Кеңес Оразбекұлы - ТҰРАН БАҺАДҮРЛЕРІ НЕМЕСЕ ЕР, БИ, НАРДЫҢ ЕРЛІК ЖОРЫҚТАРЫ
- Название:ТҰРАН БАҺАДҮРЛЕРІ НЕМЕСЕ ЕР, БИ, НАРДЫҢ ЕРЛІК ЖОРЫҚТАРЫ
- Автор:
- Жанр:
- Издательство:неизвестно
- Год:неизвестен
- ISBN:9785005103062
- Рейтинг:
- Избранное:Добавить в избранное
-
Отзывы:
-
Ваша оценка:
Кеңес Оразбекұлы - ТҰРАН БАҺАДҮРЛЕРІ НЕМЕСЕ ЕР, БИ, НАРДЫҢ ЕРЛІК ЖОРЫҚТАРЫ краткое содержание
ТҰРАН БАҺАДҮРЛЕРІ НЕМЕСЕ ЕР, БИ, НАРДЫҢ ЕРЛІК ЖОРЫҚТАРЫ - читать онлайн бесплатно ознакомительный отрывок
Интервал:
Закладка:
– Әрине, әрине, бұл немерелерімнің орны бөлек қой. Оған дау жоқ, – деп жатыр аталары да қауқылдап. – Менің айтпағым, «орнын жоқтатпайтындар бар, шүкір», дегенім ғой.
– Ә, солай демейсің бе, – деді әжелері де көңілденіп.
Ал, әжелері айтқан әлгі оқиға былай болған: Жазғы каникулдың жайма шуақ күндерінің бірі еді. Қариялар сол күні бір жұмыс-тарымен ауылға кетіп, жылқы басында Ер, Нар, Би үшеуі қалған. Олар қыр басында өздерінше алысып ойнап, жұлмаласып жүрген. Бір кезде сай жақтан бабымен жайылып жүрген жылқылар шұрқырай кісінесіп, дүрлікті де қалды. Көк айғыр да әрі-бері ойқастай шапқылап, ақырып-кісінеп, мазасы кетті. Балалар елең етіп, «не болды екен» деп анықтап қарап еді, қой тастардың арасынан қараң еткен бір қасқырды байқап қалды.
– Қасқыр! – деп үшеуі дереу төңіректерінде оттап жүрген ат-тарына қонып, «ит-құс келіп қалса» деп аталары сақтықпен қалдырып кеткен бұзаутіс қамшыларын көкке үйіріп, «қиқулап», сайға қарай жөңкіле шапты. Жақындағанда байқаса, қасқыр біреу емес, бес-алтау екен. Балалар сол екпіндеген күйі қасқырлардың алдынан кесіп өтіп, төбелерінен қамшы үйірді. Айналып келіп, үсті-үстіне соққылап, жасқап, соңдарынан түре қуып, екі бөлтірігін соғып алған.
Ауылдан түс ауа қайтып келген атасы мен әжесі немерелерінің бұл ерлігіне риза болғаны сондай, үшеуіне үш құлынды бәсіреге байлап берген. Соғып алған қасқырларының терілерін де «ауылға апарып көрсетіңдер, өздерің түсірген олжаларың ғой!» деп беріп жіберген. Сол еншілеген бәсірелері биыл дөнен болып, үшеуін Ақбоз, Көкбоз, Тоқбоз деп атап, әр келген сайын жандарына серік етіп, шапқылап мініп жүрген. Бүгінгі келістерінің жөні мынау.
Олар жолға жиналарда аталарынан бата сұрады.
Аталары:
– Ал, балаларым, қолдарыңды жайыңдар, – деді де:
Бір Тәңірім жарылқасын,
Кімді жарылқаса, соның жағында қылсын.
Жортқанда жолың болсын,
Жолдасың Қыдыр болсын!
Адассаң, жолға салып жүрсін,
Сүрінсең, құлатпай алып жүрсін.
Мың бәле, жүз қатерден,
Аман-сау қағып жүрсін!
Ақ батам қабыл болсын,
Қабылдаушы қадір қылсын!
Әумин! —
деп, немерелерін бір-екі бел асырып шығарып салды.
Олар жолда келе жатқанда, Би кенеттен мынадай сауал қойды:
– Біз «Кеңістік сағаты» арқылы батыр бабаларымыз: Алып Ер Тоңға, Тұмар ханым, Мөде қаған, Шырақ батырлардың заманына жорық жасағалы жүрміз. Бірақ біздің бойымызда олар елеп-еске-рердей қандай ерекше күш-қасиет бар? Немесе олардың сый-құр-метіне бөленердей қандай ерлік жасамақпыз? Міне, соны ойла-дыңдар ма, бауырлар? – дегені.
Бой-бітімдері еңселі де сүйріктей жараған тұлпар мініп, көңілдері лепіріп келе жатқан бауырлары кенет ойланып қалды.
– Сен біздің әдемі ой-қиялымызды бұздың ғой, – деді Ер аузын бұр-титып. – «Қандай ерекше қасиет» дейсің. Біз күнде «Ерлік алаң-ында» әскери ойындар ойнап, күресіп, семсерлесіп, тир мен садақта көздеп атуды үйреніп, шыңдалып жүрміз ғой. Бұлар ерекше қасиет емес пе?
– Әр жазғы демалысымызды жайлауда өткізіп, аң аулап, із кесіп, бәсіре аттарымызды үйретіп, көкпар тартып, бәйгелерге қатыстық. Бұл жаттығулар да ерекшелік емес пе?
– Біріншіден, біздің бойымыздағы бұл ерекшеліктер ерте заман-дағы ата-бабаларымыз – олар үшін қалыптағыдай жағдай, – деді Би бауырларына сынай қарап. – Олар туа салып, көзін ашқаннан ат құлағында ойнап, соғыс өнерін үйреніп, игеріп ер жетеді. Ендеше олар бізді не үшін, қандай қасиеттеріміз үшін құрметтеп, өздеріне тең санап, жандарына серік етуі тиіс? Екіншіден, олар онсыз да ерлік пен қаһармандықтың үлгісін көрсетіп, тарихтан ойып орын алды. Ал, біз қандай ерлік жасап, оларға қандай үлгі көрсетпекпіз? Соны ойландыңдар ма?
Ана екеуі жауап орнына иықтарын көтеріп, көздері бозарып, ой қуған бастарын төмен түсірді…
«Түрік, ол елінде жүргенде бақалшық қауашағына жасырынған маржан сияқты, оның қадір-қаси-етін танып, бағалап жатпайды. Ал ол бақал-шықтан сыртқа шыққанда бағасы еселеп артып, патшалар тәжі мен сұлулардың мойын, құлақ-тарын безендіретін асылға айналады».
Алып Ер Тоңға (Афрасиаб), ер түркілердің кемеңгер патшасы.
«Назар салсаң, бұл түркінің бектері,
Жаһанның әз бектері, асыл тектері.
Түрік бектері ішінде атын асырған,
Алып Тоңға Ер еді, құты тасыған».
Жүсіп Баласағұн, «Құтты білік» XI- ғасыр.Сақа мейрамы
Жолға тас-түйін қамданған Ер, Би, Нар аттарының басын «Ерлік алаңындағы» бабалар ескерткішінің алдына әкеліп тіреді.
– Тарих қойнауына сүңгитін жорығымыздың басын қайсы кезеңнен қайырсақ екен? – деді Нар бауырларына бұрылып.
– Әрине, Алып Ер Тоңға заманынан бастаймыз, – деді Би алдындағы бабаның алып мүсініне қарап тұрып. – Өйткені, тарихи танымымызды кітаптың алғашқы беті сияқты ең ежелгі дәуірден бастаған дұрыс емес пе. Ал Алып Ер Тоңға заманы – біздің дәуірімізге дейінгі VII ғасыр.
– Ендеше VII-ғасырдың қай жылдарына сүрен саламыз?
– Меніңше «Кеңістік сағатымызды» біздің дәуірімізге дейінгі 626—625 жылдардың аралығына туралайық. Өйткені, дәл осы жылдарда бабамыз Алып Ер Тоңғаны парсы патшасы Кейхосрау алдап қонаққа шақырып, оны нөкерлерімен бірге у қосылған шарапқа тойдырып, қырып тастамайтын ба еді. Біздің мақсатымыз, соның алдын алу, бабаларымызды апаттан құтқару емес пе.
– Иә дұрыс айтасың, – деді Ер тісін қайрап. – Біз бабамызды құтқар-уымыз керек. – Ойланып барып:
– Бауырлар, ежелгі дәуірден жеткен «Алып Ер Тоңға» дастан-ындағы мына жолдар естеріңде ме:
Алып Ер Тоңға келеді,
Жүз мың әскер ереді,
Оған Би мен Нар қосылады:
Жүз мың жебе кереді,
Жер қайысқан қол еді.
Тәңір сүйіп жаратқан,
Әлемді өзіне қаратқан,
Қаһарын жауға таратқан
Көк тәңірінің ұлы еді!
– Кәне, бауырлар, – деді Ер бауырларына кезек-кезек қарап. – Сағатымызды көне дәуір – біздің дәуірімізге дейінгі 626 жылдың Наурызына туырлайық.
Үшеуі де жеңдерін ысырып, «Кеңістік сағаттарының» айналарын бас-қылайды. Содан кейін оң қолдарын кеуделеріне қойып, ұран-дарын екпінмен айтады:
Біз – Тұранның ұлдарымыз,
Ерлік – басты ұранымыз!
Жорыққа сай, дайынбыз,
Текті елдің қыранымыз! —
Үшеуі де сағаттарының түймесін сырт еткізіп басып қалады.
***
Біздің дәуірімізге дейінгі 626 жылдың Наурыз айы. Парсы елінің Нейнәва қаласының маңындағы басы жайпақ, ат шаптырымдай жазық кең жота. Алып Ер Тоңғаның қалың әскері Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесін тойлау үстінде. Көк жотаның бір қанат-ында күрес, жамбы ату, садақ тарту, тағы басқа сайыс өнері қызу жүріп жатыр. Сай жақтан көкпаршылардың қиқу салып даурыққан дауыстары естіледі. Жонның екінші қанатында қазан-қазан ет асылып, көже қайнатқан, саба-саба қымыз піскен қызылды-жасылды киінген әйелдер.
Жасыл жонның орта тұсындағы мереке үшін арнайы тігілген еңселі, кең асырда 1 1 Асырда* – хандарға арнайы тігілетін зәулім, кең жорық үйі.
да думан қызған. Үсті мол тағамнан қайысқан үлкен дастарқанда төңіректегі тайпа көсемдері мен ақсақалдар, билер мен қол-басшылар жайғасқан. Төрдегі кең иықты, еңселі, алып денелі кісі өзгелерден ерекше көрінеді. Бәрі ақ сақалды, ақ киімді бір күйшіні ортаға алып, соның қобызбен егіле тартқан күйін қорғасындай балқып, қымыз ішіп балбырап тыңдау үстінде. Үздіге-создыға шыққан күй әуені қай-қайдағыны еске түсіріп, жауыгерлерді бір күрсінтіп алып еді. Жүректі езген көне күй буырқанып аяқталғаны сол еді, іштегі-сырттағы жауынгерлер: «Ой, бәрекелді, күйші ата! Туған елді еске түсіріп, бір жасап қалдық қой!» деп, қошемет сөздерін жаудырды. Лепес, тілектер сұйыла бергенде ішке бас күзетші кірді. Ол төрдегі алып денелі әлгі кі-сіге қарап тұрып:
Интервал:
Закладка: