Қанат Жойқынбектегі - Ел Шоңы. Бесінді. III кітап

Тут можно читать онлайн Қанат Жойқынбектегі - Ел Шоңы. Бесінді. III кітап - бесплатно ознакомительный отрывок. Жанр: Историческая проза. Здесь Вы можете читать ознакомительный отрывок из книги онлайн без регистрации и SMS на сайте лучшей интернет библиотеки ЛибКинг или прочесть краткое содержание (суть), предисловие и аннотацию. Так же сможете купить и скачать торрент в электронном формате fb2, найти и слушать аудиокнигу на русском языке или узнать сколько частей в серии и всего страниц в публикации. Читателям доступно смотреть обложку, картинки, описание и отзывы (комментарии) о произведении.

Қанат Жойқынбектегі - Ел Шоңы. Бесінді. III кітап краткое содержание

Ел Шоңы. Бесінді. III кітап - описание и краткое содержание, автор Қанат Жойқынбектегі, читайте бесплатно онлайн на сайте электронной библиотеки LibKing.Ru
Бұл кітап тектінің ұрпағы, Шоң Телқозыұлының өмірде қалдырған ізгілік, өмірі жайлы. Жазушы Қанат Жойқынбектегі «Ел Шоңы» деп аталған көп томдық романында Шоң Телқозыұлы туралы ел аузында сақталып жүрген естеліктер негізінде осы кітапты жазып отыр.Мазмұны тартымды кітап қалын оқырман қауымға арналады.Бұл еңбегімді осы кітаптарда аты аталған аруақтардың рухына бағыштадым. – Автор

Ел Шоңы. Бесінді. III кітап - читать онлайн бесплатно ознакомительный отрывок

Ел Шоңы. Бесінді. III кітап - читать книгу онлайн бесплатно (ознакомительный отрывок), автор Қанат Жойқынбектегі
Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать

Олар ертең бүрсікүнімен соза берді. Олардың мұнысы қулық екенін түсіндік. Ақыры бізге сыбыс хабар келді. Қенесары да, Наурызбай да тірі екен деген сөз жетті. Қырғыздар бір мәмілеге келер деген оймен жата бердік. Арада біраз уақыт өткен соң, Кенесарының басын кесіп, орыстарға бергені туралы сөз жетті. Оған да сене қоймадық. Оның басын орыстарға қалай береді. Бұның арты үлкен жанжал болатынын олар да, біз де түсініп отыр едік.

Артынша Орман манаптың адамдары түн ішінде Кенесары мен Наурызбайдың қашып кеткені туралы сөз шығарды. Бұған да сене қоймадық. Олар қашып кетсе, бізбен неге хабарласпайды? Содан жата бердік. Бізге орыстар да, қырғыздар да тиіседі. Тағы біраз уақыт өткеннен кейін тағы бір жаманат хабар жетті. Орыстар жолай Кенесары мен інісін ұстап алып, басын кесіп алыпты деген суық хабар…

Арада біраз уақыт өтті. Енді екеуінің де тірі еместігіне көзіміз әбден жеткендей болды. Бір ай өткенде қазақтардың соңына орыстар шам алып түсіп алды. Ана жерде, мына жерде қазақтарды өлтіріп кетіпті деген сөздер шығып жатты. Маған да жан керек, ұлы жүз қазақтарының ішінен таныс тауып, солардың арасына барып бас сауғаладым. Содан әйтеуір, тірі қалдым. Шапыраштының қызына үйлендім. Содан осы күнге жеттім.

Шоң отырып ойлаған еді, орыстар қырғыздарды қорқытып, Кенесарыны өлтірткен болды ғой. Кенесары туралы әңгіме болғанда, сонау жылдары орыстар айтқан, сендердің хандарыңды өлтірген өздеріңнің туыстарың дейтін. Бұл екі елді шатастыру амалы екенін Шоң енді анық түсінгендей болды. Қазір мына адамның айтқанынан кейін Шоң сөз бастап кеткен еді:

– Орыстар мен қырғыздар ғана емес, мына таулар да Кенесарының жауы болған тәрізді. Алдында орыстар Сарыарқаның кең жазығында Кенесарымен қанша соғысты. Бірінде де орыстар жеңіске толық жете алмады. Сарыарқаның кең даласында жүргенде мүмкін жеңе алмай кетуі де мүмкін еді-ау. Ол кең далада жүріп соғысудың айла-тәсілін біліп алған. Кең даладан кетуі Кенесарының үлкен қателігі, – деп Шоң өзінше қорытынды жасады.

Бұлар Кенесары жауынгерлерінің сүйегі қалған жерлерге құран оқып, құдайы жасап отырғанда бір топ қырғыздар келді. Бұлар қазақтармен көршілес отырған құдандалы қырғыздар екен. Дос көңілді қырғыздар болып шықты. Біреуі тұрып сөз бастады.

– Сіздердің алыстан келгендеріңізді естіп жатырмыз. Не айтамыз, аруақтардың жатқан жері жайлы болсын. Біздін ауылға жүріп қонақ болыңыздар, – деді.

– Мынаның айтып тұрған сөзін қара, қазақтың соңғы ханын өлтіреді де, енді келіп қонақ бол дейді. Бармаймыз, – деді бір болыс.

– Сіздер не айтып отырсыздар? Қазір Кенесарыны өлтірген Орман манаптың өзі де жоқ. Оның да сүйегі қурап қалған шығар. Қазақтар мен қырғыз арасындағы туысқандық, достықты ешкім жоққа шығара алмайды. Біз достық пейілдегі адамдармыз. Сондықтан келіп отырмыз. – Қырғыздарды бастап келген адамның сөзі еді бұл.

– Сендер қатыспасаңдар, аталарың қатысқан, – деді тағы да бір болыс отырып.

– Болар іс болды. Енді оны түзете алмаймыз. Қырғыз ешқашан қазаққа қарсы бармайды. Бұл орыстардың айдауымен амалсыздан болған соғыс, – деді Шоң.

Шоңның бұл сөзінде шындық жатқанын сезгендей болды жұрт. Бірақ ана орыстардың басшысы біліп қалса пәле бола ма деп қорқып тұр еді болыстар. Соған орай сөйледі Шоң:

– Біздер орысқа біржола тәуелді болған халықпыз. Ал сіздер әлі толық бағынған жоқсыздар. Біздің бір дастархан басына отыруымыз, сіздерге де пайдалы емес, ертеңгі күні орыстар біліп қалса пәле жасайды. Осы келгендеріңізге рахмет. Біз бара алмаймыз, – деді.

– Бізге орыстар өшігіп енді не істейді? Жүріңдер біздің ауылға… Сол арада Арқа қазақтары екіге жарылып кетті. Бірі барайық десе, екінші топ бармайық дейді.

Шоң қасына еріп келген казак-орыспен, татармен ақылдасқан. Шоң оларға ретін келтіріп айтқан.

– Мына қырғыздар ертең біз кеткен соң көрші отырған қазақтарға өшігіп алады. Малдарын ұрлайды. Содан кейін бұл жақтың қазақтарынан да бізге өкпе-реніш туады. Сондықтан барғанымыз дұрыс болатын шығар, – деді.

Күн сайын жылқыларды ұрлап жүргендер арасында осыларға да күдіктері бар еді олардың. Содан кейін бұларды ашындырудың жөні жоқ екенін білген олар да. Ақыры татар аудармашы мен казак-орыс екеуі оңашаланып отырып ақылдасқан. Шоңдардың айтқанымен келіскен еді. Әлгі сөз олардың да көңілдеріне қонған тәрізді. Арқа қазақтары қырғыздар аулына барған еді. Олар естері қалмай, жақсылап қарсы алды.

Алдында барып қонақтарды шақырған адам айтып келген болатын аулына: «Араларында бір Шоң есімді адам бар екен. Сол қырғыз ғой деймін. Айтқан сөздерінің бәрі шоң. Қазақтан ондай адам шығатынына күдік келтіремін. Көп білетін тәрізді. Қасындағы екі орыспен әңгімелесіп, біраз шаруаны сол реттеп берді. Сөздің жөнін келтіре айтатын адам екен. Өзі орысшаға ағып тұр».

Қонақтар келіп дастархан басына жайғасқан соң ауыл үлкені сөз қозғады.

– Араларыңда Шоң дейтін адам бар екен. Осы уақытқа дейін қазақтардың арасынан ондай есімді естіген жоқ едік. Қазақтардың ішіне сіңісіп кеткен қырғыз емес пе?

– Ол айтып отырған қырғызыңыз мен боламын. Үш қайнаса қырғызға сорпам қосылмайды. Мен қазақ боламын. Бірақ мен сіздерден қашпаймын. Қаза берсек, арғы тегіміз бір халықпыз ғой. Неге қашамын?!

– Ендеше, неге бармаймын деп айтасыңдар алғашқыда. Шақырған қонаққа келмеуге бола ма екен. Қонақтан қашу қазақтың да, қырғыздың да дәстүрінде жоқ. Осы дастархан қырғыз бен қазақтарға сан рет жайылған. Орман манап пен Кенесары қанша соғысқанымен, дастарханымыз бөлінуге тиісті емес.

– Ағасы, дұрыс айтасыз, біз сіздердің ертеңгі жағдайларыңызды ойлап айтып отырмыз ғой. Біз ертең кетеміз, кейін Кенесарының туысқандарын қонақ еттіңдер деп, сіздерге орыстар маза бермей жүрсе қайтесіздер?

– Біз орыстан қорықпаймыз, қазақтан қорқамыз…

Осы жерде бір сөзді айтудың жөні келіп қалды. Шоң сол арада айтып салған.

– Қорықсаңыздар, қазақтың ханын өлтірмес едіңіздер…

– Ешбір қырғыз Кенесарыны жауға балаған жоқ. Орман манап қой, орыстардан қорқып жасаған оны…

– Ол біреу, сіздер көпсіздер. Үлкендеріңіз айтпай ма, қазақ туыс халық, олармен соғыспайық деп, Орман манапқа?

– Айтқанда, сіздердің хандарыңыз болды ма, айтқаныма көнбесеңдер өлтіремін, қырамын-жоямынға басты ғой. Сол сөзі өзіне жау болды. Ол соны жасап тұрғанда қырғыздар не істеуі керек еді?

Шоң көзі көрмесе де естіген, артынан ермеген Орта жүз қазақтарының өзін Кенесары қорқытып, ермегендердің малдарын тартып әкеткенін білетін. Шоң ойланып қалды, «қазақтарға жасаған қысастығын қырғыздарға жасамақшы болған екен ғой». Сәл үнсіз отырып барып Шоң:

– Бұл сөзіңізде шындық жатыр. Кенесары да, Орман манап та бір ауызды болмаған соң сондай күйге жетті. Қазақ та талай жерде содан таяқ жеп жүр. Осы отырған қазақтар алдында сіздер қанша кінәлі болып отырсаңдар да кешірім сұраймыз. Біздің ханымыздың әлгі жіберген қателігі үшін…

Читать дальше
Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать


Қанат Жойқынбектегі читать все книги автора по порядку

Қанат Жойқынбектегі - все книги автора в одном месте читать по порядку полные версии на сайте онлайн библиотеки LibKing.




Ел Шоңы. Бесінді. III кітап отзывы


Отзывы читателей о книге Ел Шоңы. Бесінді. III кітап, автор: Қанат Жойқынбектегі. Читайте комментарии и мнения людей о произведении.


Понравилась книга? Поделитесь впечатлениями - оставьте Ваш отзыв или расскажите друзьям

Напишите свой комментарий
x