Қанат Жойқынбектегі - Ел Шоңы. Бесінді. III кітап

Тут можно читать онлайн Қанат Жойқынбектегі - Ел Шоңы. Бесінді. III кітап - бесплатно ознакомительный отрывок. Жанр: Историческая проза. Здесь Вы можете читать ознакомительный отрывок из книги онлайн без регистрации и SMS на сайте лучшей интернет библиотеки ЛибКинг или прочесть краткое содержание (суть), предисловие и аннотацию. Так же сможете купить и скачать торрент в электронном формате fb2, найти и слушать аудиокнигу на русском языке или узнать сколько частей в серии и всего страниц в публикации. Читателям доступно смотреть обложку, картинки, описание и отзывы (комментарии) о произведении.

Қанат Жойқынбектегі - Ел Шоңы. Бесінді. III кітап краткое содержание

Ел Шоңы. Бесінді. III кітап - описание и краткое содержание, автор Қанат Жойқынбектегі, читайте бесплатно онлайн на сайте электронной библиотеки LibKing.Ru
Бұл кітап тектінің ұрпағы, Шоң Телқозыұлының өмірде қалдырған ізгілік, өмірі жайлы. Жазушы Қанат Жойқынбектегі «Ел Шоңы» деп аталған көп томдық романында Шоң Телқозыұлы туралы ел аузында сақталып жүрген естеліктер негізінде осы кітапты жазып отыр.Мазмұны тартымды кітап қалын оқырман қауымға арналады.Бұл еңбегімді осы кітаптарда аты аталған аруақтардың рухына бағыштадым. – Автор

Ел Шоңы. Бесінді. III кітап - читать онлайн бесплатно ознакомительный отрывок

Ел Шоңы. Бесінді. III кітап - читать книгу онлайн бесплатно (ознакомительный отрывок), автор Қанат Жойқынбектегі
Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать

– Жоқ, бұл мазасыз тіршілікте көңіл-күй бола бере ме, жай бір ойлар басыма кіріп алып, сол шықпай отыр. – Ақ шаш туралы айтпады.

Әйімкүл күйеуінің бір нәрсеге көңілсізденіп отырғанын сезсе де, бірақ ол қандай шаруа деп сұрамады. Содан кейін айтқан:

– Шоңке, олай болса құс аулап шаршаған шығарсыз, үйге кіріңіз, дем алыңыз, – деді сәлден соң.

– Кейін кіремін ғой, маған осылай отырғаным ұнап отыр. Таза ауада, -деді Шоң.

Әйімкүл олай болса Шоңкенді мазаламайын деп орнынан тұра беріп еді, күйеуі оны иғынан басып қайыра отырғызды. Сөз бастаған:

– Әйімкүл, осы сен нешеге келдің? – Бұл сұрақты қоюына әлгі ақ шаш әсер еткен болуы керек.

Шоңның мына сұрағы Әйімкүл көңілінде баяғыдан өле бастаған тоқал туралы күдікті оятып жібергендей болды. Алайда, ол туралы айтпады. Соңғы жылдары ол туралы сөз қозғауды біржола қойған. Басқаша сөйледі.

– Шоңке, сіз шын менің неше жасқа келгенімді білмейсіз бе?

– Ұмытып қалыппын.

Әйімкүл күйеуінің бір айтқан сөзді, жасаған істі ұмытпайтынын жақсы білетін. Соңғы кезде бой көрсете бастаған бас ауруының әсері болар деп ойлаған еді

– Кырық сегізге келдім ғой.

– Екеуміздің қосылғанымызға отыз жылдан асып бара жатыр екен. Дегенмен, әлі жас екенсің ғой.

Мына сөз Әйімкүлге ұнап қалды. Бір жағынан ұнамады.

– Шоңке, қырық сегіз аз емес қой. Бұл кәрілікке бет бұрған кезең.

– Мен, міне алпысқа келіп қалдым. Нағыз кәрілік алпыс жас қой.

– Еркек үшін алпыс кәрілік емес… – Бірақ оны неге айтқанын өзі де түсінбеді Әйімкүл. Содан кейін:

– Солай ма? Шоңке, мен сізді алпысқа келді деп ойлаған жоқ едім.

– Мен де қашан қосылғанымызға мән беріп көрген жоқпын… Мен үшін сен кеше қосылғандайсың. – Бұл сөзде көңіл көтеру, алдау бар екенін ұққан Әйімкүл. Оның көңілінен онша шыға қоймады. Содан кейін айтқан:

– Міне, санап отырсыз ғой.

– Осынша жас өткеніне таңқалып отырмын. – Әйімкүлге ақ шаш туралы айтпады. Шоң түсініксіздеу қылық жасап, маңдайынан бір сүйді де, -жарайды, сен бара бер, мен мына саялы жерде біраз отыра тұрайын, – деді.

Әйімкүл ештеңе деген жоқ, орнынан тұрып кетті. Соңғы кезде байының мінезінде болған өзгерістерді байқап жүр. Тез ашуланып, тез басылады. Сірә, адам жас жеткен сайын, мінезі де өзгереді, бұл қарттықтың келуінің белгісі ғой, соның әсері шығарға тоқтаған Әйімкүл. Уақыт өткен сайын Шоңның мінезді әкесіне ұқсап бара жатқанын байқайтын, балаларына кінә таққыш болып барады. Онысын жақтырмайтын, бірақ қарсы сөз айтпайтын. Әйімкүл орнынан тұрған бойы үйге кіріп кеткен.

Әлгі әйелінің басынан көрген бір тал ақ шаш әртүрлі ойларға шақырып, соның жетегінде кетіп қалған еді Шоң. Неге екенін білмейді, Әйімкүлмен Ақмолада өткізген қызықты күндерін еске алды. Ол расында қызықты да, бақытты жылдар еді. Енді өзіне де әкелерінде болған бас ауруы біржола кіргенін сезген, Әйімкүлде де ыңқыл-сыңқыл пайда болған. Бұл кәріліктің алғашқы белгісі екенін түсінетін. Өткен күндердің әдемі әсерімен біраз отырып қалғанын енді ғана аңғарғандай болды.

Шоң да әйелінің соңынан үйге кіруге орнынан тұра беріп еді, бір атты жігіт атын ойқастатып қасына жетіп келді. Шоңға мына жүрісі ұнамады. Сонда да Шоң үндеген жоқ. Тездетіп жігіттің аты мен өзін шолып өтті. Үстіндегі киімі сәнді, атының ертоқымынан бастап, ат әбзелдері бәрі түгел күмістелген. Әлгі каптап жүрген серілердің бірі боларсың деп, іштей бір түйіп те қойды. Шоңға мына жүрісі, тұрысы ұнамады. Сондықтан қазақ тәртібімен аттан түс, жолың болсын деген сөздер айтпады. Шоң бұрылып жүре берген еді. Жігіт енді ат үстінде ұзағырақ тұрып калғанын түсініп, тездетіп аттан түсіп келіп Шоңға сәлем берді. Шоңның өзі де білмейді, құлағына сәлемі ыңғайсыздау естілді.

– Шоң болыс сіз боласыз ба? – деп сұрады. Шоңға мына сұрағы ерсілеу көрінді, ұнатпай тұрды да, артынша айтқан:

– Иә, мен боламын, үйге кір, – деді. Мына атын біліп тұрған адам алыс жерден, бір даумен іздеп келген адам шығар деп болжаған, содан кейін үйге кір деген. Шоңға сонау Қаржастардан, мына жақта Қаракесектерден, Темештерден бір даудың мәселесін шешуге, ақылдасуға билер, болыстар келіп жататын. Енді сондайлардың бірі болар деп болжаған. Әлгі сөзден басқа түк айтқан жоқ, бұрылып жүре берді. Артынан еріп, жігіт те кірді. Әдетте, Шоң құс аулап келгенде өзінің жазу жазатын бөлмесіне кіретін. Сонда жатып біраз дем алатын. Содан соң іске кірісетін. Артынан жігіт келе жатқан соң оны жасаған жоқ. Қонақ қабылдайтын кең бөлмесіне кірген еді. Артынан жігіт те кірді. Әлі үй иесінен әлгі бір сөзден басқа аузынан сөз шыққан жоқ. Жігіт ренжіп қалды да, жоғары аттамай тұрып қалды есік жақта. Бұлардын артынан іле-шала кірген Әйімкүл:

– Жоғары шығыңыз! – деді.

Әлгіден бері жігіттің көңілінен шыққан сөзі осы «жоғары шық» болды. Бұдан кейін Әйімкүл шығып кеткен еді. Шоң сұрады.

– Қай жақтан боласың?

– Атығай-Қарауыл елінен келе жатырмын.

– Шырағым, тым алыстан жүр екенсің. – Алыстан екенін білгеннен кейін әлгінде кіріп-шығып кеткен Әйімкүлге дауыстап: «Әйімкүл, қымыз әкел» деді.

Шоңның әуелден қалыптасқан әдеті бар еді, келген адамнан не шаруаман келгенін өзі айтпаса сұрамайтын, арада бір күн өткізіп, оның аузынан сөз шықпаса ғана сұрайтын. Жігіттің айтқаны:

– Әдейі, сізбен кездеспекші болып, алыстан іздеп келдім.

– Оның дұрыс екен. – Шоң көңілден шықсын-шықпасын, сөзін осылай «оның дұрыс» екенмен бітіретін. Дегенмен, жігіт туралы ойда отыр еді. Ел шаруасына араласуға тым жастау екен, сірә, бір қыз іздеп жүрген жігіт боларсың деген ойға тоқтаған еді. Талай жігіттер мен олардың әкелері: «Шоңке, анау пәленше сөз тыңдайтын емес, қызы көңілін бөліп тұр, содан бірдеңе айтыңыз» деп келетін. Мына жігіт алыс жақтан келіп отыр. Қандай оймен келгенін білмейді. Әкесі бір шаруамен жіберген шығарға және тіреген. Дегенмен, мына жігіттің не шаруамен келгенін әлі білмей отырған. Әлгінде ат үстінде тайталақтап тұрғаны да ұнамай қалған. Бір мықты бидің, байдың баласы боларға тоқтаған еді.

Осы кезде Әйімкүл қымыз әкеліп алдына қойды. Шоңға піскен сүт әкелген. Соңғы кезде қан қысымым көтеріліп кетеді деп, Шоң қымыз ішуді қойған. Ішсе де бір сағына ішетін. Әйімкүлдің келген адамдар алдына қымыз қойғанда, Шоң алдына сүт қоюы әдетке айналған. Елдің бірі де оның сүтке көшкенін білмейтін. Үй іші адамдары, Әлсен тәрізді көңілі жақын адамдар ғана білетін… Содан келген адамға қымыз іш деп, өзі де сүтті ұрттап қойып отыратын. Бірақ сүтті де көп ішпейтін. Шөлдегенде болмаса ыдысын тауысып ішпейтін.

Жігіт бұл жаққа бара жатқанда жол сілтеген адамы айтқан, Шоң мінезді кісі, ұнатпаған адамын қабылдамай да қояды деген. Әуелінде солай ма деп қалған жігіт, үй иессінің өзіне көзқарасы қалай екенін білмей отырған. Үй иесінің көңілін тапқысы келді ме, анадай жерде тұрған домбыраны алып қымыздан екі-үш ұрттағаннан кейін домбырасының құлақ күйін келтіріп, шерте бастады. Мына шертісінен-ақ жігіттің бір мықты домбырашы екенін байқап қалды. Шоң жас болсын, кәрі болсын бірінші кездескен адамына «сіз» деп сөйлейтін. Қазір де сол әдетімен сөйлеп отыр еді.

Читать дальше
Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать


Қанат Жойқынбектегі читать все книги автора по порядку

Қанат Жойқынбектегі - все книги автора в одном месте читать по порядку полные версии на сайте онлайн библиотеки LibKing.




Ел Шоңы. Бесінді. III кітап отзывы


Отзывы читателей о книге Ел Шоңы. Бесінді. III кітап, автор: Қанат Жойқынбектегі. Читайте комментарии и мнения людей о произведении.


Понравилась книга? Поделитесь впечатлениями - оставьте Ваш отзыв или расскажите друзьям

Напишите свой комментарий
x