Кеңес Оразбекұлы - ТҰРАН БАҺАДҮРЛЕРІ НЕМЕСЕ ЕР, БИ, НАРДЫҢ ЕРЛІК ЖОРЫҚТАРЫ

Тут можно читать онлайн Кеңес Оразбекұлы - ТҰРАН БАҺАДҮРЛЕРІ НЕМЕСЕ ЕР, БИ, НАРДЫҢ ЕРЛІК ЖОРЫҚТАРЫ - бесплатно ознакомительный отрывок. Жанр: Историческая проза. Здесь Вы можете читать ознакомительный отрывок из книги онлайн без регистрации и SMS на сайте лучшей интернет библиотеки ЛибКинг или прочесть краткое содержание (суть), предисловие и аннотацию. Так же сможете купить и скачать торрент в электронном формате fb2, найти и слушать аудиокнигу на русском языке или узнать сколько частей в серии и всего страниц в публикации. Читателям доступно смотреть обложку, картинки, описание и отзывы (комментарии) о произведении.

Кеңес Оразбекұлы - ТҰРАН БАҺАДҮРЛЕРІ НЕМЕСЕ ЕР, БИ, НАРДЫҢ ЕРЛІК ЖОРЫҚТАРЫ краткое содержание

ТҰРАН БАҺАДҮРЛЕРІ НЕМЕСЕ ЕР, БИ, НАРДЫҢ ЕРЛІК ЖОРЫҚТАРЫ - описание и краткое содержание, автор Кеңес Оразбекұлы, читайте бесплатно онлайн на сайте электронной библиотеки LibKing.Ru
Ер, Би, Нар – бауырлар, қазіргі заман балалары. Үркерліктер оларға «Дәуір сағатын» сыйлайды. Сол «сағатпен» олар Алып Ер Тоңға, Анахарсис, Томирис, Шырақ, Сыпатай, Мөде тәңірқұт, Аттила, Тоныкөк – Күлтегін, Әл-Фараби, Қайыр хан (Отырар қорғанысы), Өтейбойдақ шипагер, Тәуке хан – Қожаберген батыр замандарына «сапар шегеді». Ата-бабаларымыздың тарихымен, өркениетімен танысып, мақтанышқа кенеледі. Өздері де тарихи, ерлік жорықтарға қатысып, отаншылдықтың үлгі-өнегесін көрсетеді.

ТҰРАН БАҺАДҮРЛЕРІ НЕМЕСЕ ЕР, БИ, НАРДЫҢ ЕРЛІК ЖОРЫҚТАРЫ - читать онлайн бесплатно ознакомительный отрывок

ТҰРАН БАҺАДҮРЛЕРІ НЕМЕСЕ ЕР, БИ, НАРДЫҢ ЕРЛІК ЖОРЫҚТАРЫ - читать книгу онлайн бесплатно (ознакомительный отрывок), автор Кеңес Оразбекұлы
Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать

– Сақтардың ұлы падишасы, Тұмар ханым. Сізге парсының ұлы патшасы Кир дұғай-дұғай сәлем жолдайды. Ол: «Сақтардың ұлы ордасының жесір ханымы маған жар болуға қалай қарайды екен. Екеуміз екі елдің басын қосып, мықты күш болып бірігіп ел билейтін едік», – дейді. Сіздің ұйғарымыңыз?

Тұмар ханым оған жауабын көлбілтелемей бірден айтты:

– Қалың қолымен жерімді басып, жаншып тұрып, бүйтіп аярлық жа-сағанына жол болсын. Оның бұл жымысқы айласына түсе қалатын ашықауызды тапқан екен. Бар, Киріңе айт: Келген жолы-мен кері қайтсын! Кир көзін маған емес, менің еліме, жеріме салып отыр. Ата-баба әруағы жатқан жерді жаттың табанына таптатқызып, қорлатпаймын. Соны айтып бар! – деп елшіні кері жібереді.

***

Тұмар ханымның жауабын естіген Кир бойын ашу-ыза кернеп, әскеріне Сейхунның үстінен өткел салуға бұйырады. Бұл – соғы-самын деген белгі еді. Мұны сезген Тұмар ханым Кирге жаушысын жібереді де, одан мынандай сәлем айтты:

– Мидиялықтардың патшасы! Өз жөніңе кет дегенге көнбедің. Ендеше тұрысатын жеріңді айт! Дарияға өткел салып әуре болмай-ақ, үш күн-шілік жерге кері шегініңдер. Сонда соғысамыз. Оған көнгің келмесе, сен-дерге жолды босатып, біз үш күншілік жерге кері шегінейік. Жауабыңды кешеуілдетпе.

***

Кирдің жорық шатырында әскери кеңес жүріп жатыр. Кир алдында қолбасшылар мен әскери кеңесшілер ғана отыр. Кир оларға барлай қа-рап:

– Иә, сендер не дейсіңдер? Томиристің айтқанындай үш күндік жерге кейін шегінейік пе, әлде олардың шегінгенін қалайсыңдар ма?

Біраз үнсіздіктен кейін кеңесшілердің бірі сөз алды:

– Тақсыр, – деді ол бір құпия сырды ашқандай жігерлене қарап. – Біздің кері шегінгеніміз дұрыс болар. Өйткені, біз шегінген жеріміздің ой-шұқырын бес саусағымыздай біліп аламыз. Сақтарға қарсы соғыс майданын ашқан кезде сол білігімізді пайдаға асыратын боламыз. Сөйтіп, оларды тықсыра қуған жағдайда, сақтардың шегінетін жері қалмайды. Өзен иініне әкеліп қамап, дүрліккен жауды қойдай бауыздап, қыра беруге де тиімді.

Әскербасының бұл ойын басқалар да қуаттады. Кир де осы ойға жығыла берген. Кенет осы кеңеске қатысып отырған лидялық Крездің 10 10 Крез* – 560—546 жылдары Лидия мемлекетінің патшасы тағында отырған. Кейін оның патшалығын Кир жаулап алып, оны өзіне қызметке алған. (Алдыңғы тарауды қара). басын шайқап тұрғанын байқап қалды.

– Иә, Крез, басыңды шайқағаныңа қарағанда, келіспей тұрған сияқтысың ғой? Неге келіспейсің, соны айт?!

– Уа, әміршім, – деді Крез нық та сенімді үнмен. – Егер сен өзіңді және әскеріңді елден ерекпіз деп бағаласаң, онда мен пікір айтып әуре болмай-ақ қояйын. Ал, егер сен өзіңді кәдімгі ажалды адам деп, әскерің де өзіңдей пенделерден құралған қол деп есептесең, әрдайым бір адамның жолы бола бермейтінін ұғын. Егер сен жауды өз жеріңе енгізсең, оның өте-мөте қатерлі деп білемін. Жеңілген жағдайда, мемлекетіңе де қауіп төнеді, олар жеңістің желігімен сені еліңнің түкпіріне дейін өкшелеп қумай тоқтамайды. Ал жеңіске жеткен күнде Томирис иелігіне түре тиіскенге не жетсін! Әйелдің тілін алып, жауын өз жеріне енгізу – Камбис баласы Кирге өліммен тең емес пе?! Сонымен ақылымды алсаңдар, дариядан өтіп жаудың шегінген жеріне дейін баса көктеп барайық та, мынандай айла жасайық: Өз қосынымызда көп қой сойып, ат-көпір етіп ас-су әзірлейік. Әсіресе шарап жағы ырғын болсын. Содан соң орнымызда әлсіз әскер қалдырып, дарияға қарай шегініп кетерміз. Менің ойымша, өздері бұрын татып көрмеген тағамның үстінен түскен жау дәмге тарпа бас салады. Ал, одан арғысы белгілі емес пе.

Осы екі ұдай пікірді салмақтап көрген Кир, әуелгі ұсынысты тәрк етті де, Крез пікірін қабыл алды. Сөйтіп, Тұмар ханымға «уәделі жеріне шегінсін», – деп шапқыншы жібертті.

Тұмар ханым уәдесінде тұрып, қосынын дариядан үш күндік жерге, қасиетті Қаратау қойнауына қарай шегіндірді. Кир болса қарақұрым әскерін дариядан жайлап өткізе бастады.

Кир қосынын дариядан өткізген күннің түнінде түс көреді. Түсінде немере ағасы Гистасптың үлкен ұлы Дарий биік таққа отырыпты. Екі иығында қос қанаты бар дейді. Бір қанаты Азияны, екінші қанаты Еуропаны бүркеп тұр екен. Түсінен шошып оянған патша түсінің мәніне ой жүгіртіп, оны тегін емес деп жориды. Немере ағасын шақыртып алады да, екеуі оңаша отырғанда оған былай дейді:

– Гистасп, сенің ұлың Дарий 11 11 Дарий* – Кир өлгеннен кейін парсы патшалығы тағына Дарий отырады. Ол да үлкен империя құрып, көптеген елдерді жаулап алады. жасы жетпеген соң жорыққа қатыстырылмай, елде қалған еді. Сол ұлың менің тағыма таласып, өміріме қастандық жасағалы жүр. Менің кәміл-пірлерім әмісе қамымды жеп жүретіні және алдымды алып отыратыны өзіңе аян. Сол кәміл-пірлерімнің көрсетуінше, түсімде сенің үлкен ұлыңды көрдім. Екі иығында екі қанаты бар екен, бір қанатымен Азия, екінші қанатымен Еурпоны бүркеп, менің тағымда тұр екен. Соған қарағанда, сенің ұлың менің өміріме қатер төндіргелі жүргені даусыз. Сол себепті дереу Персияға қайттағы, мен мына жауды жеңіп, елге оралғанша жауапқа дайындай бер.

– Уа, ұлы патшам, – деді Гистасп оның аяғына жығылып. – Сен еліміздің даңқын аспандатып, жарты әлемді жаулап алдың. Ол елдердің бәрі салық төлеп, еліміздің дәулетін арттырып, тасқын-датса, бұл – сенің арқаң. Ендеше саған кім қастандық ойласа, ол бізге де жау. Ондай жаулық ойлайтын парсылықтың тумағаны игі еді! Туа қалған күнде, ертерек өліп кеткені абзал-ды! Түсіңде көргендей, баламнан қауіп ойласаң – бердім соны қолыңа құрбан ғып! Елге барып, оны тұтқынға алайын! – деп, патшадан шыға сала, атқа қонып, елге қарай жол тартты.

***

Дәл осы уақытта Спаргапистің шолғыншы жігіттері барлаудан орал-ған еді. Олар парсы әскерінің орналасу жағдайын баяндады.

– Кир әскерінің негізгі бөлігі жорық қамымен алға озып кетті. Ал, азық-түлік, шаруашылық жағын қамдайтын бақауыл жасақ-тары тыл жақта қос тігіп қалып қойды. Соларды басып қалуға мүмкіндік бар, – деді жорықшы жігіттің бірі.

– Иә, – деді Спаргапис ойланып. – Біз жауымызды азық-түлік, киім-кешектен айырсақ, олардың соғысу қабілетін әлсіретеміз. «Темірді қызған кезде соқ» дейді. Ендеше бізге жеңісті жақындата түсетін мүмкіндік туып тұр, – деді ол жанындағы қолбасшысына. – Әскерді жорыққа да-йында! Дәл қазір аттанамыз!

Қолбасшының сыртқа шыққаны сол еді, даланы жорық дабылы жаңғырықтырды.

Спаргапис ағайынды бауырларға қарады да:

– Ал, жігіттер, жүріңдер, атқа қонайық! – деді. Өзі жауап күтпестен оққағарларын ерткен күйі сыртқа шығып кетті.

– Бұл қалай болғаны? – деді Нар. – Олар парсылардың құрған тұзағына түскелі бара жатыр ғой. Олар осындай айламен сақтардың үштен бір бөлігін қоршап алып, қырып-жойып, Спаргаписті қолға түсіріп, өлтірмейтін бе еді? Бұл қауіптің алдын алу үшін Спаргаписке бәрін айтып, түсіндіруіміз керек.

Читать дальше
Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать


Кеңес Оразбекұлы читать все книги автора по порядку

Кеңес Оразбекұлы - все книги автора в одном месте читать по порядку полные версии на сайте онлайн библиотеки LibKing.




ТҰРАН БАҺАДҮРЛЕРІ НЕМЕСЕ ЕР, БИ, НАРДЫҢ ЕРЛІК ЖОРЫҚТАРЫ отзывы


Отзывы читателей о книге ТҰРАН БАҺАДҮРЛЕРІ НЕМЕСЕ ЕР, БИ, НАРДЫҢ ЕРЛІК ЖОРЫҚТАРЫ, автор: Кеңес Оразбекұлы. Читайте комментарии и мнения людей о произведении.


Понравилась книга? Поделитесь впечатлениями - оставьте Ваш отзыв или расскажите друзьям

Напишите свой комментарий
x