Қанат Жойқынбектегі - Ел Шоңы. Бесінді. III кітап

Тут можно читать онлайн Қанат Жойқынбектегі - Ел Шоңы. Бесінді. III кітап - бесплатно ознакомительный отрывок. Жанр: Историческая проза. Здесь Вы можете читать ознакомительный отрывок из книги онлайн без регистрации и SMS на сайте лучшей интернет библиотеки ЛибКинг или прочесть краткое содержание (суть), предисловие и аннотацию. Так же сможете купить и скачать торрент в электронном формате fb2, найти и слушать аудиокнигу на русском языке или узнать сколько частей в серии и всего страниц в публикации. Читателям доступно смотреть обложку, картинки, описание и отзывы (комментарии) о произведении.

Қанат Жойқынбектегі - Ел Шоңы. Бесінді. III кітап краткое содержание

Ел Шоңы. Бесінді. III кітап - описание и краткое содержание, автор Қанат Жойқынбектегі, читайте бесплатно онлайн на сайте электронной библиотеки LibKing.Ru
Бұл кітап тектінің ұрпағы, Шоң Телқозыұлының өмірде қалдырған ізгілік, өмірі жайлы. Жазушы Қанат Жойқынбектегі «Ел Шоңы» деп аталған көп томдық романында Шоң Телқозыұлы туралы ел аузында сақталып жүрген естеліктер негізінде осы кітапты жазып отыр.Мазмұны тартымды кітап қалын оқырман қауымға арналады.Бұл еңбегімді осы кітаптарда аты аталған аруақтардың рухына бағыштадым. – Автор

Ел Шоңы. Бесінді. III кітап - читать онлайн бесплатно ознакомительный отрывок

Ел Шоңы. Бесінді. III кітап - читать книгу онлайн бесплатно (ознакомительный отрывок), автор Қанат Жойқынбектегі
Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать

– Шоң, сен қалай-қалай сөйлейсің? Бұл Қараағаш сонау Жанкелді заманынан бері біздікі. Оған ешкімнің дауы жоқ.

– Сол Жанкелді әкеміз қаншаға сатып алған екен?

– Ол кезде жер сату болған жоқ. Әуелден Құдайдан бұйырған жер.

– Одан бері қанша заман өтті. Орыс келді де жаңа заң шығарды. Енді ел жердің құндылығын түсіне бастады. Анау патша да соны біліп, жердің бәрі менің меншігім деп отыр. Біз соның айтқанын түсініп, сол шығарған заңға бағынумыз керек. Сіз оны есіңізден шығармаңыз. Ертеңгі күні болыстың баласы ананы жасап отыр деп, басқалар да соны жасайды. Сонда мен не айтамын? Менің балама болады, сендерге болмайды деймін бе?

Телқозы бұдан кейін Шоң сөзін тыңдаған жоқ. Ренжіп үйден шығып кетті. Сыртта жүр еді, Оспан келді. Оған Телқозы:

– Әкең келіп отыр, Ана Естайға жерді тегін бердің бе?

– Көке, келісім бойынша саууға одан бір сүтті бие алғанмын. Құлыны өскен соң өзіне қайтып беремін, күзге қарай… Оны өзіңізге айттым ғой.

– Ана әкең дау шығарып отыр. Ол әбден ана орыстардың айтқанын қалт жібермей орындауға үйреніп алған. Сен оған ондай шаруаны сездірме. Елдің бәрі отырған жерін ата жолымен ие болып пайдаланып жатыр. Егер сенен бие алдың ба десе, алған жоқпын де. Ешкім де өз жерін тегін беріп жатқан жоқ. Әкең айта берсін, оныкі бос сөз.

Шоң не істерін білмей отырғанда Оспан кірді үйге. Оңашада екеуден екеу қалды, Шоң сөз бастаған еді.

– Сен мені неге алдайсың? Ана Тама байының шабындыққа берген жылқысын қайтармапсың ғой.

Оспан үлкен әкесінің сөзіне байланыстырып өтірік айта алмады. Мына әкесі біліп, келіп әдейі сұрап отырғанын білді.

– Мен апарып бергем, ол алмады.

– Сен апарып бергенде ол жерден шөп шаппа деген болуың керек. Сондықтан алмай отыр.

Шоңның Оспанға ашуы қара қазандай еді. Отыра алмады, үйден ашуланып шығып кетті. «Мынау әбден өсіп, жетілген екен. Әкесі, менің сөзімді де тыңдамайтын болыпты» – іштей таусыла сөйледі, өзінен-өзі.

Осыдан кейін Оспан үйіне бас сұғуды қойды. Қазақ тәртібімен қысқы соғым кезінде түысқандар бір-бірін соғымға шақыратын. Сол жылы Шоң соғымға Оспанды шақырмай қойды, өзі де бармаған. Әке мен бала арасында бір шатақтың болатынын Әйімкүл біліп жүрді. Бірде оңашада айтқан Шоңға:

– Шоңке, балаға ренжіп қайтесіз?

– Ол қайдағы бала? Балаңның неше жасқа келгенін білемісің? Барып тұрған дүинеқоңыздың өзі. Ол менің сөзімді тыңдамайды. Сонда кімнің сөзіне тоқтайды. Ертеңгі күні бұның арты не болады?..

Шоңның қатты ашулы екенін білді де Әйімкүл сөзі таусылғандай, отырып қалған еді. Қыс өтіп, көктем келді. Жаз туды. Бұл уақыттын ішінде Шоң Оспан үйінің есігін бірде бір рет ашқан жоқ еді. Оспанның үшінші баласы Әлкен туды. Жаздын бір тамаша күні болатын. Қасында әйелі Несіпберлі бар Телқозы келді.

– Шоң, сен балаға өкпелеме, тағы бір ұрпағымыз өмірге келді, барып құтты болсын айтайық, – деді. Шоң ақыры, мына сөзге қуанып, әкесінің сөзін аяққа жықпай, көңілі үшін барған еді. «Және бір ұрпағымыз өмірге келді» деген сөзден соң отыра алмады. Оспан бұл кезде жазғы жайлауда отырған еді.

Шоң күтпеген жағдайдың үстінен шықты. Оспан мен шабуға жер алған Тама байы дауласып отыр екен. Шоң үйге кірмей, екеуінің сөздерін жабықтан тыңдап біраз тұрды. Оспан:

– Сіз келісімді неге ұмытасыз? Мен жердің шөбін шабуға бір жылға ғана бергенмін…

– Сен бір жылға дегенді айтқан жоқсың. Шамаң келсе ыңғай шауып ал дегенсің. Әлгінде көрдім, менің берген бием тағы құлындапты. Олай болса құлынын қайтар! Жаңа көрдім, желіде байлаулы тұр. Бір жыл саудың, енді жетеді. – Сөзінің аяғын да әлгі кісі дауысын көтере бітірді: – Әй, Оспан, әкең болыс болған соң маған күш көрсетіп отырсың ғой. Екі сөйлемей, сөзде тұру керек қой!

Үй ішінде сәл тыныштық бола қалды. Киіз үйдің жабығынан тыңдап тұрған Шоң ішке кірді. Баласына қатты ызалы еді. Бір сөзді бастай беріп, әкесін көріп, Оспан сөзін кілт тоқтатты. Шоң сөзге араласып кеткен болатын:

– Әй, Естай, ондай болса ол жылқыңды құлынымен алып кет!

– Мен неге беремін, бір жыл бойы менің жерімнен шөп шапты, – деді Оспан.

– Шоңке, мен берген биемді алмаймын. Бірақ әділіне қарай жүгіну керек. Мына балаңыз биыл жер бермеймін деп күш көрсетіп отыр. Осынысы дұрыс па? Сіз Оспанға әке ғана емессіз, сөзіңізді ел тыңдайтын, әділін айтатын болыс адамсыз!

Әлгінде құлынын алып, биені қалдырамын деп отырған бай енді биені алмайтынын айтып құбылып сөйлеп отыр. Шоң Естайдың мына сөзіне ренжіп қалды да:

– Жер Оспандікі емес, сенің сөзіңді де дұрыс демеймін. Қазір биеңді ал да құлынымен, көзіме көрінбей кетші өзің!

Бұдан кейін Естай ләм деместен шығып кетті. Оспан әкесінің сөзінен кейін үндемей қалған болатын. Әкесі бір сөз бастай бергенде, ол да шығып кетті. Әлден уақытта сыртта жүрген адамдардың бәрі үйге кірді, дастарханға отырды. Оспанның әйелі дәу тегенеге толы қымыз әкеліп, елге қымыз құя бастады. Сырттағы жұмыстарын реттеген болуы керек, үйге Оспан да кірді. Шоң алдына қойылған қымызды ішпей, әрірек итеріп қойды.

– Неге итересің? – деді Телқозы.

– Бұл қымызда әлгі Естайдан алған биенің де сүті бар шығар. Сондықтан ішпеймін…

– Ол жерден әлгі Тама бір жыл бойы шөп шапқан.

– Ол жер сенікі емес. Сен заңсыз сауда жасап отырсың, Оспан! Саған бие берген ана Естайдың ісі де арам жұмыс. Екеуіңдікі де дұрыс емес.

– Қалай менікі кисық? Атам заманнан бері Жанкелді бабам, одан кейін Зейнет әкем, одан соң көкем пайдаланып келген. Ал енді мен неге пайдаланбаймын? – Бұл сөзді үлкен әкесі Телқозының аузынан естіген еді алдында Оспан. Жүзінде ашу болатын. Шоң баласының мына сөзімен өзіне мінез көрсетіп отырғанын жақтырмады. Ашулы сөйледі:

– Ол жер Тамаға да, Аралбайға да, Ерназарға да ортақ. Сондықтан жеке иемденуге сенің құқың жоқ.

– Осы Шоң ойламаған жерден қайдағы жоқ бір тәртіпті шығарады да отырады, – деп Телқозы реніш білдірді.

Шоң әкесінің осы арада араласып отырғанын жақтырмай орнынан тұрып кеткен. Оның ашуы басылғанша сыртта біраз жүріп келетін әдеті бар еді. Соған орай Әйімкүл де, басқалар да мән бермей үйде отыра берді.

Шоң сыртқа шығып қараса, биелерді екі-үш әйел сауып жатыр екен. Шоң сауушылардың бірінен Естайдың биесі қайсысы екенін сұрады. Биелерді идіріп жүрген жігіт Естай берген биені көрсетті. Алдыңғы жылғы жабағысымен биылғы құлыны қасында тұр екен. Шоң бие саудырып жүрген жігітке айтты.

– Мына биені менің жетегіме байлап бер, – деді. Ол Шонның айтқанын екі етпей жасаған болатын. Шоң биені алып жүріп кетті. Үйдегілер бұны білмей отыра берді. Шоң жетегінде бие мен оның соңына ерген жабағысы, құлыны бар, Естай шөп шауып жатқан жерге келді. Жиырма шақты жігіт шалғыларын еркін сілтеп жатыр екен.

Алдында Естаймен Оспан екеуі келісіп, бұл биені тастап кеткен. Шоң келгенде анадай жерде, шалғышылардың жұмысын сырттай бақылап, Естай отырған. Шоңның жетегіндегі өзінің құлынды биесін көріп, бір шатақтың туындап кеткенін сезгендей болды. Сасып қалған сыңайы бар. Орнынан тұрды.

Читать дальше
Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать


Қанат Жойқынбектегі читать все книги автора по порядку

Қанат Жойқынбектегі - все книги автора в одном месте читать по порядку полные версии на сайте онлайн библиотеки LibKing.




Ел Шоңы. Бесінді. III кітап отзывы


Отзывы читателей о книге Ел Шоңы. Бесінді. III кітап, автор: Қанат Жойқынбектегі. Читайте комментарии и мнения людей о произведении.


Понравилась книга? Поделитесь впечатлениями - оставьте Ваш отзыв или расскажите друзьям

Напишите свой комментарий
x