Қанат Жойқынбектегі - Ел Шоңы. Бесінді. III кітап
- Название:Ел Шоңы. Бесінді. III кітап
- Автор:
- Жанр:
- Издательство:неизвестно
- Год:неизвестен
- ISBN:9785005549495
- Рейтинг:
- Избранное:Добавить в избранное
-
Отзывы:
-
Ваша оценка:
Қанат Жойқынбектегі - Ел Шоңы. Бесінді. III кітап краткое содержание
Ел Шоңы. Бесінді. III кітап - читать онлайн бесплатно ознакомительный отрывок
Интервал:
Закладка:
– Шоңке, біраз жатып дем алмайсыз ба?
Шоңның соңғы кезде түс кезінде бір сағаттай ұйықтап алуы пайда болған. Содан кейін мына сөзді айтып тұр еді. Шоң оның бұл сөзіне мән бермегендей еді, басынан әлгі Оспан қылығы шықпай тұрған. Шоң үйде маза тауып отыра алмай, тысқа шығып кетті…
Есік алдында Риза жүр екен, оны шақырып алып Оспанға жіберген. Сол күні Оспан келмеді. Баласының келмегені мазасын тіптен кетіргендей еді. Әйімкүл соңғы кезде байқап жүр, тым ашуланшақ болып кеткенін Шоңның. Бір ыңғайсыздау шаруаны естісе қатты ашуланатынды шығарып жүр. Шоң сыртқа бір шығып, бір кіріп, мазасы кетіп, үй ішінде тұрақтап отыра алмады. Байқағыш Әйімкүл оны бірден түсініп қалған, Оспаның шақырғанына келмегеніне ашуланып жүргенін білді. Бұрын мұндай күйге түспейтін еді. Шоңның мұнысы бас ауруының әсері деп білген Әйімкүл, содан кейін оны тыныштандыру үшін айтқан:
– Оспан бір шаруамен жүрген шығар. Шоңке, келеді, асықпаңыз, -Әйімкүлдің мына сөзінде бір жөн бар екенін білді де жазу бөлмесіне кетті.
Ертеңіне түске жақын Оспан келді. Шоң оңашалап алып баласына сөз бастаған еді.
– Сен де анау әкең Телқозының шаруасын бастап жүрсің. Ұят болады, шабуға жер бергеніне бие алыпсың. Оның не? Ұят емес пе, берсең, тегін бер.
Соңғы кезде жер дауы күшейіп кеткен соң, билер отырысында әрбір руға жерлерін қағаздатып бөліп берген еді. Шабындық жерлер тапшы болғандықтан, ортақтасып пайдаланыңдар дегенді айтқан. Оспанның мына шаруасы сол билердің шаруасына қарсы келетінін біліп отырған. Ертеңгі күні ана болыстың өзі тәртіпті бұзып отырғанын айтып ел ренжиді. Олардың Оспанда жұмысы жоқ, бәрін өзінен көретінін білетін. Дауды өршітіп жіберетінін сезіп отырған, баласының мына қылығын естісе ертеңгі күні ел Шоңның баласы шөп шабатын жерді сататын болыпты дегенді айтатыны сөзсіз еді. Елдің оны қалай құбылтатынын біліп болмайды, әйтеуір, сөз көбейіп кететініне көзі анық жеткен Шоңның. Әкесінің қатты ренжіп отырғанын біліп Оспан:
– Сүтті жылқының тұқымы деген соң алып едім, өсірейін деп, олай болса, орнына басқа бір бие берейін.
Оспанды өз алдына бөлек шығаруы әкесінің жер алу үшін жасап отырған саясаты екенін Шоң біліп отыр еді. Анада бірде әкесіне сіз менің болыстығымды пайдаланып жер алып отырсыз дегенде ол сен пәленшені қара, түгеншені қара – балаларының саны менікінен екі есе аз, қанша жерді алып отыр. Сен елді тәртіпке шақырсаң сөзді солардан баста деп дауысын көтере сөйлеп, қатты айтып тастаған. Телқозының бұл сөзінде шындық бар еді. Телқозының үш әйелінен өскен балаларынын саны біраз болып қалған. Бәріне де жер, қоныс керек. Шоңның өзі жер бөлгенде малына емес, отбасының санына қарап бөлетін. Бала санын өсірудің тетігі сонда екенін білетін. Кейбір малдың санын айтып дауласқандарға олай болса малыңның санын азайтып, адам санын көбейт, сонсоң жер аласың дейтіні бар. Бүгінгі заман талабы солай болу керек. Шоң өзінше солай заңдастырғандай етіп сөйлейтін. Адам саны өспей қазақтың келешегі жоқ дегенді әр жерде айтып жүретін. Сондықтан мал санына емес, адам санына мән беретін. Содан кейін әкесі балаларының, немересінің санын айтқанда ештеңе айта алмай жүретін. Енді мына Оспанға басқаша сөйледі.
– Сен үйтіп саудаласпа, биесін өзіне қайтып бер. Шабатын жерді жай бер. Ол атаңнан қалған жоқ, бұл шабындық осы маңайда отырғандардың бәріне ортақ. Пара алмай, ортақтасып пайдаланыңдар.
Оспан әкесінің сөзін жақтырмады, бірақ қарсы сөз айтқан жоқ, үндемей кеткен. Бұл сөзді өзінің көңіл-күйіне байланысты айтып отырғанға ұйғарған. Шешесінен алдында естіген, әкесінің не болса соған сөйлей беретінін айтқан, содан Оспан сөзден қашып әкесінің үйіне келе бермейтін. Шаруаның бәрін Телқозымен ақылдасып жасайтын. Шешесінің аузынан әкесінің соңғы кезде бас ауруына байланысты ашуланшақ болып кеткенін естіген еді алдында. Мынау да соның әсері шығар деп мән бермеген. Әкесінің аузынан әлгі сөзді естіген соң, «жарайды, айтқаныңызды жасаймын» деп қайтып кеткен.
Содан Шоң биені қайтып берді деп жүрген болатын. Бір күні Шоң Оспан үйіне бара жатса жолай бес-алты адам шөп шауып жатыр екен. Сырттай Естай бай бақылап тұр.
– Естай, мына жерді сен шапқызып жатырсың ба?
– Иә, мен шапқызып жатырмын, Шоңке. Неге сұрадыңыз?
– Жай, әншейін, – деді Шоң.
Естай көңілінде тұрған өкпесін болысқа айта бастады:
– Осы айналаның бәрін ел бөліп алыпты. Анда барсам – менікі дейді, мынаған келсем – ол да менікі дейді. Бос шабындық жер қалмаған. Шоңке, сіз оны білесіз бе?
Шоң мына Естайдың бір жанжалды шығарғалы тұрғанын білді.
– Естай, олай болмаса ертеңгі күні жанжал көбейіп кетеді. Әркім өзіне тиелісі жерін білгені дұрыс. Бұл орыстардың тәртібіне байланысты шығып жатқан шаруа. Саған да жер берілген жоқ па?
– Берілген. Бірақ бөліс кезінде билер аздау жер беріп, шабындығым аз болып тұр.
– Мына шауып жатқан жерің кімдігі? – Естайдың аздау тиді деген сөзіне байланысты айтып тұр еді бұл сөзді. Ал ол Шоң біліп, әдейі сұрап тұр деп ойлады да:
– Осы жерден шөп шабуға Оспанға бір бие бердім.
– Мен соған байланысты билерге шабындық жерлерді бөлгендерге айтқанмын. Кейбір адамдардың жерінде шабындық жер жоқ екенін білемін. Сондықтан ондай жерді бөлдіргем жоқ. Келісіп, ондай жерді бірге пайдаланыңдар дегенмін.
– Ендеше, мен осы жердің шөбін шабуға Оспанға бір бие беріп алдым.
Естайдың сөзін естіп, Шоң аузына сөз түспей, «шабыс көбейсін» деді де жүріп кетті. Оспан үйіне келген еді, ол үйінде жоқ, Телқозы отыр екен. Шоң сөз бастады.
– Ана Оспан мені неге алдайды? Естайдың биесін өзіне қайтармапты ғой.
– Мен ол жағын білмедім…
– Неге білмейсіз? – Оспан не жасасада Телқозымен ақылдасып жасайтынын Шоң білетін. Мына айтып отырғаны жалған сөз екенін іші сезіп, қатты ашуланған. Сол арада әкесіне бірталай сөздер айтып тастаған. Сөзінің соңында:
– Қазақтың жер саудалауға құқы жоқ. Егер Оспан бергісі келсе, бие алмай-ақ бермей ме?
– Онда тұрған не бар? Ол биені өзі беріп тұрған соң, алды да.
– Есіңде болсын, Телқозы! Қазір қазақта жер билігі жоқ екенін сан рет сізге айттым, онын билігі анау отырған оязда, одан қала берді патшаның өзінде. Жер билігін баяғыда ана Қенесары көтерілісінен бұрын қазақтан алып қойған. Оспаның жерді саудалап бие алуға ешқандай қақысы жоқ. Ол ұят болады. Заңға қайшы…
Мына сөз Телқозыға ұнамады, ашуланып қалды.
– Сен ыңғай осындай бірдеңені шығарасың да жүресің, анда өзің емес пе едің, пайдаланатын жерлерді белгілеп ал деген. Енді келіп былайша соғып отырсың!
– Сіз, Телқозы, неге кисыққа тартасыз? Мен шабындық жайлы олай айтқан жоқпын. Ондай жерлерді бірігіп пайдаланыңдар дегенмін. Сіз мына сөзіңізмен ел арасында шатақ шығарғалы жүрсіз. Есіңде болсын, тағы да айтамын, жер сату қылмыс болып табылады. Жер саудалау ол ешқандай заңға жатпайды.
Читать дальшеИнтервал:
Закладка: