Қанат Жойқынбектегі - Ел Шоңы. Бесінді. III кітап
- Название:Ел Шоңы. Бесінді. III кітап
- Автор:
- Жанр:
- Издательство:неизвестно
- Год:неизвестен
- ISBN:9785005549495
- Рейтинг:
- Избранное:Добавить в избранное
-
Отзывы:
-
Ваша оценка:
Қанат Жойқынбектегі - Ел Шоңы. Бесінді. III кітап краткое содержание
Ел Шоңы. Бесінді. III кітап - читать онлайн бесплатно ознакомительный отрывок
Интервал:
Закладка:
– Шоңке, Оспанмен келісіп едік қой, неге әкелдіңіз?
– Сен де, Оспан да адам емессіңдер. Жер сенікі де, Оспандікі де емес…
– Енді кімдікі? – деді Естай аузына басқа сөз түспей.
– Бұл жердің билігі оязда, қазақ жерінің билігі патшаға көшкен. Қазақтан жер билігі баяғыда кеткен. Мықты болсаң, ояздан ұрықсат алып кел!
Шоңның мына сөзінен Естай қорқып қалды да, оған сен кет деп айтып тұрғандай естілді:
– Сіз осы жерде отырған ояздың өкілі емессіз бе? Дұрыстап айтпайсыз ба? Мен тегін шауып жатқан жоқ. Ақысына бір бие бердім.
– Мен сендердің бұл арам шаруаларыңды қолдамаймын.
– Біз Оспан екеуіміз келістік қой. Шоңке, енді дау тудырғанның қажеті қанша?
– Қазір шалғыларыңды алыңдар да, кетіңдер.
Естай сөзі таусылғандай тұрып қалды да, біраздан соң барып тіл қатты:
– Шоңке, сіз балаңызды жақтап тұрсыз ғой.
– Екеуің де адам емессіңдер. Осы жерді саудаламай-ақ, келіспейсіңдер ме?
– Шоңке, бұл арада менің кінәм жоқ. Оспан мына сүтті биенің тұқымын сұраған соң, беріп едім.
– Сен берсең, есеппен беріп отырсың. Шын көңілден беріп отырған жоқсың. – Шоң биені қалдырды да кетіп қалды. Сол бойы үйіне тартып кеткен еді.
Әлгінде Шоңның сыртқа шығып кеткеніне бірталай уақыт болды. Әйімкүл шыдай алмай сыртқа шықты. Үй маңайында Шоң көрінбейді. Мінген аты жоқ. Содан кейін бие сауып жатқан адамдардан сұрады. Әлгі жігіт:
– Шоңкең Естайдың биесін алып кетіп қалды, – деді.
Әйімкүл бір жайсыз күйге түсіп үйге келді. Келе баласына ренжи сөйлеген:
– Шоңкең ауырып жүргенде ыңғай бүлдіресің де жүресің.
Оспан не дерін білмей отырып қалды. Үйде отыра алмай, сәлден соң тысқа шығып кеткен. Телқозы Әйімкүлдің сөзін тыңдап отыра берген еді. Әлден кейін айтқан болатын:
– Әйімкүл, сен еркектердің жұмысына араласа берме! – Атасының әлгі сөзін жақтырмай қалса да, қазір бірдеңе айтса сөз көбейіп кететінін біліп, Әйімкүл де үндемеген жоқ.
Оспан биені идіріп жүрген жігіт аузынан болған жайдың анық-қанығын білгеннен соң, бір мазасыздыққа түскен еді. Есік алдында не істерін білмей жүрген. Әлден уақытта Естай келді. Жетегінде әлгі бие бар, қасында жабағысы мен құлыны еріп жүр. Естай сөз бастады:
– Оспан, келісіп едік ғой, мынауың не?
Іштен шыққан Телқозы сөзге араласты:
– Әй, Естай! Шоң енді өз айтқаны болмаса болмайды. Сен екеуің осы сауданы қойыңдар…
Оспан Телқозыдан асып кете алмады.
– Жарайды, сол араны шаба бер. Кейін құлыны тай болғанда маған бересің. Қазір алып кет. Бірақ мұны біреуге айтушы болма. Әкемнің құлағына жетсе, тағы да дау шығарады. Ешкім білмесін!
Ақыры Оспанның мына сөзіне Естай келісіп, кеткен болатын. Сол жерлерді бұрынғы қалпынша шаба берді. Арада біраз күн өткен соң қолдарында шалғылары бар, бес-алты адам жетіп келді.
– Сендерді кім жіберді? – деп сұрады Естай.
Бұлар Аралбай ауылынының адамдары болатын. Олар «Шоңнан шөп шабатын жер сұрап барған едік, содан осы жерге жіберді» дегенді айтты.
Естай тұрып:
– Алдыңғы күні ғана Оспанмен келісіп, бұл жерді мен алғанмын.
– Шоңкең бізге де осы жерден шөп шабыңдар деді.
– Мен ше сонда? – деді Естай.
– Сіздер де шаба беріңіздер, біз де шабамыз. Шоңкең солай деген.
Өрт
Шоңды көптен бері Ақмола жақтан ешкім де мазаламайтын. Карбышевтің сонау Санкт-Петербургте ата қонысы мәселесімен жүргеніне талай уақыт болған. Казак-орыстар алар жылқыларын алып кеткен соң, Шоң үйінде жатқан. Жазуға берілген, күндіз-түні жазу үстінде еді. Ешкім оны мазаламайтын.
Әйімкүлдің қасына бармай сол жазу бөлмесінде жатып қалуды әдетке айналдырған. Әйімкүл де бұрынғыдай келіп оятып, төсекке жат деп айтуды да қойған. Басы ауырып жүрген соң аяйды, мазаламайды. Қасына немерелерінің бірін алып жата кететіні бар. Шоңмен бірге тұратын Ахметжан әйелі-балаларымен бірге есік алдына құрылған киіз үйде жататын жаз айларында.
Жаңа үй салып алғаннан бері Шоң басқалардай жайлауға көше беруді біржола қойған. Әйімкүл осы қысқы қоныста отырғанды ұнатпайтын. Дегенмен сол қысқы қоныста жаз бойы отыра беретін. Бұл жағдай Шоңға да көшіп жүре беруді енді біржола ұмыттырғандай еді. Басқаша айтқанда, орыс тәртібіне Ақмола уезінде бірінші көшкен Шоң болатын.
Соңғы жылдары Шоң жазуге тіптен беріліп кеткен еді. Бүгін Шоң түннің біраз уақытына дейін жазу жазып, өзінің жазу бөлмесінде отырып қалған. Түн жарымына жақындап қалған кез. Кенет терезе қатты қағылды. Тура Шоңның өзі отырған бөлменің терезесі болатын. Ана жақтан: «Өрт, өрт!» деген дауыс бірнеше рет қайталап шықты. Ай жарық болатын. Шоң келіп терезеге үңілген. Өздерінің баяғыдан сиырларын сауып жүретін көрші әйелді бірден таныды. Жүгіріп тысқа шыққан.
Біраздан бері жауын болмаған. Кеуіп тұрған ағаш үй лапылдап жанып жатыр екен. Қонақ бөлмесі жағы жартылай өртеніп кетіпті. Жаз айларында ілуде-шалуда ғана болмаса үй ішіндегі қазандыққа от жағылмайтын. Жаз айларында тамақты есік алдындағы жерошақта дайындайтын. Ал мынау үйден шығып жатыр. Қонақ бөлмесінен басталған. Шоң не істерін білмей тұрып қалды. Біреудің әдейі жасағанын бірден білді. Ауылда бұлардан оқшаулау отырған оншақты жалшы үйінен басқа ешкім тұрмайтын. Үш ұйықтаса олар өртейді деген ойына келмеді. Әр рудан болғанымен, туысқандай болып кеткен адамдар. Әйімкүл көңілінен шыққан адамдарды үйге жақын жерге қоныстандырған болатын. Әлгі терезе қаққан әйел ссік алдына тұр екен. Шоң одан сұрады:
– Сен ешкімді көрмедің бе?
– Біздің үй жақтан екі адам өткен. Дәу де болса солар болар. – Әйел осыны айтты да кетіп қалды. Шоң оны мазалаған жоқ.
Бұл күні Ахметжан да ауылда жоқ еді. Шоң кайыра ішке кіріп, жазып жатқан қағаздарын жинап, Әйімкүлді оятып, далаға шығарды. Бұл кезде өрт үйдің бір жағын түгел қаптаған еді. Кеуіп тұрған ағаш қабырғалар сіріңкедей тұтанды. Шоң бар амалы таусылғандай, қарап тұрып қалған. Әйімкүл жүгіріп барып, айналадағы жалшыларды оятып әкелген болатын. Бұл кезде үйді түгел өрт шалған. Бұл маңайда жоқ, сәулетті үйдің таң ата орыны ғана қалған еді. Біреулердің әдейі өртегеніне сөз жоқ екенін білді. Өзіне өш, реті келсе аянбайтын адамдарын түгел ойдан өткізді. Біріне тоқтай алмаған. Көңілі айтады, көзің көрмей біреуді кінәлауың ғайбат болады дейді. Қасында тұрған Әйімкүл тура ойының үстінен түскендей етіп айтты:
– Шоңке, сізге ренішті адамдардың біреуінің шаруасы ғой бұл.
– Оны өзім де біліп тұрмын. Сонда кім деп ойлайсың?
Әйімкүл бес-алты адамның атын атап еді, біреуі де Шоң ойынан шықпады. Есік алдындағы киіз үй ішінде немерелері мен Ахметжанның әйелі жатқан. Ұйқысы шала болған Әйімкүл солардың қасына барып жатып қалды.
Шоң ойға беріліп, есік алдында біраз отырды. Ол ақыры бір қорытындыға келген еді: мынау әнеукүнгі казак-орыстарға аттарын берген адамдардың шаруасы деп болжаған. «Мал ашуы – жан ашуы» дегендей, мұны жасап жүрген солар. Бірақ ешқандай дәлелі жоқ, кімді кінәлайды. Шоң әдетінше үй маңында біраз жүріп, өртті көрген әйелдің үйіне келді. Ол есік алдында отыр екен. Шоң одан сұрады:
Читать дальшеИнтервал:
Закладка: