Қанат Жойқынбектегі - Ел Шоңы. Сәскелік шақ. I кітап

Тут можно читать онлайн Қанат Жойқынбектегі - Ел Шоңы. Сәскелік шақ. I кітап - бесплатно ознакомительный отрывок. Жанр: Русское современное. Здесь Вы можете читать ознакомительный отрывок из книги онлайн без регистрации и SMS на сайте лучшей интернет библиотеки ЛибКинг или прочесть краткое содержание (суть), предисловие и аннотацию. Так же сможете купить и скачать торрент в электронном формате fb2, найти и слушать аудиокнигу на русском языке или узнать сколько частей в серии и всего страниц в публикации. Читателям доступно смотреть обложку, картинки, описание и отзывы (комментарии) о произведении.

Қанат Жойқынбектегі - Ел Шоңы. Сәскелік шақ. I кітап краткое содержание

Ел Шоңы. Сәскелік шақ. I кітап - описание и краткое содержание, автор Қанат Жойқынбектегі, читайте бесплатно онлайн на сайте электронной библиотеки LibKing.Ru
Бұл кітап тектінің ұрпағы, Шоң Телқозыұлының өмірде қалдырған ізгілік, өмірі жайлы. Жазушы Қанат Жойқынбектегі «Ел Шоңы» деп аталған көп томдық романында Шоң Телқозыұлы туралы ел аузында сақталып жүрген естеліктер негізінде осы кітапты жазып отыр.Мазмұны тартымды кітап қалын оқырман қауымға арналады.Бұл еңбегімді осы кітаптарда аты аталған аруақтардың рухына бағыштадым. – Автор

Ел Шоңы. Сәскелік шақ. I кітап - читать онлайн бесплатно ознакомительный отрывок

Ел Шоңы. Сәскелік шақ. I кітап - читать книгу онлайн бесплатно (ознакомительный отрывок), автор Қанат Жойқынбектегі
Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать

Қай жағынан болмасын Қоңырқұлжа Карбышевті өзіне тарту жағын қазақшылықжолмен осылай ойластырып баққан. Пәлен жүзжылқыны Сібірге айдалған қазақтардан тартып әперген. Бір сөзбен айтқанда, Карбышев сұлтанға қарыздар еді. Қоңырқұлжаның Карбышевке еркін, өктем, ашық сөйлеуінің бір сыры осында жатыр еді.

Сұлтан өзінің орнына баласы Бекәліні қоймақшы болса да Карбышев те мықтылық көрсетіп, Дуан басы қызметіне Бекәліні емес, Ыбырайды қоятын болып кетті. Бұл жеңілген, ол жеңгендей болған. Қоңырқұлжаның бұған қарсы амалы жоқеді. Қандай қарсылық көрсеткенімен Карбышевтің күшті екенін іштей сезетін.

Өйткені, жоғарыда отырғандар өзін емес, қазіргі жағдайда соны қолдайтынына көзі жеткен. Бір кезде Кенесарыға дес бермеген сұлтанның амалсыздығы еді, бұл.

Ол кеткен соң көңілін мазалаған жағдайды бәйбішесі Қанисаға айтқан еді. Генерал-губернаторға орныма баламды қойды айтып хат жазбақшы ойы болатын. Әуелі бәйбішесі Қанисамен ақылдасып алмақшы болды. Әйелдер ішінде осы әйелін тыңдайтын. Ешнәрсені одан жасырмайтын. Онымен ақылдасып отыратын. Барлық жағдайды әйеліне жайып салды. Бекәлі қара қазақтан туса да оның пысықтығын көңіліне демеу ететін. Өйткені, өзінің қанынан жаралған, жанына жақын еді. Көңілі Ыбырайдан ғөрі соны қалап отырған. Қоңырқұлжа ойын Қанисадан жасырған жоқ.

– Қаниса менің жағдайымды көріп отырсың. Менен күш азайды, орныма Бекәліні тағайындау ойым бар. Анау Карбышев көнбей отыр. Ана Ыбырайды қояйық дейді.

Ал Қанис а қара қазақтан туған Бекәлі қанша бауырында өссе де онша қаламайтын. Қаниса туған қызының қасында жатқан Ыбырайға көңіл бөлетін. Қаниса турасына бармай басқаша сөйледі.

– Бекәлі оқып жүр ғой, оқысын. Сұлтеке, сізешнәрседен де ұтылған жоқсыз, күйеу балада бөтен емес, сол тұрса тұрсын, – деді бәйбішесі Қаниса. Мына сөзден кейін сұлтан сөзі біті қалғандай болды. Қоңырқұлжа іште жатқан күдігін де жасырып жатқан жоқ, әйелінен.

– Мен алдағы жағдайды ойлап отырмын. Ол оқу бітіргенше мен боламын ба, болмаймын ба, кім білген. Мен өлген соң оны менің орныма жуытпай ма, деп қорқамын. Әне, Жәнілдә жүр ғой, сонау орыстардың арасына шығып кетті. Ол жақта көбінің бірі болып жүр. Бұл жақта Бекәлінің өзі би, өзі қожа болғанын көргім келеді.

Енді не істейсіз, Карбышевте өзі емес, губернатордың айтқанын жасап отыр ғой, ол да. —Әйелінің мына сөзінен кейін Қоңырқұлжа біржола қойған сөзді.

Ауызының салымы бар екен, ойламаған жерден Ыбырай Жайықбаев атқа мінді. Мұның орысшасы да шамалы еді. Ескіше де оқымаған. Төре болғандықтан Қоңырқұлжаның көңілін тауып, үлкен қызын алған, кезінде…

Сол жолы Карбышев кетер алдында Қоңырқұлжамен келіскеннен кейін дуан кеңесіндегі Қоңырқұлжаның кабинетіне Ыбырайды отырғызып кеткен. Барлық қызметкерлерді жинап алып айтқан: «Бұдан былай осы кеңсенің билігі осы кісідеболады» -деп. Ешкім үндеген жоқ. Губернатор өкіліне кім не десін! Әйтпесе, мұндаотырған төрелер де, орыстар да Ыбырайды ұнатпайтын.

Дуан басы отырғаннан кейін осында тілмаш, әрі Қоңырқұлжаның тапсырмаларымен онда-мұндабарып жүретін Шоңды Ыбырай Жайықбаев шақырып алды. Қоңырқұлжаға орысша кітап оқып, газет-журналда жазылғандардыайтып беруде Шоң таптырмайтын адам екеін біліп алған. Оны өз көзімен көріп жүріп, бұл жігіттің орыс тілін толық меңгергенін білетін. Оның үстіне әкесі де, сұлтанмен дос болып қалғанын байқаған.

Шоң атасының үйінде жатқаннан бері Ыбырай да іш тартып, кейбір мәселелерде Шоңмен ақылдасып отыратын. Оның білгірлігіне әбден қанып алған. Дуан басы болып тағайындалғаннан кейін бұлда Шоңға атасының әдісін қолданды. Бір күні Шоңды шақырып алып сөз бастаған.

– Сені Қонекең жақсы көреді. Менің де көңілім саған сондай. Мен бұл жұмысқа жаңа кірісіп жатырмын. Сенің жақсы орысшаң бар. Маған жоғары жаққа жазылатын қағаздарға көмектес. Басқаларға сенбеймін.

Шоң Ыбырайдың жақсы райлы сөзіне қуанып қалды:

– Ыбеке, мен қолдан келген көмегімді аямаймын. Шама келгенше жасаймын…

Ыбырай сол күні-ақ Шоңның өзіне жеке кабинет берді. Бұрын екі орыс Герасимов, Попов және заседательдер қағзадарын қазақша қарап отыратын төрелер Қосыбай Бабыков, Нөгербек Көшеновпен бірге отыратын. Енді, міне, ойламаған жерден дәрежесі өсіп шыға келді. Бұрын қасында отырғандар жап-жас балаға жеке кабинет бергенін жақтырмай қалған, әсіресе, ана екі төре. Шоң оны бірден сезді.

Ыбеке, мен аналарға бастықсияқты көрінбей, әзірге солармен бірге отырайын, – деді.

Ыбырай Шоң аузынан мынадай сөз естіп, тас-талқан болып ашуланды.

Сен өзің қызық жігіт екенсің. Олар келешегі жоқ адамдар. Ал сенің үлкен ертеңің бар. Амандық болса сен осы дуандағы бір деген адам болғалы тұрсың. Сен сондықтан оларға қарама! Менің айтқанымды тыңдап жұмыс істей бер. Олар адал жұмыс істемейді, білімдері бар шамалы. Бұрын Қонекең көңілін тауып жұмысқа тұрып алған. Менің ойымнан шықпаса екеуін де қуамын.

Ыбырай да сұлтан тәрізді Омбыдан келетін қағаздардың бәрін алдымен Шоңға оқытып, ол жаққа кететін қағаздарын жаздыратын. Өзі орысша білмесе де орыстармен жиі қатынасу нәтижесінде орысша жазғандарды бұл да ьтасы тәрізді жақсы ұғатын еді. Енді қандай шаруа болмасын Ыбырай Шоңмен ақылдасып отырып жасайтын болды.

Бұл кезде қазақ жеріне орыстардың көшіп келуі басталған еді. Бұрынғадай бекіністерге емес, енді Ақмола қаласына жақын жерлерге, Нұра бойына да келіпқоныстанып жатты. Соған орай, орыстар мен қазақтар арасында дау-жанжал көбейе берді. Мұндай жанжалға Ыбырайдың өзі бармайтын, өзі сырт қалатын да, сен орысша білесінге салып Шоңдыжі беретін. Шоң да дуан басы саясатын, мінезін түсініп алған. Ертеңгі күні бір мәселені дұрыс шешпесе Ыбырайдың өзін ұстап беретінін сезетін. Сондықтан қандай іс-болмасын әділ шешуге тырысатын Шоң. Ілуде-шалуда болмаса, қандай жағдайда болмасын екі жақты да риза етіп қайтатын.

Ақмолаға жақын, Нұра өзенінің бойына бір топ казак-орыстар келіп қоныстанған еді. Әсіресе, бұл мәселеге байланысты Қорғалжын маңындағы Темештерден көп шағым түсіп жататын. Оларды шабындарына жуытпайтын, тіпті, оларға жақын жерден малдарды суарудың өзі қиындап кеткенін жазатын. Оған дуан басы көбіне Шоңды жіберетін. Ыбырай жүрер кезде Шоңға ананы былай шеш, мынаны олай шеш сияқты бастық ретінде кеңес беріп отыратын. Ең қиыны осы еді. Ыбырай айтқандай бола бермейтін, олай жасаса Шоң даудың тіптен шатасатынын білетін. Шоң қанша дұрыс шешкенімен орыстар, қазақ арасында шу шыға беретін. Бұл жағдай тіптен өріс алып, орыстар арызды губернаторга дейін жазатын. Дау, жанжал өршіп, тоқтамайтын еді.

Қазақтар жер біздікі айтып күш көрсетсе, келгендер бізді патша жібердідеп шіренеді.

Бұл кезде орыстар Ақмола бекінісінде ғана тұрса, енді казак-орыстар өзалдына заемка болып қала маңына қоныстанған. Шоң орыстардың көшіп келуі жиілей бастағанынан қорқатын. Түбінде қазақтан орыс көбейіп кетсе, онда қазақтардың көп нәрседен ұтылатынын іші сезетін.

Читать дальше
Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать


Қанат Жойқынбектегі читать все книги автора по порядку

Қанат Жойқынбектегі - все книги автора в одном месте читать по порядку полные версии на сайте онлайн библиотеки LibKing.




Ел Шоңы. Сәскелік шақ. I кітап отзывы


Отзывы читателей о книге Ел Шоңы. Сәскелік шақ. I кітап, автор: Қанат Жойқынбектегі. Читайте комментарии и мнения людей о произведении.


Понравилась книга? Поделитесь впечатлениями - оставьте Ваш отзыв или расскажите друзьям

Напишите свой комментарий
x