Қанат Жойқынбектегі - Ел Шоңы. Бесінді. III кітап

Тут можно читать онлайн Қанат Жойқынбектегі - Ел Шоңы. Бесінді. III кітап - бесплатно ознакомительный отрывок. Жанр: Историческая проза. Здесь Вы можете читать ознакомительный отрывок из книги онлайн без регистрации и SMS на сайте лучшей интернет библиотеки ЛибКинг или прочесть краткое содержание (суть), предисловие и аннотацию. Так же сможете купить и скачать торрент в электронном формате fb2, найти и слушать аудиокнигу на русском языке или узнать сколько частей в серии и всего страниц в публикации. Читателям доступно смотреть обложку, картинки, описание и отзывы (комментарии) о произведении.

Қанат Жойқынбектегі - Ел Шоңы. Бесінді. III кітап краткое содержание

Ел Шоңы. Бесінді. III кітап - описание и краткое содержание, автор Қанат Жойқынбектегі, читайте бесплатно онлайн на сайте электронной библиотеки LibKing.Ru
Бұл кітап тектінің ұрпағы, Шоң Телқозыұлының өмірде қалдырған ізгілік, өмірі жайлы. Жазушы Қанат Жойқынбектегі «Ел Шоңы» деп аталған көп томдық романында Шоң Телқозыұлы туралы ел аузында сақталып жүрген естеліктер негізінде осы кітапты жазып отыр.Мазмұны тартымды кітап қалын оқырман қауымға арналады.Бұл еңбегімді осы кітаптарда аты аталған аруақтардың рухына бағыштадым. – Автор

Ел Шоңы. Бесінді. III кітап - читать онлайн бесплатно ознакомительный отрывок

Ел Шоңы. Бесінді. III кітап - читать книгу онлайн бесплатно (ознакомительный отрывок), автор Қанат Жойқынбектегі
Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать

– Мына сөзіңізге әлі де түсінбей отырмын…

– Ана орыстың патшасы Петр деген шет елге барып кеме жасауды үйренген. Солардың тәжирібесін қабылдап, сен де қасыңа тілінді алатын өзің тәрізді жігіттерді ертіп алып шет елге барып білгірлерінен үйрен. Сен де батыс елдеріне немесе Қытайға шығып кетіп қару-жарақ істеуді меңгер. Есіңде болсын, әр уақытта білімділер ғана жеңеді.

– Ол ақылды өз балаларыңызға айтпайсыз ба?

– Менің балаларымның қолынан ондай өнер келмейді. Олардың шығар биігі маған белгілі, сондықтан айтпаймын. Ал сенің талабың күшті екен. Өзің айтқан іске шын берілген екенсің. Сен үйреніп келіп, он адамды үйретсең, ол жиырмасын үйретсе, біртіндеп қазақ сол өнерді меңгереді. Сонда ғана қазақ орыстармен теңеледі. Ал қазіргідей үйде отырып шіренгеннен түк шықпайды.

– Сонда қазақтың сіз айтқан жолымен үйренгенше қанша заман керек?

– Одан басқа амал жоқ, жүз жыл өтер, мың жыл өтер, өнері күшейіп, халық саны молайғанда ғана қазақ дүние жүзіндегі тәуір елдердің қатарына қосылады. Сонда ғана басқалар қазақтың сөзін тыңдайды.

– Қазақ осы бір жиырма жылдың ішінде өз алдына ел болуы керек.

– Сен қиялға берілген жігіт екенсің, күшейіп келе жатқан орыс сені ол жағдайға жібермейді.

– Оған қанша жыл керек екенін білмейсіз бе, сол айтқан уақытқа дейін қазақтың қазақтығы сақталады деймісіз? Қазақ біржола құрып кетеді. Бәрі орыс болады.

Жігіттің манадан бері айтып отырған сөздерінің ішіндегі Шоң көңілінен шыққаны сөзі осы еді. Дәл төбесінен түсіп айтып отырғанын білді. Өз қаупі сол еді. Ертеңгі күні орыс тілі кіріп, тілін ұмытып елдің бәрі орыс болып кете ме деген кауіп өзінде де бар еді. Мына сөз тура сол ойының үстінен шыққандай болды. Сөзі таусылып қалғандай болды да, «білмеймін» деп шынын айтты.

– Сіз кімге қызмет етіп отырғаныңызды білесіз бе? – деді жігіт. – Сіз патшаға еңбек етіп отырсыз. Оның билігінің өркендеуіне қазақ жерінде жағдай жасап келесіз.

– Бауырым, мына сөзің тым артықтау, мен өз еліме еңбек етіп жүрмін. Халықтың бірлігін сақтауды, бірімен бірінің алакөз болмауы жайын ойластырамын. Басқа менің қолымнан келер шаруа жоқ.

– Сонымен қоса патшаға да қызмет істеп отырсыз ғой.

– Оны жасамасам, мені болыстықта бір күн де ұстамайды.

– Ондай болыстықтың қажеті қанша?

– Аз да болса ауылдастарыма көмегім тиетінін сеземін.

– Кенесары сіздейлердің кесірінен жеңілді.

– Бүкіл қазақ қолдаса да Кенесары бәрібір орыстарды жеңе алмайтын еді. Бір мылтықтың аузына мың адам сияды. Сен оны ұмытпа!

– Мен сізге үлкен үмітпен келіп едім, сіз менің көңіл-күйімді түсіріп тастадыңыз.

– Мен саған басқа не айтамын, шындықты айтып отырмын…

– Анау тау арасындағы шешен, дағыстан деген халықтар жүз жылдан бері орыстармен соғысып келеді дейді. Әлі жеңілген жоқ көрінеді. Орыстар Кенесарының бес-алты жыл ішіне быт-шытын шығарды. Оларды әлі жеңе алмай келеді, Шәміл деген елбасымен келіссөз жүргізіп, оған бостандық беріпті. Ал қазақтың ханы Кенесарының басын кесіп алды…

– Сен олармен қазақтардың жағдайын саластырма. Олар тау ішінде тұратын халық. Орыстай емес, тау жағдайында соғысуға үйренген халық. Олар әрқайсы тау арасында соғысуды жақсы меңгерген. Қайда жасырынып, соғысатынын жақсы түсініп алған. Қажет уақытында жасырынып қалады. Шәмілді босатқанда оған жаны ашып жіберген жоқ, ертеңгі күні оны өлтірсе соғыс тағы бір жүз жылға созылатынын білді. Орыстардың ол жерден кеткісі келмейді. Орыстардың әдісінде енді оларды алдап-сулау бар. Сондықтан анау ел басқарған адамын босатты да, оны Араб жеріне қаңғытып жіберді. Оның өз колында билігі болса, оны жасар ма еді. Жасамайды. Амалсыздан кетті. Ал біздің жағдайымыз қалай, кең дала, бәріміз мылтықтың аузында тұрмыз. Сен, бауырым, тау мен кең жазықтағы соғысты салыстырма. Мұнда орыстың ауқымы кең, алып да, шалып да жеңеді. Қырғыздарға Кенесарыны өлтіртуі – егер бас көтерсеңдер, сендерге де Кенесарыға қолданған жағдайды жасаймыз дегенді еске салып отыр. Мына казак-орысты іргеге алып келді. Оларға патша билікті беріп отыр. Түбінде жерімізді соларға алып беруі мүмкін. Өзің айтып отырсың. Бурабайдың айналасына казак-орыстар қоныстанып алды дейсің. Бұл бастамасы ғана. Ертең не болатынын патша мен соның маңайында отырғандар ғана біледі.

– Қазақта бірлік жоқ. Сондықтан жеңіліп отыр.

Мына сөзді өзіне сілтеп айтып отырғанын Шоң білді. Бірақ басқа тұрғыдан сөйледі.

– Бауырым, бірлікке орыстар жібермей отыр ғой. Елдің бәрі сен тәрізді саналы болса, жағдай басқа болар еді. Онда орыстар бізбен басқаша сөйлесер еді. Қасыңда отырған Абылай хан тұқымының өзі екі түрлі сөйлейді. Сен қандай бірлікті, саналылықты айтып отырсың?

– Ел мақтап жүрген адамның бірі сізсіз ғой. Сіздің айтып отырғаныңыз мынау, қандай саналылық болуы мүмкін, елдің тәуірлерінде?

– Бірақ сенікі көзсіз саналылық. Мына ойыңмен қазақты жақсылыққа апармайсың, керісінше жамандыққа итересің.

Жігіт Шоңның мына сөзіне қатты ашуланып қалды:

– Дегенмен, өз халқыма мен сізге карағанда адалмын. – Жігіт киіне бастады.

– Ол рас, сенде әлі басылмаған жастық қайрат бар. Мынауың соның әсері, түбінде басылады. Жігермен қатар ақыл керек. Сенде сол жағы жетіспей жатқан тәрізді…

Жігіт Шоңның мына сөзіне тіптен қатты ашуланған сияқты. Орнынан тұрды да шығып кетті үйден. Жігіттің әлгі сөздері қатты ұнап қалған, Шоң артынан бірге шыққан. Риза атын шөпке байлап қойған екен. Ашулы жігіт атына ертоқым сала бастады.

Артынан келген Шоң айтқан:

– Бауырым, неге асықтың, бүгін қонбадың ба? Мен жоғары жаққа хат жазып берейін. Менің қолымда басқа түк жоқ.

– Біздің жақта сіз тәрізді орысша оқыған талай төре адамдар бар. Солар да талайын жазды, ешқандай нәтиже жоқ. Мен сізден заңды көп біледі деген соң бірдеңе үйренейін деп келіп едім, сіз болмайтынды айтып, елді шатастырады екенсіз. Сіз законды жақсы біледі дейді, кайдағы закон, мына саясатыңызбен орысты жақтап үгіт айтасыз.

– Сенің саясатта не ақың бар?! Қазіргі таңда сенің қолыңнан ол келмейді. Бәрін қой да домбыраңды айналдыр. Сонда сенің халқында берер пайдаң әлдеқайда көп болады.

– Сіз маған ондай ақыл айтпаңыз, немен айналысатынымды өзім білемін…

– Мен сені әуеліде саналы жігіт пе деп қалып едім, сен санасыз екенсің. Сөзге түсінбейсің. Менің саған айтар кеңесім, «закон алды арт қысқан». Осыны есіңге мықтап ұста, – деп Шоң айналып жүріп кетті.

Шоңның мына сөзіне ыза болған жігіт сәл тұрды да, атына мініп ол да Ақмола жақты бетке алып жүріп кетті.

Шоң далада біраз жүрді. Әлгі жігіттің сөзіне ыза болса да, ел қамын ойлап жүргендігіне риза болып келе жатты. Сонау Көкшетаудан ақыл сұрауға өзіне келіпті. Санасында бірдеңе бар екенін білді. Ойға беріліп ұзақ жүрді.

Читать дальше
Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать


Қанат Жойқынбектегі читать все книги автора по порядку

Қанат Жойқынбектегі - все книги автора в одном месте читать по порядку полные версии на сайте онлайн библиотеки LibKing.




Ел Шоңы. Бесінді. III кітап отзывы


Отзывы читателей о книге Ел Шоңы. Бесінді. III кітап, автор: Қанат Жойқынбектегі. Читайте комментарии и мнения людей о произведении.


Понравилась книга? Поделитесь впечатлениями - оставьте Ваш отзыв или расскажите друзьям

Напишите свой комментарий
x