Кеңес Оразбекұлы - ТҰРАН БАҺАДҮРЛЕРІ НЕМЕСЕ ЕР, БИ, НАРДЫҢ ЕРЛІК ЖОРЫҚТАРЫ

Тут можно читать онлайн Кеңес Оразбекұлы - ТҰРАН БАҺАДҮРЛЕРІ НЕМЕСЕ ЕР, БИ, НАРДЫҢ ЕРЛІК ЖОРЫҚТАРЫ - бесплатно ознакомительный отрывок. Жанр: Историческая проза. Здесь Вы можете читать ознакомительный отрывок из книги онлайн без регистрации и SMS на сайте лучшей интернет библиотеки ЛибКинг или прочесть краткое содержание (суть), предисловие и аннотацию. Так же сможете купить и скачать торрент в электронном формате fb2, найти и слушать аудиокнигу на русском языке или узнать сколько частей в серии и всего страниц в публикации. Читателям доступно смотреть обложку, картинки, описание и отзывы (комментарии) о произведении.

Кеңес Оразбекұлы - ТҰРАН БАҺАДҮРЛЕРІ НЕМЕСЕ ЕР, БИ, НАРДЫҢ ЕРЛІК ЖОРЫҚТАРЫ краткое содержание

ТҰРАН БАҺАДҮРЛЕРІ НЕМЕСЕ ЕР, БИ, НАРДЫҢ ЕРЛІК ЖОРЫҚТАРЫ - описание и краткое содержание, автор Кеңес Оразбекұлы, читайте бесплатно онлайн на сайте электронной библиотеки LibKing.Ru
Ер, Би, Нар – бауырлар, қазіргі заман балалары. Үркерліктер оларға «Дәуір сағатын» сыйлайды. Сол «сағатпен» олар Алып Ер Тоңға, Анахарсис, Томирис, Шырақ, Сыпатай, Мөде тәңірқұт, Аттила, Тоныкөк – Күлтегін, Әл-Фараби, Қайыр хан (Отырар қорғанысы), Өтейбойдақ шипагер, Тәуке хан – Қожаберген батыр замандарына «сапар шегеді». Ата-бабаларымыздың тарихымен, өркениетімен танысып, мақтанышқа кенеледі. Өздері де тарихи, ерлік жорықтарға қатысып, отаншылдықтың үлгі-өнегесін көрсетеді.

ТҰРАН БАҺАДҮРЛЕРІ НЕМЕСЕ ЕР, БИ, НАРДЫҢ ЕРЛІК ЖОРЫҚТАРЫ - читать онлайн бесплатно ознакомительный отрывок

ТҰРАН БАҺАДҮРЛЕРІ НЕМЕСЕ ЕР, БИ, НАРДЫҢ ЕРЛІК ЖОРЫҚТАРЫ - читать книгу онлайн бесплатно (ознакомительный отрывок), автор Кеңес Оразбекұлы
Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать

– Бізде қару-жарақ жоқ, сіздерге достық көңілмен келе жатырмыз, – деді Ер өздерінің доспейіл екенін байқатып.

– Қайда бара жатырсыңдар? – деді жеткіншек сол сұсты күйі.

– Біз Анарыс деген кісіні іздеп келеміз.

– Анарыс?!. Ол кісі менің қожайыным ғой. Сіздер оны қайдан білесіздер?! – деді бала даусын жұмсартып.

– Біз ол кісінің қандас бауырлары боламыз.

– Анарыс бабаның ғұлама, данышпандығы, әлемдегі жеті ғұламаның бірі болғандығы жайлы сырттай естіп, атына қанығып, мақтан тұтып жүруші едік. Енді оны жақыннан танып-біле түссек деп, жолығуға бара жатқан бетіміз еді.

– Ой, ол кісіні менен артық ешкім білмейді, – деді жеткіншек садағын қылшанына 3 3 Қылшан* – қайың тозы мен теріден қаптап жасалған оқ салатын сауыт, қорамсақ. салып, атынан түсіп, қауғалақтап. – Өйт-кені, мен оның бала жастан бергі атқосшысымын. Атым – Ардан. Міне, сықап алған қоржынымды көрдіңдер ме, қожайыныма бір аптаға жетерлік азық-түлік апара жатырмын.

– Бала жастан атқосшы болсаңыз, өте жақсы! – деді Ер қуанып.

– Онда сіз Анарыс бабамен Элладаға бірге барған боларсыз?

– Әрине! Е – е, онда біз тура ертегідей қызықты дәурен сүріп едік қой, – деді тамсанып. – Жолымыз бір екен, мен сендерге бұл хикаяны басынан-аяғына дейін айтып берейін, жол қысқарсын, – деді құлшынып.

– Иә, айтыңыз. Құлағымыз сізде, – деді балалар да көктен тілегені жерден табылғанына қуанып.

– Анарыс хан ием ата-бабасынан ел билеп келе жатқан тәңірқұт тұқымы. Бабасы Сапарғали, атасы Елек, әкесі Қоңыр – нағыз

үзілмеген тектен тараған. Анарыс хан иемнің өзі де таққа отыратындай мүмкіндігі бар еді. Бірақ таңдаған жолы басқа болды. Ол Қоңыр – Дәукет ханның грек әйелінен туған. Сол себепті шешесінің, бірге еріп келген арнаулы қызметшілердің тәрбиесін көп көрді. Жасынан эллин тілін де үйреніп, сауатын ашты. Оқу-білімге ұмтылып, нағашы жұрты – Эллада елін көріп-білуге ынтығып өсті. Сонымен бірге тұтық, билердің шешендік келесіне түсіп, сөз өнерін меңгерді. Өзі де билік айтып, шешендікке құмартқан. Әскери жорық өнерін де бір кісідей игеріп, талай жорықтарға қатысып, ноян-қолбасшы болды. Әкесімен бірге дау-шар, ел ішілік жиындарына араласып, билік мектебінен де өткен еді. Міне, енді таққа отырады, ел билейді деп жүргенімізде, тосын, күтпеген мінез көрсетіп, өзге жолды таңдады. Таққа бауыры Сабылды отырғызды да, өзі ұзақ жолға, сапарға жиналды. Үлкен сақ тегеленіне 4 4 Тегелен* – үстіне киіз үй орнатылған арба. киім-кешек, көрпе-төсегін, азық-түлігін артып, мені атқосшы етіп алып, түстікті нұсқап, «ал кеттік» деді.

Біз арбамен ұзақ жүрген жоқпыз, бір портты қалаға келгеннен кейін үлкен кемеге ауысып міндік. Қаншама теңіз-сулардан, таңсық елді-мекендерден өттік. Ақырында аңсап барған Элладаның Афины қаласына да жеттік. Осы жол-сапарымыздың өзі айта берсең, өз алдына ұзақ жыр-хикая. Мен одан да Афиныдағы қызықтарды айтайын. Сонымен қалаға келсек, халық ығы-жығы. Айнала жыпырлаған үйлер, қисық-қыңыр тасты көшелер. Біз ат-арбамызды керуен сарайға қойып, жаяу-жалпылап қала араладық. Бәрі біздің үстіміздегі киімімізді, түр-сипатымызды оғаш көріп, ошарыла қарайды. Түртіп, сипап көруге тырысады. Олардың жеңіл-желпі, салпылдаған кең етек киімдері, тас үйлері мен базарлары бізге де таңсық. Ауасы ыстық, қапырық екен, үсті-басымыз пысынап кетті. Оның үстіне тұйық көшелеріне талай тіреліп, адасып, қатты абыржыдық.

Үйлері мен адамдары жыпырлаған қаласынан көңіліміз қалып, елімізге қайтып кетпекші болғанбыз. Осындай жағдаймен салымыз суға кетіп, құмырашылар көшесімен келе жатқанымызда:

– Әй, бауырлар, сабыр етіңдерші, – деген өзіміздің түркіше ыстық сөзді естіп, артымызға жалт бұрылдық.

Эллинше киінген, сақалын қырынған, белінде ақинақ семсері 5 5 Ақинақ семсер* – сақ семсері. жоқ демесең, түр-келбеті сақ жұртына тән адам қуып жетті. Біз таң қалып, аңырып тұрғанымызда, ол:

– Жаңылмасам, сен Дәукет ұлы Анарыс боларсың? – деді тосыннан.

Бөтен елде өзіміздің ана тілінде сөйлейтін біреуді кезіктір-генімізге әрі хан иемді танитын адам болып шыққанына қатты қуандық.

Анарыстың көзінен жас ыршып кетті.

– Ал, сен, бейтаныс жан, мені қайдан танисың?

– Мен де сендер келген өңірден шыққанмын, – деді ол. – Менің атым Тоқсары. Алайда сен танитындай текті тұқымнан емеспін.

– Көрер көзге танымағаныммен, сені мен де сыртыңнан білемін, – деді Анарыс. – Тоқсары деген біреудің Грекияға құмар-тып, отбасын Сақ елінде қалдырып, Афиныға қоныс тепкенін естігем. Қазір осында емші-дәрігер болып, халықтың құрметіне бөленіп, атақ-даңқың шартарапқа жайылғанынан да хабардармын.

– Иә, мен сол адамның нақ өзімін, – деді Тоқсары да толқып. – Ел-жұртым мені ұмытпай, еске алып тұрады екен-ау.

– Ендеше, біліп қой, – деді сонда Анарыс. – Мен сені өзіме ұстаз тұтамын. Грекияға деген құштарлығыңнан от алып, алдыма үлкен мақсат қойып, сенің артыңнан жеттім. Ата-бабаларымыз кие тұтқан семсер мен қалқанның, бір Тәңірдің атынан өтінемін, Тоқсары. Жат жерде жалғыз қалдырма бізді, өзің ертіп жүріп Афиныдағы, содан соң бүкіл Грекиядағы көруге тұрарлық жердің бәрін көрсет. Бұл жердің салт-дәстүрімен, халқы, мемлекет өмірімен де таныстыр. Осылардың бәрін көріп-білмей қайтып кетуімізге жол бере көрме.

– Сенің сөздерің, – деді Тоқсары, – құмарланып келіп есік алдынан қайтып кететін адамның сөзіне ұқсамайды. Афиныны да, бүкіл Грекияны да аралатып көрсетемін, білмейтін нәрсеңді үйретемін. Мұнда шеттен келгендерді баурап алатын кереметтер көп. Қаланың сиқырына бір еліксең, өзге нәрсені ойламайтын боласың. Афиныда Азия мен Еуропаны, Мысырды шарлап аралаған, көрген-түйгені мол, даналықтың шыңына көтерілген, ізгі қасиеттерімен бүкіл халықтың құрметіне бөленген Солон деген данышпан бар. Егер қаласаң, сонымен таныстырайын. Егер оның назарына бір ілігіп, досына айналсаң, ол арқылы сен бүкіл Грекияны білетін боласың, ең бастысы, оның қалайша әйгілі адам болғанын ұғынасың.

– Онда несіне тұрмыз, Тоқсары, – деді Анарыс тағат-сызданып. – Мені ең алдымен сол кісіге таныстыра гөр.

***

Біз Афины көшелерін аралай жүріп, айналасы гүлзар, жүзімдіктермен көмкерілген ақшаңқан, биік сарайдың алдына келіп тоқтадық. Тоқсары

есікті қағып еді, ар жағынан жұпыны киінген бір құл шықты.

– Әй, Солон дананың қызметшісі, – деді Тоқсары. – Сен Солонға мынаны айта бар: Сонау қиырдағы Скиф даласынан сақтардың ханзадасы, даналық ілім іздеген Анарыс деген пірадар білім-зердесін сынатып қайту үшін келіп тұр. Көңілі қаласа, дос болып, бар пейілімен сыйласуға дайын екен деп айт, – деді серпіле сөйлеп.

Қызметші Тоқсарының жанындағы кісінің киім киісінен, ерекше түр-сипатынан жат жұрттық екенін түсіне қойып, Тоқсарының сөзін Солонға айтып барды. Көп өтпей қайтып келіп, Анарысқа қарап:

Читать дальше
Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать


Кеңес Оразбекұлы читать все книги автора по порядку

Кеңес Оразбекұлы - все книги автора в одном месте читать по порядку полные версии на сайте онлайн библиотеки LibKing.




ТҰРАН БАҺАДҮРЛЕРІ НЕМЕСЕ ЕР, БИ, НАРДЫҢ ЕРЛІК ЖОРЫҚТАРЫ отзывы


Отзывы читателей о книге ТҰРАН БАҺАДҮРЛЕРІ НЕМЕСЕ ЕР, БИ, НАРДЫҢ ЕРЛІК ЖОРЫҚТАРЫ, автор: Кеңес Оразбекұлы. Читайте комментарии и мнения людей о произведении.


Понравилась книга? Поделитесь впечатлениями - оставьте Ваш отзыв или расскажите друзьям

Напишите свой комментарий
x