Кеңес Оразбекұлы - ТҰРАН БАҺАДҮРЛЕРІ НЕМЕСЕ ЕР, БИ, НАРДЫҢ ЕРЛІК ЖОРЫҚТАРЫ
- Название:ТҰРАН БАҺАДҮРЛЕРІ НЕМЕСЕ ЕР, БИ, НАРДЫҢ ЕРЛІК ЖОРЫҚТАРЫ
- Автор:
- Жанр:
- Издательство:неизвестно
- Год:неизвестен
- ISBN:9785005103062
- Рейтинг:
- Избранное:Добавить в избранное
-
Отзывы:
-
Ваша оценка:
Кеңес Оразбекұлы - ТҰРАН БАҺАДҮРЛЕРІ НЕМЕСЕ ЕР, БИ, НАРДЫҢ ЕРЛІК ЖОРЫҚТАРЫ краткое содержание
ТҰРАН БАҺАДҮРЛЕРІ НЕМЕСЕ ЕР, БИ, НАРДЫҢ ЕРЛІК ЖОРЫҚТАРЫ - читать онлайн бесплатно ознакомительный отрывок
Интервал:
Закладка:
– Саған жебелер неге дарымайды? – деді.
– Ол жебелерді дарытпаған – біз, – деді Ер суырылып алға шығып.
– Сендер кімсіңдер?
– Біз Анарыс бабаның қағушы періштелеріміз, – деді Би де ілгері адымдап.
– Қанатсыз қандай періштесіңдер! Жалған айтпаңдар!
– Ал, сіз бауырыңыз Анарыс бабаны қалайша өлімге қиып отырсыз?! – деп, Нар да бауырларының қатарына қосылды.
Сабыл жауынгерлеріне қарап:
– Мына тырбиған бақаларды менің аяғыма жығып, тәңірқұтқа қарсы шыққандардың қалайша жер қабатынын көрсетіңдерші, – деді саусағымен нұсқап.
Үш жауынгер аттарынан түсіп, өздеріне сенімді түрде балаларға жақындай берген.
– Бауырлар, дәл тамақтарынан тебейік! – деп сыбырлады Ер жайымен.
– Дайындалыңдар! Ал…
Үшеуі бір мезгілде шыр көбелек айналған күйі каратэ тәсілімен аяқтарын көтеріп, «сарт-сұрт» тепкен еді, мұндайды күтпеген әлгі жауынгерлер бірінен кейін бірі кескен теректей жалпасынан түсті.
– Кәне, бәрің жабылыңдар! – деді ызаланған Сабыл қалған жауынгерлеріне иек қағып.
Жиырма шақты жауынгер жан-жақтарынан шеңберлей қоршап, анталап жақындай бергенде, Нар бауырларына: «Сағаттарыңның минуттық тілдерін басыңдар!» деп айтып үлгерді. Жауынгерлер жабыла лап қойғанда, бауырлар ізім-ғайым жоғалды. Балалардың көзден ғайып болғанына қатты үрейленген жауынгерлер жан-жаққа бытырай кейін серпілген. Бір минуттан кейін балалар тұрған орындарында қайта пайда болды. Сабыл да өзінің сескеніп қалғанын байқатқысы келмей:
– Жабылыңдар! – деп тағы ақырды. Жауынгерлер сабасына түсіп, қайта ұмтыла бергенде, бауырлар қайта жоқ болды. Бұл жолы зәрелері зәр түбіне жетіп, естері ауыса есеңгіреген жауынгерлер жан-жаққа бытырай қашты. Балалар қайта пайда болды.
– Ал, енді, Сабыл мырза, біздің кім екенімізге көзіңіз жетті ғой, – деді
Ер тәңірқұтқа тура қарап. – Енді өзіңіздің жоқ болатын кезегіңіз. Мәңгі бақи жоқ боласыз. Ал, бауырлар, сиқырға дайындалыңдар…
– Сабыр, сабыр, жігіттер, – деді Сабыл бұл жолы сескенгенін жасыра алмай. – Не тілейсіңдер, қалауларыңды айтыңдар?!
– Тілегімізді орындайсыз ғой?
– Тәңірі алдында ант етемін!
– Біздің әрқайсымыздың тілегіміз бар. Менің тілегім: Анарыс бабаға бұдан былай қастандық жасамайсыз! Соңына аңдушы, тыңшы қоймайсыз! – деді Ер.
– Болсын! – деді Сабыл басын иіп.
– Ұғындырғы, білім ордаларын ашып, бала оқытуына кедергі жасамайсыз! – деді Би.
– Болсын!
– Анарыс бабаның заң-жарғысын қабылдап, іс жүзінде орын-далуына қатаң бақылау қоясыз! – деді Нар.
Сабыл қарасұр жүзі бозарып, біраз уақыт үнсіз тұрып қалды. Бір уақыт еріндерін әрең қимылдатып, тісінің арасынан сыздықтата:
– Бол-сын! – деп, ернін тістеп, жерге шұқшиды.
– Ал, енді, келген жақтарыңызға ат басын бұрып, бізді оңаша қалдырсаңыз.
Сабыл әскерін жинап, келген жолдарымен еңселері түсе кейін шегінді.
Қуанышы қойнына сыймаған Анарыс баба:
– Менің сақтаушы, жебеуші періштелерім! – деп балаларды бауырына қысты.
– Сендер шын мәнінде періштесіңдер ме? – деді Ардан өз күдігін ішінде сақтап қала алмай.
– Жоқ, біз де кәдімгі ет пен сүйектен жаралған адамдармыз.
– Онда сендер қалайша көзден ғайып болдыңдар?!
– Ол мына сағаттың құпия тіліне байланысты, – деп балалар қолдар-ындағы сағаттарын көрсетті.
– Ал, хан иеме оқ жаудырып, қастандық жасайтынын күні бұрын қайдан білдіңдер?
– Біз бағана болашақтан келдік деп айтқан жоқпыз ба. Бізге уақыты өтіп кеткен Сіздің заманның барлық оқиғалары бесенеден белгілі жай ғой. Соны ұғыңыздар.
– Е, мейлі, ұғуға тырысайық. Ал, әлгінде хан иеме сыйлық ретінде қоймай кигізген оқ өтпейтін жейделеріңіз сыйқырлы нәр-се ме?
– Ол жейде сыйқырлы емес. Кәдімгі өздеріңнің жауынгерлерің киетіндей сауыт, оқ өтпейтін темірден тоқылған қарапайым жейде.
– Ал, енді… – деп Ардан тағы бір сұрақты қойғалы тұрғанда, Анарыс баба:
– Болды, қой енді, кейін бәрін біле жатарсың. Ал қазір аттарды тегеленге жек, елге қайтайық. Арман-мақсаттарымызды орындауға жұмылайық, – деді құлшына.
– Құп болады, хан ием! – деген күйі Ардан ат-арбаны жегуге жүгірді.
– Ал, періштелерім менің! Жүріңдер. Ел-жұртымызға тезірек жетейік! – деп, Анарыс баба жас баһадүрлерді емірене бауырына қысып, арбаның артынан ілесті.
«Кескілескен шайқаста мен жеңіп шықсам да,
тірі қалсам да, сен (Кир – К.О.) менің түбіме жеттің. Өйткені, жалғыз ұлымды айлакерлік қулық-сұмдықпен қолыңа түсірдің, ажалына жеттің. Тап сондықтан да енді мен, өзіңе ескерткенім сияқты, қанға деген тойымсыз құмарыңды қандырамын». Кир қазасы жайлы көптеген әңгіменің неғұрлым шындыққа
жақыны осы деп ойлаймын».
Геродот «Тарих».
«Кир үшін қасіретті аяқталған бұл шайқас
табанды Рим легионының парфияндық қолбасы
Суреннің атақты салтаттыларымен кездескен
Красстың парсылармен соғысын еске салады.
Массагеттердің ұшқыр сарбаздары Кирдің әскерін
шыр айнала қоршап, қоянқолтық айқасқа жола-май, парсылардың жаяу әскерін жебенің астына алды. Жаяу әскерден гөрі, салтаттылардың
оғы көп еді және қорамсақтарын дер кезінде
толтырып әкеле қоятын, өйткені қосын күрені
жақын жерде орналасқан».
В.В.Струве, «Кавказдың солтүстік
Қара теңіз жағалауы мен Орта Азия тарихы
туралы ойлар».
Кирдің түсі
Үшеуі «Ерлік алаңына» таң сәріден келді. Астарында жан серік-тері – Ақбоз, Көкбоз, Тоқбоз. Үстерінде – Алып Ер Тоңға сйылаған сауыт-сайман, бойларында —бес қару, арқаларында —жол қапшық. Олар әдеттегідей Тұран баһадүрлеріне тағзым етті.
– Ал, – деді Би. – «Кеңістік сағаттарыңды» біздің дәуірімізге дейінгі 530 жылға туралап қойдыңдар ғой?
Бауырлары сағаттарын тексеріп көрді де:
– Туралап қойдық! – деді.
– Онда біз Тұмар патшаның заманына сапар шегеміз. Ал, ұранымызды бастайық:
Біз —Тұранның ұлдарымыз,
Ерлік – басты ұранымыз!
Жорыққа сай, дайынбыз,
Текті елдің қыранымыз! —
Олар өз ара келіскендей, сағаттарының түймесін басып қалады. Сол сәтте кеңістік өзгеріп, үшеуі ежелгі дәуірден шыға келеді.
***
Парсының жеңілуді білмейтін Кир патшасы Вавилон жорығынан кейін біздің дәуірімізге дейінгі 530 жылы Сақ даласына келіп кіреді. Өзінің бармақтарынан бақайшағына дейін қаруланған 300 мыңдық қалың әскерімен жолындағысын тасқын судай жайпап, тыңнан түрен сала келіп, ұлы Сейхунның 9 9 Сейхунның* – Сырдарияның.
бойына тоқтап, күрендерін тігеді. Алдыңғы бақауыл жасақтарымен Сақ елінің әскери күшін сараптап, жер жағдайымен таныса келіп, өзінің басты қарсыласы – Сақ падишасы Тұмар ханымның ордасына елші жібереді.
***
Тұмар ханымның еңселі ақ ордасы. Төрдегі биік тақытта Тұмар ханым. Төңірегінде уәзірлері мен қолбасшылары. Бір бүйірде оның ұлы Спаргапис, жанында онымен бауырласып үлгерген Ер, Би, Нар отыр. Ашық тұрған есіктен парсы елшісі кіріп келеді. Ол:
Читать дальшеИнтервал:
Закладка: