Қанат Жойқынбектегі - Ел Шоңы. Бесінді. III кітап
- Название:Ел Шоңы. Бесінді. III кітап
- Автор:
- Жанр:
- Издательство:неизвестно
- Год:неизвестен
- ISBN:9785005549495
- Рейтинг:
- Избранное:Добавить в избранное
-
Отзывы:
-
Ваша оценка:
Қанат Жойқынбектегі - Ел Шоңы. Бесінді. III кітап краткое содержание
Ел Шоңы. Бесінді. III кітап - читать онлайн бесплатно ознакомительный отрывок
Интервал:
Закладка:
Мына сөздің әсері күшті болды да, билер қозғалақтап, орындарына отыра алмай кетті. Шоң олардың бұл күйін түсіне қалды да айтарын терендете, болысқа күш бергендей етіп айтқан:
– Әуеліде Қалмағанбетті өздерің сайладыңдар, енді оны неге қолдамайсыңдар. Билер қолдамаса, болыста қандай билік болады? Сен, Қалмағанбет, ұялма, бұдан былай қай би тілді алмайды маған келіп айт. Баяғы қазақ заманы емес, оязға айтамыз да, биліктен шығарып жібереміз.
Бір би отырып:
– Шоңке болыстың жұмысына араласпайық деп біз қойған едік…
Бұл сөзді қулықпен айтып отырғанын Шоң біле қалды да:
– Олай болмайды, мына жұмыс бидікі, анау болыстікі деп бөлуге болмайды. Бәріне де ортақ шаруа. Мен сіздерге өткен жолы да айтқанмын, бұл шаруаны тапсырып отырған анау губернатор екенін ескерткенмін. Қазір де айтып отырмын. Қалай сөзге түсінбейтін адамсыздар. Онда қандай күш бар екенін білесіңдер. Ерегіссе жүйріктерді ғана емес, өздерінді де айдап әкетеді. Анау надан туыстарыңызға дұрыстап айтасыздар ма? Кенесарыға көмектескендерге не жасағанын білдіңдер ғой. Одан зорғысын жасайды.
Отырған билер Кенесарыға көмектескен адамдарға не жасағанын жақсы білетін. Бұлардын арасында сонау Кенесары заманындағы жағдайды жақсы білетін билер де бар еді. Кәрі адамдар керемет, қорқақ болады екен. Олардың тіптен қорқып кеткенін Шоң да байқап отырған.
– Олай болса осыдан барысымен байлардың бәрін сен, Қалмағанбет, шақырып ал. Оның ішінде мына билер де болсын. Көп болып қолға алыңдар.
Осы арада болыста бір жігер пайда болып кеткен еді.
– Шоңкеңнің сөзін естіп отырсыздар ма? Егер өткен жолғыдай болса ана туыстарыңмен бірге ояз алдына өздеріңіз барасызар.
– Қалмағанбет, сенің айтып отырғаның не? Анықтап айтсайшы.
Содан кейін Қалмағанбет өткен жолы байларды үйіне шақырып алып айтқанда осы отырған билердің кейбіреулерінің келмей қалғанын, ал келгендері үндемей кеткенін ашық жайып салды. Бұл арада Калмағанбеттің салмақты билерге салып отырғанын білді Шоң. Содан кейін ол:
– Олай болса сол билердің атын аташы, – деді.
Қазір Калмағанбет өзінің де атын атап қояды деп қорқып кетті де, бір би орнынан тұрып айтқан:
– Шоңке, үй ішіндегі әңгімені қайтесіз. Оны естімей-ақ қойыңыз!
– Мен оны естігім келіп отырған жоқ. Ешкім де сіздерге кезінде Қалмағанбетті сайландар деп айтқан жоқ. Өздерің сайладыңдар. Енді келіп мына жасап отырғандарың не? – Шоң отырып тағы да айтқан, – Қалмағанбет, турасын айтшы. Келмей қалған кімдер?
Енді алғашқыдай емес, Қалмағанбет де, қысылып, қымтырылған жоқ. Шоң айт деп талап етіп отыр, бұл арада жасырудың жөні жоқ екенін білді де, сол арада бірнеше билердің атып атап шыққан.
Шоң отырып сол билердің біреуінен сұрады:
– Бәленше, сіз неге келмедіңіз?
– Бұл өтірік айтып отыр. Маған ешқандай хабар берген жоқ.
– Мен, міне, Шоңкеннің алдында айтып отырмын. Ертеңгі күні ана туысқандардың біреуі айтқан жылқыларын әкелмесе Шоңкең алдында өздеріңіз жауап бересіңіздер! Ар жағын Шоңкеңнің өзі біледі.
Мына Калмағанбет сөзінің ар жағында қандай мән жатқанын Шоң біле қалды. «Сендерді ояз алдына апарып, биліктен шығарады» деген сияқты мән жатқанын болыс ашық айтпаса да түсініп отыр еді олар. Тағы да Шоң өзі сөйлеп кетті, бұл жолы Калмағанбетке арнап сөйледі.
– Сені елдің атынан осы билер сайлап отыр. Сондықтан байлар да, билер де сенің айтқаныңды жасауы керек. Оны жасата алмасаң, ояз алдында мен емес, бұлармен бірге барып жауап бересің.
Шоңнын мына сөзінде қандай мағына жатқанын болыс та, билер де түсіне қалды. Басқа басы артық сөздің қажеті жоқ екенін түсінді. Тоқтап, тоқырап қалғандай болды. Бұл әңгіменің әсері күші болған тәрізді. Арада екі-үш күн өткенде Қалмағанбет болысында тұратын байлар жүйріктерін әкеле бастады.
Шоңның Калмағанбет болыспен бірге билерді де шақырып алып сөйлескені туралы басқа рулардың да билерінің құлағына жеткен еді. Әңгіменің неден басталып, қалай аяқталғанын біліп отырған олар да. Шоң өздеріне де соны жасайтынын білді. Көңілі жақын билер, үйлеріндегі анау бес орысты қосып, солармен Ақмолаға жіберетін ойы бар екенін айтқан біріне бірі. Бұл қоспа сөздін әсері күшті болды. Олар өздеріне жақын байларды шақырып алып, Шоңның жасап жатқан шаруасын жеткізген. Дегенмен, қанша би болса да олардың сөздерін тыңдамайтын байлардың арасында кисықтары бар еді. Солар аталған жылқыларын әкелмей жатқан әлі де. Бірақ та бәріне Калмағанбет руларының билеріне колданған әдісті колдана беруге болмайды. Бір болыста бидің туысқаны әкеп, бірі әкелмей отырған еді. Ондай байлардың туысқандарына би болып отырған билермен Шоң өзі шақырып алып сөйлескен еді.
– Пәленше, сенің ана туысқаның сенімен үш атадан қосылады. Сенің сөзіңді ол тыңдайды. Сен неге айтпайсың? – деген сөзден бастап біраз қатты-қатты сөздерді айтып жіберген. – Болмаса, түрмеге оның орнына өзің барып отыр, болмаса ана бай туысқаныңды жібер! – Бұл ауыр сөз еді. Ондай сөзді кейбір айрықша намыской билерге сенің анау түгеншеден билігің кем бе деп, біраз қайрау үшін айтатын. Ал анау би қайда болмасын одан қалысқысы келмейтін. Ол келіп туысқандарын қорқытып, мен сені Ақмолаға апарып түрмеге жабамын деген. Ақыры, аулында жанжал болып амалы таусылған бай жүйрігін алып келген.
Қазақтардың қулығына түсініп алған орыс-казактар әр атты шауып көріп, жүйріктерін ғана алып жатты.
Енді қазақтардың жағдайын біліп алған казак-орыстар қулыққа көшті. Жүйрік аттардың орнына ортан қол аттарды алып келсе, оның үстіне ақша алған еді. Шоң мұны сезіп қалған, арты жақсы болмайтынын білген. Ертеңгі күні бұл жағдай генерал Колпаковскийдін құлағына тисе, ол губернаторға жеткізіп, оның арты үлкен жанжал болатынын сезді. Оны осында өзімен бірге еріп келген казактардың өздері, біріне бірі ерегісіп жеткізетінін де сезіп отыр еді. Шоң оңаша отырғанда өздері келіп айтатын, анау Михаил, жүйрік емес, бір атты алды, ақысына үстіне ақша алды дейтін. Мынаның үлесі кетіп бара жатқан соң осылай деп отырғанын Шоң түсінген еді. Казак-орыстардың мінезін білетін, біреу артық бірдеңе алып қалса, екіншісі жоғарыда отырған бастықтарына жеткізетін мінездері бар екенін баяғыдан біліп жүрген. Және олардың айтқаны ақтан тиетін. Казактардың жіберген арызына ояздан бастап губернаторға дейін екі етпей орындайтын. Егер соны жасаса, анау Колпаковскийдің алдымен өзін кінәлайтынын Шоң білді. Содан кейін өз болысына келген орыс-казактардың төрт көзі түгел отырғанда айтқан:
– Сендер мына қылықтарыңмен генерал алдында масқара боласыңдар!
– Біз таңдап алған жылқыда ол кісінің не шаруасы бар?
– Сендер апарған жылқыларды басқа казактарға береді. Олар әкелген аттарыңның нашар екенін генералға жеткізеді. Мұның арты үлкен дау болатынын түсініңіздер! Сендер бұл қылықтарыңды қоймасаңдар, жоғары жаққа өзім жеткіземін.
Читать дальшеИнтервал:
Закладка: