Қанат Жойқынбектегі - Ел Шоңы. Бесінді. III кітап
- Название:Ел Шоңы. Бесінді. III кітап
- Автор:
- Жанр:
- Издательство:неизвестно
- Год:неизвестен
- ISBN:9785005549495
- Рейтинг:
- Избранное:Добавить в избранное
-
Отзывы:
-
Ваша оценка:
Қанат Жойқынбектегі - Ел Шоңы. Бесінді. III кітап краткое содержание
Ел Шоңы. Бесінді. III кітап - читать онлайн бесплатно ознакомительный отрывок
Интервал:
Закладка:
– Сен өртті қалай көрдің?
– Шоңке, менің ентікпем бар ғой. Сол ұстап есік алдында отырғам, ай жарық қой. Кенет біздін үйдің қасынан екі адам жүріп өтті. Оған мән берген жоқпын. Жанымды қинаған ауруыммен азаптанып отырғанмын. Артынша сіздің үйдің арт жақ іргесінен от көрінді. Сонда барып өзіме өзім келіп орнымнан тұрдым. Мен жеткенше өрт ұлғайа берді. Ар жағын өзіңіз білесіз.
Шоң өз ойымен өзі болып, әйел қасынан кетіп қалды. Жүйрік бергендер келсе, неге жаяу келеді. Олар бұл маңайдан алыстау тұрады ғой. Олар атпен келуі керек қой. Содан кейін қайтып келіп, әйелден қайталап сұрады.
– Анық көрдің бе, аттылы адам ба, әлде жаяу ма?
– Шоңке, менің көзім жақсы көреді, екеуі де жаяу адамдар.
– Басқа не көрдің?
– Екі адамның біреуі ақсақ тәрізді көрінді маған.
– Ақсақтығын қалай байқадың?
– Жүрісінен, сүлбесінен байқадым, ақсақ екендігінде дау жоқ. Бір жағына қарай қисайып басып бара жаты.
Шоң бұдан кейін әйелді мазалаған жоқ. Өзімен өзі ойға беріліп, үйге келді. Аяғынын кемшілігі бар бір адамды да ойға түсіре алмады. Ақыры осы маңайда ақсақ адам бар ма деп үйге келген соң Әйімкүлден сұрады.
– Шоңке, Қабденнен басқа кім бар?
Қабден деген жігіт анау жылы қалың Тамалармен ренжісіп, мына іргедегі ауылға көшіп келген болатын. Елдің айтуына қарағанда, нағашыларын қорғалап келген Оны Шоң сырт білетін, бірақ онша таныстығы жоқ еді. Осыдан бес-алты жыл бұрын осы маңайдағы ауылдан бір қызды алып қашып кетіп, дауласып алдына келген де еді. Содан кейін жүздескен адам емес. Көрші ауылда тұратын. Әйімкүл айтқан адамды көз алдынан өткізді. Сонда қыз мәселесіне байланысты алдына шақырып алған, сөзі аз, аузы ауыр адам тәрізді көрінген. Мына үйді сол өртеді дегенге көңілі бармай отыр. Сол жолы қазылық айтқанда да, оған біраз ұрысып тастаған. Бірақ дауды соның пайдасына шешкен еді. «Қыз сендік екен, әке-шешесімен келісіп алмайсың ба, осы жасап жүргенің не?» деп реніш білдіре сөйлеген. Адамдар жаратылысы әртүрлі ғой, біреулер ренішті үйден шыға беріп ұмытып кетеді, енді бірі өлгенше ұмытпай жүреді. Сонда бұл жігітке қатты ұрысқан еді. Екі ру арасында жанжал шығарып жүргеніне қатысты біраз ауыр сөздер айтқан еді. Бұл да соны ұмытпай, еске сақтап жүр ме деп ойлады бір жағынан. Одан бері біраз жылдар өтті. Бірақ ол үшін үй өртеу мүмкін бе, бұл сұраққа жауап бере алмады өзіне өзі. Ұмытпай жүргені қалай? Одан ешқандай күдігі болмаса да ақыры сол жігітпен сөйлесуді жөн көрді. Әйімкүлге айтқан: «Сол Қабденді шақыршы, сөйлесіп көрелік» деген.
Қабден түс ауа келді. Ол келгенде Шоң немерелерімен бірге үй алдына тігілген киіз үйде тамақ ішіп отырған. Шоң оны дастарханға шақырды. Ол келіп отырған еді. Аман-сулықтан кейін Шоң сөз бастаған.
– Кабден осы сенің аяғыңа не болған?
– Шоңке, алдыңғы жылы аттан құладым ғой, содан бері осылай болып қалды. Бір тамыры созылып кеткен бе, жүргенде ауырады. Ал отырғанда түк білінбейді.
– Сен әлі жассың, аяғыңды емдеу керек қой.
– Талай емшілерге көріндім, бірақ нәтижесі болмай тұр әзірге..
– Сен қалаға бар. Сонда арнайы оқу бітірген мамандар бар, соларға көрін. Ел арасындағы емшілердің көбі ештеңе білмейді. Қайта өзінді шатастырады. Ең дұрысы, қаладағы емшілерге барып көрінген. Бұлай жүре беруге болмайды. Сенің өмірің әлі алда. Жассың ғой, – деп оның көңілінен шығатындай біраз жылы сөздер айтқан еді.
Мынадай сөздерден соң оның да көңілінде бір жарасымдылық орнағандай болды да:
– Шоңке, қол қысқа, оларға бара аламын да? Ақмолаға бару үшін де бір қойдың құны керек.
– Сені мен қалаға барғанда ала кетемін. Дәрігерге көрінуге де көмектесемін.
Жігіт куанып кеткендей ыңғай таныта отырып сөйледі:
– Шоңке, олай болса барамын…
Қылмыс жасаған адамнын өңінен, сөзінен білініп тұратын. Шоң оны пәлен жыл елге билік айтқанда байқап жүретін. Жауап алғанда ондай адамдардың көзі де, сөзі де өзгеріп кететін. Мынаның сөзінен, жүзінен ештеңе байқай алмады. «Анау әйел қателескен болар, оның үстіне бұған деген реніші бар бұрыннан». Өйткені, мына жігіттің алып қашқан қызына ана әйелдің баласы да сөйлесіп жүргенін естіген. Содан кейін өшін алу үшін айтып отыр ма деп те ойлады. Шоң енді өз ойынан өзі айныды. «Кімге кім ұқсамай жатыр. Ақсақтар аз ба, менің мұным қателік болар». Дегенмен, көңілде тұрған сұрақты қойды.
– Көріп отырсың, Қабден, біздің үйді біреу өртеп кетті. Кім деп ойлайсың?
– Шоңке, кім білген? Сіздің достарыңыз да, дұшпандарыңыз да көп қой.
– Ол рас. Сонда бұл маңайда маған жамандық жасауы мүмкін кім деп ойлайсың? – Бұл сұрақты әдейі қойған еді. Өйткені, бір ауыздан бір ауызға жететін сөздер болады. Мына жігіт сондай сөздің бірін естіген шығар деп, әдейі білу үшін сұраған.
– Кім білген? – деп қысқа ғана сөзбен жауап берген еді. Жігіттің күмілжіп қалғанын байқады Шоң. Сол сәтте Қабденнің жүзі өзгеріп кеткендей болды. Шоң мұны байқап қалды. Сонда да бұған Шоң мән берген жоқ. Өзінше, мұндай сөз естіп отырған соң ұялудың белгісі шығар деген пікірге тоқтаған.
Өткен жолы Әлпейіс бай келіп, біраз реніш білдіріп кеткен. «Шоңке, сіз оязда жақсы атанғыңыз келіп, біздің барлық жүйріктерімізді бергіздіңіз. Ал мына Темештерден, жүйрігіне қарамай, бергенін алыпты».
«Бұл ояздың нұсқауы емес, ана губернатордың тапсырмасы. Оның арты жақсы болмайды. Арты үлкен сөз болып кету мүмкін. Басы артық сөзді тудырудың қажеті қанша?! Бәрібір орыстар біліп қалса, арты кейін үлкен сөз болады».
Сонда Әлпейіс қатты ашуланып кеткен. Сөзінің арасында көреміз сөзін айтып қалған. Шоң оған мән бермеген сонда. Реніштен туған сөз шығар деп болжаған еді. Қазіргі сәтте Әлпейістің сол сөзін еске алуында сыр бар еді. Мына жігіт қызды алып қашқанда Әлпейіс бұған ара түсіп келіп сөйлеген. Сонда Шоң оған да мән бермеген. Бұл жігіт адал болған соң соны жасап отыр ғой деген қортындыға келген. Қазір сол ойына түсті де, айтар сөзі өзгеріп кеткендей болған. Сол жұмсап, мынау соның айтқанын орындап жүр ме деген ой келді басына. Бірақ сонда да ол пікірге тоқтай алмады. Ол туралы айтып мына жігітті ренжітіп аламын да деп ойлаған еді. Бірақ көңілінің ар жағынан бір сұрақ туындап, сол маза бермей, содан кейін сұраған еді.
– Осы Әлпейістің саған қандай жақындығы бар?
– Ол менің нағашымның інісі ғой.
– Сол нағашыңның інісі біздің үйге өрт салуы мүмкін бе?
– Шоңке, оны мен қайдан білемін…
– Естіген шығарсың, өткен жолы мен оның үш жүйрігін орыстарға алып беріп едім. Соған ерегісіп жасап жүрген жоқ па?
– Ол жағын білмедім. – Жігіттің жүзі тағы да өзгеріңкіреп кеткен. Шоң бағанадан бері жігіт жүзіне қарап отырған. Шоңның біреуді тексергенде жүзін байқап отыратын әдеті болатын. Кей қулар сыр бермейтін. Жүздерінде ешқандай өзгеріс болмайтын. Ал адал адамдар қызарып, болмаса жүзі ағарып кететін. Қазір мына жігіттің жүзі ағарып кетті.
Читать дальшеИнтервал:
Закладка: