Қанат Жойқынбектегі - Ел Шоңы. Бесінді. III кітап

Тут можно читать онлайн Қанат Жойқынбектегі - Ел Шоңы. Бесінді. III кітап - бесплатно ознакомительный отрывок. Жанр: Историческая проза. Здесь Вы можете читать ознакомительный отрывок из книги онлайн без регистрации и SMS на сайте лучшей интернет библиотеки ЛибКинг или прочесть краткое содержание (суть), предисловие и аннотацию. Так же сможете купить и скачать торрент в электронном формате fb2, найти и слушать аудиокнигу на русском языке или узнать сколько частей в серии и всего страниц в публикации. Читателям доступно смотреть обложку, картинки, описание и отзывы (комментарии) о произведении.

Қанат Жойқынбектегі - Ел Шоңы. Бесінді. III кітап краткое содержание

Ел Шоңы. Бесінді. III кітап - описание и краткое содержание, автор Қанат Жойқынбектегі, читайте бесплатно онлайн на сайте электронной библиотеки LibKing.Ru
Бұл кітап тектінің ұрпағы, Шоң Телқозыұлының өмірде қалдырған ізгілік, өмірі жайлы. Жазушы Қанат Жойқынбектегі «Ел Шоңы» деп аталған көп томдық романында Шоң Телқозыұлы туралы ел аузында сақталып жүрген естеліктер негізінде осы кітапты жазып отыр.Мазмұны тартымды кітап қалын оқырман қауымға арналады.Бұл еңбегімді осы кітаптарда аты аталған аруақтардың рухына бағыштадым. – Автор

Ел Шоңы. Бесінді. III кітап - читать онлайн бесплатно ознакомительный отрывок

Ел Шоңы. Бесінді. III кітап - читать книгу онлайн бесплатно (ознакомительный отрывок), автор Қанат Жойқынбектегі
Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать

Орыс-казактар да ку екен, олардын шын жүйріктерін байқап көріп, нағыз жүйрігін алып, біразын кейін қайтарған. Шоң ат әкелген адамдарға реніш білдіріп, Азна атасына, Тәтиге, Байханға арнайы адам жіберген: «Берсе жүйріктерін берсін. Әйтпесе, бермей-ақ қойсын, босқа ұятқа қаламыз», – деген.

Шоң сәлемін естіп, Азна байларды қолға алған болуы керек, басқа жүйріктерін әкеп берген. Бірақ әлі де көп болыстар үн-түнсіз жатыр еді. Арада тағы бірнеше күн өтті. Енді келген казак-орыстар қайыра мазасыздық көрсете бастады. Шоң оларға тоқтау сөз айтқан:

– Сіздер шыдаңыздар, – дей келіп әуеліде айтқан сөзін қайталап айтқан, – мен сіздерге айттым ғой, киргиздар жүйрік аттарын әйелінен де жақсы көреді. – Шыдаңдар деп бірнеше рет қайталап айтқан. Шоңнын бұдан басқа айтар сөзі жоқ болатын. Казак-орыстар бұл сөзде шындық жатқанын түсінгендей, шыдап бақты. Бұлардың да қазақтардың аттарын әйелдерінен жақсы көретініне енді көздері біржола жете бастаған еді.

Бір күні казак-орыстың бастығы айтқан: «Бір-екі байды, билерді, болыстарды Ақмолаға айдап апарсақ қайтеді?» Олар да ат алуға басқа болыстарға кеткен казактармен хабарласып отырған еді. Олар қандай шара қолданып жатқандарын айтып келген. Ақмолаға апарып біразын екі-үш күн түрмеде ұстап еді, айтқандарын ойдағыдай орындағанын айтып келген. Басқа болыстарға барған казактар тиесілі аттарын осылай зорлап жинап алып жатқанын Шоң естіп отырған еді. Соны Шоң мақұлдаса, қолдарында қаруы бар бұлар қазір іске кірісетінін біліп отыр еді. Казактар Шоң аузынан тек бір сөз күтіп отырған.

– Оларың заңға қайшы болады, өз еркілеріңмен берсін деген жоқ па бастықтарың. Тартып алуға, күш көрсетуге болмайды, – деді Шоң.

– Ендеше мынау не, губернатор тапсырмасын орындамай отыр әлі?

– Орындайды, – деді Шоң. Оны жасаса бүкіл Тоқа руында реніш тудыратынын Шоң біліп отырған. Казактардың айтқанын көңілі қаламады.

Байларға айтқанын жасататын өзінің де бір әдісі болатын. Ол осы маңайдың ұрыларына пәленнің пәленше жүйрігін алып кел десе, оларға сездірмей-ақ алып келетінін біліп отырған. Бірақ Шоң оған да бармады. Ол туралы мына жерде айтпады. Сөзінің соңында айтқан:

– Сендердің күш көрсетулерің дұрыс емес. Ал губернатордың алдында мен өзім жауап беремін. Сендер тек шыдаңдар!

Орыс-казактардың бастығы мына сөзден кейін айтары таусылғандай, үндемей қалды. Бірақ олардың қатты ренжіп отырғанын білді Шоң.

Орыс мінезін жақсы білетін Шоң оларды көңілдендіру үшін Захар заемкасына Ахметжанды жіберіп, қолдан ашытқан арақ алғызып берді. Арақ ішіп алған орыс-казақтар жөн сөзге келіп, Шоңмен дұрыстап сөйлесе бастады.

– Шоң Телқозинович, не жасасаңыз да өзіңіз біліңіз. Біз күтуге дайынбыз, – деді төрт казактың бастығы, біраз арақ ішіп алған соң. Олардың ашуы басылды. Шоң Захардың арағын беріп осыны жасады да отырды.

Қазақ айтқандай, тамағы тоқ, көйлектері көк, жата берді олар да. Күнінде төрт-бес мезгіл тамағын Әйімкүлге дайындатып тұрды. Олар да Шоңнын мұндай қызметіне риза еді. Енді басы артық сөз айтпайтын болды. Жата берді.

Орыс-казактардың емес, енді Шоңның өзінің шыдамы бітті. Бұл жолы іргелес отырған Жыланды болысының билері мен болысы Қалмағанбетті шақырды. Бірде-бір жүйрік әкелмей жатқан осы Жыланды болысы еді. Бұл жолы да өткен жолғыдай қайыра дастархан жасалып, әңгіме басталды. Шоң бұл жолы да ешкімде де жекелеп тиіскен жоқ. Бәріне арнап сөйледі:

– Сіздер өткен сайлауда мына Қалмағанбетті жақтап сөйледіңдер. Өз алдына болыс болдыңдар. Мен енді сендермен бұдан былай сөйлеспеймін. Жүйріктер жайында келесі жолы ояздың алдына барып, өздерің жауап бересіңдер. Бұл менің сіздермен соңғы сөзім, әкелетін жүйріктеріңді әкелесіңдер ме, әлде әкелмейсіңдер ме, соны білгелі шақырдым. Бұдан кейін сендермен әңгіме бітеді. Келесі жолы анау ояз алдына барып айтасыңдар. Тағы да ескертетінім, бұл губернатордың тапсырмасы. Ояз сендерді аямайды. Менің бұл сөзіме сенбесеңдер, казір екі-үшеуің мына орыс-казактармен бірге Ақмолаға барасындар!

Мына сөз бәрінен бұрын Қалмағанбетке ауыр тиген болуы керек, ол отырып:

– Шоңке, мен бәріне айттым, бірі тілімді алмайды.

Шоң болыстың аузынан мына сөзді естіп ашуланып қалды да, билерге арнағандай етіп:

– Өткен екі сайлауда да осы Қалмағанбетті қолдадыңдар. Енді мыналарың не? Осындай қиын жағдайда неге қолдамайсыңдар. Қарауларыңдағы ана ағайын байларды шақырып алып айтпайсыңдар ма? Қалмағанбет жас. Ал сендердің ел алдында беделдерің бар, – деді.

Аққошқардың бір биі:

– Шоңке, байлардың кеуделі екенін білесіз. Солар Қалмағанбетті жас дей ме, кейде біздің тілімізді де алмай кетеді. Сөзімізді тыңдамай отыр.

– Олай болса қазір солардың есімдерін маған айтыңдар. Болыс пен билерге бағынбаған ол қандай байлар? Сіздердің тілдеріңізді алмаса Ақмолада алғызады. Сібірге айдатса, жан қымбат па, мал кымбат ба, сонда біледі.

Карбышев кетерінде орнына Ыбырайды емес, Герасимовты қойып кеткен. Онымен Риза арқылы хабарласып отыр еді. Ол өткен жолы айтыпты: «Шоң Телқозин, қай би, қай болыс тілін алмай отыр, маған хабарлассын. Мен мұнда әскер жіберіп, шақырып алып, өзім сөйлесемін».

Туыс адамдарға ондайды жасауды Шоң лайықсыз көрді. Олардың неден қорқатынын біліп алған. Сібір десе зәрелері ұшатынын білетін. Қай жерде болмасын қорқытуға келгенде осылай сөйлейтін. Әйтпесе, бастарына басқа сөз қонбайтынын Шоң біліп алған.

Әлгі сөз дәл нысанаға тигендей болды. «Олай болса, ояз алдында жауап бересіңдер». Бұл сөздің мәнін билер де түсініп отыр еді. Ұсталған байлардың туыстары өздеріне маза бермейтінін сезетін. Билер екі оттың арасында қалғандай қысылып отыр еді. Үй арасындағы жанжал күшейіп кететінін білді. Қалмағанбет сол арада өзінің пысықтығына салып:

– Пәленше, түгенше, сіз ана туысыңызға айтыңыз, жүйріктерін әкелсін деп неге айтпайсыз?

Бұл Қалмағанбет тарапынан шыққан ұтымды сөз еді, байларға да, билерге де тиіп жатқан сөз еді.

– Ал оны жасамасаңыздар, Шоңкеңнің айтқаны болады. Ақмолаға барып, ояз алдында жауап бересіздер. Мен бұдан кейін сіздерге сөз айтпаймын, – деп бітірді сөз аяғын ол.

Шоң Қалмағанбеттің ақылы шамалы болғанымен қулығы мол екенін білетін. Қазір сонысына салып отырғанын бірден түсінді. Билерге өздеріне жақын туысқандарын қолға алуды жүктеп, билерді ұстаудың бір жолы екенін болыс да түсіне қалғанға ұқсайды. Билердің біразы қартайған адамдар еді. Қалмағанбеттің айтқанын жасамаса ұятқа қалатынын кәрі билер түсініп отыр еді. Шоң отырып айтқан:

– Сен Қалмағанбет мына билерден бұрын асықпа! Ал сіздер жүйрікті бермеймін деген туыстарды осында алып келіңіздер. Мен әуелі олармен өзім сөйлесіп көрейін. Ал егер көнбесе, мына орыс-казактармен Ақмолаға айдайық. – Сөзінің күшін молайту үшін Шоң айтқан: – сіздердің тілдеріңізді алмайтын олар қандай туысқан адамдар? Олардан аттарды күшпен аламыз да, ал сіздер биліктен кетесіздер.

Читать дальше
Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать


Қанат Жойқынбектегі читать все книги автора по порядку

Қанат Жойқынбектегі - все книги автора в одном месте читать по порядку полные версии на сайте онлайн библиотеки LibKing.




Ел Шоңы. Бесінді. III кітап отзывы


Отзывы читателей о книге Ел Шоңы. Бесінді. III кітап, автор: Қанат Жойқынбектегі. Читайте комментарии и мнения людей о произведении.


Понравилась книга? Поделитесь впечатлениями - оставьте Ваш отзыв или расскажите друзьям

Напишите свой комментарий
x