Қанат Жойқынбектегі - Ел Шоңы. Бесінді. III кітап

Тут можно читать онлайн Қанат Жойқынбектегі - Ел Шоңы. Бесінді. III кітап - бесплатно ознакомительный отрывок. Жанр: Историческая проза. Здесь Вы можете читать ознакомительный отрывок из книги онлайн без регистрации и SMS на сайте лучшей интернет библиотеки ЛибКинг или прочесть краткое содержание (суть), предисловие и аннотацию. Так же сможете купить и скачать торрент в электронном формате fb2, найти и слушать аудиокнигу на русском языке или узнать сколько частей в серии и всего страниц в публикации. Читателям доступно смотреть обложку, картинки, описание и отзывы (комментарии) о произведении.

Қанат Жойқынбектегі - Ел Шоңы. Бесінді. III кітап краткое содержание

Ел Шоңы. Бесінді. III кітап - описание и краткое содержание, автор Қанат Жойқынбектегі, читайте бесплатно онлайн на сайте электронной библиотеки LibKing.Ru
Бұл кітап тектінің ұрпағы, Шоң Телқозыұлының өмірде қалдырған ізгілік, өмірі жайлы. Жазушы Қанат Жойқынбектегі «Ел Шоңы» деп аталған көп томдық романында Шоң Телқозыұлы туралы ел аузында сақталып жүрген естеліктер негізінде осы кітапты жазып отыр.Мазмұны тартымды кітап қалын оқырман қауымға арналады.Бұл еңбегімді осы кітаптарда аты аталған аруақтардың рухына бағыштадым. – Автор

Ел Шоңы. Бесінді. III кітап - читать онлайн бесплатно ознакомительный отрывок

Ел Шоңы. Бесінді. III кітап - читать книгу онлайн бесплатно (ознакомительный отрывок), автор Қанат Жойқынбектегі
Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать

– Ана кісі жүйрік аттарын бермей отыр ма?

Қазір бермейді десе күш көрсететінін сезіп, мұның арты төбелеске айналып кететінін сезіп Шоң:

– Оларда жүйрік ат жоқ көрінеді.

Шоң ауылына келген еді. Телқозы Шоңның кұр қол келгенінен қорқып, Елгелділер дау шығарып жүйрік ат бермегенін сезді. Бірақ ләм деген жоқ.

Көрші болыстардан жүйріктерін әкеліп жатты. Тіленнің бір байы да бір жүйрігін әкелмей қойды. Өзін шақыртып еді, ауырып жатырмын дегенді айтып, өзі де келмеді. Ақыры, Әлсенді жіберген, оған айтқан: «егер ана туысқаның айтқан жүйрікті әкелмесе тиісті жазасын оған да, саған да қолданамын» деген. Әлсен бұл сөзді сол қалпында жеткізген еді. Мына сөзді естігенде бай қорқып кетті. Шоңның ойдағы жоқ жазаны колдана білетінін сезетін еді. Өзі сайлатқан би, мына Әлсенге де бірнеше күн Түсіптің жылқысын бақылатып қойғанын, ақыры екі жүйрігін Алдаберген алып келгенін естіген.

Шоң Елгелділерге Әлсенді жіберуді бір ойлады. Оның әкелетініне сенімді еді. Шоңның өзінен көріп, екі ру арасынданы дауды өршітіп алатынын біліп, содан кейін жібермеген.

Жүйріктердің негізі жиналып калған. Казак-орыстар ертең қайтамыз деп отырған. Шоң Телқозыға айтқан:

– Мыналарға беретін жүйрік аттарды әкел, – деген.

– Бұлар менен жүйрік ат алмайды. Онда шаруаң болмасын. Бұл орыстармен келіскенмін…

Шоң жақсы сезіп, біліп тұр еді. Егер өзі бермесе арты үлкен дауға айналатын.

– Телқозы, есіңде болсын, басқаларға үлгі көрсетіп, алдымен менің беруім керек…

– Сен ылғи басқаларға шамаң келмесе де, маған күш көрсетесің де отырасың. Ана Елгелділерден болыстығыңды көрсетіп, неге алмадың? Сені қалай түсінуге болады? – Телқозы ашумен біраз жерге барған. Шоң шыдай алмай:

– Телқозы, бос сөзды қой! Елгелділерде шаруаң болмасын. Олар кейін жауабын береді. Екі ру арасындағы жанжалды одан әрі ушықтырғың келіп отыр ма? Одан да мына орыстарға жүйрік аттарды бер. Ертең сөз болмасын десең, айналаңда неше түрлі адамдар отыр. Ертең оязға жеткізеді. Екі-үш жылқы үшін мен ұятты болып қалмайын.

Телқозы бұдан кейін ештеңе демей шығып бара жатыр еді, оны Шоң тоқтатып:

– Телқозы, айтып отырмын ғой, мына орыстарға беретін жылқыларды алып кел. Екі жүйрік емес, төртеуін әкел. Екеуі ана Кербестінің тұқымынан болсын!

Телқозы Шоңның не ойлап тұрғанын біле қалды. Шоңның мұндайдағы ойы Елгелділерден алмаған екі жүйріктің орнын өз жылқысымен жабу болатынын сезді. Шоңның мына сөзіне Телқозы қатты ашуланды.

– Сен сөзге түсінбейтін қандай адамсың?! Мен бұл орыстармен келістім деп айтып тұрмын ғой. Бұлар айтқан, сізден жылқы алмаймыз деген. Сен бос сөзді қой. Екі жылқы беремін. Сол жетеді!

Қасында отырған казак даудың жылқыға байланысты болып жатқанын сезе қалды да:

– Шоң Телқозинович, сіздің бізге сіңірген еңбегіңіз үшін біз жылқыңызды алмаймыз, – деді.

– Олай болса, елден жинаған аттарыңның бәрін қайтып беріңдер!

Шоңның мына түсініксіз сөзіне казак таң калды.

– Сонда Колпаковский алдында біз не айтамыз?

– Сендер ештеңе айтпайсыңдар, генерал алдында да, ояз алдында да мен жауап беремін!

– Шоң Телқозинович, бұл болмайтын шаруа.

Шоң бұлардың елді сауғалап, жылқы орнына ақша алғанына ренішті еді.

– Мен оларға айтар сөзімді білемін. Өзің не айтарыңды анықтап ал… Қазір жүйрік аттардың бәрін тастап кетіңдер!

Орыс-казактардың бастығы Шоңның мына сөзінің астарында не жатқанын біле қалды. Жүйріктерінің орнына елден пара алғанын жазып, өздерін ұятқа қалдыратынын біліп отыр еді.

Казактардың бастығы айтқан:

– Шоң Телқозинович, қайсысы жүйрік емес екенін айтыңыз. Соларды түгел қайтарамыз, – деді казак.

Ерназарлардың арасында Дәулен деген кісі бар болатын. Сол Тоқалардағы жүйріктердің бәрін білетін. Соны шақыртып алып айтқан болатын: «Дәуке, сіз маған мына жылқылардың ішінен қайсы жүйрік еместігін анықтап беріңізші» – деді. Ол аралап көріп, он шақты жылқылардың нашар екенін анықтап берген еді. Шоң казактардың бастығына айтқан: «Қазір сен барып мына аттарды қай жерден алдың, орнына жүйріктерін алып кел. Әйтпесе, бір жылқы да алмайсың» – деді.

Ол кеткен. Әлгі пара алған байларды қорқытып, ыңғай жүйріктерін алып келген еді.

Олар дау шығара алмады. Жүйріктерін берген. Шоңнан, бір жағынан мына казак-орыстан қорықты. Оған қоса әкесінен не үшін жүйрік алмай отырғанын білді казак. Осында келгелі Шоңның адал адам екеніне көзі әбден жеткен болатын. Мына сөзді содан кейін айтып отырғанын түсінді.

– Сіздің әкеңіздің көңіліне қарап едік. Олай болса сіздерден де аламыз…

Шоң тыста жүрген әкесіне:

– Ана орыстар сенен де аламын деп отыр. Барып Таланкөктен, Көкбоздан және Кербестінің тұқымынан төрт ат әкел!

Бұл аттар Телкозы мен Шоңның арасындағы әр жерден алған жүйрік аттар еді. Мына сөзді естігенде Телқозының іші өртеніп кеткендей болды.

– Әй, Шоң, сен бастығыңа жақсы көріну үшін осы сөзді айтып тұрсың ғой. Елдің бәрі екі жүйріктен беріп жатыр. Мен де екеуден артық бермеймін!

– Мен өз алдым бір үймін. Екі үйден төрт жылқы беруге тиістіміз!

– Біздің еншімізді әлі ешкім бөлген жоқ. Сенің айтып тұрған мынау сөзің не?

– Жағдай солай болып тұр. Телқозы, басы артық сөз айтпа! Менің айтқанымды жаса! Сен бұлай ойлағаныңмен, ел басқаша ойлайды. Ел ертеңгі күні сөз тудыру үшін басқаша сөйлейді.

Телқозы Шоңның бұл сөзіне қарсы ештеңе айта алмады. Ақыры айтқан жылқыларын алып келуге Мұхамеджанды жіберген еді.

Мұхамеджан алып келгенде, жетегінде Кербестінің екі тұқымы бар, Байсары келді. Шоң оған айтты:

– Бізге Елгелдіден ешқандай жылқы керегі жоқ. Аттарды алып кет. Қажет болса ояз шақырып алып сөйлеседі. Соның алдында бересіндер!

– Шоңке, елдің бәрі беріп жатқан көрінеді. Ұят болады ғой, – деді Байсары.

– Сендер ұятты енді біліп тұрсыңдар ба? Бар, алып кетіңдер. Олай болса, ана Ақмоладағы оязға апарып беріңдер! – деп, Шоң үйіне кіріп кетті.

Казактар Шоңнын айтқанын тыңдап тұрған еді. Қазақша ептеп білетін біреуі Телқозыдан сұраған:

– Бұл жылқыларды әкелген алдыңғы біз барған ауылдың адамы ма?

– Солар әкеліп тұр. Мен бұл аттарды жақсы білемін. Бұл маңайда бұлардан артық жылқы жоқ.

Ақыры Байсарыдан екі жүйрікті алып қалған. Енді казактар қайтуға жиналып тұрған еді. Шоң оларды шығарып салуға сыртқа шықты. Жылқылардың ішінен әлгі Байсары әкелген Кербестінің екі тұқымын көрген. Шоң тұрып айтқан казактар бастығына:

– Ана екі атты тастап кетіңдер, – деді. Ол сөзге түсінбей:

– Неге? – деді.

– Мен генералға жүз жылқы беремін дегенмін. Жүз екі жылқы беремін деген жоқпын.

Аз уақыт бірге болғанда казактар Шоң мінезін түсініп қалған. Ештеңе айтпады, тастап кеткен болатын. Олар кеткен соң Шоң айтты әкесіне:

– Сіз анау Елгелділерге анау жүйрігін апарып беріңіз!

Читать дальше
Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать


Қанат Жойқынбектегі читать все книги автора по порядку

Қанат Жойқынбектегі - все книги автора в одном месте читать по порядку полные версии на сайте онлайн библиотеки LibKing.




Ел Шоңы. Бесінді. III кітап отзывы


Отзывы читателей о книге Ел Шоңы. Бесінді. III кітап, автор: Қанат Жойқынбектегі. Читайте комментарии и мнения людей о произведении.


Понравилась книга? Поделитесь впечатлениями - оставьте Ваш отзыв или расскажите друзьям

Напишите свой комментарий
x