Қанат Жойқынбектегі - Ел Шоңы. Бесінді. III кітап

Тут можно читать онлайн Қанат Жойқынбектегі - Ел Шоңы. Бесінді. III кітап - бесплатно ознакомительный отрывок. Жанр: Историческая проза. Здесь Вы можете читать ознакомительный отрывок из книги онлайн без регистрации и SMS на сайте лучшей интернет библиотеки ЛибКинг или прочесть краткое содержание (суть), предисловие и аннотацию. Так же сможете купить и скачать торрент в электронном формате fb2, найти и слушать аудиокнигу на русском языке или узнать сколько частей в серии и всего страниц в публикации. Читателям доступно смотреть обложку, картинки, описание и отзывы (комментарии) о произведении.

Қанат Жойқынбектегі - Ел Шоңы. Бесінді. III кітап краткое содержание

Ел Шоңы. Бесінді. III кітап - описание и краткое содержание, автор Қанат Жойқынбектегі, читайте бесплатно онлайн на сайте электронной библиотеки LibKing.Ru
Бұл кітап тектінің ұрпағы, Шоң Телқозыұлының өмірде қалдырған ізгілік, өмірі жайлы. Жазушы Қанат Жойқынбектегі «Ел Шоңы» деп аталған көп томдық романында Шоң Телқозыұлы туралы ел аузында сақталып жүрген естеліктер негізінде осы кітапты жазып отыр.Мазмұны тартымды кітап қалын оқырман қауымға арналады.Бұл еңбегімді осы кітаптарда аты аталған аруақтардың рухына бағыштадым. – Автор

Ел Шоңы. Бесінді. III кітап - читать онлайн бесплатно ознакомительный отрывок

Ел Шоңы. Бесінді. III кітап - читать книгу онлайн бесплатно (ознакомительный отрывок), автор Қанат Жойқынбектегі
Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать

Мына сөз қатты әсер еткен тәрізді. Енді жүйрік деп әкелген бірнеше аттарды қайтарып жіберді. Дегенмен, казактарға мол беріп, ақшаны кейбір байлар нашар аттарын өткізгісі келетін. Шоң оны біліп алған. Мұның арты бір қиын шаруаға апаратынын Шоңның іші сезетін. Казактарға ескертуін тыңдамаған соң сөзі таусылғандай болып жүрген. Ендігі әкелген жылқыларды өз адамдарына шаптырып көретін. Оларға айтып қойған, егер жүйрік емес атты жүйрік десеңдер, зан алдында жауап бересіңдер дейтін. Шоңның заңды аузына алса жайдан жай сөйлемейтінін, занды жақсы білетінін жерлестері де білген. Сондықтан Шоңның айтқанын екі етпей орындап жүрді.

Шоң мұнымен шаруаны аяқтап қойған жоқ, бара жатқанда казак-орыстардың өздерінен алған жылқыны біреулерге сатып, болмаса айырбастап апарғанын білетін. Казактардың ондай жылпостығын түсініп алған Шоң. Содан кейін казактардың қабылдап алған жылқыларының әрқайсысының түсін, неше жаста екенін қағаз бетіне түсіріп еді. Содан кейін казактарға айтқан, осы қағазды пошта арқылы генерал атына өзім жібертемін деді.

– Егер мұны ана жақтағы казактар білсе, генерал құлағына жетсе, сендермен қалай сөйлесетінін өздерің де білесіңдер, – Шоңның мұнысы өзінің де, билердің де беделін орыстар алдында сақтау болатын. Сондықтан осылай жасап отырған. Ол жалпы қазақ билеріне беделінің әсер ететінін сезген. Шоң билердің орыстар алдында беделінің төмендегенін көңілі қаламайтын. Сонау ерте заманнан келе жатқан бір елдіктің белгісі, орыстар келгелі қалғаны осы би ғана болатын. Қазақ арасында қазақ билігін сақтап қалу үшін орыс алдында олардың абыройын жоғалтпау керек екенін Шоң жақсы түсінетін. Сондықтан би билігіне сөз келтірмеуге тырысатын. Осыдан кейін-ақ байлар өз жүйріктерін әкеп жатты. Түс кезі болатын. Жабағылар ауылынан Түсіп бидің, қасында Алдаберген дейтін бай бар, екі ат алып келіпті. Олар келгенде Шоң сыртта жүрген. Бірінен бірі аумайтын екі көк ат екен. Шоң аттарды көріп, Алдабергеннен сұрады:

– Қоңырқара тұқымы қайда?

– Шоңке, олар баяғыда біткен ғой.

– Сен Алдаберген өтірік айтпа! Былтыр ғана мына Қаражастардың тойына салып, бірінші орын алып едің ғой.

Ол жылап жіберді.

– Ол атымды алғанша үйдегі балаларды алсын да!..

– Алдаберген, генарал-губернатордың бұйрығына қарсы келе алмаймыз. Қажет болса балаларды да алады. Жүйрік кетсе оның орнына жүйрік туады. Ертеңгі күні өзіңді Сібірге айдап жіберсе, онда не болады?! Сен қасарыспай, Қонырқараның тұқымынан да алып кел…

Алдаберген сөз таусылғандай болып кеткен. Шоң қасында тұрып қалған Түсіпті қолға алған.

– Сені Жабағылардың тәуірі деп ел би сайлап отыр. Алдабергеннің әлгіндей жасауына неге жол бересің?

– Шоңке, оның орыс-казактар осындай жылқыларды алып жатыр дегеніне сеніп қалып едік. Кешірім сұраймын, – деді.

– Әкең Қожамжар дұрыс адам еді. Сен кімге тартып осындай болғансың? – Түсіпті біраз жерге апарып қатты ұрысқан.

Осылайша жүйріктер мәселесі біртіндеп шешіліп жатты.

Шоңға мінез көрсетіп жатқанның бірі Елгелділер болатын. Бұлардың арасындағы Ерназармен, Жанкелді тұқымдарымен алакөздік, араздық сонау Корысбай асынан басталған еді. Кейін Шоң Ақмоладан бір жылдық оқу бітіріп келгендегі ат жарысындағы жанжал. Телқозының Елгелділер туралы айтып жүрген сөздері. Оған Жойқынбектің өлімі қосылды. Содан бұл екі ауыл біржола араздасып кеткен еді. Бұрынғыдай жөнге салып отыратын Таубай жоқ. Туыстықтан да кете бастаған. Соңғы жылдары біріне бірі қатынаспайтын болған. Шоң да бұрынғыдай емес, «Балықтыкөлге» қаршыға салып барып жүргенде оларға соқпайтын. Бұл да Елгелділердің сырттан айтқан сөздеріне ренішті еді. Шоң жүйрік ат сұрап, Елгелділерді әуре етпей-ақ қоямын деп отырған еді. Бірақ сыртта көз көп. Ертеңгі күні Шоң ана Сатыпалдының бір баласы Елгелділерден жүйрік ат алмады дейді. Соны ойлаған ол қазіргі Елгелдінің үлкені Ақсарыны екі рет шақыртқан. Ол келмеді. Сол екі ортада әкесі ме, әлде басқа біреулер ме, мына көрші жатқан Елгелділерде жүйрік ат барын жеткізіпті орыс-казак бастығына. Мұның арты ертеңгі күні ұмытылмайтын бір әңгімеге айналып кететінін біліп, Шоң ертеңіне орыс-казактардың екеуін ертіп алып Балықтыкөлге тартты. Тура Айсарының үйіне келген. Бұл кезде ол қайтыс болған. Ол өлгенде Елгелділер Шоңға оның қайтыс болғаны туралы хабар бермеген. Шоң кейін Елгелділер хабарламағанына қатты ренжіп жүретін. Олар үшін аруаққа ренжуге болмайды. Сондықтан бірінші Айсарының үйіне келді. Үйден оның баласы Құтпан шықты. Шоң оны бұрын көрмеген еді.

– Сен кімнің баласысың? – деді Шоң.

– Мен Айсарының баласымын.

Шоң оған түк айтқан жоқ, атының тізгінін берді де ішке кіріп кетті. Үйде Айсарының екінші әйелі отыр екен. Кедейліктен бе, Елгелділер екі әйел алмайтын. Олардың арасында екі әйел алған Таубайдан кейін осы баласы ғана еді. Шоң онымен амандаспастан, отыра қалып құран оқи бастады. Шоңның ешқандай амандық жоқ, бірден құран оқи бастағанына түсінбей отыр ол. Шоң құранды оқып бітіре бергенде үйге Ақсары кірді. Таубай түқымымының казіргі үлкені Ақсары еді. Бұл жас жағынан Шоңнан үлкен болатын. Шоңның бір әдеті, үйде отырғанда қандай үлкен адам болмасын, бірінші орнынан тұрып сәлем бермейтін. Көптен бері есіктерін ашпай жүрген Шоңның мына келісіне таң қалып қалған ол да. Оның үстіне жасын сыйламай, сәлем бермей отыр. Ол Шоңның өзінен сөз күтіп отыра берді.

Шоң Ақсарыға ызалы еді. Ағасының өлгенін хабарлап, шақырмағанына ренішті еді. Өткен жолы жүйріктер туралы шақырғанда келмеді. Шоң оны көп күттірген жоқ, сәлден соң сөз бастаған:

– Сен, Ақсары, мен шақырғанда неге келмейсің? – Даусы қатты шықты.

– Мен сенің аулына неге барамын? – Бұл да қырсық жауап еді.

Шоң қасында отырған екі орысты көрсетті.

– Мен шақырып отырғам жоқ, мына екі орыс шақырған сені.

– Менің орыстарда ешқандай шаруам жоқ. Олардың менде не ақысы бар?

– Ақсары, есіңде болсын, сен де, мен де осы орыстарға тәуелдіміз. Сондықтан олардың айтқанын жасау біздің міндетіміз. Бұлар Кербестінің тұқымынан екі жылқы сұрап отыр. Соны бересің.

– Мен бұл орыстарға ешқандай жылқы бермеймін. Күш көрсетіп тартып әкететін болсаң, өзің білесің. Мен өз қолымнан жылқы бермеймін!

Шоңның сол арада айтатын сөзі болмай қалды. Бұл үйге бұл шаруамен келмеу керек еді деп ойлады. Мұнысы ағасы Айсары өліміне келмегеніне қазақи өкпесі екенін білді. Шоңның әлі де айтар сөзі көп еді. Бірақ айтпады. Әңгіменің ұзаққа созылып кететінін біліп:

– Менің сенімен қазір дауласатын уақытым жоқ. Менімен дауласқыларың келсе, кейін арнайы келемін, – деді де, Шоң орынан тұрып кетті.

Сол бойы Шоң кайтып кеткен. Артынан еріп келген екі орыс та шықты. Шоң кермеде байлаулы тұрған атына мініп жүріп кетті. Былай шыққан соң түкке түсінбеген орыс-казактардың бастығы сөз бастады:

Читать дальше
Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать


Қанат Жойқынбектегі читать все книги автора по порядку

Қанат Жойқынбектегі - все книги автора в одном месте читать по порядку полные версии на сайте онлайн библиотеки LibKing.




Ел Шоңы. Бесінді. III кітап отзывы


Отзывы читателей о книге Ел Шоңы. Бесінді. III кітап, автор: Қанат Жойқынбектегі. Читайте комментарии и мнения людей о произведении.


Понравилась книга? Поделитесь впечатлениями - оставьте Ваш отзыв или расскажите друзьям

Напишите свой комментарий
x