Қанат Жойқынбектегі - Ел Шоңы. Бесінді. III кітап
- Название:Ел Шоңы. Бесінді. III кітап
- Автор:
- Жанр:
- Издательство:неизвестно
- Год:неизвестен
- ISBN:9785005549495
- Рейтинг:
- Избранное:Добавить в избранное
-
Отзывы:
-
Ваша оценка:
Қанат Жойқынбектегі - Ел Шоңы. Бесінді. III кітап краткое содержание
Ел Шоңы. Бесінді. III кітап - читать онлайн бесплатно ознакомительный отрывок
Интервал:
Закладка:
– Ана Әлпейістің маған аттарын орыстарға алып бергеніме өшігуі мүмкін бе? – деп, Шоң алдында берген сұрағын тағы қойды. Ондағы ойы – жүзі тағы да өзгере ме екен – байқау болатын.
Жігіт сәл ойланып барып, үзіліс жасап жауап берді.
– Ол да ғажап емес…
Шоң мынаның бірден жауап бермей, ойланып қалғанына да мән беріп отыр еді. Тағы бір ғажабы, дұрыс сөйлеп отырған жігіт кенет кекештеніп қалды. Шоң оны байқап қалып, тағы сұрақ койды:
– Қабден, сенің осы кекештігің бар ма?
– Сасып, асығыс сөйлегенде ондайым бар.
– Мен сені асықтырып отырмын ба?
– Жоқ, сіз мына сұрақтарыңызбен мені кінәлайтындай тәріздісіз…
– Қабден, оның себебі бар, біздің үйге от салған адам ақсақ дейді. Содан кейін айтып отырмын. Бірақ сен оны көңіліңе алма! Ақсақ адамдар толып жатыр ғой.
– Шоңке, ақсақ адам екенін кім айтты?
Әйелдің атын айтса, бір үлкен жанжалдың туындайтынын білді де:
– Мен мына өз көзіммен көрдім. Сол кезде жазу жазып, шамды сөндіріп, денемнің құрысқанын жазу үшін терезеден қарап едім, ай жарық екен, екі адам біздің үй жақтан өтіп барады. Біреуінің аяғы ақсақ тәрізді көрінді маған.
– Шоңке, сіз қателескен боларсыз…
– Сонда ол адамның аяғы ақсақ емес деймісің? Мен көзіммен көрдім ғой.
– Қайдан білейін? – Мына сөзді айтқанда жігіттің жүзі тіптен өзгеріп кетті. Шоң бәрін байқап отырған еді. Алдында Малай айтқан, Әлпейіс Қабденге мініп жүр деп бір жылқы беріпті. Әңгіме арасында туындаған ол сөзге Шоң кезінде онша мән бермеген. Ұмытып та кеткен тәрізді еді. Әлгінде мына жігітпен әңгіме болғанда, сол інісінің айтқан сөзі ойламаған жерден басына орала кетті. Әлпейістің сараңдығын білетін, ол жайдан жай бермеген болуы керек. Енді мына жігіттің өртегеніне күдігі күшейе түсті.
– Саған Әлпейіс неше жылқы берді? – деп сұрақты төтеден қойды Шоң.
Сонда да берілгісі келмей, Қабден:
– Шоңке, сіз қызық адам екенсіз… Менің үй өртеуге ешқандай қатысым жоқ.
Шоң да мына жігіттің «қызық адам екенсіз» дегеніне ренжіп қалды. Бірақ ол күйін сездірген жоқ.
– Мен сені үйді өртеді деп кінәлап отырғам жоқ. Жай сұрап отырмын. Саған Әлпейіс бір жылқы беріпті ғой. Не үшін берді?
– Шоңке, туысқандық жолмен маған мал берсе, онда тұрған не бар? Ол үшін оны кінәлаудың жөні жоқ…
– Мен сені де, оны да кінәлап отырғаным жоқ. Сенің әкеңнің жақсы адам екенін, анада қыз дауында бір адам айтып еді, сен кімге тартып өтірікші болғансың?
– Шоңке, мен үй өртеді деп кім айтып отыр сізге? – Бұл сұрақты екінші рет қайталады ол.
– Қасыңдағы жігіттің есімі аузыма түспей отыр. Ол кім еді?
Қабден сол айтып қойған екен ғой деп ойлады. Енді кейін шегінудің ретін таба алмады:
– Ол – Айдар…
– Жарайды, бара бер, сені кінәлап отырған ешкім жоқ. – Қабден түкке түсінбей шығып кеткен еді.
Артынша Шоң Әлпейісті шақыртып алған болатын. Ол барайын ба, бармайын ба деп, ойға беріліп, «болыс шақырып отыр, бару керек» дегенге тоқтап, келген еді. Шоң тілін алмаған адамға өшігіп алатынын, қаһарына іліккен адамды оңдырмайтынын және білетін. Бармаса Ақмоладан стражник шақыртып, апарып қаматып қоятынын сезіп, амалсыз қорыққанынан келген. Бармағанымен бәрібір, Шоңнан құтыла алмайтынын білді. Ақыры келген. Тамақ істетіп қойған екен. Ет желінді, қымыз ішілді. Әлпейіс көңіліне Шоңның мына қылығы бір сенім кіргізді. Ол әлі Қабденмен кездескен жоқ болатын. Жай бір шаруамен шақыртып отыр деген ойға тоқтаған. Әуеліде қысыла-қымтырыла сөйлегенімен, кейін еркіндікке кетті. Ашығына көшкен.
– Шоңке, осы сіз мені неге шақырдыңыз?
– Мен сенен үйімді неге өртегеніңді білгім келеді. – Сөзді турасынан ашық қойған.
– Шоңке, оны сізге кім айтты?
– Мен өз көзіммен көрдім.
– Тап сол уақытта ұстамай, енді жала жауып отырсыз!
– Сен өртеген жоқсың, бірақ өртеткен сенсің!
– Шоңке, мынауыңыз көрмей, білмей, жала ғой.
– Әлпейіс, сені мен босқа кінәлап отырған жоқпын. Сенің жүйріктеріңді алған мен емес, губернатор, мықты болсаң өкпеңді айтып, соған жаз. Ана менімен бірге оңтүстікке барған болыстарға не істегенін естідің ғой. Мен соны күн ілгері білдім. Екі-үш болысты Герасимов шақыртып алып, жауып қойғанын естіген шығарсың. Мен ондайға ұрынғым келмейді. Содан кейін сендерді қыстым. Менде не шаруаң бар? Соны менен көріп, үйімді неге өртейсің?
– Шоңке, сізді кінәлап отырған ешкім жоқ, сіз де мені орынсыз кінәламаңыз…
– Сен өртеген жоқсың, бірақ ана жігіттерді жұмсап, өртеткен сенсің ғой. Есіңде болсын, Әлпейіс, онымен есең қайтпайды.
Әлпейіс аузына сөз түспей отырып қалды. Сәлден соң Шоң:
– Олай болса, ояз сотының алдына барып сөйлесейік.
Мына сөзді естігенде Әлпейістің зәресі кетті. Сонау Кенесары заманынан бері талай адамдар Сібірге айдалып, көбісі із-түссіз кеткен.
Шоң айтса, оның сөзін анау отырған ояз өтірікке шығармайтынын біліп отыр еді. Ояз қиналмайды, Сібірге айдайды да жібереді. Көз алдына өзі көрмесе де, ел айтып жүретін Сібір елестеп кетті. Шоңның айтқанын ояздың екі сөзге келмей орындайтынына күмән жоқ. Қазір мына сөзді сонсоң айтып отыр деп бағалаған Әлпейіс.
– Шоңке, мен айттым ғой, өртке ешқандай қатынасым жоқ. Сіз сенбей отырсыз ба?
– Менің әбден көзім жетіп, содан кейін сені шақырып айтып отырмын саған.
Әлпейіс сөз таусылғандай отырып қалды.
– Сен неге үндемейсің?
Әлпейіс мына Шоң бәрін біліп алып, мені шақырып отыр екен ғой деп ойлады. Сөзі бітіп қалғандай болды. Содан кейін айтқан:
– Амалым жоқ, сіздің айтқаныңызды орындауға тура келеді. Сіз болыссыз, менен күштісіз. Кез-келген жерде ояз сіздің дегеніңізді жасайды.
Шоң мынаның ақталу үшін, бір далбаспен айтып отырғанын білді.
– Үйімді маған ренжіп өртегеніңді біліп отырмын. Сен өзің сөзді көбейтіп жібердің ғой. Олай болса, сен кінәлі емес екеніңді сот алдында дәлелде. Кінәсіз болсаң, ешбір адам саған күйе жаға алмайды.
– Шоңке, сіз мықтысыз, мен әлсізбін. Сондықтан сіздікі әр уақытта дұрыс болып шығады.
– Сен, Әлпейіс, бос сөз сөйлемей отыр. Сенің кінәң жоқ болса ешкім саған кінә қоя алмайды. Жазығыңның жоқ екенін сот алдында дәлелдеп шық деп айтып отырмын ғой…
– Шоңке, сіз айтып отырғанда менікін олар дұрыс демейді. Олай болса, қазақшылық жолмен шешейік.
Мынасы әбден мойындамау екенін түсінді Шоң.
– Сонда билердің алдына барайық дейсің бе?
– Билердің маған көзқарасын білесіз…
– Енді маған не істе дейсің?
Әлпейістің мойындап қалғанын Шоң енді біржола сезді. Содан кейін айтқан:
– Менің қояр талабым – үйдің құнын төле!
Болыстың соңынан қалмайтынын түсінген ол, содан кейін отырып:
– Біз туыс адамдармыз. Сіздің басыңызға түскен бір ауыртпалықты көтеріп, бір үйді қайыра салып берейін. Тек сіздің көңіліңізде күдік қалмасын. Ояз судьясына сізбен бару маған да, сізге де ұят болар. Елге де сездірмей-ақ қояйық, – деді Әлпейіс.
Читать дальшеИнтервал:
Закладка: