Қанат Жойқынбектегі - Ел Шоңы. Сәскелік шақ. I кітап
- Название:Ел Шоңы. Сәскелік шақ. I кітап
- Автор:
- Жанр:
- Издательство:неизвестно
- Год:неизвестен
- ISBN:9785005549471
- Рейтинг:
- Избранное:Добавить в избранное
-
Отзывы:
-
Ваша оценка:
Қанат Жойқынбектегі - Ел Шоңы. Сәскелік шақ. I кітап краткое содержание
Ел Шоңы. Сәскелік шақ. I кітап - читать онлайн бесплатно ознакомительный отрывок
Интервал:
Закладка:
– Сіз Бекәліні әуре етпеңіз, ол Омбыдағы оқуын бітірсін, оынң жағдайын кейін ойластырып жатармыз, -деді. Дуан басы етіп сіздің күйеу балаңыз Ыбырайды тағайындайық. —Карбышев Ақмола дуанын тарататынын біліп отыр еді, Қоңылқұлжа ауырып жатқалы күйеу баласы Ыбырай Жайықбаев басқаратын. Карбышев оның уақытша отырғнанын жақсы білетін. Губернатор патша алдында еңбегі бар аға сұлтанды ренжіткісі келмей отырғанын жақсы білетін. Оның денсаулығының нашар екенін губернатор да Карбышев арқылы біліп отырған еді. Бұл Ақмола дуанының әзірге уезге айналмай тұрғаны патшаға жақсы қызмет атқарған сұлтанның көңіліне қарау болатын.
Карбышевтің әйелінің ағасы губернатор қарамағында бір мықты жұмыс атқаратын. Сол да губернатор құлағына Семендіжіберудің бастығының құлағына салып қойып жүрген. Соның да сөзі себеп болды ма, губернатор бірде Карбышевтің өзіне айтқан, сен өзіңнің туған жерің Ақмола уезіне оязболып барсаң қайтеді. Бұл қызметке баруға тілек білдірушілер орыстар арасында көп болатын. Өңкей киргиздардың арасында орталықтан алыстау жерде жақсы өмір болатынын басқалар да түсінетін. Онда еркін қимылдау Омбыда, Тоболдан шалғайда жатқан жерде әй дейтін әже, қой дейтін қожа жоқ екенін білетін. Карбышев те талай адамдардың барғысы келетін біліп жүрген. Ақмола Приказын Семеннан артық ешкім жақсы білмейтінін губернатор да түсінетін еді. Және оқу бітіргелі сонда губернатордың бақылаушысы болып істейтін. Әжептәуір, киргизшасы барын да білетін. Губерниядағы өзінің сыйлайтын адамы тілек етіп отырғаннан соң да Карбышевті лайық деп тапқан. Бұл сөз Карбышевтің де көңілінен шығып соған дайындалып жүрген. Ол әлі генерал-губернатордың айтқанын Қоңырқұлжаға да, басқа төрелерге де, әзірге ешкімге айтпаған. Сұлтанның көңілін қалдырмай жасауды ойлады. Ал, енді мына Қоңырқұлжа баласын айтып отыр. Егер Бекәлі дуан басы етіп тағайындалса оның арты шуға айналып кететінін сезіп отырған. Өзі келген соң, ол орынбасары болады. Ол өзінің жұмысына араласып есін шығаратынын білетін. Сондықтан Карбышев оның бұл жаққа келуін қаламайтын. Ертеңгі күні ешқандай сөзге түсінбейтін, кеуделі Бекәлі менің әкем осы Приказнойды басқарғанын айтып дау шығарып, бас артық шаруа жасайтынын да түсінген. Сондықтан оған барғысы келмеді. Ал Ыбырайды шығарып тастау оңай болатындай көрінді өзіне.
Әлгі Ыбырай жайлы сөзді ауру Қоңырқұлжаны ренжітпеу үшін айтып отырған еді. Бұл кезде орыстар басып алған жерлердің бәріне дуан орнына уезд құрып бітуге жақындаған. Саусақпен санарлықтай дуандар қалған еді. Губернатордың әзірге ұстап отырғандары хан тұқымдары Көкшетау жақтағы Шыңғыс пен осы Ақмоладағы Қоңырқұлжа ғана еді. Өйткені, Кенесарымен соғыс кезінде екеуіде патшаға адал беріліп қызмет екен. Олардың сонысын жоғарыда отырған патшадан бастап губернаторға дейін қадірлейтін. Карбышев сырқат Қоңырқұлжаны ренжітпеуді ойластырып отырғананын губернатор бастығының саясатын жақсы білетін. Карбышевтің Ыбырайды қояйық деуі қулығы еді. Карбышев губернаторымен ақылдасып әзірге оның орнына күйеу баласын қоюға келіскен. Губернатор онысын жөнге бағалап, солай болсынды айтқан. Бұл Ақмолаға біржола уезд бастығы болып келу алдындағы дайындығы еді. Карбышев Ыбырайды қояйық дегенде Қоңырқұлжа ренжіп қалған. Күйеу баладан гөрі іштен шыққан баласын тағайындауды лайық санап, көңілі баласына қарай бұрылып отырған. Осы арада оған Карбышев дәлелді сылтау айтып кеткен, енді бұдан былай ел басқаруға оқыған адамдарды ғана қояды. Сондықтан, Бекәлі оқуын бітіріп алсын. Ондағы ойы Бекәліні бұл жаққа жуытпау болатын. Бекәлінің де арманы анау ағасы тәрізді орысша оқып орыстардың үлкен қалаларының біреуіне тұру болатын. Осы орыс тілін білмеуінен өзі қанша қиындық көріп жүргенін ол да білетін. Анау жылдары әкесіне де Омбыға барғысы келетінін сан рет айтқан, бірақол кезде сұлтан оның мұнысын қаламаған. Баласының болыс болғанын ұнататын. Бекәлі Карбышев арқасында өз арманына жеткен. Бекәлі қазір күндіз-түні жатпай-тұрмай орыс тілін үйренуде еді. Ол биікке шығудың бір жолы орыс тілінде жатқанын білетін.
Бекәлі Омбыда оқып жүргенде сұлтан үйінде осындай әңгіме болып жатқан. Карбышевтің мына айтқаны қанша тілегінен шықпай тұрса да сұлтан ақыры, Ыбырайды қоюға келіскен. Өзінен күш кете бастаған сұлтан Карбышевтен сұраған еді.
– Генерал-губернатор осы дуандарды неге уезге айналдырып жатыр. Оған орыстарды қойып жатыр. Төрелерді басшылықтан қуудың амалы ма бұл? Төрелердің бәрі патшаға қарсы шыққан жоқ. Сол патшаны қолдаған еңбегімді бағалауы керек ғой.
Карбышевтің найза бойламайтын қулығы бар еді.
Сонысына салды:
– Қоңырқұлжа Құдайменмендинович бұл мәселе уақытша жұмыс. Жергілікті жерде тұратын қазақтар дуан басшылары пара аладыны жазатын көрінеді. Соған байланысты уақытша жасап отырғандары ғой, кейін бәрі орнына келеді.
– Қоңырқұлжаның ауруы қатты екенін, азөмірі қалғанын білетін. Алдында Карбышев Қоңырқұлжаны емдейтін дәрігерден сұрап білгенде, ол оның ауруы сүйек рагі екенін айтқан. Карбышев сұлтанның о дүниеге ренжімей кетуін ойластырып жүр еді.
Бұл сөз сұлтанның көңілінен шықпады.
– Сонда орыс шенеуніктері алмай ма? Осында жер, жайылым дауын тексеріп келген олар сан рет пара алған. Мен оны мына көзіммен көрдім. Сол туралы патшаның өзіне жазсам қайтеді?
– Сіз оған түк жасай алмайсыз. Бұл патшаның жүргізіп отырған саясаты…
Мына сөзді естігенде сұлтанның өн-бойын бір ашу жайлап кетті. Ашуды зорға басып сұлтан былай деді:
Мен өзімді ойлап отырғаным жоқ, келешекті ойлап отырмын. Менің орыныма Жәнілдә, болмаса Бекәлінің қалғанын қалаймын.
– Қоңырқұлжа Құдаймендинович, аумалы-төкпелі дүние. Амандық болса сіздің ойлағаныңыз да болып қалар, бірақ сіз асықпаңыз. Артын күтіңіз.
Карбышевтің мына айтқаны көңілінен шықпай тұрса да, Кенесары соғысы кезіндегі еңбегін ұмытпайтынына патшаға сенімді еді, ол. Қоңырқұлжа орыс саясатын әлі толық түсінбейтін.
Карбышевта Қоңырқұлжаның еңбегін қатты бағалайтын, әкесі өлген кезде соң шешесі, інісі және қарындасына қамқорлықжасап, қанаттыға қақтырмай, ауыздыға шоқтырмай дегендей күйде ұстаған осы адам болатын. Оны жақсы білетін. Әйтпесе, оларды құртып жіберетін төрелер де табылатын еді. Оның бәрін Карбышев жақсы ұғып алған. Бала кезінде өмірі осы Ақмола бекінісінде өткен оның тірлігі басқа орыстардан өзгелеу еді. Жергілікті халыққа үйренген.
Солардың салт-дәстүрін жақсы білетін. Қоңырқұлжаға ағайындас адамның екі қызы бар еді. Әке-шешесі өлген, өзіне жиен болып есептелетін, олар осы Ақмола бекетінің іргесінде тұратын. Карбышевпен туыс болу үшін, бірін ал деген. Ол он беске жаңа ғана келген жасын алған. Оларда әке-шеше жоқ, сұлтанды сыйлайтын өздеріне қамқоршы болып жүрген адамға қарсы келе алмады. Бір жағынан сұлтанның мінезін білетін қорқатын, қаймығатын. Ішкі ойларын білмей, сұлтанның айтқанына келіскен. Қыз Карбышевтің көңілінен шығып қазір заңды әйеліне айналған. Бірақ бұл құпияны Карбышев Омбы жаққа білдірмейтін. Ол жақта өзінен кәрілеу әйелі бар болатын. Оның туысқандары үлкен қызметте болғандықтан кезінде күні үшін алған еді. Әйтпесе, өзінен біраз жас үлкен орыс әйелін сүймейтін. Одан және бала да жоқ болатын.
Читать дальшеИнтервал:
Закладка: