Қанат Жойқынбектегі - Ел Шоңы. Бесінді. III кітап
- Название:Ел Шоңы. Бесінді. III кітап
- Автор:
- Жанр:
- Издательство:неизвестно
- Год:неизвестен
- ISBN:9785005549495
- Рейтинг:
- Избранное:Добавить в избранное
-
Отзывы:
-
Ваша оценка:
Қанат Жойқынбектегі - Ел Шоңы. Бесінді. III кітап краткое содержание
Ел Шоңы. Бесінді. III кітап - читать онлайн бесплатно ознакомительный отрывок
Интервал:
Закладка:
– Сен мына істі мойындап емес, менен қорыққаннан жасап отырған адамға ұқсайсың. Мен анық-қанығына жеткен соң, сені шақырып айтып отырмын. Тағы да айтамын, сен оған түсін. Сен өзің келіп, әдейі өртеген жоқсың. Бірақ сен жұмсаған адамдар жасады. Дұрыс айтасың, екеуміздің сот алдына барғанымызды естіген жұрттан ұят. Сені мен дұрыс түсініп отырсың. Мен сені сот, билер алдына апарып әуре етпейін. Сені де, мені де ел ертеңгі күні мазақ етеді. Оған бармай-ақ қояйын. Сен мына өртеніп кеткен үйді қалпына келтіріп бер, күз түскенше.
Әлпейіс әлде де анық-канығына жеткісі келіп:
– Шоңке, тура мені мойындатқандай етіп сөйлеп отырсыз. Мен әлгі сөзді ұялғаннан айтып отырмын. Олай болса, алдымен мен жұмсаған адамды әкеп көрсетіңізші.
– Сен одан түк ұтпайсың. Қажет болса уақытында ол да болады. Оны қажет етсең, мен оларды тура сот алдына шақырамын. Қазір ел алдында көрсетіп оларды әшкерелегім келмейді. Жұрт алдында оларды ұялтқым келмей отыр.
– Шоңке, сонда да құрып кеткенде атын айтыңызшы…
– Оның аты неге керек саған? Кім екенін өзің білесің, – Шон қазір барып соны кінәлағалы отырғанын білді. – Сен оған барып тиіссең, шаруа басқаша бет алады. Біліп отырсың ба? Ең дұрысы, жабулы қазан жабулы қалсын істегім келеді. Мен ешкімге айтпаймын. Үн-түнсіз үйді қайыра салып бер.
Әлпейіс Шоңның бәрін біліп отырғанын білді. Бұдан кейін үндеген жоқ, орнынан тұрып үйден шығып кетті. Шоң оны тоқтатқан жоқ. Түк демей қалды. Қабденге барып мені саттың деп айтса, мұның арты тіптен шиеленісіп кететінін білді Әлпейіс. Қабден үйіне барған жоқ. Одан түк шықпайтынын білді. Шоң оны да мойындатып, барлық шындықты біліп отырғанын сезді. Айдап отырып Телқозыға барды. Онымен оңашалап отырып сөйлескен еді.
– Мына болыс балаң маған үй өртеді деп жала жауып отыр. Не істеймін?
– Шоң олай десе оның дәлелі бар шығар. Мен оған не айтамын?
Телқозының мына сөзінен кейін Әлпейістің айтары бітіп қалды да:
– Иә, болыстікі әр уақытта дұрыс. Телеке, сіздің балаңыздың қолында үлкен күш бар. Сондықтан да оның айтқандары қай жерде болмасын шын дейді. Ал менікі кисық болып шығады. Сондықтан да, мен осы шаруаны қоздырмай, сіздерге елу жылқы берейін. Сонымен жылы жауып қояйық.
Телқозы мынаның әбден мойындап келіп отырғанын білді. Қайтсе де үй құнын төлейтінін сезді. Соған орай айтқан болатын өз ойын:
– Шоңға ол үй оңайлықпен түскен жоқ. Жүзден артық жылқы кетті базарға. Егер келісімге келсең, жүз жылқы бер. Содан кейін онымен өзім сөйлесейін.
Әлпейіс амалсыз көнген еді. Сол күні Телқозы Шоң үйіне келді. Үйдің түгі қалмай өртеніп кеткенін алдында келіп көрген еді. Іші ауырған. Енді өртеуші ұсталды. Аямай құнын төлету керек екенін ойлап келген баласына. Телқозынын көмейі кең еді. Енді тұрып өкінді. Алдында Әлпейістен екі жүз жылқы сұрамаған екенмін деп ойлады. Соған өкінгендей болып келген Шоң үйіне. Сөз бастаған.
– Әлгінде маған Әлпейіс келді. Үй құнына жүз жылқы беремін дейді. Мен оған келіскім келмей отыр. Екі жүз жылқы сұрасақ қайтеді?
– Телқозы, екі жүз жылқы көптеу болады. Сол жүз жылқысын ала бер. Мен келесі жылы ол жылқыларды базарға сатқызып үйді қайыра салғызамын. Сол дұрыс. Әйтпесе, жұрт құлағына тиіп, Шоң Әлпейістен өртенген үйі үшін екі жүз жылқы алыпты дейді. Ондай сөзді естігім келмейді. Ол да соны ойлап отырған болуы керек.
Шоң мына істі қалың елге Әлпейіс үй өртеді деген сөз жайылып кетпесін деп әдейі жасап отырғанын білді Телқозы. Онысы дұрыс деп ойлаған. Болысқа ерегісіп үйін өртеп кетті деген сөз жаман екенін ол да сезіп отыр еді.
Ертеңіне Шоң да, Телқозы да үй балалардың тастаған шырпысынан өртеніп кетті деп жүрді. Ел бұған сенді. Содан ба, болыс үйінің өртенгеніне айтар сөзі жоқ ел онша мән бермеген еді. Әлпейіс ешкімге сездірмей Телқозыға жүз жылқыны айдап әкеп берген. Бұл туралы үшеуінен басқа тірі жан білген жоқ. Шоң үлкен күлкіден, Әлпейіс соттан арашаланып қалды. Телқозы жылқылары тағы жүз жылқыға көбейді. Жүз емес, тағы біраз жылқы қосылды. Ағайындық көмегіміз деп ел тағы да біраз жылқы әкеп берді Телқозыға. Ол Шоңға сездірмей, оларды ала берді.
Шоң үй өртенген Жартоғайды сәтсіз жер деп есептеп, өзінің ежелгі қонысы Қызылағашқа көшіп келген еді. Енді келер жылы үй салуды басқа жерден бастаймын деп жүргенде бас ауруы күшейіп, кейінге сырғыта берді. Сөйтіп, жаңа үй салынбай қалды. Шоңның қалған өмірі Қызылағашта өтті.
Ояздың өлімі біреуге қуаныш, біреуге қайғы әкелді
Шоң Карбышевтің тапсырмасы бойынша казак-орыстарды шығарып салған соң Ақмолаға жақын жердегі оның әйелі Қалимашқа барып қайтқан. Оған күйеуінің Санкт-Петербургке кеткенін айтқан: «Ол сол жақтан біржола келмесе де ризамын». Шоң оның бұл сөзіне түсінбеді. Пәлен жыл бірге тұрған күйеуіне сондай ұшқары сөз айтқанына ренжіп қалды. Содан Шоң Қалимаштан сұраған еді: «Семен Иванович сенің пәлен жыл бірге тұрған күйеуің, бұл сөзді қалай айтасың».
– Екеумізді байластырып тұрған жалғыз бала еді. Ол жақында Балқан түбегінде болған бір соғыста қайтыс болыпты. Маған әйелі жазған хатты Герасимов әкеп берді.
Содан Шоң ештеңе айтпай қайтып кеткен. Жолай қаладағы Герасимовқа жолықты. Ол айтқан: «Енді ана әйел Карбышевті маңайына жуытпас. Семен Иванович оны қатты сүюші еді. Енді жағдайы қалай болады екен». Шоң Қалимаш аузынан әлгі сөзді естігенде ештеңе айтпастан аулына қайтып кеткен. Арада бір жарым ай өткенде Ақмоладан жолшы келді. Ол Герасимовтың шақырып жатқанын айтқан. Шоң хабарды алысымен Ақмолаға тартты. Герасимов Шоңға барлық жағдайды баяндады: «Қалимаш үйіне жуытпай, Карбышев қаладағы үйінде жатыр. Саған Карбышев хабар бер деген соң, ана татарды мен жібердім. Сенімен сөйлесетін сөзім бар дейді». Екеуі Карбышев үйіне келген. Ол төсекте жатыр екен. Жастығынан басын көтеріп, сөйлесуге шамасы келмеді. Осыдан-ақ Шоң оның қатты ауру екенін білді. Жатқан қалпында Карбышев неге шақырғанын айтып кетті.
– Анау Қалимаш мені шын сүймейді екен. Барған күні бір қондырмай үйден айдап шықты. Жалғыз баланың өлгенін менен көреді. Мен де баланың өлгенін естігенде өлі мен тірінің арасындағыдай күйде болдым. Қалимашқа үйленгенімнің қателігін енді білдім. Бәрі кеш болды. Менің өкпе ауруым қозып, Санкт-Петербург ауасы әсер етті ме, жүрегім ауыра бастады. Бұл тағдырдың мазағын қарашы. Тура осы сәтте ауырып қалғаным… Санкт-Петербургтен түк бітіре алмай қайттым.
Санкт-Петербургте былықпай болып жатыр. ІІІ Александр қырық тоғызға қараған шағында белгісіз аурудан қайтыс болып, император орнына тұратын адам әлі белгісіз екен, оның орнына әйелін қоюуды либералдар мен еврейлер қолдан отырған көрінеді. Оларға патша маңайында жүрген ұлтшылдар қарсы шығып жатқан сияқты. Қай жағы жеңері белгісіз. Содан үлкен дау боп жатыр. Қазір еврейлр күшейіп алды ғой. Бар мәселеге солар араласып отырады екен. Пәлен жүз жыл билік құрған Романовтар әулеті басына қауіп төніп тұрғандай. ІІІ Александрдың әйелі Дат корольдігінің қызы ғой, әйелінің жаратылысы орыс болмағандықтан, патша маңайындағы орыс ұлтшылдары бұған қарсы екен, шетелдік әйел Ресейді қалай басқарады деген сөз шығып жатқан көрінеді. ІІІ Александрдың баласы ІІ Николай жаратылысында жуас адам дейді. Оның ел басқара алатынына күдік келтірушілер бар сияқты. Патша жағын қойшы, әйтеуір біреу тұрар. Баламның өлгенін естігенде барлық арман су түбіне кеткендей болды, содан түк бітіре алмай қайттым. Жолда губернатор Густав Христиановичке соқтым, ол да қатты ауру екен. Енді оның да жұмыс істей алатын түрі жоқ тәрізді. Сонда да үйіне әдейі барып, көңілін сұрап, менің орныма Ақмола уезіне інімді ояз етіп жіберуін сұрадым. Ол Санкт-Петербургтегі жағдай сәл реттелсін дегенді айтты. Ол кісінің де жасы жетіп, қартайып отырған адам ғой. Оның тілін жоғарыда отырғандар алса жақсы. Ол кісі менен аянбайды ғой. Илья маған қарағанда жуастау. Болса да Вадим жоқ. Сен, Шоң Телқозинович, болыстардан бастап, бәрі орнына өз адамдарын тықпалап жатыр. Солардікі дұрыс сияқты. Мен сенен неге жасырайын, Ақмолаға уезд бастығы етіп інімді қалдырғым келеді. Ақмола түбінде губерния орталығы болуы мүмкін. Егер Ильяның қолынан іскерлік келсе, Ақмола аймағын билеу Карбышевтер ұрпағында болады. Мен ініме сол туралы айтып кеттім. Сенен сұрайтыным, Илья ояз қызметін меңгеріп кеткенше қасында бол. Анау төрелер кедергі жасап бағады. Герасимов екеуің оған жол бермеңдер. Ал Қалимашқа айт, жылқының жартысын Ильяға берсін. Ол тұрған үйге таласпайды. Ал қаладағы мен тұрған мына үй інімдікі болады.
Читать дальшеИнтервал:
Закладка: