Қанат Жойқынбектегі - Ел Шоңы. Бесінді. III кітап
- Название:Ел Шоңы. Бесінді. III кітап
- Автор:
- Жанр:
- Издательство:неизвестно
- Год:неизвестен
- ISBN:9785005549495
- Рейтинг:
- Избранное:Добавить в избранное
-
Отзывы:
-
Ваша оценка:
Қанат Жойқынбектегі - Ел Шоңы. Бесінді. III кітап краткое содержание
Ел Шоңы. Бесінді. III кітап - читать онлайн бесплатно ознакомительный отрывок
Интервал:
Закладка:
– Мал сойылады ғой. Мына адам асығып отырмыз дейді, – деді баласы.
– Неге асығады? Арқаның қазақтары менен бір бас жеп кетуі керек қой.
– Бас та жерміз. Ең алдымен Кенесары соғысқан жерге барып, сол арада өлген Арқа қазақтарына құран бағыштау ойымыз бар еді.
– Ендеше апарамын, – деді. Шал есікке қарай беттеді. Әлі адам жүргенде теңселіп кетті. Шоң оның әбден қартайып болғанын білді. Апаратынына күдіктенді. Содан кейін Шоң айтқан:
– Сіз шаршап тұр екенсіз. Басқа апаратын біреуді айтыңызшы?
– Шырағым, менімен бірге соғысқа қатысқан адамдардың көбі өліп қалды. Тірі қалғандары Арқа жаққа қайтып кеткен. Ол жерге барып қайтуға шамам жетеді. Ат арбаларың бар ма?
– Ат арба табылады. – Шал сырт киімін киіп тысқа шыққан. Есік алдында тұрған арбаға жайғасты. Шоң одан сұраған еді.
– Ұмытып қалған жоқсыз ба?
Ат-арбаның божысын ұстаған баласына:
– Кекілік тауын бетке алып тарт, – деді. Баласы әкесі айтқан жаққа қарай аттың басын бұрып жүре бергенде Шапыраштылардың үлкен шалы жігітке:
– Амандық, бұлар ертеңгі күні кетеді. Сен осында қаласың, байқа! – деп, болыс сөзін қайталағандай етіп айтқан.
Бұл сөздің артында сыр бар еді, Колпаковский татар тілмашқа ол жаққа шамаларың келсе жібермеңдер деген. Ол болысқа жеткізген. Әлгі адамның айтып тұрғаны содан еді.
– Сіз үйтіп мені қорқытпаңыз. Онда осылармен бірге кетемін. Әкем көптен бері туысқандарының басына барып құран оқимын деп жүр еді, жақсы болды, – деді баласы. Шапыраштының шалының сөзін тыңдамай жүріп кетті.
Арбаға отырған соң шал әңгімесін бастап кетті:
– Мен төре боламын. Баяғыда Кенесары әскерімен бірге келіп, осы жақта үйленіп қалғанмын. Содан бері елім – Көкшетауға жете алмай жүрмін. Оның үстіне осы Ұлы жүзден әйел алдым. Жаратушы қабірімді осы жерден бұйыртқан шығар…
Шоң әбден кәрілікті мойындап қалған мына кісінің мұңлы сөзіне ортақтасып қалды. Апарып көрсететініне Шоңның көңілінде әлі де күдік бар еді, шал жерді ұмытып қалған шығар деген ой да бар болатын. Шалдың қасында Шоң жайғасып отырған, оған өзін мазалап тұрған сұрақты қойды:
– Сіз ол жерді ұмытып қалған жоқсыз ба?
– Ол жерде менің екі туысқанымның да сүйегі жатыр. Уақытында барып алып келейін деп едім, мына Шапыраштылар орыстардан қорқып, жібермеді ғой. Бәрі де жадымда…
Шалдың құлағы естімейді екен. Соны білген Шоң оған ешқандай сұрақ қойған жоқ. Еркіне жіберіп, сөзін тыңдап отыра берген. Әлгі адам Көкшетауда өткізген жастық шағы туралы айтқан. Арасында төрелер туралы сұрады. Қоңырқұлжа мен Уәлиханды еске алды.
– Кенесарының жеңілуіне алдымен сол екеуі себепкер болды. Олар орысқа берілмегенде біз жеңіп шығатын едік.
Шоң тыңдаушы, шал сөйлеуші. Шоң шын мәнінде мына адам төремін дегенде хан тұқымынан деп қалды.
– Шыңғыс ханның қай баласынан тарайсыз?
– Мен Шыңғыстың өзінен тараған ұрпақпын. Бер жағын біле жатарсыңдар. – Төрелер қазақтарға Шыңғыс ханнан бастап, аталары туралы қалт жібермей айтып отыратын. Ал мына адам Шыңғыс хан, Жошыдан басқасын білмейтін болып шықты. Басқа аталарымның атын ұмытып қалыппын деді. Шоң сонысына күдік келтіріп еді. Бірақ үндеген жоқ.
Шал енді сөзін Шапыраштыларға бұрды.
– Мына Ұлы жүз, оның ішінде Шапыраштылар оңбайды. Кенесарыға көмектеспеді ғой. – Шапыраштарды біраз жамандап алды. – Бұлар шеттерінен қорқақ. Ана Сыпатай батырдың қашып кеткенін білесіңдер ме?
– Ағасы, Сыпатай батырды онша жамандамаңыз. Біздің жақта да ондайлар болды ғой. Кенесары елдің бәрін ауыз бірлігіне жеткізе алмады. – Осы айтқанын айқайлап, шалдың құлағына зорға жеткізді.
Шал отырып әлден уақытта Шоңнан сұрады:
– Өздерің кім боласыңдар?
Шоң шалдың көңілі үшін айтқан:
– Мен төре боламын…
Мына сөзді естігенде шалдың есі шығып кеткендей болды. Шоңды айналып, толғанып жатты. Көп жылдан бері Арқаның төрелерін көрмеп едім, сенің сөзіңді естіп, бір жасап қалдым ғой. Атың кім?
– Шоң. – Мына сөзді естігенде шал шалқасынан түскендей болды.
– Өзің мені алдап отырған жоқпысың? Шоң деген қырғыздардың сөзі ғой.
– Ақсақал, Шоң есімі қазақтарда да, төрелер де бар. Сіз біздің жақта жүргенде Қаржаста Шоң деген кісі бар еді, оны білесіз бе?
– Естігенім бар. Ол да орыстарға берілген адам ғой.
– Ағасы, қателесесіз. Ол орысқа да, қазаққа да ортақ саясат жүргізген адам. Өйтпесе, болмайтын еді.
– Әй, төре бауырым, мен сол қазақтардың саясатына түсінбей кеттім.
Шоң бұл адамның Шыңғыстың қай баласынан тарағанын білу үшін баласынан сұраған. Ол әкесінің әлгі жалған сөзіне ұялып, шындықты айтқан:
– Біз Төлеңгіт боламыз. – Аталары сол Көкшетау жақта ыңғай төрелердің арасында тұрыпты. – Солардан қыз алып, қыз беріп, содан төре атанып кеткенбіз. Бізде нағыз хан тұқымының қаны бар. Содан кейін әкем осылай сөйлеп отыр. Сіз Төлеңгіттер мен төрелерді бөлмеңіз. Бұл сөзді Шыңғыс ханның өзі айтқан дейді.
Осылай төре атанған бірталай Төлеңгіттер бар еді, Шоң оны білетін. Мына көңілінен шығып отырған жігітке қарсы сөз айтқан жоқ. Шал келе жатқанда туған жері туралы біраз сөз қозғады. Оның сөз саптауынан туған жерге сағынышты байқағандай болды. Анда-санда көз жасын төгіп алады.
– Бұл ара Көкшетауға қарағанда жер ме, ол жер жаннаты ғой, – деп бір қойды шал.
Бұл сөз туған жерге деген сағыныштан туып отырғанын Шоң білді. Әуелі көргеннен-ақ Шоң бұл жақтың Арқадан кем еместігіне көзі жеткен еді. Жерінде жел жоқ. Келгелі күн жарқырап тұрған. Тау баурайы толған ағаш. Ғажап жер екенін байқаған. Шал отырып сұраған болатын.
– Әй, бауырым, бұл жаққа орыстар келіп жатыр. Ол жақта қалай?
Осынша жасы келіп, күнін санап отырғандай адамның көңіліне қаяу түсірмеу үшін Шоң айтқан:
– Ағайындарыңыз сол тұрған жерінде тұрып жатыр. Ол жақтан оларды куып жатқан ешкім жоқ. Елге қайтайын деп пе едіңіз?
Құлағы естімейтін шал Шоңның айтқан сөзін зорға естіп отырды. Қайта-қайта айқайлап, естімейтін құлақ Шоңның да әбден жүйкесіне тиіп отыр еді. Сонда да мына шалмен сөйлесуге құмарлық пайда болып отырған Шоңда. Соның әсерімен сөйлеген:
– Соғыстан кейін ел жаққа неге бармадыңыз?
– Ол жақта орыстар қазақтарды тұтқындап, Сібірге айдап жатыр дегенді естіп, қорқып, содан кейін бармадым. Ең бастысы ол да емес. Осында Шапыраштылардың бір қызына көңілім кетіп, шын сүйіп, соның әкесі қызымды алып кетуге бермеймін деген соң, осында қалып қойдым. Ол кемпірім қайтыс болған. Ал егер Орта жүзден әйел алып беремін десеңдер, барамын.
Шоң шал мына сөзді қалжыңмен айтып отырса да, туған жерге деген бір сағыныштан туып отырғанын білді.
– Жүріңіз, біреу емес, екі әйел алып беремін.
– Балам, сөзіңе рахмет! Жаратушы топырақты осы жерден жазған болуы керек. Осы жерде өлемін енді…
Читать дальшеИнтервал:
Закладка: