Қанат Жойқынбектегі - Ел Шоңы. Бесінді. III кітап
- Название:Ел Шоңы. Бесінді. III кітап
- Автор:
- Жанр:
- Издательство:неизвестно
- Год:неизвестен
- ISBN:9785005549495
- Рейтинг:
- Избранное:Добавить в избранное
-
Отзывы:
-
Ваша оценка:
Қанат Жойқынбектегі - Ел Шоңы. Бесінді. III кітап краткое содержание
Ел Шоңы. Бесінді. III кітап - читать онлайн бесплатно ознакомительный отрывок
Интервал:
Закладка:
– Неге апарамын? Мен ана орыстарға төрт жылқы бердім.
– Телқозы, екі ауылдың арасында жанжалды тағы қоздырғалы отырмысың? Апарып бер деген соң, апарып бер!
Телқозы Шоңның бұл сөзін түсінді де апарып берген. Ақсары Мұхамеджан екі жүйрікті алып келгенде Байсары қорқып кеткен. Не істерін білмей қалды. Шоңның қандай істі болсын аяқсыз қалдырмайтынын білетін. Сөйтіп жүргенде інісі Еркесары қайтыс болды. Ақсары білетін, соңғы даудың бәрі ағасы қайтыс болғаннан туындап жүргенін. Шоң аулына хабарлауға інісі Байсарыны жіберген еді. Ерназарларға хабар келді. Телқозы барғысы келмеп еді. Шоң айтқан:
– Таубай аруағы үшін барып қайтайық.
Телқозы Шоңның бұл сөзінде бір жөн барын сезіп, барған еді. Бұл келіс екі ру арасын не жақындатқан, не алыстатқан жоқ. Бір түсініксіз жағдайда қалған еді. Екі жақ та үндемей жүре берді. Бірақ іштерінде бір-біріне деген ашу бар еді.
Беймәлім жігіт
Шоңның кейде табан аудармай төрт-бес күн отырып жазу жазатын әдеті бар еді, бұгін басы ауыра бастаған соң қойған. Соңғы кезде анау жас кезіндегідей, қолына қаршаға алып көл жағалап кететін әдеті болушы еді. Бүгін де сөйткен. Таңертең тамақ ішіп алған соң колына өзі ұнататын көк қаршығаны қондырып алып таяу жердегі көлге кеткен. Әдетте, жас кезіндегідей ауылдан шалғайда жатқан құсы көп көлдерге бара бермейді, осы маңайдағы, ауыл іргесіндегі көлсымақтарға барады. Шынында сыртқа шығып біраз жүргеннен кейін басының ауырғаны басылып кететін. Бүгін басының ауырғаны басылған соң, жазуға бір шабыты ашылды ма, көл жағасында көп жүрмей, ауылға қайтқан.
Ел болған соң дау-жанжалсыз болмай тұрмайды. Кеше Жабағылар ауылынан бір кедей адам іргеде отырған орыстар бір сиырын ұстап алып бермей отырғанын айтып келген. Шоң бәрін түсініп отыр еді, огородтарына түскен соң ұстап отырғанын білген, содан оған ұрсып, олардың егініне неге малдарыңды жібересіндер деп, біраз реніш білдіріп жіберген. Шоң бәріне түсінген. Бұл арада мына адамның шаруасында қисықтық бар екенін білген, сондықтан Захар заемкасының старостасымен сөйлескісі келмей отыр еді. Сиырды қайтарғанымен өзіне тағы бір талап қоятынын білді. Салықты азайтуды сұрайды. Содан кейін әрі-бері ойланып Ахметжанды жіберген. Мұндағы тағы бір ойы Шоңның Ахметжанының іскерлігін сынау болатын. Соңғы кезде ауыл арасындағы дауға билермен қатар Ахметжанды жіберуді әдетке айналдырған. Әкесінің айтуы бойынша оны болыстық жұмысқа, шаруаға баулып жүрген еді. Ахметжан да ертеңгілік әкесі жұмсаған шаруаға барғысы келмей, зорға кеткен.
Шоң алдында Ахметжанды Ақмолада орысша біраз оқытқан, не екенін білмейтін, орысша оқуға құмарлығы жоқ еді оның. Үйге қайтып келе берген. Сонда да үйде отырғызбайтын, Шоң Телқозынының айтуымен баласын анда-мындағы даулы мәселеге жұмсай беретін. Осылай біртіндеп үйрететініне үміті бар еді. Бүгін зорға жіберген. «Ана адам маған арыз айтып келіп отыр. Сондықтан сені жұмсап отырмын. Сен міндетті түрде барасың» деген.
Қазақтар мен орыстар арасында болған дауға ептеген орысшасы бар Ахметжанды жіберіп, дауды шешуде баласының қаншалықты қабілеті барын байқау еді мұнысы. Әрбір осындай кездесулерден кейін Ахметжанға жіберген қателіктерін айтып отыратын. Әкесінің мұнысын ол жақтырмайтын. Амалсыздан баратын. Таңертең де сондай бір мінез көрсеткен. Телқозы да, Шоңның Ахметжанды жұмсағанымен, онда ешқандай ықылас жоғын байқап жүретін. Байқағыш, көреген Телқозы бірде айтқан: «Шоң, ана Оспанды неге жұмсамайсың, оның қабылеті Ахметжаннан әлдеқайда жоғары тұр».
Шоң Оспан барса елден анау-мынауды сұрағыш екенін білетін. Содан кейін оны жұмсамайтын.
Болыстар-билер орындарына балаларын тартып жататын. Шоң болыстықтан кетсе, түбінде орнына Оспанды қойғызу болатын Телқозының ойы. Әлгіндей сөзден кейін бірде айтқан: «оның қолынан болыстық келмейді» деген.
Телқозының айтар сөзі көп еді, бірақ Шоңның көңіліне қарап айтпаған. Сонымен сөз бітіп қалған. Телқозы бұдан кейін Шоңға айтпайтын болған еді. Бірақ көңілінде болыс болуға Ахметжаннан гөрі Оспан лайықты деген ой берік орнап қалған.
Шоң құстан келіп аттан түсті. Кермеден Ахметжанның атын көре алмады. Оның тапсырмасын тындырған соң сол жақтан қыдырып кететіні де бар еді. Шоң оның ондай мінезін жақтырмайды. Ыңғай айтып отырады, әуелі шаруаны қалай тындырғаныңды маған айт, содан кейін қайда кетсең де бара бер дейтін. Қанша айтса да тілін алғыза алмай жүр. Осы қылығына қарай бұл бала берекесіздеу болады деп де ойлап қоятыны да бар еді. Ахметжанның Сарытоқаға елігіп, домбыра тартып, ән салуы көбейіп кеткен соңғы кезде. Шоң баласының онысын жақтырмайтын. Оның өзі тәрізді саясатпен көбірек айналысуын тілейтін. Оның домбыраға құмарлығы уақытша екенін білетін. Тереңдеп жатқан өнері жоқ екенін сезетін. Дегенмен, бұл туралы ашық ештеңе айтпай жүрген.
Аты мен қаршығасын үйден шыққан Мұхаметжанға берді де өзі үй іргесіндегі көлеңкелеу жерге барып отырды. Бұл Әйімкүлдің Шоң даладан серуендеп келгенде отыратын арнайы жасатып қойған орындығы еді. Кейде осы жерде сағат бойы бір ойға беріліп отыратын. Бұлай отырғанда қасына келіп біреу ойын бұзса жақтырмай қалатыны және бар. Оны Әйімкүл де, әкесі Телқозы да жақсы түсініп алған. Сондықтан мазаламайды, аулақ жүретін. Бүгін күн тымырсықтау еді, құс салып келген соң шөлдеп келді де, қасына Әйімкүлді шақыртып алды. Оған шөлдеп отырғанын айтқан. Қымыз қан қысымын көтеріп жіберетін болған соң соңғы кезде сүтке көшкен. Оны білетін Әйімкүл пісірілген сүтті суық суға салып, мұздай етіп қоятын. Бір тостаған суық сүтті Шоңға әкеп берді.
– Шоңке, шөлдеп келдіңіз ғой, мынаны ішіңіз, – деді. Мұздай суық сүтті ішіп жіберіп еді, шөлі қолма-қол басылып, бір рахат күйге бөленгендей болды. Әйелінің осындай қамқорлығына риза болғандай еді. Әйімкүл кетіп бара жатқан, оған Шоң:
– Қасыма отыршы, – деп жанын көрсеті. Әйімкүл Шоң көрсеткен жерге келіп жайғасты. Түнде бір жайсыз түс көрген еді, соны айтпақшы болды да, бірақ айтпады Шоң. Біраз үнсіз отырып қалды. Күйеуінің тарапынан ешқандай сөз болмаған соң, Әйімкүлде де ләм демеді. Отыра берді. Өйткені, Шоңның мінезін білетін, бірдеңе айтып қалғанда бір жақсы ойымды бұзып жібердің ғой дейтіні бар еді. Соны білетін Әйімкүл де үндемей отыр.
Ойламаған жерден Шоңның көзі әйелінің басына түсіп кетті. Қымтай жауып алған байламының бір шетінен кылтиып шыққан шаштардың арасынан бір тал ақ шаш көріп калды. Бұрын байқамаған ба, тұнғыш рет көрді. Дегенмен, бұл туралы сөз қозғаған жоқ. Бірақ көңілін бір жайсыз күй жайлады. Кәріліктің енді екеуіне де келіп қалғанын тұңғыш рет аңғарғандай болды. Күйеуінің ұзақ үнсіз отырып қалғанына Әйімкүл шыдай алмай сұраған еді:
– Шоңке, басыңыз аурып отыр ма?
Читать дальшеИнтервал:
Закладка: