Кеңес Оразбекұлы - ТҰРАН БАҺАДҮРЛЕРІ НЕМЕСЕ ЕР, БИ, НАРДЫҢ ЕРЛІК ЖОРЫҚТАРЫ

Тут можно читать онлайн Кеңес Оразбекұлы - ТҰРАН БАҺАДҮРЛЕРІ НЕМЕСЕ ЕР, БИ, НАРДЫҢ ЕРЛІК ЖОРЫҚТАРЫ - бесплатно ознакомительный отрывок. Жанр: Историческая проза. Здесь Вы можете читать ознакомительный отрывок из книги онлайн без регистрации и SMS на сайте лучшей интернет библиотеки ЛибКинг или прочесть краткое содержание (суть), предисловие и аннотацию. Так же сможете купить и скачать торрент в электронном формате fb2, найти и слушать аудиокнигу на русском языке или узнать сколько частей в серии и всего страниц в публикации. Читателям доступно смотреть обложку, картинки, описание и отзывы (комментарии) о произведении.

Кеңес Оразбекұлы - ТҰРАН БАҺАДҮРЛЕРІ НЕМЕСЕ ЕР, БИ, НАРДЫҢ ЕРЛІК ЖОРЫҚТАРЫ краткое содержание

ТҰРАН БАҺАДҮРЛЕРІ НЕМЕСЕ ЕР, БИ, НАРДЫҢ ЕРЛІК ЖОРЫҚТАРЫ - описание и краткое содержание, автор Кеңес Оразбекұлы, читайте бесплатно онлайн на сайте электронной библиотеки LibKing.Ru
Ер, Би, Нар – бауырлар, қазіргі заман балалары. Үркерліктер оларға «Дәуір сағатын» сыйлайды. Сол «сағатпен» олар Алып Ер Тоңға, Анахарсис, Томирис, Шырақ, Сыпатай, Мөде тәңірқұт, Аттила, Тоныкөк – Күлтегін, Әл-Фараби, Қайыр хан (Отырар қорғанысы), Өтейбойдақ шипагер, Тәуке хан – Қожаберген батыр замандарына «сапар шегеді». Ата-бабаларымыздың тарихымен, өркениетімен танысып, мақтанышқа кенеледі. Өздері де тарихи, ерлік жорықтарға қатысып, отаншылдықтың үлгі-өнегесін көрсетеді.

ТҰРАН БАҺАДҮРЛЕРІ НЕМЕСЕ ЕР, БИ, НАРДЫҢ ЕРЛІК ЖОРЫҚТАРЫ - читать онлайн бесплатно ознакомительный отрывок

ТҰРАН БАҺАДҮРЛЕРІ НЕМЕСЕ ЕР, БИ, НАРДЫҢ ЕРЛІК ЖОРЫҚТАРЫ - читать книгу онлайн бесплатно (ознакомительный отрывок), автор Кеңес Оразбекұлы
Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать

– Уа-а!

– О, тоба!!!

– Тәңірі сақтай гөр!.. – деумен ғана тынды.

***

Көшкен жұрттың ескі жұртында күнге шыжып, кіре жолдың шаңына аунап жатқан жерінен оны парсылардың шолғыншы жасақтары тауып алды. Тұла бойы қызыл ала қанға боялған күйінде Шырақты Дарийдің алдына жеткізді.

– Маған олардың не істегенін көрдіңдер ме? – деді ол тісін қайрап. – Жауыз иттер! Оларға мен әлі көресісін көрсетемін! Ит терілерін басына қаптатамын! Егер қажет болса, жол бастап барайын. Мен білемін олардың қайда бет алғанын. Сендерді сақ әскерінің тура үстінен түсіремін! Сөйтіп, мені қорлап-жәбірлегендері үшін олардан қалайда кегімді аламын!

Шырақтың қып-қызыл қанға боялған сықпытын, қарғанып, тісін қайрағанын көріп, парсылардың сенбесіне амалы қалмады.

– «Өлмегенге өлі балық кездесер» деген, – деді Дарий. – Кәне, сүйемелдеп тұрғызыңдар. Жарасын таңып, үсті-басын тәртіпке келтіріп, тамақ беріңдер. Бізге жол бастаушы керек.

Сөйтіп, Шырақ парсылардың сеніміне кіріп, оларды шөл даланың шалғай түкпіріне басын алға созып, ентелеген күйі бастай жөнелді.

– Төңіректегі құдықтар түгел уланған, шөбі өртелген, – деді Шырақ парсыларға. – Оларға апаратын қауіпсіз, төте жолды тек мен ғана білемін!..

***

Бауырлар ұшы-қиырсыз шөл даланы қақ жарып жүріп келеді. Олар жүзген, қылша, құмсағыз бен жантақ өскен ала тақыр мен құм төбелерді артқа тастап, із кесіп, айнала атырапқа барлай қарайды. Алдағы тағы бір төбенің жонына шыға бергенде, Нар:

– Ер, дүрбіні бере тұршы, сонау көкжиектегі қарайған жолақты көрдіңдер ме, соған көз салайын. – деді. Ол дүрбіге шұқшия үңілді де, – Бауырлар, мына келе жатқан қалың әскер ғой! Мә, сендер де анықтап қараңдаршы, – деді.

Олар да дүрбіні кезек-кезек алып қарай бастады.

– Иә, алдында бір топ шолғыншылар да келеді. Солардың арасында жол көрсетіп жүрген Шырақ та бар шығар.

– Дұрыс айтасың. Шолғыншылардың бәрі әскери киімді – дулыға, сауытты да, тек бір адам ғана жай киім – шапан, басына қалпақ киген. Сол Шырақ болуы керек.

– Иә, дұрыс айтасың. Сол Шырақтың өзі. Үстіндегі бақташы киімі ғой. Енді оны өлімнен қалай арашалап аламыз? Соның жайын кеңесейік.

– Олардың шөл даланы кезіп келе жатқандарына қанша күн болды екен? Алдымен соны анықтауымыз керек. Өйткені, жетінші тәулікте бар сыр ашылып, Шырақтың басына қауіп төнбейтін бе еді?

– Сондықтан ара қашықтық сақтап жүріп, оларды бақылайық. Әне, парсылардың түр-кескіндері анығырақ көріне бастады. Жүздерінен шаршағандық пен қажығандық байқалады. Күш-қайраттары да сарқылған, ілбіп, сүйретіле басып жүріп келеді. Әне, кейінгі әскер қатарынан бір арба мен үш салт атты бөлініп шықты. Арбаның үстінде үлкен бөшке. Соған қарағанда, оларды айнала-атырапта су бар ма екен деп, барлауға жіберген болуы керек.

– Суға барлауға жіберген бе?!

– Иә, суға барлауға жіберген. Өйткені, олар қазір судан қаталап келеді емес пе. Әне, олар бері, сайға түсіп келеді.

– Бәрекелді! – деді Нар қуанып. – Өте тамаша! Бауырлар, біздің күткеніміз де осы емес пе?!

– Иә, олар арбаларын дәл біздің жоба-жоспарымызға сай жібергенге ұқсайды.

– Әне, олар жақындап қалды, – деді Ер. – Садақтарымызды оқтап әзірленіп тұрайық. Мен ортасындағы сардарын аламын. Ал сен Би – оң жағындағысын, сен, Нар, – сол жағындағысын көздең-дер. Мен «Ат!» дегенде, үшеуіміз бірден атайық.

– Ал, арбадағы сарбазды ше?

– Арбакешті ме, оны тірідей қолға түсірейік. Егер қашуға әре-кеттенсе, жеңіл жарақаттайық. Өйткені, ол бізге «тіл» үшін керек қой.

Дәл осы кезде парсы арбасы да таяқ тастам жерге жақындап, таяп қалған еді.

– Кәне, оларды нысанаға алдыңдар ма?

– Алдық.

– Онда… атыңдар!

Үшеуі керілген жебелерін жіберіп қалып еді, ат үстіндегі үш жауын-гер бір мезетте омақаса құлады. Ал арбакеш атын тоқтатып, әуелгіде не болғанын білмей абдырап қалды да, тез есін жиып, атының басын бұра бергенде, Ер оны оң қолынан дәлдеп атып, жарақаттады. Ол қолымен әлек болып жатқанда, үшуі тасадан жүгіре шығып, арбакешті қаумалап ұстап алды.

– Атың кім? – деді Ер тұтқынға.

– Сәлім.

– Сәлім, тек шыныңды айт! Егер бір сөзің жалған болса, мына кезеулі оқтан ажал құшасың.

– Тек, шындықты айтайын. Мені өлтіре көрмеңіздер, – деп жалынды тұтқын.

– Шырақтың жол көрсетуімен қанша күн болды келе жатқандарыңа?

– Бүгінгі күнмен жеті күн…

– Дарийдің әскері, жағдайы қалай?

– Халіміз нашар, – деді тұтқын еті қашқан жақтары қушиып. – Әскерлер болдырған, қажыған. Мына бас-аяғы жоқ тозақ шөлдің ыстық күніне қақталып, аңқамыз кеуіп қаталап келеміз. Бойынан әл-дәрмендері кеткеңдер жол бойы сүйретіліп, сұлап қалып жатыр. Шегірткедей қаптаған қалың әскердің жартысына жуығынан айырылдық. Қазір Дарийдің өзі жаңдалбасалап, не істерін білмей әлек. Жан-жаққа біз сияқты су барлаушыларын жібергенімен, олар да бір жұтым су таппай құр қол қайтып жатыр. Біз де соның біріміз, – деді көзі тұманытып.

– Жол бастаушы Шырақтың түр-келбеті, киген киімдері қандай?

– Оның басында – ақ киіз қалпақ, үстінде – шоқпыт шапан, бет-аузы тілік-тілік. Әскер-сарбаздардың арасынан бірден байқалады.

– Ал, бауырлар, – деді Би. – Мұны аяқ-қолын байлап, осында қалдырайық та, дереу іске кірісейік.

– Иә, іске кірісейік. Бүгінгі күн – Шырақтың басына қауіп төнетін күн. Оны өлім аузынан, парсылардан арашалап алуымыз керек.

Үшеуі әдеттегідей жұдырықтарын түйістірді.

***

Шырақ батырдың жол көрсетуімен келе жатқан парсылардың қалың қолы алдан көрінген биік жотаға сілікпелері шығып әрең көтерілді.

Жотаның биігінен айнала атырапқа көз салып еді, түстігі мен терістігі, шығысы мен батысы – төрт құбыласы түгел иен жатқан құлазыған даланы көрді. Қанша тінтіп тіміскілегенімен, айнала төңіректен өзен-көлдің белесін, елді мекен, адам тұрағының елесін де көре алмады. Мұны көргенде Дарий патшаның төзімі таусылып, жерге тізерлей шөгіп, көкке қарап қарғанды. Ал оның Ранасбат атты сенімді қолбасшысы қылышын қынабынан суырып, Шыраққа тұра ұмтылды. Сонда Шырақ оған тәкаппарлықпен қасқая қарап тұрып:

– Уа, жеңіс деген осы! – деп шаттана дауыстады. —Мен ата-бабалар-ымның жерін жаулап алғысы келген Дарий патшаның қанқұйлы қолын жалғыз өзім шөлге қамап, дымын құртып тұрмын. Сендерді жан-жақтар-ыңнан елсіз, сусыз ен дала, қу медиен қоршап тұр. Төрт құбылаларың бетпақ дала, қай жаққа жүрсеңдер де, елді де, суды да таппайсыңдар. Жеті күнге дейін шөл даладан көз ашпай-сыңдар, аптап ыстық пен шөл азабынан көресілеріңді көресіңдер. Ал менде ешбір арман жоқ. Кіңдігімді кескен туған жерімде қаным төгілетіні үшін, сүйегім осы арада жерленетіні үшін бақыттымын! – деді көздері ұшқын атып.

Ашуға булығып, қаны қарайған Ранасбат алдаспанын жарқ еткізіп, Шыраққа көзі қанталай қарады. Өздерін осындай бейшара халге түсіргені үшін, оған зәрлене қарап, табанда жеп қоярдай айбат шекті.

Читать дальше
Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать


Кеңес Оразбекұлы читать все книги автора по порядку

Кеңес Оразбекұлы - все книги автора в одном месте читать по порядку полные версии на сайте онлайн библиотеки LibKing.




ТҰРАН БАҺАДҮРЛЕРІ НЕМЕСЕ ЕР, БИ, НАРДЫҢ ЕРЛІК ЖОРЫҚТАРЫ отзывы


Отзывы читателей о книге ТҰРАН БАҺАДҮРЛЕРІ НЕМЕСЕ ЕР, БИ, НАРДЫҢ ЕРЛІК ЖОРЫҚТАРЫ, автор: Кеңес Оразбекұлы. Читайте комментарии и мнения людей о произведении.


Понравилась книга? Поделитесь впечатлениями - оставьте Ваш отзыв или расскажите друзьям

Напишите свой комментарий
x