Қанат Жойқынбектегі - Ел Шоңы. Сәскелік шақ. I кітап

Тут можно читать онлайн Қанат Жойқынбектегі - Ел Шоңы. Сәскелік шақ. I кітап - бесплатно ознакомительный отрывок. Жанр: Русское современное. Здесь Вы можете читать ознакомительный отрывок из книги онлайн без регистрации и SMS на сайте лучшей интернет библиотеки ЛибКинг или прочесть краткое содержание (суть), предисловие и аннотацию. Так же сможете купить и скачать торрент в электронном формате fb2, найти и слушать аудиокнигу на русском языке или узнать сколько частей в серии и всего страниц в публикации. Читателям доступно смотреть обложку, картинки, описание и отзывы (комментарии) о произведении.

Қанат Жойқынбектегі - Ел Шоңы. Сәскелік шақ. I кітап краткое содержание

Ел Шоңы. Сәскелік шақ. I кітап - описание и краткое содержание, автор Қанат Жойқынбектегі, читайте бесплатно онлайн на сайте электронной библиотеки LibKing.Ru
Бұл кітап тектінің ұрпағы, Шоң Телқозыұлының өмірде қалдырған ізгілік, өмірі жайлы. Жазушы Қанат Жойқынбектегі «Ел Шоңы» деп аталған көп томдық романында Шоң Телқозыұлы туралы ел аузында сақталып жүрген естеліктер негізінде осы кітапты жазып отыр.Мазмұны тартымды кітап қалын оқырман қауымға арналады.Бұл еңбегімді осы кітаптарда аты аталған аруақтардың рухына бағыштадым. – Автор

Ел Шоңы. Сәскелік шақ. I кітап - читать онлайн бесплатно ознакомительный отрывок

Ел Шоңы. Сәскелік шақ. I кітап - читать книгу онлайн бесплатно (ознакомительный отрывок), автор Қанат Жойқынбектегі
Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать

Тоқаның шалдары Жанкелдіні жерлеуге аға сұлтанның келетіні үш ұйықтаса да ойларында жоқеді, бір жағынан таңқалып отырған. Әрі сұлтанның мына келісіне риза еді.

Сұлтан ананы-мынаны айтып отырдыда сәлден соң көңілдегі негізгі сөзін бастап кетті

– Менің осы отырған Тоқа жұртына өкпем бар, мына жерде айту орынсыз болса да, соны естеріңе салығм келіп отыр —деді Қоңырқұлжа. —Жанкелді марқұмды о дүниеге аттандырып отырсақ та, жағдай жайсыз болса да, соны айтқым келеді. – Осыны айтты да үнсіз қалды. Отырғандарды көзастынан бір шолып өтті. Олар да үнсіз отыр.

– Мына өлік шығару жиынында не айтқалы отыр дегендей, отырғандар бір-біріне қарады. Содан кейін Қоңырқұлжаға қараған еді. Ол әлі де мына шалдардың өздері сөзбастауын күтіп отыр еді. Соны түсінгендей Баймырза отырып:

Сұлтан қысылмаңыз айтыңыз, – деді.

– Ендеше, балам Шыңғыстың құнын төлейсіңдер. Соны көптен айта алмай жүр едім. Мына ретсіз жерде реті келді. Өйткені, мұндай сіздердің бастарыңыз қосыла бермейді. Содан кейін айтып отырмын.

Ол балаңыздың өлгеніне пәлен уақыт болды. Сұлтан қандай құнды сұрап отырсың, деді Таубай.

Сұлтан оның мұнысын жақтырмай қалды ма, өзінің қасында отырған Баймырзаға қарап сөзін жалғады.

– Бүгін Жанкелді марқұмның дастарханының басындабастарыңыз қосылып қалған екен. Басқажерде сендердің осылай бастарыңды қосудың өзі қиын. Содан кейін айтып отырмын. Менің өкпем Балам Шыңғыс қайтыс болғанда біреуің де есік ашуға жарамадыңдар.

Бұл сөзде шындық жатыр еді. Тоқалардың тәуірлерінің бірі бармаған еді. Турасын айтқанда, сол арада жазалап жібереме деп қорыққан еді. Әлгінде сөзбастауға себепші болған Баймырза сұлтан баласы жайындасөзбастаған соң үндемей қалды. Бұлардың ішіндегі жасы, сөзге ширақ Баймырзаның ініс Сапақағасының сөзін жалғағандай болып көңілдегісін айтқан болатын:

– Сұлтеке, біздің жақтан кеткен ол үлкен білместік болды, деді Баймырза.

– Сен үйтіп ақталма. Әр нәрсенің жолы бар, жөні бар. Осы отырғандардың әрқайсынбір-бір руды басқарып отырсыңдар. Неге келмейсіңдер!

Айтарлары бітіп қалғандай мына сөзге бәрі де үндем ей қалды. Қоңырқұлжа сөзін әрі қарай жалғады.

– Мен оны білемін. Бәрің де өздеріңді кінәлі санайсыңдар. Содан кейін үндемей отырсыңдар.

Осы кезде Таубай батыр шыдай алмай:

– Сіз орынсыз Тоқалардыкінәләмаңыз. Хан тұқымы хан қолынан қайтыс болды ғой.

– Кенесары өзі барып өлтірген жоқ шығар. Қажет болса кім өлтіргенін де айтамын. Менің баламның өлімі отырған сіздердің адамдарыңыздың қолынан келді.

– Сұлтеке, сол кісінің атын атап айтыңызшы – деді Сапақ

– Осында Тәңірбергеннің екі баласы отырсыңдар. Қайсысы екенін өздерің айтыңдар. Құлағы естігені болмаса көзі көрген жоқ, қайсыңды ұстап беремін. Осы отырғандардың бәрінің ұрпақтары Кенесары соғысына қатысты.

Тәңірберген ұрпақтарының біразы Кенесары көтерілісне қатысқан еді. Солардың біразы соғыста өліп, кейбіреулері сонау қырғыз жерінен келмей қалған. Нұра бойында болған соғыста да патша әскерімен мына Қоңырқұлжаның баласы Шыңғыс бастаған қолға қарсы шығып, Қоңырқұлжа адамдарына қарсы тұрған еді. Сондықтан Кенесары бұлардың малдарына тиіспей кеткен. Дуан басы оның бәрін білетін. Сондықтан айтып отырғаны болатын. Отырғандар оын мойындағандай тағы да үндемей қалды да, Сапақ отырып:

– Сұлтеке Тоқа аз халық емес. Осы отырғандардың көбінің туысқандары қатысқан. Сіз бізді ғана кінәлап отырсыз ба?

– Сендерді ел «бес перен» дейді. Бұл жайдан жай қойылған ата емес. Сол Шыңғыстың өліміне тікелей қатысың болмаса да, баламның Тоқалардың қолынан өлгенін мойындайтын шығарсыңдар. —Осы ру ішіндегі аты шулы Тәңірберген балалры сендер айтыңдар. Тоқалардың ешқайсысы сендерден асып кетпейді. —Соны жақсы білетін Қоңырқұлжа сөзді содан әдейі осылай қозғап отырған.

Әуелінде жаман қорқып қалған Сапақ, сұлтанның жалпы Тоқаларды аттағанынан кейі көңілі жай тапқандай болды. Әйтпесе, өздеріне кінә тағып Ақмола түрмесіне апарып жаптырып қоятындай көрінген.

Қасында отырған Қорысбайдың Баймырзасы отырып:

– Өлген адам қайтып келмейді. Ашығын айтыңыз, балаңыздың құнына не тілейсіз?

Қоңырқұлжаның күтіп отырғаны да осф сөз еді. Енді көңілдегісін айтты:

– Шыңғыстың құнына ешнәрсе тең келмейді. Оған осы отырға БүкілТоқаның байлығы жетпейді. Баймырзадұрыс айтасың өлген адам қайтып келмейді. Мен қазақ жолымен хан тұқымы атаусыз қалмасынды ойлап үш мың жылқы сұраймын.

Сұлтан осы арда баласының өлгеніне пәлен жыл өткен соң мындай құн сұрап отырғанына ел түсінбеді. Жиналғандардың әлгі сұлтан сөзіне көңілдерінде ашу ойнап кетті. Мұндабасыну бар екенін сезген. Бірақ ешқайсысы аға сұлтанға қарсы ештеңе айта алмады.

Қоңырқұлжаның бар ойы осы баласының өлімінен осында Тоқаның барлық тәуірлері жиналып қалғанда пайда табу болатын. Сондықтан әдейі осы жайдықозғап отыр.

Үш мың жылқы дегені Сапақтың жанына батып кетті. Әлгі сөзіне қарағанда оның көбін Тәңірберген тұқымдары төлейтініне көзі жетті. Шыдай алмай айтып салғаны:

Сұлтеке, соғыс болған соң өлім болмай тұрмайды ғой. Пәлен уақыт өтті. Енді келіп мұныңыз не?

Қоңырқұлжаның Сапақтың мына сөзіне қаны қайнап кетті. Оның мына сөзі өзін басынғандай көрінді. Мына айтқаны қара қазақтардың күшейіп бара жатқанын көрсеткендей болды. Ызалы сұлтан турасын айтып:

– Хан тұқымын қара қазақ өлтірсе баяғыда не жасаушы еді?

– Мен осы уақытқа дейін қара қазақтың хан тұқымын өлтіргенін естігем жоқ.

– Естімесең сен енді естіп отырсың, Тәңірбергекннің тұқымдары. Алдында айтқан сөзін қайталап айтқан аға сұлтан. Бұл сөз әлгі Сапақ сөзіне орай айтылған еді. Артынша сұлтан: Тоқалар бұған не айтасыңдар? – Бұл отырғандардың бәріне қойылған сұрақ еді. Отырғандар не айтарларын білмей отырып қалды. Қоңырқұлжа сөзін әрі қарай жалғады. Хан тұқымын өлтірсе басын алады, мен оын жасамай-ақ қояйын. Қазақөлгеннің құнын төлейді. Соны жасаңдар деп естеріңе салып отырмын.

Осы арада баяңғыдан Сапаққа ызасы келіп жүрген Таубай:

– Сұлтеке бұл сөзіңізорынды. Адам өлсе құнын төһлеу баяғыдан келе жатқан тәртіп, сіз турасын айттыңыз, – деді Таубай. Сұлтан мына шалдың қай жаққа сілтеп отырғанын түсінбей қалды.

– Менің баламның құнына ешқандай байлық жетпейтініні әлгінде айттым ғой. Бірақамал жоқ. Қазір біразыңды апарып түрмеге жауып, артынша жазаласам, Тоқалар өкпелейсіңдер. Мен оны жасамай-ақ қояйын. Сен шал ашығын айт деп отырсың ғой, менің тоқ етер сөзім Тоқалар атынан Сапақ үш мың жылқы берсін!

Сапақ жаратылысынан сараң болатын. Сол сараңдығы арқасында он жеті мың жылқы біткен бір басына. Соғымын да ес ептеп соятын. Мына сөзге ол үндемей отырып қалды. Қоңырқұлжаға оның мынасы ұнамады. Содан кейін отырып:

Читать дальше
Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать


Қанат Жойқынбектегі читать все книги автора по порядку

Қанат Жойқынбектегі - все книги автора в одном месте читать по порядку полные версии на сайте онлайн библиотеки LibKing.




Ел Шоңы. Сәскелік шақ. I кітап отзывы


Отзывы читателей о книге Ел Шоңы. Сәскелік шақ. I кітап, автор: Қанат Жойқынбектегі. Читайте комментарии и мнения людей о произведении.


Понравилась книга? Поделитесь впечатлениями - оставьте Ваш отзыв или расскажите друзьям

Напишите свой комментарий
x