Қанат Жойқынбектегі - Ел Шоңы. Бесінді. III кітап

Тут можно читать онлайн Қанат Жойқынбектегі - Ел Шоңы. Бесінді. III кітап - бесплатно ознакомительный отрывок. Жанр: Историческая проза. Здесь Вы можете читать ознакомительный отрывок из книги онлайн без регистрации и SMS на сайте лучшей интернет библиотеки ЛибКинг или прочесть краткое содержание (суть), предисловие и аннотацию. Так же сможете купить и скачать торрент в электронном формате fb2, найти и слушать аудиокнигу на русском языке или узнать сколько частей в серии и всего страниц в публикации. Читателям доступно смотреть обложку, картинки, описание и отзывы (комментарии) о произведении.

Қанат Жойқынбектегі - Ел Шоңы. Бесінді. III кітап краткое содержание

Ел Шоңы. Бесінді. III кітап - описание и краткое содержание, автор Қанат Жойқынбектегі, читайте бесплатно онлайн на сайте электронной библиотеки LibKing.Ru
Бұл кітап тектінің ұрпағы, Шоң Телқозыұлының өмірде қалдырған ізгілік, өмірі жайлы. Жазушы Қанат Жойқынбектегі «Ел Шоңы» деп аталған көп томдық романында Шоң Телқозыұлы туралы ел аузында сақталып жүрген естеліктер негізінде осы кітапты жазып отыр.Мазмұны тартымды кітап қалын оқырман қауымға арналады.Бұл еңбегімді осы кітаптарда аты аталған аруақтардың рухына бағыштадым. – Автор

Ел Шоңы. Бесінді. III кітап - читать онлайн бесплатно ознакомительный отрывок

Ел Шоңы. Бесінді. III кітап - читать книгу онлайн бесплатно (ознакомительный отрывок), автор Қанат Жойқынбектегі
Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать

Содан кетпекші болып отырған Арқа қазақтарына бір-бір үлкен қалта апорт тапсырды. Бір болыс отырып сұрады:

– Мынасы несі?

– Бұл бізге тартқан орыстардың сыйлығы ғой, – деді Шоң.

– Далада өсіп тұрған алма тартқан сыйлық бола ма?

– Әркім өз білгенін жасайды…

Мыналардың арасында бір дау болып кеткенін генерал сезді де, Шоңнан сұрады. Ол әлгі болыстың айтқанын айтпады, басқаша сөйледі:

– Құрметті Герасим Алексеевич, бұл жасаған сиыңызға рахмет! Мен мына болыстың айтып отырған сөзін айтайын, бұлар бір қиындықты сезініп отыр. Байлардан жүйрік ат жинау қиын. Әр болысқа жүз аттан жинап беру дегеніңіз қиындау іс. Соны тағы да азайтуды сұрап отыр.

Колпаковский Шоңнан аты-жөнін қайта сұрап алды да:

– Шоң Телқозинович, бұл талапты сіздерге қойып отырған губернатор да, мен де емеспін, патша тілегі. Оған сіздер де, біз де қарсы болмауымыз керек. Мен сіздің сөзіңізді түсініп отырмын. Алайда, енді бір ат та қысқарта алмаймын. Анау генерал-губернатор құлағына жетсе, ұят болады.

Шоң бұдан артық илікпейтінін біліп қойған еді. Бұдан кейін тағы да Албандар да қонаққа шақырып еді, Колпаковский жібермеді. Шапыраштар аулына жібергеніне өкініп, олардың Кенесары соғысқан жерге жібергеніне өзіне өзі ренжіп отыр еді генерал. Шоң ана казак-орыстың бәрін жеткізгенін біліп отырған.

Сол күні аялдатқан жоқ. Қайтарып жіберді. Колпаковский бұлармен бірге біраз казак-орыстарды қосып жіберген еді. Әр болыстың жанына бес казак-орыстан ерді. Шоң қасына да бесеуі еріп келді.

Жүйрік ат дауы

Шоң елге келген соң Тоқаның барлық билер мен байларын шақырып алған еді. Көрші жатқан Алтайлардың бірнеше болыстарын шақырды. Бұлар ояздың өздерін ертпей, араларынан тек Шоңды ертіп әкеткеніне көре алмаушылық бар еді. Шонды артық санағанын көргендей болды. Олар Шоңның ояз алдында беделі зор екенін бұрыннан білетін. Мына сонау Алатауға ертіп кетуі соның айғағындай еді. Болыстар мен билер жиналған соң, Шоң Әйімкүлге жақсылап дастархан жасатқан еді. Колпаковский беріп жіберген алманы дастарханға төккізді. Сөз бастады, мынау генералдың сіздерге беріп жіберген сыйлығы деді. Бір болыс отырып айтқан:

– Осындай да сыйлық бола ма?

Оңтүстікте айтқан Қанжығалы болысының сөзін қайталап тұр еді.

– Сендер орыс келсе күміс ертоқымды жүйрік ат мінгізесіңдер. Ал олар сендерді далада өсіп тұрған алмамен сыйлайды. Бізге қалай қарайтынын осыдан-ақ біле беріңдер!

Осы арада Омар шыдай алмай, «Шоң, өзің де оязға талай жүйрік ат мінгіздің ғой» деді.

Шоң Омардың бұл арада әкесінің оязға берген аттарын айтып отырғанын білді. Мен берген жоқпын деп бас тартуға болмайды.

– Ол жағын есепке алсақ, бұл жөнінде сен баяғыда болыс болмай тұрып-ақ менен асып кеткенсің. Біз орыстан қорқамыз. Сондықтан солай жасаймыз. Өйтпесек, елдігімізді құртып жібереді. – Шоң содан кейін дастархан басында отырған бес казак-орысты көрсетті.

– Бұл орыстар осы отырған сіздерден жүз жүйрік ат алып кетпекші. Бұл патшанын нұскауы көрінеді. Дауласпайық, ренжіспейік, сол сұраған аттарын берейік. Оны жасамасаңдар күшпен алады, – деді Шоң.

Отырғандар үндемей қалды. Бәрінде де бір пікір көңілдерінде туындай қалған. Шоң мұны оязға, губернаторға жағымпазданып жасап отыр деп болжаған. Шоң бұлар айтпаса да біліп отыр еді. Елдің қандай көңіл-күйде отырғанын біліп, сезіп отырған. Содан кейін айтқан:

– Орыстар қазақтан сұрамайды, талап етеді. Ал бермесеңдер баяғыдай әскер шығарып, тартып алады ғой. Осында оны кейбіреулерің білесіңдер. Тартып алғаны дұрыс па, әлде өз қолыңмен берген дұрыс па? Соны ойлаңдар. Біз айқайлағанмен, түк жасай алмаймыз. Ал айтқанын жасасақ, қазаққа көзқарастары өзгереді. Заңдарын да жұмсарта береді. Біз үшін қайсы дұрыс, соны ойланып көріңіздер. Тартып алғаны дұрыс па, әлде өз еркімізбен бергеніміз жөн бе? Бәрібір алады, одан да өз қолымыздан берейік. Орыс бастықтардың тілін алмау бізге ешқандай пайда әкелмейді. Менімен бірге еріп барған болыстарға да осындай тапсырмалар берді. Сенбесеңдер мына көрші отырған Темештерден кісі жіберіп біліңдер, – деді. Сөзінің соңында: – Сіздер созып жібермей, осы жұманың ішінде мына орыс-казактарға әкеп тапсырыңдар. Нұра бойында отырған әрбір болыс қарауындағы Алтай, Қарпықтардың байлары жүйрік аттарын әкеп тапсыруы керек. Байлар тығып қалуды ойламасын. Мен қай байда қандай жүйрік барын білемін. Жүйрік болғанда, жүйріктің жүйрігін беріңіздер. Мен есептеп қойдым, болыстардағы әрбір байлар екеуден, үшеуден ғана келеді. Сарандық жасамаңдар. Оның арты жақсы болмайды. Соны естен шығармаңдар. – Шоң осымен сөзін аяқтаған еді.

Не болады, не болмайды деген жоқ, болыстар, билер үнсіз кеткен. Шоң олардың қандай көңіл-күйде кетіп бара жатқандарын біле қалды да, олардың үндемеуі Шоңға ұнамады, содан кейін айтқан:

– Мен сіздерге тағы да айтамын, бұл патшаның тапсырмасы. Бермесеңдер тартып алады. Ол жақсы емес, ең дұрыс жолы айқайласпай, дауласпай өз қолымыздан берейік, сонда жаманатты болмаймыз…

Омар болыс кетіп бала жатып айтқан:

– Сіз, Шоңке, қызық сөйлейсіз, ол аттар болыстардікі емес, байлардікі, оны сіз жақсы білесіз. Сонда солардан тартып әпереміз бе?

– Сені сол туысқандарың, билер болыс етіп сайлады. Оны ояз қолдады.

Айтқанды орындай алмасаң, неге болыс болып отырсың?

Шоңның мына «алмасаң несіне болыс болып отырсың» деген сөзінен кейін Омар да, басқа болыстар үндемей қалған. Бұл үндемеуде бір сыр бар екенің білді Шоң, бірақ әліптің артын күтіп, басқа сөз айтқан жоқ. Дегенмен, мұның арты үлкен дау болатынын іші сезіп отыр еді. Даудың бастамасы Омардың әлгі сөзі екенін сезді. Арада екі күн өткен соң Шоң Омарға адам жіберді, оған хатты қосып жазып жіберген еді. Онда жазған еді: «Омар, сен уақытында орындамасаң, екінші рет „тақыр Омар“ атанасың. Бұл орыннан шығарып тастайды. Ояз сенің қанша бергеніңе қарамай, осы тапсырманы орындамасаң түрмеге де отырасың. Оны басыңдағы шашыңдай көр!» Қанша дегенмен, «Бес береннің» ішіндегі ақылдысы да, мықтысы да осы Омар еді. Шоң сөзіне түсіне қалды да, туысқаны Сапақтың балаларынан бастап, бір күн өткенде аттарды әкеп берген. Алайда, көп болыстардағы байлар үнсіз жатыр еді. Енді бірге еріп келген казак-орыстар мазасыздана бастаған. Шоң оларға айтқан: «Сендер шыдаңдар, мен сендерге осында жүрерде айттым ғой, қазақтар жүйрік аттарын қасында жатқан әйелдерінен де жақсы көреді. Ойланып, толғанып алсын». – Келгелі олардың кұлақтарына осы сөзді Шон құйып отырған еді.

Орыс-казактар енді мына жайдың мәнін түсінген болуы керек, шыдады. Бірақ та Шоңнын өзі шыдай алмады. Әйімкүлдің төркін жұртына төрт күн өткен соң ат шаптырған еді. Олардын осы уақытқа дейін үндемей жатқанына ренжіп қалған. Губернатордың айтқаның орындамай, абыройымыз төгілейін деп отыр. Сол жағын ойлаңыз деген мәнмен хат жазған еді. Азна Шоңнын хатын оқып шығып, ағайындас үш болыстың басшыларына өзі барды. Жасы үлкен Азна Тәти бастаған үш болыстың, үш рудын билеріне жолығып айтқан еді: «Шоң Ақмоладан әскер шақыратынын айтып жіберіпті». Бұл Азнаның өзінше қулығы еді. Әлгі сөздің әсері мықты болды. Арада тағы екі күн өткенде Әйімкүлдің төркін жұрты мен оған ағайындас Кареке мен Мұраттар айтылған жылқыларын әкелген. Оны өзіне сөз келтірмеу үшін атасы ұйымдастырып отырғанын Шоң білді.

Читать дальше
Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать


Қанат Жойқынбектегі читать все книги автора по порядку

Қанат Жойқынбектегі - все книги автора в одном месте читать по порядку полные версии на сайте онлайн библиотеки LibKing.




Ел Шоңы. Бесінді. III кітап отзывы


Отзывы читателей о книге Ел Шоңы. Бесінді. III кітап, автор: Қанат Жойқынбектегі. Читайте комментарии и мнения людей о произведении.


Понравилась книга? Поделитесь впечатлениями - оставьте Ваш отзыв или расскажите друзьям

Напишите свой комментарий
x