Кеңес Оразбекұлы - ТҰРАН БАҺАДҮРЛЕРІ НЕМЕСЕ ЕР, БИ, НАРДЫҢ ЕРЛІК ЖОРЫҚТАРЫ
- Название:ТҰРАН БАҺАДҮРЛЕРІ НЕМЕСЕ ЕР, БИ, НАРДЫҢ ЕРЛІК ЖОРЫҚТАРЫ
- Автор:
- Жанр:
- Издательство:неизвестно
- Год:неизвестен
- ISBN:9785005103062
- Рейтинг:
- Избранное:Добавить в избранное
-
Отзывы:
-
Ваша оценка:
Кеңес Оразбекұлы - ТҰРАН БАҺАДҮРЛЕРІ НЕМЕСЕ ЕР, БИ, НАРДЫҢ ЕРЛІК ЖОРЫҚТАРЫ краткое содержание
ТҰРАН БАҺАДҮРЛЕРІ НЕМЕСЕ ЕР, БИ, НАРДЫҢ ЕРЛІК ЖОРЫҚТАРЫ - читать онлайн бесплатно ознакомительный отрывок
Интервал:
Закладка:
– Солон сізге: «Есі бар адам досты өз отанынан іздейді. Жат жарылқамас болар» деп сәлем айтты, – дейді. Сол сәтте Анарыс:
– Онда тез қайтып барып мынаны айт: Солон дана дәл қазір өз шаңырағында – отанында отыр. Елінің төрінде отырып, достан қашқаны несі? Досына дос қосатын осы мүмкіндікті жібермесін, – деп тауып айтып, қызметшіні кері жүгіртеді.
Көп өтпей тапқыр жауапқа сүйсініп, риза болған Солон дананың өзі үйінен шығып, Анарыс хан иемді құшақ жая қарсы алады.
Міне, осыдан бастап Эллада елінің ғұламасы Солон мен хан ием Анарыстың достығы қашан ұстазы көз жұмғанша үзілген жоқ. Олардың өзара пікір алысулары мен әңгіме-сұқбаттары сағаттап, кейде күннен түнге ұласатын. Мен түсіне бермейтін терең де күрделі ойға құрылған талдаулар мен заң, жарғыға қатысты мәселелерді шешетін. Кей жағдайларда хан иемнің Солонның өзіне ақыл қосып, тапқырлық танытатын кездері де көп еді.
Сол уақытта Солон мемлекеттік басқару ісіне өзгерістер енгізіп, заң-жарғылардың баптарын жетілдірумен айналысып жүр екен. Сол жарғыларға Анарыс хан иемнің әңгімелерінен түйген көптеген тың ойлар мен біздің даланың даналық үлгілерін қосып, өзгертеді.
Анарыс хан ием Солонмен бірге әр түрлі мәжілістер мен пікірталасуларға қатысып, өзінің де ой ұшқырлығын, сөз шеберлігін танытты.
Бірде Анарыс хан ием грек ғұламаларымен бірге Кіші Азиядағы Лидия мемлекетінің патшасы Крез сарайындағы басқосуда болды. Әдетте ғұламалардың бастары жиыла қалса, ортаға бір ой-пікір тастап, сол жайында өз ой-түйіндерін айтып, әңгіме өрбітетін. Бірақ бұл жолы олай болмады. Крез патша түр-сипатымен өзгелерден ерекшеленіп тұрған хан иеме:
– Жан-жануар мен жәндіктердің ішіндегі ең өжеті қайсы? – деп сауал қояды. Анарыс хан ием:
– Ең тағы аңдар, себебі, олар өз бостандығы үшін жанын қияды, – деп жауап береді.
– Жан-жануарлар мен жәндіктердің ішіндегі ең әділетті өмір сүретіні қайсы? – деді. Анарыс хан ием:
– Ең әділетті тіршілік ететіндер де тағы хайуандар. Олар заңмен емес, табиғаттың ырқымен өмір сүреді. Табиғат – құдайдың жаратқан жаратылысы, ал заңды адамдар өз қолымен жасаған. Сондықтан да адамның шығарған заңынан Тәңірдің ақ жолы әлде-қайда әділетті, – дейді. Крез патша Анарысты мазақ ету үшін:
– Осы жыртқыштар даналықтың да негізгі мәйегі болып жүрмесін, – дейді. Сонда Анарыс хан ием:
– Заң негізінен гөрі табиғаттың ұлылығын мойындаудың өзі – даналықтың белгісі, – деп тауып айтты.
Сол уақыттарда Крездің патшалығы дәуірлеп тұрған еді. Еліне келген қонақтарына байлығын көрсетіп мақтанып, өзін ең бақытты адамдардың біріне қосатын. Сол дағдысы бойынша Крез патша бұл қонақтарына да сән-салтанаты тасыған сарайын аралатып, асыл тастар мен алтын-күміске малынған қазынасын көрсетеді. Содан кейін ол қонақтарынан:
– Сендер көп елді аралап көрдіңдер, көңілге көп нәрсе түйдіңдер. Шындықтарыңды айтыңдаршы, бұл дүниеде менен бақытты адамды көрдіңдер ме? – деп сұрайды. Сонда Солон дана:
– Иә, көрдім, – дейді. – Ол Телл деген менің жерлесім. Ол рухы биік, ақ көңілді, ер мінезді кісі еді. Артында қалған балалары да өзі сияқты ер жүрек те батыл, ашық-жарқын жігіттер болып жетілді. Оларды жеткілікті мал-дүниемен қамтамасыз етіп, өзі бір соғыста қаһармандық пен отаншылдықтың үлгісін көрсетіп қаза болды. Міне, сол азаматты мен бұл дүниеден бақытты өтті деп санаймын.
Солон Крезге есі дұрыс емес, тым жадағай сияқты болып көрінеді. Сонда да ол бір үмітпен:
– Телден басқа тағы бір бақытты адамды білесің бе? – деп сұрайды.
– Білемін, – дейді Солон. – Олар Клеобис пен Битон деген бір-біріне сондай бауырмал, аналарын да төбелеріне қойып құрмет-тейтін ағайындылар еді. Бірде олардың өгіздері жайылымнан ұзақ күттіріп келмей қояды. Содан олар арбаға өздері жегіледі де, аналарын отырғызып алып, сонау қияндағы Гера храмына апарады. Ондағылардың бәрі аналарына «Балаларыңызды үлгілі тәрбиелепсіз. Қандай бақыттысыз!» дейді сүйсініп. Аналары да көңілі көкке жеткендей қуанады.
Олар сонда құрбандық шалып, ет жеп, қанғанша су ішеді де, ертеңіне ауырмай-сырқамай, елдің құрмет-пейіліне бөленген, бақытты күйлерінде о дүниеге аттанады.
– Ал, мені, – дейді ызаланған Крез, – сондай бақытты жандардың санатына қоспайсың ба?
Сонда Солон оның ашу-ызасын өршіткісі келмей әрі құрдай жорғалап, ыңғайына құлай кетпей, былай дейді:
– Лидия патшасы! Бізге, эллиндерге құдай сабасынан асып-төгіл-мейтін пейіл берген. Сол пейіл бойынша біз өмірді асып-төгілген байлық бойынша емес, жалпыхалықтық құндылықтармен бағалап үйренгенбіз. Сол тұрғыдан бір сәттік бақытты біз бақыт деп есептемейміз. Ол адамның тағдыр-талайына байланысты. Кімде-кім өмірінің соңына дейін армансыз бақытты өтсе, сол жанды біз бақытты деп санаймыз. Ал қазірше бақытты болғаныңмен, ертең басыңа қандай аумалы-төкпелі заман орнайтынын біз қайдан білеміз – ол бір жүйрікті бәйгеге қосып, мәреге жетпей тұрып, орта жолда марапаттағанмен тең емес пе? – деп аяқтайды. Солонға көңілі толмаған Крез енді Анарыс хан иеме үміттене қарайды. Анарыс хан ием Солонды қоштағандай бір мысалды айтады:
– Бірде саудагерлер іші алтын-күміс пен байлыққа мәймілдеп толған кемемен сапарға шығады. Орта жолға келгенде кемелері батып бара жатқанын көріп, саудагерлер жан сауғалап қайықпен қашады. Байлыққа қызыққан қарақшылар салдарымен жүзіп келеді де, кемедегі байлықты салдарына тиейді. Ашкөзденген қарақшылар салдарына қазынаны аузы-мұрнына келтіре толтырады да, жағаға жетуге асығады. Бірақ олардың салдары асып-төгілген салмақты көтере алмай суға батып, қарақшыларды да құрдымға ілестіріп әкетеді, – дейді. Сонда санасына сәуле түспеген Крездің көңілі біржола қалған еді.
Күндердің күнінде Крез патша осы жеткен байлығын қанағат тұтпай, көңіліне желік бітіп, көрші жатқан парсы еліне соғыс ашады. Бірақ сол кезде парсы патшасы Кирдің бағы жанып, жолы жүріп тұрған еді. Ол Крездің қолын бір айламен тас-талқан етіп жеңеді де, Крездің өзін қолға түсіреді. Соғысты алғаш бастаған айыбы үшін оны отқа жағып өртемекші болады. Крездің қол-аяғын байлап, үйілген отынның үстіне шығарады. Сонда қайғыдан қан жұтқан Крез Солон мен Анарыс хан иемді еске алып, ажалы алдында:
– О, Солон! О, Анарыс! О, Солон! О, Анарыс! – деп, даусы қарлыға, күңірене айқайлайды.
Кир патшаға оның бұл күшенгені қызық көрінеді де, «Бұл байғұс патша өлімі алдында не деп алас ұрады?» дап сұрайды. Сонда Крез оған Солон мен Анарыс хан иемнің кезінде өзіне кандай даналық айтқанының бәрін баяндап береді. Крездің бұл әңгімесіне қатты риза болған Кир оны босатып, өзінің қарамағына қызметке алыпты.
– Иә, Анарыс бабамыз жайлы кейінгі дәуірлерде де тарих атасы Геродоттан бастап, Лукиан, Плутарх, Страбон, Диоген Лаэртский сынды ғұламалар да өз кітаптарында тамсана жазды, – деді Ер осы тұста шыдамы жетпей киіп-жарып.
Читать дальшеИнтервал:
Закладка: