. Басқа амал жоқ. Әйтпесе, сіздердің көңілдеріңіздің бізге қаншалықты адал екенін жақсы түсіндік. Соған ризамыз.
– Шырағым, сол сіздер кешкен жағдайды біз де өткелі отырмыз. Орыстар қазаққа жүргізген билікті қырғызға да жүргізетін сияқты. Оған сәл уақыт керек.
– Мына сөзіңде шындық бар. Орыстан ешқайда барып құтыла алмаймыз. Ең дұрысы, ауыз бірлігі жойылмасын. Қазақ пен қырғыз соны түсінсін, – деді Шоң.
– Мына сөзден артық сөз жоқ, бауырым. Әр уақыттта жақсы күйде кездесіп жүрейік, – деді кырғыздың үлкен ақсақалы.
Қырғыздар өзара ақылдаса келіп әрқайсысына бір-бір ат, бір-бірден айып шапанын кигізбек болды. Бұл туралы айтқанда, Шоң оған келісе қоймады.
– Көңілдеріңізге рахмет! Біз айып-шапан алайық деп келген жоқпыз. Ертеңгі күні онымызды естісе Арқада жатқан қазақтар жанжал шығарады. Біз ешнәрсе де алмаймыз. Қазақтардың қаны тамған жерге құран оқуға келдік. Екіншіден, Сіздер Кенесарының құнын ешқандай айып-шапанмен төлей алмайсыздар. Ол – хан. Оның құнына бүкіл қырғыздың байлығы жетпейді. Өйткені, үш жүздің адамдары оны хан етіп сайлады. Оған әуре болмаңыздар. Мына отырған киіз үй қазақтың да, қырғыздың да бас қосатын ортақ жері болсын. Әр уақытта осының ішінде туысқандық көңілмен бас қоса берейік. – Шоңның шын көңілден айтқан сөзіне ешқайсысы ештеңе дей алмады.
– Бауырым, дұрыс айтасың. Пәлен ғасырдан бері қазақ пен қырғыз осының ішінде бас қосып келеді. Алдағы уақытта да ұрпақтарымыз осының ішінде бас қоса берсін!
Казак-орыс асықтырып отыр еді. Бір топ қырғыз Шапыраштар аулының іргесіне дейін шығарып салды. Ауылға жақындағанда айтқан:
– Біз ауылға кірмейміз. Олардың өкпесі бізге деген әлі жазылған жоқ. Мен білемін, кешегі соғыста бұлардың да туысқандары өлген. Бірнеше адамдар екі жақтан да ұзатылған қыздарын қайтып алған.
Шоң тұрып айтқан:
– Өлген адамдар өлді. Енді олар қайтып келмейді. Өткенді ұмыту керек. Бірталай заман өтті, халық жаңара бастады. Екі халық арасындағы ағайыншылықты жоғалтпау үшін сіздерді татуластырып кеткіміз келіп тұр. Сіздер де бізді сонау жерден шығарып салып келдіңіздер. Үй іргесіне келіп тұрып, енді мына Шапыраштарға да көңілдеріңізді білдіріп кетіңіздер. Жараның орны қалғанымен, ол да бітуге тиісті. Бірге келіп тұрып, қайтып кеткендеріңізді естісе өкпелейді. Ауылға кіріңіздер, – деді Шоң. Оның мына сөзінен кейін олар амалсыз ауылға кірген еді. Шапыраштар да соны тілеп отырған болуы керек, қуана қарсы алды. Қонақтар үшін киіз үйлер тігіліп, малдар сойылып, Шапыраштардың тәуірлері жиналып, тойлап жатты.
Казак-орысқа бұл жағдай ұнамады. Ертеңіне айтқан болатын Шоңға:
– Біз генералға айтып барамыз, ол сізге бір шара қолданады. Өйткені, бәрін жасап жүрген сенсің! Бұл қырғыздар да орыстардың жылқысын ұрлаған ұрыларды жасырып жүр. Бұлардың біздің алдымызда кінәсі бар. Амандық болса, онысын естеріне түсіреміз.
Шоң оның бұл сөзінің мәнін түсінді. Сендерге жасағанды бұларға да жасаймыз дегенді меңзеп тұр еді. Казак-орыс ашық айтпады. Шоң казак-орыстың ренжіп отырғанын жиналғандарға жеткізген еді. Төре шалдың баласы шыдай алмай казак-орысқа тиісті:
– Сен не жылқыны айтып отырсың? Ұрласа қазақтың жылқысы ғой. Сен Ресейден не алып келіп едің?
Татар аудармашы казак-орысқа аударып берген болатын. Ол қатты ашуланды, төре жігітіне қолындағы мылтығын кезене қалды. Атып тастайтын түрі бар.
Көп болып зорға қойғызған еді. Бір қырғыз тұрып айтқан:
– Мынаның күш көрсетуін қарашы!
Мына сөз казак-орыстың ашуын келтіргендей:
– Сендер мыналардан мықты емессіңдер. Бұларға жасағанды біраз уақыттан кейін сендерге де жасаймыз. Арттарыңды қысып, жай отырыңдар! – деді казак-орыс.
Шоң оның сөзінің мәнін түсінді. Қырғыздарды да түгел жаулап алу үшін дайындалып жатқанын білді. Шоңнын айтар сөзі бар еді. Бірақ айта алмады. Мықтының сөзі әр уақытта қисық болса да жөн болатынын біліп отырған. Шоң сол арада қолын жайып бата жасады. Содан Арқа қазақтары жүріп кеткен еді.
Колпаковскийдің кеңсесіне келді. Кайтар алдында ол Орта жүз болыстарын жинап алып тағы әңгімелескен еді. Колпаковский:
– Сіздер анау батыс Алатауының қырғыздарына бекер бардыңдар. Олар сіздердің хандарыңызды өлтірді ғой.
Шоң мына сөзде шағыстыру бар екенін сезді де, айтқан болатын:
– Бұл олардың жіберген үлкен қателігі, оны өздері де мойындап отыр. Бұл екі халықтың төскейде малы, төсекте бастары қосылған. Сіздер міне, енді келіп қалдыңыздар, менің сіздерге айтарым, екі халықтың арасына кіре бермеңдер. Одан сізде де, біздер де, қырғыздар да пайда көрмейді. Екі халықтың тату тұруын насихаттаңдар!
Колпаковский мына сөзге ойланып қалды. Бірақ қолдап, не қарсы ештеңе айтпады. Бұларды қырғыздармен жолығуға жібергеніне өкінді. Екі қырғыз елдері арасында қандай достық барын енді түсінді. Орыс саясатына келтірген үлкен зиян болмаса болды екен деп ойлады генерал. Бірақ үндеген жоқ.
Читать дальшеИнтервал:
Закладка: