Кеңес Оразбекұлы - ТҰРАН БАҺАДҮРЛЕРІ НЕМЕСЕ ЕР, БИ, НАРДЫҢ ЕРЛІК ЖОРЫҚТАРЫ

Тут можно читать онлайн Кеңес Оразбекұлы - ТҰРАН БАҺАДҮРЛЕРІ НЕМЕСЕ ЕР, БИ, НАРДЫҢ ЕРЛІК ЖОРЫҚТАРЫ - бесплатно ознакомительный отрывок. Жанр: Историческая проза. Здесь Вы можете читать ознакомительный отрывок из книги онлайн без регистрации и SMS на сайте лучшей интернет библиотеки ЛибКинг или прочесть краткое содержание (суть), предисловие и аннотацию. Так же сможете купить и скачать торрент в электронном формате fb2, найти и слушать аудиокнигу на русском языке или узнать сколько частей в серии и всего страниц в публикации. Читателям доступно смотреть обложку, картинки, описание и отзывы (комментарии) о произведении.

Кеңес Оразбекұлы - ТҰРАН БАҺАДҮРЛЕРІ НЕМЕСЕ ЕР, БИ, НАРДЫҢ ЕРЛІК ЖОРЫҚТАРЫ краткое содержание

ТҰРАН БАҺАДҮРЛЕРІ НЕМЕСЕ ЕР, БИ, НАРДЫҢ ЕРЛІК ЖОРЫҚТАРЫ - описание и краткое содержание, автор Кеңес Оразбекұлы, читайте бесплатно онлайн на сайте электронной библиотеки LibKing.Ru
Ер, Би, Нар – бауырлар, қазіргі заман балалары. Үркерліктер оларға «Дәуір сағатын» сыйлайды. Сол «сағатпен» олар Алып Ер Тоңға, Анахарсис, Томирис, Шырақ, Сыпатай, Мөде тәңірқұт, Аттила, Тоныкөк – Күлтегін, Әл-Фараби, Қайыр хан (Отырар қорғанысы), Өтейбойдақ шипагер, Тәуке хан – Қожаберген батыр замандарына «сапар шегеді». Ата-бабаларымыздың тарихымен, өркениетімен танысып, мақтанышқа кенеледі. Өздері де тарихи, ерлік жорықтарға қатысып, отаншылдықтың үлгі-өнегесін көрсетеді.

ТҰРАН БАҺАДҮРЛЕРІ НЕМЕСЕ ЕР, БИ, НАРДЫҢ ЕРЛІК ЖОРЫҚТАРЫ - читать онлайн бесплатно ознакомительный отрывок

ТҰРАН БАҺАДҮРЛЕРІ НЕМЕСЕ ЕР, БИ, НАРДЫҢ ЕРЛІК ЖОРЫҚТАРЫ - читать книгу онлайн бесплатно (ознакомительный отрывок), автор Кеңес Оразбекұлы
Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать

Нар қанағаттандым дегендей басын изеді. Енді алдыға Би шықты:

– Дүние жүзіндегі ең көне «Авеста» деген кітап бар. Бұл кітапта жер бетіндегі ең ежелгі, алғашқы дін – зороастр дінінің негіздері мен қағидалары жинақталған. Осы діннің ұйытқысы Заратуштра пайғам-бар мен Тұран даласының өкілдері, арий жұрты және сіз жайлы да әңгіме қозғалады. Менің сұрайын дегенім, Заратуштра пайғамбар мен сіздің араңызда қандай байланыс бар? Міне, сол жөнінде білсек деп едік.

– Ә, сен Зәрдаш пайғамбар туралы айтып тұрсың ғой, – деді Алып Ер Тоңға бурыл тартқан қаба сақалын тарамдап. – Ол біздің туған ғой, Бозаттының баласы. Хазар 2 2 Хазар* – Каспий теңізі. мен Арал маңында түйе бағып, ой қуып жүріп, пайғамбарлықты нәсіп еткен. Бір Тәңір – Күн Тәңіріне ғана сиынуды уағыздағаны үшін тұрандықтардың қысымына ұшырап, парсы жұртынан пана тапты. Сый-құрметіне бөленіп, дінін таратты. Жалпы оның уағызында көп пайдалы жайттар бар. Мен Зәрдаш бабамыздың хақ дініне осы жерде көз жеткізіп, бабамыздың ілімін өз халқына қайтаруды парыз санап жүрмін. Елді бір қаған билейтіні қандай хақ болса, жер-дүниені де бір Тәңірі билейтіні сондай хақ емес пе. Бізді осы бірлік бай-ланыстырып тұрған шығар. Ал, Әуезді кітап дегеніңді мен білмейді екенмін.

– Ер баба, «Авеста» деңіз, оны білмейтін де жөніңіз бар. Ол кітап сіздердің заманыңыздан V ғасыр кейін барып дүниеге келген ғой.

– Сен бала, көріпкелсің бе, мұның бәрін қайдан білесің?.. Е, мейлі, мұның бәрін кейін сұрастыра жатармыз. Ал, қазір…

Дәл осы кезде сырттан қарашы кіріп:

– Хан ием, Мысыр елінен елші келді. Қабылдауыңызды сұрайды, – деді басын иіп.

– Кір – сін! – деді Алып Ер Тоңға екпінмен.

Жанында екі зәңгі серігі бар ұзын бойлы қара сұр кісі кіріп келді. Ол сырты оймышталып, алтындалған папирус қағазының орамасын жазды да, үзіп – үзіп былайша оқып шықты:

– Жер жүзінің жартысынан көбін жаулап алған, жеңімпаз әміршім! Мысыр елінің патшасы Нехо перғауын Сізге жалынды -жалынды сәлем жолдайды. Сізге деген құрмет пен берілгендіктің өтеуі ретінде екі керуен асыл бұйымдар мен алтын-күміспен көм-керілген тарту-таралғыларды перғауынның мерекелік сый-тартуы ретінде қабылдауыңызды сұраймыз. Және сонымен бірге әр ай сайынғы алым-салықты да уақтылы жеткізіп тұруға міндеттенеміз. Соның өтеуі ретінде біздің елімізге әне-міне басып кіруге дайын тұрған қосыныңызды тоқтатуға бұйрық беруіңізді өтінеміз.

Сіздің атақ-даңқыңыз аспандап, қазынаңыз молая берсін деген ізгі тілекпен Нехо перғауын».

Елші айтып болдым дегендей қолын кеудесіне қойып, басын иді. Қолындағы ораулы папирусты Алып Ер Тоңғаның нөкеріне берді де, өзі бұрынғы орнына қайтып барды.

– Мейлі, Мысырға шабуыл жасауға асықпай-ақ қояйын, —деді Алып Ер Тоңға елшіге сынай қарап. – Дегенімен, Нехо перғауыныңа айтып бар, алым-салығын бұрынғыдан екі есе көбейтсін, сонда ғана өтініштерің орындалады.

– Болсын, тақсыр! – деді елшілер тағы да иіліп тағзым етіп. Сол күй-лері кері шегініп, шеткерірек барып тұрды.

– Даяшылар қайда, бұларға да кесені толтырып наурыз көже құйсын. Өздері жарытып тамақ ішпей ме, арық қатпа екен. Елдеріне біраз шыр жинап кетсін.

Айнала отырғандар патшаларының сөзіне тағы рақаттанып күліп алды.

Даяшылар оларға көже толы кесені ұсынып жатқанда, сырттағы қарашы қайта кірді:

– Хан ием, Кейхосрау шах хатшысын жіберген екен, алдыңызға кірсін бе?

– Бұл жиен нағашысын не себептен еске алып, керек етіп қалды? Кірсін.

– Кейхосроуды неге жиен дейді? – деді Нар Бидің құлағына сыбырлап.

– Өйткені, оның әкесі Сияуыш тұрандық қызға үйленген.

– Сияуыш Алып Ер Тоңғаның қолынан мерт болған жоқ па еді?

– Иә, кескілескен бір соғыста Алып Ер Тоңғамен жекпе-жекке шы-ғып, ажал құшты. Ал баласы Кейхосрау әкесінің орнына таққа отырыпты ғой.

Осы кезде сусар бөрік, түйе жүн қоңыр шапанды хатшы кіріп келді де, иіліп тағзым етті.

– Ұлы тәңірқұт! Кейхосрау Сізді Ұлыстың ұлы күнімен құттықтап, дұғай-дұғай сәлем жолдады. Егер мүмкіндігіңіз болса, бүгін жиеніңіздің мерекелік дастарқанының құрметті қонағы болса екен деп, ілтифат етті.

Алып Ер Тоңға дөңгелек жүзі шырайланып, ақ жарыла күліп алды да:

– Енді, жиеніміз жайылып жастық, иіліп төсек болып жатса, нағашысы неге бармайды екен. Барамыз! Бар, солай сәлем айтып бар!

Ер Нардың құлағына еңкейіп:

– Осы дастарқанда емес пе, Алып Ер Тоңғаның адамдарын шетінен мас қылып, шараптарына у қосып қырып салатыны?

– Иә, осы дастарқанда.

– Ендеше сол жайды айтып, барғызбай қойсақ қайтеді?

– Жоқ, болмайды, – деді Би. – Біріншіден, «Тәңірқұттың екі сөйлегені – өлгені», тәңірқұт «барамыз» деп уәде берді. Екіншіден, осындай Ұлыстың ұлы күні тұрандықтардың дәстүрі бойынша, жауының да дастарқанынан бас тартпайтын салт бар. Кейхосраудың есебі де осы емес пе. Сондықтан, бұл жолы үндемейік, ал барған соң бір мәнісін табармыз.

***

Шахтың мейман күтетін кең залы. Дөңгелене жасалған кең үстел. Төрде нағашылы-жиен болып Алып Ер Тоңға мен Кейхосрау отыр. Алып Ер Тоңғаның оң жағына – тұранның игі жақсылары – уәзір, билер мен ақсақалдар, қолбасшылар мен нояндар, Кейхосраудан төмен парсының игі жақсылары жайғасқан. Ал, Ер, Би, Нар есік жаққа жақындау орналасқан. Үстел үстінде тұрандықтардың ұлттық тағамдары – үйме табақ ет, қазы-қарта, қымыз, бауырсақ, ірімшік, ұлыс көже тағы басқа тағамдар.

Би жанындағы бауырларына сыбырлайды:

– Бауырлар, байқадыңдар ма, дастарқандағының бәрі – тұрандықтардың ұлттық тағамдары. Демек, бұл – қонақтарына деген сый-құрметтің белгісі, қонақтарының көңілін көтеріп, жайлан-дырудың бір тәсілі. Ал, дастарқанның екінші бөлігінде меніңше, парсының ұлттық тағамдары мен шараптары әкелінеді. Сөйтіп, қонақтарын жақсылап сыйлап, қыздыра отырып, өздері де мерекелік көңіл күйге енеді. Сондай қызу отырыстың үстінде қонақтардың алдына улы шараптар қойылады… Түсіндіңдер ме, бауырлар?

– Түсіндік.

– Ендеше сылтауратып далаға шығайық. Сол жерде ақыл-дасармыз.

Үш бауыр орындарынан тұрып, күтуші жігіттерге далаға шығу-дың ым-ишарасын жасайды. Олар бірден түсініп, біреуі оларды сыртқа ертіп әкетеді.

***

Үшеуі дәретханада тұрып, бірден жоспарға кіріседі.

– Бауырлар, біздің ең басты мақсатымыз, ас үйге бару екенін білесің-дер ғой?

– Иә, білеміз. Жаңа келе жатқанда ас үйдің қайда орналасқанын байқап алдық қой. Осы үйдің батыс қанатында, төменде екен.

– Ендеше, мына ашық терезеден төмен түсуіміз керек. Бауырлар, белімдегі арқанды шешіп алыңдаршы, – Ер көйлегінің етегін жоғары көтереді. Нар мен Би оның беліндегі ораулы арқанды тарқатып, босатып алады. Оның бір ұшын терезе жақтауына байлайды да, екінші ұшын терезеден ары асырып жібереді.

***

Читать дальше
Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать


Кеңес Оразбекұлы читать все книги автора по порядку

Кеңес Оразбекұлы - все книги автора в одном месте читать по порядку полные версии на сайте онлайн библиотеки LibKing.




ТҰРАН БАҺАДҮРЛЕРІ НЕМЕСЕ ЕР, БИ, НАРДЫҢ ЕРЛІК ЖОРЫҚТАРЫ отзывы


Отзывы читателей о книге ТҰРАН БАҺАДҮРЛЕРІ НЕМЕСЕ ЕР, БИ, НАРДЫҢ ЕРЛІК ЖОРЫҚТАРЫ, автор: Кеңес Оразбекұлы. Читайте комментарии и мнения людей о произведении.


Понравилась книга? Поделитесь впечатлениями - оставьте Ваш отзыв или расскажите друзьям

Напишите свой комментарий
x