Қанат Жойқынбектегі - Ел Шоңы. Бесінді. III кітап

Тут можно читать онлайн Қанат Жойқынбектегі - Ел Шоңы. Бесінді. III кітап - бесплатно ознакомительный отрывок. Жанр: Историческая проза. Здесь Вы можете читать ознакомительный отрывок из книги онлайн без регистрации и SMS на сайте лучшей интернет библиотеки ЛибКинг или прочесть краткое содержание (суть), предисловие и аннотацию. Так же сможете купить и скачать торрент в электронном формате fb2, найти и слушать аудиокнигу на русском языке или узнать сколько частей в серии и всего страниц в публикации. Читателям доступно смотреть обложку, картинки, описание и отзывы (комментарии) о произведении.

Қанат Жойқынбектегі - Ел Шоңы. Бесінді. III кітап краткое содержание

Ел Шоңы. Бесінді. III кітап - описание и краткое содержание, автор Қанат Жойқынбектегі, читайте бесплатно онлайн на сайте электронной библиотеки LibKing.Ru
Бұл кітап тектінің ұрпағы, Шоң Телқозыұлының өмірде қалдырған ізгілік, өмірі жайлы. Жазушы Қанат Жойқынбектегі «Ел Шоңы» деп аталған көп томдық романында Шоң Телқозыұлы туралы ел аузында сақталып жүрген естеліктер негізінде осы кітапты жазып отыр.Мазмұны тартымды кітап қалын оқырман қауымға арналады.Бұл еңбегімді осы кітаптарда аты аталған аруақтардың рухына бағыштадым. – Автор

Ел Шоңы. Бесінді. III кітап - читать онлайн бесплатно ознакомительный отрывок

Ел Шоңы. Бесінді. III кітап - читать книгу онлайн бесплатно (ознакомительный отрывок), автор Қанат Жойқынбектегі
Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать

– Енді не істеуіміз керек? Мына қалыпта жақсы тіршілік болмайтын тәрізді.

– Соны өзім де білмеймін…

– Өзіңіз Нұра бойына келуді тоқтатыпсыз ғой. Қалай тоқтаттыңыз?

– Бұл уақытша тоқтау ғана. Менен сұрамайды. Алда тағы да көшіп келуі мүмкін…

– Өзіңіз болыссыз, орыстармен қатынасыңыз жақсы көрінеді, қалай тоқтатамыз? Мүмкін, ана жоғары жақта отырған адамдарға пара беру керек шығар.

– Есіңде болсын, пара беріп тоқтата алмайсың. Орыстардың осылай қарай жылжуы патшаның басты саясаты екенін ұмытпа. Тек көшіп келгендердің жасап отырған заңсыз қылықтарын жоғары жаққа хабарлау арқылы бірдеңе жасауға болады. Қазақта басқа амал жоқ…

Мына сөзді жігіт ұнатпай қалды. Шоң да оның көңілінен шықпағанын білді. Сәл отырып айтқан:

– Сізді орыстармен жақсы дейді ғой. Қалай жақсы болдыңыз? Соны маған айтыңызшы. Мен де сіздің әдіспен сөйлесіп көрейін. Жігіттің жағдайға түсінбей отырғанын байқап Шоң қаттырақ сөйледі.

– Саған оны кім айтты, менің орыстармен жақсы екенімді?..

– Ел айтып жүр.

– Шырағым, ол бос сөз болар. Мен орысша білген соң айтар ойымды жақсылап орыстарға жеткіземін. Содан кейін орыстар да кейде менің сөзімді тыңдайды. Басқа жағынан басқа болыстармен бірдеймін.

– Елдің аузынан естідім, сізге ояз да, басқа да орыстардың сорпа бетіне шығарлары да келіп жүретін көрінеді.

– Келсе шаруа жағдайымен келеді. Болыс болсаң, саған да барады.

– Жоқ, ағасы, ояз кез-келген болыстың үйіне келе бермейді және оның сайлауына қатыспайды.

– Менің сайлауыма ояздың қатысқанын кім айтты?

– Өзі қатыспай-ақ, келген адам ояздың айтуы бойынша, сізді жақтап өткізетін көрінеді. Яғни, сіздің орыстар алдында беделіңіз бар. Сіз оларға сөзіңізді тыңдата білесіз. Сіз де бізге көмектессеңіз. Біздің жақтың болыстарына сіздің әдісіңізді айтып барайын.

Біреу сыртынан мақтап-мақтап жіберіп отырғанын білді. Не айтарын білмей қалды. Жігіт сөзін әр қарай жалғады.

– Сіз оның үстіне Құрылтайға қатысып, патшаны мақтап сөйлепсіз.

– Ондай жағдайда патшаны қанша жек көріп тұрсаң да мақтап сөйлейсің. Тәртіп солай. Келіп басып алған орыстарға қазіргі заманда қарсы сөз айтуға болмайды. – Біреудің жалған жел сөзімен келіп отырғанын білді де Шоң айтты: – Ешбір сайлау орыстардың қатынасуынсыз өтпейді, біреулер сені шатастыру үшін солай деген болар. Рас, орыстарсыз қазақтың сайлауы өтпейді, олар ыңғай бақылап отырады. Өйткені, олар қазақтарға сенбейді. Сенің естігенің біреудің жалған сөзі болар. – Шоң мына жігіттің әбден орыстарға ыза болып, осындай күйге жетіп отырғанын білді. Шоң отырып ойлады, көзі көрмеген орыстарға бір хат жазып бергісі келді. Жалпы, орыстың старосталары қазақ болыстардың сөзін де тындамайтын, қазақтарды төмен адамға санайтынын байқап жүр. Сол ойына түсті де, ол ойынан тез айныды. Ондай хат жазып өзін де, мына жігітті де ұятқа қалдыратынын білді. Содан кейін айтқан:

– Менің ол жақтағы сендердің болыстарыңнан артықшылығым жоқ. Бір артықшылығым бар, ол – орыс тілін білетіндігім. Сен орыс тілін жақсы білетін бір төрелерді алып барып, солармен сөйлес. Болмаса, жоғары жаққа арыз жазыңдар. Басқа берер кеңесім жоқ.

Шоң осы жасқа келгелі Бурабай көлдеріндей мөлдір суды кездестірген жоқ еді. Мына жігіттің сөзін естіп отырып іші ауырды. Орыстар қазақ жерін бүлдіруге келген халық қой деп ойлады. Ол сөзді айта алмады. Ол елге жайылып кетсе жаман болатынын біліп отырған. Бірақ қолынан келер ештеңе жоқ еді. Оны Шоң білетін. Содан кейін:

– Сіздер олармен ұрыспаңдар, жанжалдаспаңдар. Ол жағында хан тұқымынан тараған адамдар бар. Әлі де соларды тыңдайды. Ол тыңдамаса одан жоғары жаққа жазыңдар. Басқа беретін кеңесім жоқ, – деп алдында айтқан сөзін тағы қайталады.

– Мен осының алдында оларға да барғанмын. Бірақ олар да түк бітіре алмады.

Шоң мына жігіттің айтқанына сенбегендей рай танытып:

– Орыстар алдымен хан тұқымдарымен, төрелермен сыйласып жүр ғой. Әлі де қазақ арасындағы бедел хан тұқымдарында барын орыстар біледі. Егер оларды сыйламаса, білмеймін… – Хан тұқымдарының соңғы кезде беделі түсе бастаса да, әлі оларды тыңдайтындар орыстар арасында бар екенін білетін Шоң.

– Ағасы, сіз қателесесіз немесе әдейі айтқыңыз келмей отыр. Орыстар кезінде Шоқан тәрізді хан тұқымдарының балаларын сонау Омбыға апарып оқытқан. Қазір сондайлардың өзін де тыңдамай отыр. Қазақтан шыққан сізді орыстар сыйлайды дейді. Айтқаныңызды жасайтын көрінеді. Сол орыстарды қасымыздан көшіруге көмектесіңіз.

– Шырағым, сен қалай сөзге түсінбейтін адамсың? Олай болса, ар жағыңда Уәлиханның баласы Шыңғыс отыр. Сонымен барып сөйлес.

– Олармен де сөйлескем. Олардың өздері де көріп отыр, бірак түк бітірген жоқ. Ол кісі де қартайып, әбден бітуге айналған кісі. Сондықтан оны тыңдамайды. Сіздің заңды көп білетініңіз туралы ел айтып жүр. Маған айтыңызшы, соларды заң арқылы қалай қууға болады.

– Мен орыстарды қалай қуу туралы заңды білмеймін. Ондай заң жоқ. Патша өкіметі ондай заң жасамайды, олардың барлық мақсаты орыстарды осында әкеп қоныстандыру. Қазір қазақ қолында түк жоқ. Солардың ыңғайында жүріп өз халқымыздың жағдайын ойлауға тиістіміз. Бізде әзірге басқа амал жоқ.

– Ол не деген сөз? Мына сөзіңізге түсінбедім?

– Солардың айтқанын орындай отырып, ретті жерінде біздің жаққа көшіп келген орыстардың суды былғап жатқанын айтсақ, бірдеңе дер, жоғары жаққа жазу керек. Бізде басқа қандай күш барын білмеймін.

– Қарсы айқасқа шықсақ қайтеді?

Жігіттің мына сөзінде қызбалық бар екенін түсінді. Көңілдегісін айтқан:

– Баяғыда іргеңде отырған Кенесары сұлтан шығып еді ғой, не болғанын өзің көрмесең де, әкеңнен естіген шығарсың. Әзірге бізде орысқа қарсы келетін күш жоқ. Шыққандар да соның жолын құшасыңдар. Өзіміздің шама-шарқымызға қарап, не істесек те орыс әкімдерімен келісімге келе отырып жасауымыз керек. Басқа түк жасай алмаймыз.

– Сіз әбден орыстардың жағына шыққан екенсіз!

Жігіттің мына сөзі өзіне ауыр тисе де Шоң оны сездірмеді. Жасқа тән қызбалықпен айтып отыр деп түйді де, ішкі күйін білдірмей, сөзін жалғай берді. Жігіттің айтылған мәселеге тым ызалы екенін сезіп отыр еді. Шоң онысын басуға тырысты.

– Бауырым, бағанадан сөйлесіп жатырмыз, атың кім?

– Атым – Жәнібек.

– Әке-шешең үміт күтіп, атыңды хан есімімен атаған болуы керек. Сен тым қызба екенсің. Ертеңгі күні орыстарға бір артық сөз айтсаң, Сібірге айдатып жіберуі мүмкін. Не болса да, ақылмен жасауымыз керек. Талай адамдар қызбалықпен орыстарға мінез көрсетіп, ақыры Сібірге кетті, болмаса орыс қолынан өліп қалды. Оны ұмытпа! Не болса да, ойланып жасау керек екенін түсін…

– Сонда не істеуіміз керек?

– Оны өзім де білмеймін. Қазақта қазір ешқандай күш жоқ. Сен кешегі қазақтардың мықтыларынан күшті емессің. Көрпеңді өзіңе шақтап көсіл. Сіз соны әуелі ойлап көріңіз, Көшім ханның мемлекеті қайда? Орыстың бір ұрысы бес жүз адаммен басып алған. Кешегі Абылай ханды қазақтар 1770 жылы бүкіл қазақтың ханы етіп сайлады, ал оны Екінші Екатерина әйел патша 1778 жылғы 24 мамырдағы Жарлығымен тек Орта жүздің ханы боласың деп, бүкіл қазақтың мойындаған ханы екенін жоққа шығарды. Өзің көрген де естіген де шығарсың, Онтүстікте де қанша көтеріліс болды, бәрі жеңілді. Кенесарының баласы Сыздыққа орыс әскері не істегенін білемісің… Өзің айтып отырған хан тұқымы Шоқан сол орыстардың айтқанын жасап кеткен жоқ па? Оны неге жасады? Мен білмеймін. Басқа амалы болмағандықтан жасаған шығар. Мен де амалсыздан орыстардың айтқанын жасаймын. Ертеңгі күні орысқа қарсы қатты бірдеңе айтсам, Сібірге айдатып жіберетінін білемін. Біз орысқа қарсы шығып түк ұтпаймыз. Саған да соны айтамын. Орыс алдында шіренудің қажеті жоқ. Жағдайға байланысты жүру керек. Кезінде Кенесары айқайлап орыстардың губернаторына қандай талаптар қойғанын білетін боларсың. Оның сөзін тындады ма? Тыңдаған жоқ, Сарыарқадан қуып шықты. Талай қазақты Сібірге айдатып жіберді. Мұның бәрі орыстың мықты екенін көрсетеді. Орыста от қаруы бар, ал сенде не бар? Садақ оғының заманы баяғыда өткен. Ал от қаруды жасау қазақтың қолынан келмейді. Ол үшін оның тілін білетін адам керек. Менің де ішім қыз-қыз қайнайды. Нұра бойындағы ең тәуір жерлерді орыстар алып жатыр. Қолдан келер амал жоқ. Бәрін ақылмен жасау керек. Сен жассың, жақсылап осы оймен қимылдасаң қолыңнан бірдеңе келуі мүмкін келешекте. Ал қазір асықпа. Сәтті күніңді күт! Ертеңіңді ойла!

Читать дальше
Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать


Қанат Жойқынбектегі читать все книги автора по порядку

Қанат Жойқынбектегі - все книги автора в одном месте читать по порядку полные версии на сайте онлайн библиотеки LibKing.




Ел Шоңы. Бесінді. III кітап отзывы


Отзывы читателей о книге Ел Шоңы. Бесінді. III кітап, автор: Қанат Жойқынбектегі. Читайте комментарии и мнения людей о произведении.


Понравилась книга? Поделитесь впечатлениями - оставьте Ваш отзыв или расскажите друзьям

Напишите свой комментарий
x