Кеңес Оразбекұлы - ТҰРАН БАҺАДҮРЛЕРІ НЕМЕСЕ ЕР, БИ, НАРДЫҢ ЕРЛІК ЖОРЫҚТАРЫ
- Название:ТҰРАН БАҺАДҮРЛЕРІ НЕМЕСЕ ЕР, БИ, НАРДЫҢ ЕРЛІК ЖОРЫҚТАРЫ
- Автор:
- Жанр:
- Издательство:неизвестно
- Год:неизвестен
- ISBN:9785005103062
- Рейтинг:
- Избранное:Добавить в избранное
-
Отзывы:
-
Ваша оценка:
Кеңес Оразбекұлы - ТҰРАН БАҺАДҮРЛЕРІ НЕМЕСЕ ЕР, БИ, НАРДЫҢ ЕРЛІК ЖОРЫҚТАРЫ краткое содержание
ТҰРАН БАҺАДҮРЛЕРІ НЕМЕСЕ ЕР, БИ, НАРДЫҢ ЕРЛІК ЖОРЫҚТАРЫ - читать онлайн бесплатно ознакомительный отрывок
Интервал:
Закладка:
– Ол жағын мен білмейді екенмін, – деді Ардан. – Бірақ Анарыс хан иемнің нақыл сөздерін жұрт ауыздарынан тастамай айтып жүреді.
– Анарыс бабаның нақылдарын біз де айтамыз, – деді Нар. – Мәсе-лен, «Дүние – шексіз, оның алды да, арты да жоқ, хақиқатқа да мөлшер жоқ, өткен күннің белгісі жоқ», «Тән – жанның құралы, жан – құдайдың құралы».
– «Еркін адам дегеніміз – өз қалауымен, өз заңдарымен өмір сүретін адам», – деп әрі қарай жалғады Би. – «Жаман адам көмір сияқты: күйдермесе де күйелейді», «Жақсылық та – тілден, жаман-дық та – тілден».
– О-о! Хан иемнің көп сөздерін біледі екенсіздер ғой, – деді Ардан балаларға таң қала қарап.
– Жо-оқ, бәрін біле бермейміз, – деді Нар. – Мәселен, Анарыс баба скифтер мен эллиндердің тұрмысы және соғыс өнері жайлы 800 жол өлең жазған дейді. Сол өлең-жырлары бізге жетпеді.
– «Элладада мені ақыл-парасат қорғап еді, өз елімде қызғаныш құрбан етті» деген сөзді бабамыз қандай жағдайға байланысты айтты? Соны білмейміз.
– Хан ием мұндай сөздерді қашан айтты? Мен де білмеймін, – деді Ардан ойланған кейіппен.
– Оны сіз білмейсіз. Анарыс баба оны өлер алдында айтты.
– Хан ием қалай өлмек?! – деді Ардан таң қала шоршып.
– Біз Анарыс бабаны сол ажалдан құтқаруға бара жатырмыз. Анарыс бабаға қауіп төніп келеді, алдына тезірек жетейік, – деп еді, Ардан еш нәрсе түсінбеген кейіппен аңырып тұрып қалды. Нар айналасына бажайлап қарап алды да, Арданның құлағына бір жайттарды сыбырлап айтып жатты. Арданның бет-әлпеті біресе бозарып, біресе қызарып, енді бірде қайта қалпына түсіп, мың құбылумен болды. Бір кезде барып:
– Құп болады! – деді де, айналасына жіті көз салып. – Біз келіп қалыппыз, хан иемнің тұрағы мына кезеңнің артында, – деді, алдарындағы жотаны нұсқап. Олар бұталы жотаға шыққанда, ар жағынан ат шаптырымдай үлкен алаңқайды көрді. Алаңқайдың бір жағы құмдауытты өзен атырауына тірелсе, қалған жақтары ну орманды тау баурайына сұғына еніп жатыр екен. Алаңқайдың тастақты бір бүйірінде үсті жабық үлкен сақ арбасы тұр. Арба жанындағы ошақта от жанып, үш аяқты мосыда қазан асулы. Ошақ басында гректердікіндей кең етек ақ жейделі бір кісі отыр. Ардан балаларды сол кісінің алдына апарды.
Балалар жөн сұрасып, негізгі келген шаруаларын реттеп болғаннан кейін, Анарыс бабаның қазіргі жай-күйімен де танысты.
– Ең жақын досым әрі ұстазым Солон қайтыс болғаннан кейін, оның жылын өткізіп, барлық мұраларын ретке келтіріп, шәкірттерінің біріне тапсырдым да, елге қайттым, – деді Анарыс әңгімесін жалғап. – Сондағы басты көздегенім – өз жұртымның сауатын ашу, скиф мемлекетінің негізгі тұғырын, яғни грекия-дағыдай патша, тәңірқұттан бастап, әскері мен қарапайым халқына дейін заңмен, тәртіппен өмір сүріп, жүріп-тұруға қалыптастыру еді. Сол мақсатта еліме келе салып, сауат ашу, шешендік өнері ұғындырғыларын 6 6 Ұғындырғы* – мектеп.
аштым, балаларды оқыттым. Бос уақыттарымда скифтердің өмір-тұрмысына лайықтап жарғы баптарын құрас-тырумен айналыстым. Күндердің күнінде сол заң-жарғыларым дайын болды. Қайта-қайта қарап, пісіп-жетілді-ау деген күні қала халқын жинап, ел алдында оқып бердім. Бірен-саран бай-шонжарлар болмаса, көпшілік халыққа бұл заң-жарғы қатты ұнады. Ел менің еңбегімді қолдап-қуаттап
қана қоймай, тәңірқұттың құзырына апарып, бекіткізуімді өтінді. Елдің ыстық ықыласына бөленген заң-жарғыны мен тақта отырған бауырым Сабылдың қолына тапсырдым. Мән-маңызын түсіндіріп, тезірек қабылдауын өтіндім. Ол заңмен танысып шығайын деп алып қалды. Бірақ көп өтпей менің ісімнен береке кетті. Артымнан аңдушы, арандатушылар көбейіп, жан-жақты қудалауға түстім. Шәкірттерім сабақтарына келе алмай, ұғындырғым жабылып қалды. Содан кейін осылай ел-жұрттан безіп, еріксіз дәруіш-қаңғыбастық жолға түсуіме тура келді. Жағдайым осылай, жас достарым. Енді тек даңғыра, кепшік қағып, көктегі бір Тәңірімнен халқымызға, ел басшыларына таупық-тәубе 7 7 Таупық-тәубе* – тәубеге келу, түсіністік.
беруін тілеймін. Байланған көздерінің ашылуын, қудалау, көре алмаушылықтардың жолы кесілуін тілеп, жалбарынумен күн өткізудемін.
Дәл осы кезде сенімді күтушісі Арданның:
– Дастарқан дайын, тамаққа келіңіздер, – деген даусы шықты.
Олар үлкен тақта тастың үстіне жайылған дастарқанның айна-ласына жайғасты. Балбырап бабымен піскен жылқы етін жеп, сорпа мен қымыздан дәм татты.
– Анарыс баба, – деді Би қымызды төңкеріп ішіп болып. – Эллиндер сізді де Солон, Фалес, Периандрлар сынды ғұламалардың қатарына қосып, құрметтеп өтті. Шешендік даңқыңыз шартарапқа жайылды. Дегенімен бізге мына жайды түсіндіріңізші: Олар, яғни Биант, Питтак, Солондар эллиндік шешендік мектебінен қалып-тасып шыққан, сол ортадан оқу, тәрбие, өнеге көріп жетілген кісілер еді. Ал, сіз Скифиядан, яғни, оларша айтқанда, жабайы өлкеден бардыңыз, ендеше шешендік өнерді қалайша тез меңгеріп, игеріп кеттіңіз? Соны түсіндіріңізші.
Бұл сауалға Анарыс баба бар мейіріммен жымия күліп тұрып, асықпай жауап берді:
– Е, балалар, бір негіз, тұғыр болмаса, мықты үй тұрғыза алмайсың. Олар қанша жерден жабайы дегенімен, біздің де өз далалық өркениетіміз қалыптасқан. Біздің скифтердің арасында да аузымен құс тістеген шешендер, қара қылды қақ жарған билер, өлең мен жырды төгілткен суырыпсалма ақындар мен жыраулар, ән мен күйден саз өрген дала өнерпаздары аз емес. Мен солардың қайнаған ортасында өсіп-жетілдім, солардың келісіне түсіп, шешендік талайымды сынадым. Мен эллиндерге сондай ұғындырғыдан өтіп, шыңдалып барған едім. Олардың қатарларына тайпалған жорғадай бірден қойып кеткенім де содан.
– Ал, енді мынаған жауап беріңізші, сіз ата-бабаңыздан бері қара көк үзілмеген тәңірқұт, хан тұқымынансыз. Ендеше қалайша хандық, билікті тәрк етіп, шешендік өнерді таңдадыңыз?
– Бұл жолды таңдауыма бірнеше себептер болды, солардың ең негізгілерін айтсам, біріншіден, әлгінде айтып өткендей, жастай-ымнан далалық шешендік өнердің қайнаған ортасында өстім, тәлім алдым, соның әсері ме, менің тұла бойымды шешендік өнерге деген талпыныс, сүйіспеншілік, құштарлық билеп алды. Ақыр соңында жүрегім билікті емес, өнерді таңдады. Екіншіден, бұл билікті сеніп тапсыруға лайықты адам бар еді. Ол – менің бауырым Сабыл. Оның бойындағы тасқындаған қайрат-жігеріне, өктемдігі мен өрлігіне мен ілесе алмас едім. Осы жайларды ой елегінен өткізіп, таразылай келе, менің жолым, тағдырым билік емес, шешендік өнер екенін ұғындым, сол жолдың ыстық-суығына төзіп, тауқыметтерін арқалауға бел будым…
Тамақтан кейін балалар асық ойынына отырды. Анарыс әдет-тегіндей құрулы тұрған даңғыра, кепшіктің алдына барып, оларды бір ырғақпен қағып, Тәңірге құлшылық етудің рәсіміне кірісті.
Даңғыра бір қалыпты соғылып, Анарыс әуен-ырғаққа жан-тәнімен беріліп кеткен бір тұста, айнала ұшып жүрген сауыс-қандардың үдере шыққан шиқылы ерекше естілді. Балалар елең етіп, орындарынан ұшып тұрды. Алаңдап қарап еді, Анарыстың арт жағында әудем жерде садақтарын кезеніп тұрған салт аттыларды көрді. Балалар ауыздарын ашып үлгергенше, қауырсынды жебелер зуылдап ұшып, Анарыстың арқа-жонына «сарт-сұрт» етіп қадалып жатты. Бірақ бір таңқаларлығы, қанша оқ тисе де Анарыс баба құламай тұр. Ол оқ атқандарға бұрылған кезде байқаса, жебелер жон арқаға дәл тигенімен, ешқайсысы денесіне дарымаған. Бәрі шетінен лыпа көйлекті тесіп өткенімен, жебелер төмен салбырап, матасына ұшынан ілініп тұрды. Бұл оғаш көрініске оқ жаудырған жауын-герлердің өздері таң қалғаны сондай, ауыздарын ашқан күйі тұрып қалған. Бір кезде естерін жиып, басшыларына ілескен бойы желе шоқытып, Анарыстың жанына жетіп келді. Басына мұрақ 8 8 Мұрақ* – қаған, хандар киетін бас киім.
кигені Сабылдың өзі екен. Ол Анарысқа сұстана қарап:
Интервал:
Закладка: