Қанат Жойқынбектегі - Ел Шоңы. Бесінді. III кітап
- Название:Ел Шоңы. Бесінді. III кітап
- Автор:
- Жанр:
- Издательство:неизвестно
- Год:неизвестен
- ISBN:9785005549495
- Рейтинг:
- Избранное:Добавить в избранное
-
Отзывы:
-
Ваша оценка:
Қанат Жойқынбектегі - Ел Шоңы. Бесінді. III кітап краткое содержание
Ел Шоңы. Бесінді. III кітап - читать онлайн бесплатно ознакомительный отрывок
Интервал:
Закладка:
– Сіз домбыраны жақсы тартатын болуыңыз керек, бауырым!
– Азын-аулақ, – деді жігіт. Оның сыпайылық жасап отырғанын біле қалды Шоң.
– Дегенмен, домбыра шертісің маған ұнайды. Біздің жақта, осында Сайдалының Сары Тоқасы деген домбырашы бар, естуің бар ма?
– Естуім бар, бірақ көрген адамым емес. – Жігіт бұрын бұл есімді білмейтін, «білемін» дегенді сыпайылықпен айтып отыр еді. Бір жағынан Шоңның аузынан шыққан сөзден ол кісінің оңай адам еместігін сезгендей болған. Жігітте бір жағынан сол адамды көруге құмарлық пайда бола кетті.
Шоң айтпаса да, мына жігіттің сол адамды көруге ынтықтығы бар екенін біле қалды. Өйткені, домбырашылар біріне бірі жақын жүріп, бір-бірінің пікірін тыңдауға құмар екенін, олар басқалардан гөрі, бір-біріне үйреншікті келетінін білетін.
Шоңның реті келгенде Сары Тоқаны үйіне шақырып алып домбыра тартқызып отыратын әдеті де болушы еді. Шоңның бір мінезі, әндерді онша ұната коймайтын, бірақ домбыра әуенін ұнататын. Өзінің де ептеген домбыра тартатын әдеті бар еді, ондайда ерекше бір күйге беріліп отыратын. Мына жігіттің тартысы ұнаған еді. Көңілі күйімен үндескендей, жақсы әсер қалдырды. Бүгін домбыра тыңдауға сәті түскен күндей көрінді оған.
– Қазір мен сол кісіні шақырта қояйын. – Сары Тоқаның ауылына кісі жіберген еді.
Сары Тоқа Шоңмен жас жағынан шамалас адам еді. Көп адамдар сияқты Шоңның болыстығына қарамай, оның құрдастығын пайдаланып еркін сөйлейтін. Қажет жерінде әзілдесіп ойнай да беретін. Шоңның шақырып жатқанын естіп, содан соң «бұл шоқынды мен неге іздеп жатыр екен» деп жетіп келген еді. Сары Тоқа қайда барса да домбырасын өңгеріп жүретін. Өйткені, өзінікінен басқа ешқандай домбыраны жақтырмайтын. Домбырасын қыса ұстап кіріп келді. Сөйлей кірді.
– Шоң, сен мені онша іздемеуші едің, неге керек болып қалдым?
Алдында жиі шақыратын Шоң соңғы кезде бас ауруына байланысты ма, Сары Тоқаны шақыра бермейтін. Оның да Шоңның сонысына өкпесі бар еді. Соңғы кезде Ахметжанды да жібере бермейтін. Бірде ол да айтқан еді, әкем менің домбыра тартқанымды онша ұнатпайтын тәрізді, содан кейін әлгі сөзі үшін Шоңға деген бір реніш пайда болған. Ахметжанның айтқаны есіне түсіп кетіп, содан кейін Сары Тоқа сөз бастап келе жатыр еді, оны Шоң тоқтатып тастады да:
– Шыдамсыздық танытпай, алдымен дұрыстап отырсайшы. – Шоң Сары Тоқаның асығыс бірдеңе айтып келе жатқанын ұнатпай қалды да, содан кейін қонағына назар аударып, – бұл кісі біздің жақтың айтулы күйші-домбырашысы болады. Байқап отырған боларсыз, домбырасын өңгеріп келді, қайда жүрсе де бұл серігін тастамайды. Әйелінен де жақсы көреді бұл дүниесін…
– Неге тастаймын, менің барлық қызығым да, қуанышым да осы домбырада. Шоң, дұрыс айтасың, рас, әйелімнен де жақсы көремін.
– Жарайды, сенің әйелің мына сөзіңді естімей-ақ қойсын. Мен сені Көкшетаудан іздеп келген мына домбырашы ініңмен әдейі таныстыруға шақырдым.
– Менің ол жақта домбырашы інім жоқ еді ғой…
– Сенің жолына түскен адамның бәрі де саған жолдас, туыс, дос. Бос сөзді сөйлеме. – Сөзі ұнамаса осылай қағып тастайтынын білетін Сары Тоқа артықтау бара жатқанын сезді, сәл үндемей отырып қалды да артынша:
– Сенің менен жасың кіші, олай болса тарт. Алдымен сені тыңдап көрейін, – деді Сары Тоқа.
Жігіт Кұрманғазының күйлерінен бастап, Дәулеткерейге тоқтады.
– Тәттімбеттен не білесің?
Жігіт оның да екі-үш күйін тартып берді.
– Өзің күй шығарасың ба?
Жігіт отырып өзі шығарған бірнеше күйлерін орындады.
– Бауырым, күйіңде әуен көп екен.
– Көп болғаны жақсы емес пе?
– Көп болғаны тартушысын шатастырады, сондықтан күй бірқалыпты, бір әуенді болуы керек. Бұл күй үшін жазылмаған заң тәрізді…
– Ағасы, сіздің бұл айтқаныңыз дұрыс емес, әуеннің көп болғаны күйді байытады.
– Жоқ, бауырым, күйге екпіндей жоғары шығып, төмен түсу жарасады. Бірақ мына сенің күйлеріңде әуен көп екен. Ал ол өлең емес, күйге келмейді.
– Ағасы, өзіңіз қай күйшіден үйреніп жүрсіз?
– Мен қазіргі, бұрынғы күйшілердің бәрінен үйренемін. Әлгі өзің тартқан күйлердің күйлерінен тәлім-тәрбие алдым. Содан өз әдісім қалыптасқан.
– Әр күйші күйге өз жанынан жаңалық енгізіп отыруы керек. Содан күй байи түседі.
– Інім, бұл дегеніңе қосыла алмаймын.
– Ағасы, сіз құдайшылығын айтыңызшы, – деді жігіт Шоңға. Манадан бері, Сары Тоқа келгенше, Шоң жігіттің күйлерін тыңдап отырған еді. Ол көбіне өзі шығарған күйлерді тартқан еді. Жігітті ықылас койып тындап отырған. Содан кейін әлгі сөзді айтып отыр еді.
– Мен бұл салада сіздерге сарапшы бола алмаймын. Мынау отырған Сайдалының Сары Тоқасы – атақты күйші. Бұдан асқан бұл маңайда күйші жоқ. Ел солай дейді, мен де солай бағалаймын.
– Байқадым, бұл кісінің күйлері, басқаларды ыңғай қайталап отырады екен… Оның үстіне күйінде әуен аз.
Жігіттің мына сөзі қатты батып кетті де, Сары Тоқа ашуланып орнынан тұрды. Шоң оны тоқтату үшін айтты:
– Жасың үлкен, бұл ашуыңа жол болсын?! – Ол тыңдамай кеткен еді.
– Мен мұндай мінезі үшін мұны Бұласыр деп атап кеткенмін. Сен оған өкпелеме, күйлеріңді шығара бер, халық жақсысын екшеп, жаманын тастап отырады.
Тамақтан кейін басқа тақырыпта әңгіме басталып кетті.
– Қалай, Көкшетау өңіріне орыстар көшіп келуі әлі тоқтаған жоқ па? -Шоңның алыстан келген адамдарға осы сұрақты қоюы соңғы кезде әдетіне айналған еді.
– Келгенде қандай, қазірдің өзінде біздің ауылдың іргесіне отыз шақты орыстар қоныстанып алды. Біздің ауыл тура ең шұрайлы Бурабай көлінің жағасында едік, сол көлге бізбен іргелес орыстар келіп қоныстанып көлге шошқаларын қаптатып жіберді. Қазір бізге ол көлден су ішу де қиын болып барады. Соған әдейі ақыл сұрағалы келдім сізден. Не істеу керек? Сіздің Нұра бойына көшіп келіп жатқан орыстарды тоқтатқаныңызды естідім.
Бұл сөзде шындық бар еді, Шоң біраз орыс заемкаларының Нұра жағасына қоныстануын кейін оязбен ақылдасып тоқтатқан еді. Енді олар Нұрадан алыстау Есіл бойына, сол маңайдағы өзендер жағасына қоныстанып жатқан. Жігіттің соларды естіп алып, айтып отырғанын түсінді. Оның үстіне орыстардың әлгі қылығына бір үлкен ашумен келіп отырғанын ұқты да Шоң:
– Жанжалдасудың қажеті жоқ. Олармен тіл табысып отыру керек. Есіңде болсын, алдымен бізді емес, жоғарыда отырғандар соларды тыңдайды. Соны білетін кейбір орыстар есіріп кетеді. Осы жаққа келген орыстардан да соны байқап жүрмін. Ал ретсіз, әлгіндей қылық жасаса, оларды да тоқтатады, жоғарыда отырғандар.
Жігітке Шоңның мына сөзі ұнамады. Турасына көшкен еді.
– Соларды қасымыздан қалай қуып шығуға болады? Біздің жақта сізді занды көп біледі дейді.
– Қуып шыға алмаймыз, күш солардың қолында. Орыстарды қоныстандыру патшаның басты саясаты.
Читать дальшеИнтервал:
Закладка: