Қанат Жойқынбектегі - Ел Шоңы. Сәскелік шақ. I кітап
- Название:Ел Шоңы. Сәскелік шақ. I кітап
- Автор:
- Жанр:
- Издательство:неизвестно
- Год:неизвестен
- ISBN:9785005549471
- Рейтинг:
- Избранное:Добавить в избранное
-
Отзывы:
-
Ваша оценка:
Қанат Жойқынбектегі - Ел Шоңы. Сәскелік шақ. I кітап краткое содержание
Ел Шоңы. Сәскелік шақ. I кітап - читать онлайн бесплатно ознакомительный отрывок
Интервал:
Закладка:
Араға бір жұма салып Сапақ бастаған бір топ Тоқалар уәде еткен жылқыларын айдап әкеп берді. Қоңырқұлжа оларды үйінде дастархан жасатып жақсылап қарсы алды.
Дастархан басында Сапақ айтқан еді:
– Сұлтеке, осы жылқының төрттен бірін мен өзім шығардым. Турасын айтқанда, біздің тұқымның сіздің балаңыздың өліміне ешқандай қатысы жоқ. Сіздің көңіліңізді қимай әкеліп отырмын. —Сапақ Таубайға Көкбестінің тұқымынан бір жүйрікті сатпағанынан өкпелі еді. Және өткен жолы сөзі бар. Таубай мен сұлтан арасында от жағу үшін айтқан, анау Таубай батыр бір жылқы берген жоқ.
Мына сөзді естіген Телқозы:
– Отыз желком Елгелділер үшін мен бердім.
Қоңырқұлжа «отыз желком» деген сөзге таңқалып:
– Неге оларды отызжелком дейсің?
– Олар әуелден кедей, аталарымыз содан кейін солай атап кеткен.
– Қанша кедей болса да үш жылқыда тұрған ештеңе жоқ. Ол Елгелді мені сыйламай отыр ғой. Олай болса оны қорқытып біраз күн түрмеге жауып қояйын.
Ол кезде Ақмолада орыстардың түрмесі салынған еді. Соны Қоңырқұлжа да пайдаланып өзіне ұнамаған адамдарды жапқызып қоятын. Шоң сұлтанның аузынан мына сөзді естіп қорқып кетті. Ақмола қалаға айналғалы онда түрме болғалы Қоңырқұлжа өзіне ұнамаған талай қазақтарды жауып қойғызатын еді. Бұрын қазақ арасында түрме болмайтын. Түрме сөзі қазаққа орыстармен бірге келген еді. Ондатүскендері орыстардың жақсылап тұрып ұратындарын қамауға түскендер айтып жүретін. Ел содан жаман қорқатын. Соңғы кездері сұлтан алдында еркін сөйлейтін болған Шоң:
– Аға, олкісі әр күнін санап отырған адам, қалай жабасыз?
Сапақ отырып:
– Ол ауру болса баллары бар. Солардың бірін жабу керек. Олай етпесе болмайды. Отыз желкомдар әбден басынып алды. Әйтпесе, үш жылқыда не тұр?
– Осы арада Телқозы сөзге араласып:
– Ол шалға ол көп емес. Ертеңгі күні күнін санап отырған Тоқаның бір шалын түрмеге жауып қойды сөзі сізге де, бізге де жақсы атақ әкелмес. Оның қажеті жоқ.
– Менің айтып отырғаным ол шал емес, балаларының бірін дедім ғой, деді Сапақ болмай.
– Ертеңгі күні сұлтанға да сөз келеді. Мұның қажеті жоқ, деді Телқозы қайталап айтып. Қоңырқұлжа да мына Сапақ ана шалды өзін түрмеге жапқызып өшін алмақшы екенін түсіне қалып:
– Расында, ол шалды жаппаған соң, балаларының қажеті қанша! —Мына сөзден кейін айтары болмағандай Сапақ та үндемей қалған. Осымен сөз біткендей болды.
Телқозының да, Сапақтың да Қоңырқұлжаүйінен көңілдері көтеріліп қайтты. Екеуіне де сұлтан орыстың қымбат кездемесінен бір-бір шапан кигізген еді. Қара қазақтар хан тұқымы түгілі, төрелерден де мұндай шапан кигізген еді. Қара қазақтар хан тұқымы түгілі, төрелерден де мұндай шапан кимейтін. Екеуі де бір жиынға, тойға барғанда әрқашан Қоңырқұлжа берген шапанды киіп жүретін, сұлтан бергенін мақтанышпен айтып отыратын.
Дуанда болып жатқан өзгерістер
Жасы келген Қоңырқұлжаны ауру айналдыра бастады. Сұлтан апталап кеңсеге бармай жатып қалатындышығарды. Тоболдан, Баты Сібір генерал губернаторы жанындағы осы Ақмола уезінің бақылаушысы Карбышевтің келуі жиіледі. Ел арасында өсек тарай бастады. Ел арасында Қоңырқұлжаның орнына Карбышев тұрадыдеген сөз айтылып жүрді. Шоң мұны шындыққа жақын екенін уақыт өткен сайын сезе бастады. Өйткені, басқа дуандарға қазақтар, төрелер орнына ояздыққа орыстар келіп жатқан болатын. Губернатор патша алдындағы Қоңырқұлжа беделін сыйлай ма, әзірге мазаламай жүрген. Дегенмен, Карбышевтің келуінде бір сыр барын, бір мән барын Шоң да білді. Карбышевтің Қоңырқұлжамен көңілдері жақын еді. Бір кезде оның әкесі Иван Ақмола бекінісінің бастағы болған. Кенесарымен соғыста жараланып қайтыс болған. Ол кезде бұл баласы Омбының кадеттер дайындайтын мектебіне жаңа ғана түскен кезі еді. Әкесі өлегн соң генерал-губернатор, князь В.Д.Горшаков баласын қарамағына қызметке алған еді. Ол губернатор жанындағы дуандардың өкілі болатын. Ақмолада қандай шаруа болмасын оның араласуынсыз шешілмейтін. Сондықтан да Карбышев айына кем дегенде бір рет Ақмолаға келіп жүретін.
Мұнда әкесінің салдырған үйі бар болатын. Кенесары талқнадап кеткеннен соң, оын баласы қалпына келтірген. Шешесі, қарындасымен інісі тұрып жатқан. Кенесарымен соғыс кезінде оларды Қоңырқұлжа ретін тауып тығып қойған. Кейін оларды Карбышев мына қалың төрелермен, қазақтан аулақтау үшін Омбыға көшіріп әкеткен.
Карбышев әкесі өлгеннен кейін үйін ғана емес, шаруашылығын да ретке келтірген. Біраз мал да жинап алған. Оларға қамқор болып отырған Қоңырқұлжа еді. Қоңырқұлжамен әкесінің көңілдері жарасқан достар еді. Баласы мен сұлтанның да арасында сондай сыйластық орнаған еді.
Соңғы кезде Карбышевтің келуі тіптен жи іледі. Алайда, дуанды уезге айналдыру туралы әлі сөз болған жоқ еді. Сұлтан маңайындағы дуандар уезге айналып жатса даөзі тірі тұрғанда тиіспейтініне сенімді еді. Өйткені, анада бір Карбышевтен сұрағанда ол, Қоңырқұлжа Құдаймендинович сізге тисіпейді ғой, сіздің еңбегіңізді жоғары жақ бағалайды сияқты сөз айтқан. Мына сөз өз ойынан дәл шықты, уезге айналдырса да өз орнында қалатынына сенімі мол еді. Сұлтанның бір қаупі айналасындағы уезге айналған бұрвнғв дуандарға орыстарды қойып жатыр. Карбышев келген сайын Қоңырқұлжаға жолығып сағаттар бойы оңаша әңгімелесетін. Шоң бұ үйде тұрғанмен сұлтан мен губернатор өкілінің бір отырысына қатысқан емес. Сұлтан ең ақыры күйеу баласы Ыбырайды да қатыстырмайтын. Әрқашан Қоңырқұлжа мен Карбышевтің әңгімелері оңаша өтетін.
Соңғы бір келгенде Қаниса отырғанда дастархан басында Карбышев Қоңырқұлжаға айтқан:
Қоңырқұлжа Құдаймендинович сіз аурусыз, орныңызға басқабіреуді қоюыңыз керек. Сол арқылы дуанды басқарасыз – деген еді.
Мына сөз жаман әсер етті, сұлтан үндемей біраз отырып қалды. Карбышев те оны асықтырмай жайылған дастарханнан тамақ ішіп өзжайымен, тіл қатпай отыра берді. Дегенмен, екеуінің арасындааңдысу бар еді. Қоңырқұлжа не дерін білмей отыр, ал Карбышев болса оның не айтатынын күтуде еді.
Қоңырқұлжаның ойы орнына баласы Бекәліні қою болатын. Бұл кезде ол жаста болса Айқожа-Қарпық болысы болып бірнеше жыл істеп, кейін Карбышевтің көмегімен Омбыға барып оқуға түскен. Бекәлінің көп пара алып көзге түскенін Карбышев жақсы білетін. Нұра Тоқалары үстінен жоғары жаққа сан арыз жазған. Губернатор содан кейін оны орнынан шығартқан. Бекәлі Карбышевтің күшімен орысшасы нашар болса да Омбыға барып Төре балалары оқып жүрген әскери мектепке түскен еді. Қазір сонда оқып жатқан.
Қоңырқұлжа біраз үнсіз отырып барып айтқан, менің орныма Бекәліні қоюды жоғары жақтан сұрасақ қайтеді?
Қоңырқұлжаның мұнысы далбаса екенін, қазақ жерінде уездер құрылуына байланысты төрелерден де, қазақтардан да бұл жұмысқа адам қоймайтынын Карбышев білетін. Аға сұлтанның аузынан мынандай сөз естіп Карбышев:
Читать дальшеИнтервал:
Закладка: